МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТУ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде: Білім саласындағы өзгерістер және министрлік қызметінің нәтижелері туралы (2021 жылғы 15 наурыз), «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларының қызметін күшейту, олардың мемлекеттік тілдегі көркем әдебиет қорын айтарлықтай жаңарту, кітапханашылардың еңбекақысын арттыру міндеті жарияланды.
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жалпы білім беретін мектепте қосымша білім беру блогының жұмысы жылдық және басқа да жоспарлар, білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептің қосымша білім беру блогындағы оқу жылы ағымдағы оқу жылының 15 қыркүйегінде басталып, 25 мамырында аяқталады.
Білім алушыларды бірлестіктерге қабылдау бағдарламаны игеру үшін көзделген мерзімде жүзеге асырылады.
Жазғы демалыс кезінде білім беру процесі жеке жоспар бойынша жорықтар, жиындар, пленэрлер, экспедициялар, әртүрлі бағыттағы лагерьлер және т.б. түрінде жалғасуы мүмкін. Жазғы кезеңге арналған кестені әкімшілік мұғалімнің ұсынысы бойынша білім алушылардың ең қолайлы еңбек және демалыс режимін ескере отырып белгілейді.
Сабақтардың ұзақтығы және олардың апталық саны педагогтің қосымша білім беруге арналған білім беру бағдарламасымен, сондай-ақ балалардың мектептегі жұмыс режиміне қойылатын талаптармен анықталады. Қосымша ресурстарды, интернет-ресурстарды пайдалану және мектеп білім алушылары бірлестігінің бейіні бойынша ақпаратты табу, өңдеу қабілетін қалыптастыру ұсынылады. Компьютерлік техниканы қолдана отырып сабақ өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар сақталуы керек.
2023/2024 оқу жылында мектепішілік, аудандық (қалалық) және облыстық деңгейлерде республикалық маңызы бар 13 жобаны іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.Білім алушылармен техникалық шығармашылық және конструкция бойынша жұмысты жандандыру үшін техникалық шығармашылық және өнертабыс жарыстары (авиа, зымыран, авто, және кеме модельдеу) және «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауы өткізіледі.
«Менің отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтары слеті, жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің «Табиғатты аяла» форумы, «Кәсіптер әлемін ашамыз» форумы балалар мен жастардың патриоттық сезімін және азаматтығын тәрбиелеуге, туристік қызметті жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға, экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге, білім алушылардың кәсіптерді зерделеуге шығармашылық көзқарасын жандандыруға бағытталған еңбек нарығында сұранысқа ие және болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін қажетті. Театр бірлестіктерінің білім алушыларымен жұмыста театрландырылған қойылым түрлерін – монтаждау барысында әдебиет пен өнердің түрлері мен жанрлары біріктірілген бірыңғай авторлық мақсатта біріктірілген сахналық эстрадалық-театрлық жұмыстарды қолданған жөн.
Театрландырылған қойылым тарихи және мәдени күндерге, әлеуметтік оқиғаларға, ақындардың,суретшілердің, театрдың танымал қайраткерлерінің шығармашылығына арналуы мүмкін.Білім алушылардың «Театрдың ғажайық әлемі» театр өнерінің фестивальконкурсына қатысуы балалар мен жастар театры шығармашылығын өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиесінің факторы, тұлғаның үйлесімді дамуы, өзін-өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерін қалыптастыру және дамыту факторы ретінде қолдауға және дамытуға ықпал етеді. «Балалар мен театр» ағартушылық жобасы аясында білім алушылар жас ұрпақтың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру ресурсы, тұлғаны әлеуметтендірудің, көркемдік талғамды қалыптастырудың қуатты құралы, эстетикалық дамыған, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу тетігі болып табылатын театрларға барады. Қазақстандық патриотизмді, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін мектепте өзін-өзі басқару және пікірталас қозғалысы бойынша жобалар іске асырылуда. Белсенділер клубтары мен мектептерінің жұмысын ұйымдастыру, білім алушылардың ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер өткізу ұсынылады. Білім беру ұйымдарының сайттарында мектептің өзін-өзі басқару органдары мен пікірсайыс клубтарының қызметі көрсетілетін тақырыптық бөлім құру қажет. Білім алушыларды әлеуметтік маңызы бар қызметке тартуға және олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға елдегі қоғамдық маңызы бар оқиғаларға, мемлекеттік мерекелерге, мерейтойлық және атаулы күндерге 85 арналған іс-шараларға қатысу, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарын насихаттау, балалар мен жастар ұйымдарының әлеуетін пайдалану ықпал ететін болады.
Мектеп Парламентінің қатысушылары арасында челлендждер өткізу ұсынылады: «Алтын жүрек»; «Мобильді көзқарас: менің жаздағы бір күнім»; «Мектеп парламентінің өмірінен бір күн» және т.б. Мектеп парламенттері, мектептегі пікірталас қозғалысы туралы ақпарат ҚР Оқу-ағарту министрлігі Қосымша білім берудің республикалық оқуәдістемелік орталығының ziyatker.org сайтында, «Мен пікірсайысшымын» Телеграм каналында, Rumcdo_debate_bot Телеграм каналында орналастырылған.
Наурызды мерекелеу аясында жыл сайын республиканың барлық білім беру ұйымдарында 10-20 наурыз аралығында түрлі іс-шаралар өткізіледі, оның ішінде барлық мектептерде Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» және т.б. күйлері бір уақытта орындалады.
Жалпы білім беретін мектептер ұлттық мерекелер, халықтық салтдәстүрлер негізінде балаларды рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруы керек.
Қазақстандық патриотизмді, ұлттық бірегейлікті, әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыруға, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулуға «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағарту жобасы ықпал етеді. Жоба елдің зияткерлік байлығы ғана емес, сонымен қатар жалпыадамзаттық құндылықтардың, халықтардың мәдени және адамгершілік дәстүрлерінің орасан зор қоры болып табылатын ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталған. Жоба аясында әр тоқсанда бір-бірден 4 іс-шара анықталды.
Бұлар: «Ақындар айтысы» поэтикалық сайысы; «Алтын сақа» олимпиадасы; «Ұлттық өнер» көрмесі; «Туған өлкем» фестивалі.
Достарыңызбен бөлісу: |