Кітапханашы: Кусаинова Гүлназ Папашқызы
2014-2015 оқу жылы
«Мектеп кітапханасы – кітап оқу аймағы»
Бестөбе №1 орта мектеп кітапханасының жылдық жоспары бойынша 01-14 сәуір аралығында кітап апталығы өтті. 2 сәуір күні, дат ертегішісі Ханс Кристиан Андерсеннің туған күніне орай, әлемнің барлық елінде Халықаралық балалар кітабының күні аталып өтеді.
Осы кітап апталығының мақсаты мен міндеті: балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, жас оқырман бойына шығармашылық қабілетті дамыту, кітапханада мектепалды даярлық сыныптардың, оқушылардың және жасөспірімдердің бос уақыттарын пайдалы ұйымдастыру, оқырман алдына ең қызықты мен пайдалы кітаптарды көрсету, балалар әдебиетінің байлығын ашып көрсету, кітап оқитын балаларды мадақтау, оларға шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау және кітап оқуға тарту.
Кітап апталығы өткізілу барысында әр түрлі жұмыс түрлері қолданылады.
Атап айтсақ бұл оқырман конференциялар, пікірталастар, поэзия кештері, кітапханылқ сабақтар, ауызша журналдар, түрлі сайыстар және басқа да іс-шаралар атаулы күндерге арналған, және мемлекетіміздің мағыналы тарихи оқиғаларға байланысты. Оқырмандар рақаттанып кітапханада өтікізілетін қатысады. Осы күндері мектеп кітапханаларында мереке атмосферасы қалыптасады.
Кітап апталығы дәстүр бойынша мектеп жиында хабарланды, мектеп хабарландыру тақтасына осы аптада өткізілетін жоспары ілінді, онда шаралар атауы, мерзімі көрсетілді.
Мектеп кітапханасының онкүндігі «Кітап туған күніңмен» атты кітап көрмесімен ашылды.
Жеңістің 70 жылдығына, Ата заңға 20 жыл, қазақ хандығының 550 жылдығына Кроссворд шешу конкурсы өтті 5-11 сыныптар аралығында.
1 «а,ә,б» сыныптарды «Біз кітапханаға барамыз» атты лозунгімен оқырман қатарына қабылдау рәсімі өткізілді. 1 «а» сыныбы орталық кітапханаға саяхатқа апарылды. Балалар бөлімінің меңгерушісі балаларды кітапханамен таныстырды. Ойындар ойнатты, балалар өздерінің дайындап апарған кітап туралы өлеңдерін, мақал-мәтелдерін жатқа айтты. Балаларға бұл саяхат өте ұнады, барлығына оқырман билеттері табыс етілді.
Достарыңызбен бөлісу: |