Іске асыру механизмдері: Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде негіз болады.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді. I. ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН АЗАМАТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ
Мақсаты:тұлғаның Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімін ояту, Отан алдындағы борышын сезінуге, туған жерін, өз халқын, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуге баулу арқылы шынайы патриоттық тәрбие беру
Достарыңызбен бөлісу: |