Оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарына түсінік хат


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы



бет2/61
Дата22.09.2023
өлшемі233,83 Kb.
#182107
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Дұрысы (2) КТП 23-24жж-1

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (өзгерістер 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен енгізілген) жүзеге асырылады.


2022/2023 оқу жылында «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «26» шілдедегі № 334 бұйрығы 11-қосымшамен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы қолданылады. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен. «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 22.05 2020 ж № 216 бұйрығы, ҚР Оқуағарту министрі м.а. 22.05.2023 ж. №140 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен, жаңа редакцияда - ҚР Оқуағарту министрінің 03.07.2023 ж. № 194 бұйрығымен) -9 сыныптарда«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі – аптасына 1 сағат, оқу жылына 36 сағатты құрайды. Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту: - әлем халықтарының материалдық және рухани мұрасын зерделеуге; - білім алушылардың бойында азаматтық-құқықтық сананың қалыптастыра отырып, патриотизмге тәрбиелеу; - білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының білім мазмұны хронологиялық реттілікпен берілген (көне дәуірден бүгінгі күнге дейін) және әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы, мемлекеттің дамуы, экономикалық даму бөлімдерін қамтиды. 5-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» пәнінің оқулықтары (ежелгі заман: шамамен 2,5 млн жыл бұрын – V ғасыр) қолданылады. Үлгілік оқу бағдарламаларына (негізгі оқу жүктемесі бойынша) сәйкес 5-11-сыныптарда оқытылатын «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны:

Сынып

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

9-сынып

2

2

2

2

10-сынып

1

1

1

1

11-сынып

1

1

1

1




  • 5-9 сыныптарда (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 2022 жылғы 26 қаңтардағы бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Дүниежүзі тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарларымен оқытылатын «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет