1. Сурет салу
Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты: Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Жуан таяқшаға оралған губканы оң қолдарына ұстап, түзу сызықтар сызуды, екі үш түсті бояумен сызуға үйрету. Жолақ жолдарға біркелкі бояуды жағу тәсілін үйрету. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
2.Жапсыру
Тақырыбы: «Жапырақтар жауғанда»
Мақсаты: күз туралы түсініктерін нақтылау; күз құбылыстарын атай білуге үйрету; қағаз бетіне заттарды ұқыпты жабыстыра білуге үйрету; кеңістікте бағдарлай білу дағдыларына тәрбиелеу.
3.Музыка
Тақырыбы: «Жеміс бағында»
Мақсаты: Музыкалық әуен арқылы әндерді, би қимылдарын еркін орындауға үйрету, көңілд мереке сыйлау.Полька жұппен би билеу.
|