Пәннің коды
|
Пән атауы
|
ҚР бойынша кредит саны
|
ECTS бойынша кредит саны
|
семестрі
|
Пререквизиті/ Постреквизиті
|
Пәннің мақсаты мен қысқаша мазмұны
|
Дублин дескрипторларының негізіндегі оқытудың нәтижелері
|
Құзыреттері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
TKN/OBZh 1104
|
а) Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
|
2
|
3
|
1
|
Пререквизиттері: -
Постреквизиттері:
Мәдениет және дін, Әлеуметтану, Экономика негіздері
|
Мақсаты: Студенттерді тіршілік кауіпсіздігі негіздерімен таныстыру
Мазмұны: Мемлекеттің тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етідегі рөлі. Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу. Әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу. Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздіктің ұйымдастыру-практикалық шаралары
|
1) Төтенше жағдайларда олардың салдары бойынша шараларды білу;
2) Табиғат, техногенді және әлеуметтік сипаттағы құбылыстағы сараптама жасау технологияларын қолдана білу; 3)ТЖ-да жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру;
4)Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін жоғарылату бойынша шараларды жүзеге асыру;
5) Жеке адамды қорғау құралдарын қолдануға өздігінен қабілетті болу.
|
-Әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктей білуі;
-Мемлекеттің тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дағдылануы;
-Қауіпті және зиянды факторларды жіктеуді меңгеруі;
-Жоспарлау және құтқару жұмыстын жүргізуге дағдылануы;
-Қауіпсіздікті ұйымдастыру-практикалық шараларын меңгеруі.
|
ETD/EUR 1104
|
б) Экология және тұрақты даму
|
|
|
|
Пререквизиттері: -
Постреквизиттері:
Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері, Әлеуметтану, Саясаттану, Құқық негідері
|
Мақсаты: табиғат пен қоғамның тұрақты дамудың негізгі заңды-лықтары туралы тұтас ұғым қалыптастыру.
Мазмұны: Тұрақты дамудың концепциялары мен принциптері. ТД түрлі деңгейдегі стратегиялары мен саясаты: ғаламдық, аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейде. ҚР тұрақты даму перспективалары.
|
1)тірі ағзалардың қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің негізгі заңдылықтарын білу;
2) табиғи және антропогендік экологиялық процесстерді анализдеуді жүзеге асыра білу;
3) социумды апаттық кризистарсыз дамыту;
4) тұрақты дамудың заңды-лықтарын қалыптастыра білу;
5) алынған білімдерін экологиялық тапсырмаларды шешуде өздігінен қолдануға қабілетті болу.
|
-экологиялық процесстерді анализдеуге дағдылануы;
- қоғам мен табиғаттың тұрақты дамудың айқын нақты тапсырмаларын қоя білуі;
- тұрақты даму идеяларын жүзеге асыруы;
- биосфераның даму заңдылықтарын сақтауы;
- тұрақтылығын сақтау жағжайларын білуі.
|
ASMN/AOSM 1201
|
а) Анатомия, спорттық морфология негіздері
|
5
|
8
|
1
|
Пререквизиті:
Постреквизиті: Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
|
мақсаты: жүйке, бұлшық ет және сенсорлық жүйелердің, сонымен қатар тыныш күйде және дене белсенділігі жағдайында вегетативті қамтамасыз ету жүйесінің физиологиялық заңдылықтарын оқып үйрену
мазмұны: Ағзаның өсу және даму заңдылықтары. Қалып, сүйектер және олардың бірігуі. Қалыптық бұлшық еттер. Ішкі органдар. Жүйке жүйесі. Сезім органдары. Ішкі секреция органдары. Жалпы динамикалық морфология. Қозғалыс туралы ғылымының даму негіздерінің тарихы. Қозғалыс морфологиясы. Қозғалыстағы адамның жағдайына анатомиялық талдау жасау реті.
|
1) білуі тиіс: адам ағзасының құрылымы туралы, жыныс, жас және қозғалыс белсенділігінің тәртібіне байланысты дене өлшемі мен құрамы туралы білімдерге ие болу;
2) меңгеруі тиіс: ағза дамуының өсу заңдылықтарын, биологиялық жастың топтық және жеке көресеткіштерін, спорттық бағдар мен іріктеу үшін морфологиялық өлшемдерді білу;
3) қолдануы тиіс: бұлшық ет қызметінің шартына сай ағзалардың бейімделу- құрылымдық өзгерістерді мен жүйесі туралы мәліметтерді меңгеру;
4. қозғалыстық сапалар мен қозғалыс басқарудың кинематикасын, динамикасын және энергетикасын, сонымен қатар спорттық шеберліктің биомеханикалық сипаттарын білу;
5. дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану барысында биохимиялық бақылау жасаудың негізгі сипаттарын білу;
|
спортпен шұғылдану барысында тамақтанудың биомимиялық негіздермен танысуы;
шұғылданушылардың ағзасына дене шынықтырудың әсері туралы білімгерлікке ие болуы; мектеп бағдарламасы бойынша спорт түрлері сабақтарында дене жаттығулары және жүктеме-лерімен шұғылданудың ағзаның жеке қызметтік жағдайына әсері туралы білімдерді меңгеруі, осы жағдайларды ағзаға әсер ету тиімділігін физиологиялық негіздеу, сәйкессіздік бай-қалған тұста оларды басқарудың түзету тәсілдерін ұсынуы;
|
DShSB/BFKS 1201
|
б) ДШ және С биохимиясы
|
|
|
|
Пререквизиті: Постреквизиті:
Спорттық медицина
|
мақсаты: адамның механикалық қозғалысы мен сауықтыру және емдеу салдарының заңдылығын зерттеу. Курстың барысында студенттер биологиялық құрылыстың көп сатылығын игеру керек, оның биомеханикалық ерекшелігін, тірек қимыл аппараты қызметінің ауытқуларын сараптау керек, арнаулы қозғалыс жиындығының көмегімен емдеу жүйесінің жолдарымен танысу керек. мазмұны: Жалпы биохимия. Адам ағзасының химиялық құрамы. Адам ағзасындағы зат алмасуының жалпы заңдылықтары. Биокатализ, биоэнергетика. Көмірсулар, липидтер, ақуыздар, нуклеин қышқылдары, сулар, минералдық заттар алмасуы.
|
1) білуі тиіс: жалпыдамытушылық жаттығуларды;
2) меңгеруі тиіс: жеңіл атлетика жаттығуларының нормативі талаптарын;
3) қолдануы тиіс: жеңіл атлетика жаттығуларын орындау барысында;
4) жеңіл атлетика бойынша қимыл-қозғалыс және тепе-теңдік сақтау жаттығуларын орындауда;
5) игерген дағдысын іс-жүзінде қолданады;
|
түрлi жастағы, жыныстағы, спорттық бiлiктiлiктегi тұлғаларды үйрету
мен жаттықтыруда түрлi тәсiлдердi қолдана бiлуі;
түрлi жастағы, жыныстағы, спорттық бiлiктiлiгiне байланысты ағзалар-
дың физиологиялық мүмкiндiктерiне дене жүктемелерiнiң бiркелкiлiгiн талдауы;
спорттық iрiктеу, болжау әдiстерi, модельдеу мен мониторинг бойынша.
жетiк бiлуi керек: түрлi жастағы, жыныстағы, спорттық бiлiктiлiгi тұлғаларды үйрету мен жаттықтыруда түрлi маңызды мiндеттерi, тәсiлдердi iске асыруда;
|
MD/KR 1202
|
а) Мәдениет және дін
|
3
|
5
|
2
|
Пререквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихы Постреквизиттер: Философия, Өзін-өзі тану, Әлеуметтану, Саясаттану
|
Пәннің мақсаты: Жоғарғы кәсіби білім беруге байланысты қазіргі таңғы әлемдік және отандық мәдениет дамуында бүгінгі күнгі қалыптасқан күрделі мәселелер мен оны шешудің жолдарымен, ҚР және әлемдегі діни ахуал, оның негізгі проблемаларымен таныстыра отырып жастардың бойына мәдениет пен діни толеранттылықты қалыптастыру, ҚР заңдарына қайшы келетін өзге діни ағымдарға бой алдырмауды насихаттау. Мазмұны: Мәдениет және дін – пәнаралық жиынтық білім саласы болып саналады. Ол антропология, этнология, лингвистика, психология, әлеуметтану, тарих, саясатттану және тағы басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Мәдениет және дін философиялық ілімінің құрамдас бөлігі болғандықтан философиялық ойшылдықтың мұрагерлігіне сүйенеді. Алайда, философияның қалыптық жүйесіне қарамастан дінтану тарихи-дискриптивтік зерттеулерді қолдана отырып, дүниетанымдық ұстанымнан тыс, объективтік, толеранттық, нақты тарихи зерттеулерге сүйенген дербес ғылымы болуға тырысады.
|
Білімі мен түсінігі:
діннің басқа мәдениет пен қоғамдық ортамен өзара байланысын; Білімі мен түсінігін қолдана білу:
түпдеректермен жұмыс істеуді дамыта отырып, өз бетінше арнаулы және қосалқы оқулықтарды пайдалана білу.
Пайымдаулар:
өзінің дүниетанымдық көзқарастарын шынықтырып, қорғай білуді жүзеге асыру. Коммуникативтік қабілеттілік:
ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
философиялық ой мәдениеті мен дүниетанымдық пікір алмасу өнерін үйренеді. Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.
|
Арнайы құзыреттер:
Әлемдік мәдениет және діндер туралы ғылыми білімді және оны қоғам өмірінің әр саласында өз өмірлерінде тиімді пайдалану. Мәдениет және дін туралы қалыптасқан білімінің негіздерін, ұлттық және де басқа да мәдениеттерді түсінуге, дінді сараптауда дүниетанымдық көзқарастарын қоғам ішіндегі діни теріс ойдың қалыптаспауы үшін пайдалану, ерікті рухани іске ынталандыру.
|
AZhAZhN/AOISD 1202
|
б) Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
|
|
|
|
Пререквизиттер:
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Постреквизиттер: Философия, Өзін-өзі тану, Әлеуметтану, Саясаттану
|
Пәннің мақсаты: Акмеологияның жекелеген мәселелеріне тоқталу, жеке адам индивидуалдылығы, «мен»-дік қасиеті, мінез және оның бітістері, қабілет даралығын, қоршаған ортаны, адамның әлеуметтік шындықпен байланысын ғылыми тұрғыда тануға ықпал ету. Мазмұны: Акмеология – адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңға жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым. Жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық, техникалық ғылыми білімдер салаларының тоғысуынан туындап, ержеткен адамдардың белгілі бір іс-әрекет сферасында жоғары дәрежеде акме дамуы жөнінде ғылым.
|
Білімі мен түсінігі: жеке адамның шыңдалуына әсер ететін қасиеттер мен кемелденуді өздігінен білім алу, өзін-өзі түзету, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік; Білімі мен түсінігін қолдана білу: кәсіби шыңға жетуге қажет жеке тұлға мүмкіндіктерін, дербестігі, сапалары және әлеуметтік құндылықтарын қолдана білу.
Пайымдаулар: әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру; Коммуникативтік қабілеттілік:
ақпаратты идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
-белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.
|
Арнайы құзыреттер:
Теориялық білімдерін қолдана отырып пәнаралық байланыстар арқылы өз кәсібі бойынша шыңдалуына негіз болатын мотив түрлерін меңгере отырып, даралыққа жету жолдарында, өз темпераментін үнемі тәрбиелеуде, өзін-өзі жетілдіру жолдарын тәрбиелей білуде қолдану. Қазіргі кезеңде мемлекетіміздің қойып отырған талаптарын ескере отырып, еліміздегі және шет елдердегі жеке адамның кәсіби шыңдалуы жайлы озат тәжірибелерін, жетістіктерін қолдану.
|
EN/ OE 1203
|
а) Экономика негіздері
|
2
|
3
|
2
|
Пререквизиттер: Тіршілік қауіпсіздігі негіздері Постреквизиттер: ДШ мен С менеджменті, Әлеуметтану, Саясаттану
|
Мақсаты: қоғамдық өндірістің, таратушылық пен айырбастың, тұтынушылық туралы білім негіздерін оқып үйрену.
Мазмұны:Әлемдік шаруашылық – халықаралық еңбек бөлінісі мен ұлттық экономикалардың ынтымақтастығы нәтижесинде пайда болған экономикалық қатынастар жүйесі.
|
1) Экономикалық қызметтің принциптері мен заңдылық-тарын оқып – үйрену;
2)Білімін экономикалық тәртіпке бейімделген тұлға қалыптастыруда, өзінің жеке әлеуетін жоғарылатуда қолдана білу;
3) заманауи экономикалық білімінің негізін қалыптастыру;
4) қоғамда өз орындарын табу мақсатында үнемі жаңа білімге ұмтылу қабілеттілігінің болуы;
5) Ашық экономикада айырбастың өзара тиімділігін өздігінен қалып-тастыруға қабілетті болу.
|
- қызықтыру арқылы білімін тереңдетуі;
-нарықтық экономикада логикалық сауаттылығын дамытуы;
-өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасауы;
- үнемі жаңа білімге ұмтылуы;
- тұтынушылық туралы білім негіздерін оқып үйренуі.
|
KN/ OP 1203
|
б) Құқық негіздері
|
|
|
|
Пререквизиттер:
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Постреквизиттер:
Дене тербиесі және спорт құқық негіздері
Әлеуметтану, Саясаттану
|
Курстың мақсаты: Қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқытудың негізгі мақсаты заң мамандығын алатын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамыуның алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси - құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.
Курстың мазмұны: «Құқық негіздері» мемлекет және құқық туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Құқықтық білімдер жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады, себебі құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні. «Құқық негіздері» заң мамандығын алатын студеттерге арналған құқық теориясының негізін, Қазақстан Республикасының заң шығарушылығын түсіндіретін жүйелі оқу курсы.
|
Білімі мен түсінігі:
«Құқық негіздері» Қазақстанның құқық жүйесі және оқушылардың әлемдік көзқарасы туралы білімді қалыптастыру кезінде маңызды роль атқарады, бұл оқу курсы барлық мемлекеттік – құқықтық құбылыстардың жиынтығын нормативтік – құқықтық нысанда және құқық қолдану тәжірибесінде жүйелі түрде қарастырады.
Білімі мен түсінігін қолдана білу:
қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу;кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу:
Пайымдаулар:
құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосу;адам және азаматтың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз етуге;
Коммуникативтік қабілеттілік:
ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.
|
Арнайы құзыреттер: Құқық негіздері пәні бойынша мемлекет идеяларын іске асыруда, адамның құқықтары және бостандықтарының басымдылығын қарастыру кезінде әкімшілік құқығының проблемаларын шешуде қолдану.
Негізгі материалды меңгеруі тиіс, проблемалық оқыту негізінде студенттерде ойлау қабілетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтауды, оның құндылығын ұғындыру. Нақты құқықтық жағдайларды өз бетiнше кең ауқымда талдай бiлуi, объективтiк түрде қарай бiлуi қажет. Қоғамдық- құқықтық қатынастарға талдау жасағанда жан - жақты ойлау, өзара байланыстарды аша бiлу машықтарын игеруi қажет.
|
DTSTFN/FOFVVS 1204
|
а)Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
|
5
|
8
|
2
|
Пререквизиті: Анатомия, спорттық морфология негіздері
Постреквизиті: Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы, Емдік дене шынықтыру, массаж
|
мақсаты: спорттың ғылыми және оның бөлімдерінің кешені, дене құрылысын және формасын, морфологиясын зерттеу, спортшылардың құрылымдық өзгерістерін зерттеу, тарихын таныстыру;
мазмұны: Спорт түрлерінің физиологиялық негіздерін біле отырып, дене шынықтыру оқытушысы білімдерін жеке өмірде, отбасында, келешек кәсіби еңбегінде, сондай-ақ, халықтың денсаулығын сақтау үшін және нығайту үшін қолдана білу керек, дене жүктемелеріне төтеп беруді оқыту - машықтандыру құралдарын және дене шынықтырумен шұғылданатындардың дамуындағы бақылаудың физиологиялық әдістерін қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру;
|
1) спортпен шұғылдану кезіндегі жұмысқа қабілеттілікті арттырудың
физиолгиялық механизмдері туралы білу;
2) тиімді дене шынықтыру құралдары мен әдістерімен қалыптастыруды түсіну;
3) дене шынықтырумен шұғылданатындардың дамуындағы бақылаудың физиологиялық әдістерін қолдану бойынша дағдыларды қолдана білу; 4) спорттық дайындықтың, дене сапаларының және спорттық нәтижелердің дамуын анықтайтын және шектейтін факторлар туралы студенттерге білім бере алу;
5) машықтануды дамытудың ерекшеліктерін білу, оны аныктаудың эдістерін тыныштық күйінде, стандартты және шеткі -қарқынды жүктемелерді орындау кезінде өз бетінше қолдана білу.
|
Спорт түрлерінің физиологиялық негіздерін біле отырып, дене шынықтыру оқытушысы білімдерін жеке өмірде, отбасында, келешек кәсіби еңбегінде, сондай-ақ, халықтың денсаулығын сақтау үшін және нығайту үшін қолдана білу керек.
Жаппай спорт түрлері жүйке жүйесінің реттеу қызметін тәжірибеде қолдану;
Студенттерді аурудың алдын алу шараларының сақтаудың жолдарымен таныстыру.
Жас ерекшелік спорт түрлерінен физиология негіздерін жэне валеологияны меңгерту.
|
SM/SM 1204
|
б)Спорттық медицина
|
|
|
|
Пререквизиті:
ДШ және С биохимиясы
Постреквизиті
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы, Дене жаттығуларының биомеханикасы
|
мақсаты: болашақ мамандарды дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт құралдары мен тәсілдерін дұрыс қолдану арқылы жаттығушының денсаулығын нығайтып, жұмыс қабілетін арттырып, белсенді ұзақ өмір сүруіне бағытталған жағдайлар жасап және осы дағдыларды қалыптастастыру;
мазмұны: Зерттеу пәні, нысандары,құрамы,бөліктері. Дене шынықтырушылар мен спортшылардың кешенді дәрігерлік зерттеуін ұйымдастыру әдістемесі, міндеттері. Спортшыларды зерттеудің ерекшеліктері. Қызметтік тексерулер мен тесттердің жіктелуі. Дәрігерлік топтар. Жалпы және спорт патологиясының негіздері. Патологиялық күйлер, травматология. Алдын алу шаралары. Денсаулықтың медициналық аспектілері. Жекелей денсаулық диагностикасы. Денсаулықты басқару мен қалыптастырудың негізгі принциптері;
|
1) сырттай көзбен көру арқылы жаттығушылардың дене мүсінін, пішінін және тірек-қозғалыс аппаратарының ерекшеліктерін мен дененің тотальды көрсеткіштерін өлшеу және оларды бағалай білу;
2) тамыр соғу жиілігін және қан қысымын өлшеп, ол көрсеткіштердің жаттығудың қарқыны мен көлеміне және машықтану дәрежесіне байланысты өзгеруін бағалауды түсіну;
3) спорттың түріне лайықты функционалды сынама жүргізіп, спортшының жұмысқа қабілеттілігін және қызметтік мүмкіншілігін машықтану дәрежесіне сәйкестігін анықтауды,
дене шынықтырумен шұғылданатындардың дамуындағы бақылаудың физиологиялық әдістерін қолдану бойынша дағдыларды қолдана білу; 4) спорттық дайындықтың, дене сапаларының және спорттық нәтижелердің дамуын анықтайтын және шектейтін факторлар туралы студенттерге білім бере алу;
5) машықтануды дамытудың ерекшеліктерін білу, оны аныктаудың эдістерін тыныштық күйінде, стандартты және шеткі -қарқынды жүктемелерді орындау кезінде өз бетінше қолдана білу.
|
Дене бітімінің дамуы мен денсаулықты бағалау ерекшеліктерінен; спорт түріне байланысты ағзаның негізгі жүйелерінің жаттығу барысындағы қызметтік өзгерістерін, жалпы жұмысқа қабілеттілігін, энергия қорын анықтау және бағалау принциптерінен; спорт түріне, дәрежесіне және сауықтыру дене тәрбиесіндегі дәрігерлік-ұстаздық бақылауды ұйымдастыру түрлері мен жүргізу әдістерінен; оқыстан дамитын сырқаттық жайттар мен тірек-қозғалыс жүйелерінің зақымдарының пайда болу себептерін, клиникалық белгілерін, сақтандыру жолдарын және жедел медициналық көмек беру әдістерінен; арнайы медициналық топтағы, сауықтыру дене тәрбиесімен шұғылданушылардың орындайтын жүктемелерінің көлемі мен қарқынын анықтау және жүргізу тәсілдерінен білу.
|