-Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау.
-Белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге үйрету.
Тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды
байқауға үйрету.
-Оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге үйрету.
Түскі ас
Көркем сөз Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар.
- нанды үгітпеу.
Тамақ ішкенде сөйлеуге болмайды, себебі: қақалып қалулары мүмкін екендігін ескертемін.
Қасықты оң қолмен, нанды сол қолмен ұстап көмектесіп жеу керектігін ескертемін.
-Ас қасық пен шәй қасықты,шанышқыны дұрыс қолдану.
-Тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.
Пышақпен, айырмен ойнауға болмайтыны жайлы ескерту.
-Ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.
Қағаз майлықты үшбұрыш етіп дайындап, ауыздың жиектерін ақырын ғана басып сүрту керектігін ескертемін.
-майлықты дұрыс қолдану.