2020-2021 оқу жылында 0111000-«Негізгі орта білім» мамандығы 0111123- «Ағылшынша білімі бар физика пән мұғалімі» біліктілігі бойынша бітіруші Ф-З-18 оқу тобынан «Психология» пәнінен алынатын қорытынды аттестаттау емтиханындағы тест сұрақтарының тізбесі:
1. Отандық психолог Ә.Алдамұратов бойынша жалпы психология психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді.
2. “Психология” термині Греция елдің сөзі және «псюхе»-жан, «логос»-ғылым, ілім мағынаны білдіреді.
3. Психология ғылымының екінші кезеңі 1879 жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт тұңғыш рет Лейпциг қаласында лаборотория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеумен байланысты.
4. Информатика және кибернетика саласының психологиялық міндеттерін шешуде пайдаланылатын әдіс, бұл-кибернетикалық модельдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |