Оқу жылында №1 жалпы білім беретін орта мектеп кмм-нің 10 «Б» сыныпқа арналған «Оқушылардың қаупсіздігі туралы ескертпе


-3 бап. Кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта ойын сауық мекемесінде жүруі



бет6/11
Дата07.02.2022
өлшемі134 Kb.
#86385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Оқушылардың қаупсіздігі туралы ескертпе
Оқушылардың қаупсіздігі туралы ескертпе, Оқушылардың қаупсіздігі туралы ескертпе
336-3 бап. Кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта ойын сауық мекемесінде жүруі.

  1. Кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта (сағат 22 ден таңғы 6 -00ге дейін) – ойын сауық мекемелерінде заңды өкілдерінсіз жүруі, - заңды өкілдеріне ескерту салынады.

  1. Осы баптың бірінші бөлімінде қаралған, жыл бойы әкімшілік айыппұл салғаннан кейін қайталап жасалса, заңды өкілге бес айлық есеп көрсеткіштен он айлық есеп көрсеткішіне дейін айыппұл салынады.

Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты екі мыңға жуық қылмыс тіркелді. Соның жеті жүзден астамы жыныстық тиіспеушілігіне қарсы (зорлау, жас балаларды азғындық жолға түсіру, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас). Балаларды түнгі уақытта көшеде немесе қоғамдық орындарда жүру кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлардан қорғау үшін «коменданттық сағат» енгізілген.
01.01.2015 жылдан бастап Қазақстанда балаларға арналған «коменданттық сағат» қолданыста келеді. Оған сәйкес 18 жасқа толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болуға тыйым салынады.
Нақтырақ айтқанда:

  • ойын-сауық мекемелерінде – 22:00 – 6:00

  • тұрғынжайдан тыс жерде сағат – 23:00 – 6:00

* Тұрғынжай заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi болып танылады
(ҚР Азаматтық кодексі 16-бап)
Ойын-сауық мекемелеріне ойын мекемелері, түнгі клубтар, дәмхана-барлар, мейрамханалар, интернет-дәмханалар, компьютер, бильярд, боулинг-клубтары мен кинотеатрлар, театр-ойын-сауық мақсатындағы нысандар және көңіл көтеру-демалыс, театр-ойын-сауық, спорт, мәдени-демалыс мақсатында қызметтер көрсетілетін өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар жатады. (ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі 422-бап)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет