Оқу жылында 9 (10)-сыныптардың білім алушыларын қорытынды бітіру емтихандарын тапсыруға дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулық


Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30



бет3/5
Дата30.04.2022
өлшемі26,71 Kb.
#141523
1   2   3   4   5
Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30.

3. Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан бойынша қорытынды аттестаттау спецификациясы өзгеріссіз қалады.


2020-2021 оқу жылында 11 (12)-сыныптардың білім алушыларын қорытынды бітіру емтихандарын тапсыруға дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулық

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығына сәйкес 2020-2021 оқу жылында 11 (12)-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттаудың нысандары келесідей болып белгіленген:


1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:
2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы);
3) Қазақстан тарихынан тестілеу;
4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.
1. Қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан жазады. Эссе жазу үшін оқушыларға бір тақырыпты таңдау ұсынылады. Эссе көлемі 250 – 350 сөзден тұруы қажет.
Эсенің жалпы балдар саны - 20.
Эсседе оқушы тақырыпқа сай көтерілген мәселе бойынша дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.
Эссені орындауға 3 астрономиялық сағат беріледі. Эссе екі бағамен бағаланады, орфографика мен грамматиканың бағасы тілдік пәндерге қойылады, мазмұны бойынша баға әдебиетке қойылады.
Таңдауға 10 тақырып беріледі: 5 әдеби және 5 еркін тақырып.
Емтиханға қатысушыларға хрестоматиялар, шығармалардың мәтіндерін, орфографикалық, түсіндірме, энциклопедиялық сөздіктерді, қанатты сөздер кітаптарын қолдануға рұқсат етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет