2019-2020 оқу жылының 4-ші тоқсанындағы қашықтан оқыту қорытындысы
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданды. Нақты:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде оқу процесін қашықтан білім беру технологияларына көшіру кезінде білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» 2002 жылғы 08 сәуірдегі N 135 бұйрығы;
3) «Білім беру ұйымдарында, пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығы» (13.04.2020 ж. толықтыруларымен);
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы «30» сәуірдегі №168 бұйрығына қосымшада, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 8 сәуірдегі № 135 «Қашықтан оқыту жағдайында жиынтық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» бұйрығына 2-қосымша.
Қашықтан оқыту аясында төмендегідей әдістемелік ұсыныстар әзірленді:
ТВ-сабақ тұжырымдамасы;
Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес пәндер тізбесі, оқу жүктемесінің көлемі, оқу материалының мазмұны және ТВ-сабақтар мен бейне-сабақтарды әзірлеу бойынша ұсынымдар;
3. Байқау сабақтарын өткізу бойынша ұсыныстар;
4. Қашықтықтан ата-аналар жиналысы мен сынып сағаттарын өткізу бойынша ұсыныстар;
5. Қашықтан технологияларды қолдану арқылы бағалау жүргізу бойынша ұсыныстар;
6. ҚББ бойынша білім алушылар мен ата-аналарға арналған психологтың ұсыныстары;
7. Қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін сандық платформалар мен ресурстар тізімі және олармен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтар.
Қашықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі – ҚБТ) пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыру білім алушылардың МЖМБС-ға сәйкес оқу бағдарламаларын меңгеруі үшін жүзеге асырылады.
Қашықтан оқыту жүзеге асырылды:
«EL ARNA», «Balapan» телеарналарындағы телесабақтар арқылы;
BilimLand, Kundelik.кz, Daryn.online, Microsoft TEAMS, Google ClassRoom интернет-платформаларын қолдану арқылы;
тапсырмаларды Қазпошта арқылы немесе қолма-қол қағаз тасығышта беру арқылы.
Қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқыту жұмысының түрлері бойынша уақыт нормаларын білім беру ұйымы дербес икемдеп, жеке кесте құрды.
Телесабақтар «EL ARNA» («Радио Классик» арнасында қосымша аудиосабақтар), «Balapan» («Қазақ радиосы» арнасында қосымша аудиосабақтар) телеарналарында аптасына 5 күн 10 минуттан 1-11 (12) сыныптардың оқу пәндері бойынша өткізілді.
Телесабақ форматын пайдаланған кезде кері байланыс «Kundelik.kz» электронды журналы, «Bilimal.kz», «Mektep.edu.kz» жүйелері арқылы жүзеге асырылды, электронды журнал болмаған жағдайда – педагогтің қалауы бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы жүргізілді (кері байланысты ұсыну мерзімділігін мұғалім өздігінен анықтайды).
Сабақтар интернет-платформа арқылы өткізілді. Сабақты жоспарлау кезінде педагог білім алушыларға өздігінен оқуға тапсырмалар/ оқулықтан оқу материалын орындау үшін ұсынды. Сонымен қатар, интернет-платформаларда (BilimLand; Kundelik.kz; Daryn.online), сондай-ақ қолжетімді сандық білім беру ресурстарында берілді.
Сонымен қатар, өздігінен орындауға арналған оқу тапсырмасы электронды журналдар жүйесінде, интернет-платформалар, электрондық пошта, WhatsApp, Аitu-чат және басқа мессенджерлер арқылы ұсынылды.
Кері байланыс Kundelik.kz, Bilimal.kz, Mektep.edu.kz журналдары арқылы, электронды журналдар болмаған жағдайда - мұғалімнің қалауы бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы (кері байланысты ұсыну мерзімділігін мұғалім өздінен анықтайды) жүзеге асырылды.
Байланыс, интернет болмаған жағдайда оқу материалдары Қазпошта арқылы жіберілді және штаттық режимде оқыды. Алыс оқшауланған елдімекендерде орналасқан 5-тен 80-ге дейінгі балалар саны бар мектептерде санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып (кварцтау, желдету, ауысымдылық және т.б.) штаттық режимде оқыту жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |