Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар



бет118/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   234
Байланысты:
Дыбыс үндестігі (2)
Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар:
1) коммуникативтік технологияларды (жобалар, сұхбат, рөлдік ойындар, пікірталас, дебат, конференциялар, конкурстар, сахналандыру және т.б.) жан-жақты қолдану;
2) білім алушылардың шетел тілін оқуға ынтасын арттыруға, танымдық әрекеттерін белсендендіруге, олардың өзара тілдік қарым-қатынастарының белсенділігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасауға ықпал ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және сабақтан тыс іс-әрекеттердің мүмкіншіліктерін белсенді қолдану;
3) мәдениетаралық қарым-қатынас құбылыстарын интерпретациялауда білім алушылардың дербестігінің барынша ықтимал деңгейін қамтамасыз ететін, шетел тіліндегі қарым-қатынас жағдайын модельдеуге мүмкіндік беретін оқыту технологияларын үнемі қолдану;
4) сабақ уақытын барынша сөйлеу дағдылары мен біліктерін дамыту және жетілдіру үшін қолдану; жаңа лексикалық және грамматикалық материалды коммуникативтік жағдайларда енгізу және бекіту;
5) сабақта жұппен, топпен жұмысты ұйымдастыру арқылы әрбір білім алушының сөйлеу белсенділігін арттыру;
6) мәтін алдындағы, мәтіндік және мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңдерін міндетті түрде сақтай отырып, оқуға және тыңдалымға үйрету;
7) ауызша, жазбаша, міндетті, таңдау бойынша, жалпы, сараланған, жеке, аралас, шығармашылық – әр түрлі тапсырмаларды кезектестіру және үйлестіру. Шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың алдында сабақта дайындық жұмысы жүргізіледі.
Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында:
- оқытудың аутентті материалдарын пайдалану (аудио -, бейнежазбалар, фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарының мақалаларын);
- шетел тілінде сырт келбетін сипаттау, мінез-құлқын сипаттау, салыстыру, талдау, диалог, пікірталас, қажетті дәлелдер келтіру, шешім шығару және қорытынды жасау біліктерін қалыптастыру үшін БАҚ материалдарымен жұмыс істеу;
- анықтамалық және энциклопедиялық әдебиеттермен, электрондық ресурстармен өзіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
- білім алушыларда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында қауіп жағдайында және әр түрлі жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық туралы мәтіндерді пайдалану ұсынылады.
Білім алушылардың зерттеу дағдыларын және оқу дағдыларын дамытуға бағытталған «Independent project» және «Reading for pleasure» бөлімдеріне назар аудару ұсынылады. Жоба жұмысы арқылы педагог мақсаттар мен сөйлеу дағдыларының түрлеріне бағытталған қалыптастырушы бағалауды жүргізе алады. Жоба жұмысының нысаны мен мазмұны (тақырыптық мазмұны, іс-әрекет түрлері және нысандары, күтілетін нәтижесі, бағалау түрлері және т.б.) мектеп ішіндегі әдістемелік бірлестіктерде талқыланады.
Көркем және көркем емес әдебиетімен жұмыс жасау ағылшын тіліне оқытудың міндетті элементі болып табылады және білім алушыларға тиісті дағдыларды дамытуға және бекітуге мүмкіндік береді.
Жазылым дағдыларын дамытатын оқыту мақсаттарына ерекше назар аудару керек. Жазбаша тапсырмалардың көп санын орындау кезінде сабақтың коммуникативтік сипаты бұзылады, негізгі оқу міндеттерін шешу сапасы төмендейді. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін тексеру кезінде педагог бақылаудың ауызша нысандарына басымдылық беруі тиіс.
Оқушылардың шамадан тыс жүктелуінің алдын алу мақсатында педагогқа үй тапсырмасының көлемін реттеп отыру ұсынылады.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлері үшін «Ағылшын тілі» оқу пәнінің бағдарламасы ағылшын тілін меңгерудің әлемдік стандарттарына сәйкес жаңартылған білім беру мазмұны аясында жасалған. Белгілі бір кезеңді (сыныпты) бітіргенде ағылшын тілін меңгеру деңгейі ағылшын тілді елдердің стандарттарына сәйкес келеді (салыстыру үшін шетел тілін меңгеру деңгейлерінің жалпыеуропалық жүйесі алынған (Common European Framework of References, CEFR).
Негізгі орта білім беруді аяқтағаннан кейін білім алушылар «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша В1 деңгейіне, «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу пәндері бойынша А2+ деңгейіне жетуі тиіс.

46-кесте. «Шетел тілі» пәнінен әр сынып бойынша күтілетін тілдік деңгей шкаласы





Тілдің Еуропалық деңгейлер шкаласы (CEFR)

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы «Шетел тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламаларында әр сынып бойынша көрсетілген тілдік деңгей шкаласы

Неміс тілі
Француз тілі

А1

5-6 сыныптар

А1 high (жоғары)

А2

7-9 сыныптар

А2 mid-high
(ортадан жоғары)

Ағылшын тілі

А2
Қарапайым деңгей
(Waystage)

5 класс

А2 low –mid
(ортадан төмен)

6 класс



А2 mid-high
(ортадан жоғары)

В1
Орта деңгей
(Threshold)

7 класс

B1 low (төмен)

8 класс

B1 mid (орта)

9 класс

B1 high (жоғары)

Төменде оқылым, тыңдалым, айтылым және жазылым кезінде білім алушылардың бойында болуы тиіс білім және біліктер сипатталған деңгейлер берілген.

47-кесте. Жаңартылған білім мазмұнының «Ағылшын тілі» оқу пәні бағдарламасында әрбір деңгей бойынша күтілетін нәтижелер







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет