Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Деңгей Тілдің Еуропалық деңгейлер шкаласының сипаттамасы (CEFR)



бет74/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   234
Деңгей

Тілдің Еуропалық деңгейлер шкаласының сипаттамасы (CEFR)

Жаңартылған білім мазмұнының «Шетел тілі» оқу пәні бағдарламасындағы әрбір деңгей бойынша күтілетін нәтижелер

A1

Нақты міндеттерді орындау үшін қажетті таныс фразалар мен сөз тіркестерін түсінемін және қолдана аламын. Өзімді/өзгелерді таныстыра аламын, тұрғылықты жері, таныстары, мүлкі туралы сұрақ қоя аламын/жауап бере аламын. Әңгімелесуші баяу және анық сөйлесе және қиналған кезде көмек көрсетуге дайын болса, күрделі емес әңгімеге қатыса аламын.

1-сынып
Білім алушы:
- негізгі сұрақтарды, жалпы жеке сұрақтарды, жалпы аттарды және орын атауларын біледі және түсінеді;
- адамдар мен объектілер туралы сөйлесудің қарапайым дағдыларына ие

2-сынып
Білім алушы:
- түсі мен саны, қысқаша негізгі сұрақтар мен әңгімелер сияқты қысқа, баяу сөйлесулердің негізгі сәттерін таниды;
- жеке ақпаратқа, адамдар мен объектілерге қатысты негізгі ұсыныстарды айта алады, негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін сұрақтар қоя алады.

3-сынып
Білім алушы:
- қысқа әңгімелердің мазмұнын, жеке ақпаратты сұрайтын қысқа нұсқаулықтар мен сұрақтарды таниды;
- адамдар мен объектілер туралы қысқаша ақпарат береді;
- өте қысқа қарапайым көркем және ғылыми-танымал мәтіндерді оқи бастайды

4 -сынып
Білім алушы:
- өзі және қоршаған орта жайлы әңгімелесуді түсінеді және қолдайды;
- адамдар мен объектілерді қысқаша сипаттай алады;
- сұрақтарға жауап береді және ұнататындығы мен ұнатпайтындығын білдіреді

Әрбір деңгей бойынша күтілетін нәтижелер жаңартылған білім беру мазмұнының шетел тілі оқу бағдарламасы бойынша тілді білу мен меңгеру талаптары шетел тілін меңгерудің халықаралық талаптарына сәйкес келетіндігін растайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет