Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Сабаққа қатысу, бақылау және талдау жөніндегі басшылық



бет22/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   234
Сабаққа қатысу, бақылау және талдау жөніндегі басшылық

Сабақты бақылау – білім алушылардың жұмысын, олардың жетістіктерін, білім алушылардың эмоционалдық және психологиялық көңіл-күйін, оқыту әдістемесін, білім беру үдерісін ұйымдастыруды бақылауға мүмкіндік беретін рәсім.


Бақылаудың мақсаты-деректерді жинау, талдау негізінде сабақтың тиімділігін бағалау екенін есте ұстаған жөн.
Бақылау нәтижесіндегі жазбаларда мұғалімдер туралы ойлар немесе пікірлер болмауы тиіс.
Сабақты бақылау парақтары сабаққа қатысу мақсатына байланысты жасалады (қосымша 3).

Сабаққа қатысу мақсаты мониторинг. Келесі критерийлерге назар аудару ұсынылады:


- сабақтың оқу мақсаттарына сәйкес келуі:
- сабақта мұғалімнің формативті бағалау өткізуі;
- педагогтың кері байланысты жүзеге асыруы;
- педагогтың білім алушыларды оқыту процесіне тартуы;
- оқыту процесінде сараланған тәсілдерді қолдануы;
- сабақта сандық білім беру ресурстарын қолданудың тиімділігі;
- белсенді әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолдану және басқа.
Барлық сабақтардан кейін қатысқан сабақтарға бірлесіп талқылау жүргізу ұсынылады. Бақылаушы сабақта өткізетін уақыт аралығы әртүрлі болуы мүмкін – сабақ бойы, сабақтың жартысы немесе сабақтың аз бөлігі ғана.
Ең бастысы, сабақты таңдап алған уақыт аралығында оқу бағдарламасы шеңберінде оқу мақсатын іске асыру бойынша нақты қорытынды жасауға мүмкіндік болуы тиіс.
Сабаққа барған кезде сыпайылықпен, қолайлы және жайлы орта қалыптастыра білу керек. Егер сабақты бақылауды жоспарлаған болсаңыз, онда уақытында келіп, сіздің келуіңіздің негізгі мақсатын түсіндіру, сабаққа кедергі жасамау маңызды.
Сабақ кезінде сынып бөлмесі мүмкіндік берсе және егер бұл оқу процесіне кедергі келтірмесе, онда сыныпта жүруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет