«Ӛзін-ӛзі тану» оқу пәні
«Ӛзін-ӛзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті: тұлғаның
құндылықтар жүйесін, қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді
шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын анықтау; оқушылардың
әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның ӛзіне, қоршаған әлемге, жалпы
адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін
қалыптастыру; жас ерекшеліктеріне қарай, жеке тұлға ретінде, іс-әрекет
субъектісі ретінде дамыта отырып, әрбір адамның табиғатына салынған
жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.
5-9-сыныптардағы «Ӛзін-ӛзі тану» базалық мазмұны тӛрт тарауды
қамтиды: «Таным қуанышы»; «Адам болам десеңіз ...»; «Адам және әлем»;
«Адамзаттың рухани тәжірибесі».
Оқу пәні бойынша оқу жҥктемесінің кӛлемі:
аптасына 1 сағат, 5-9
сыныптарда – 34 сағат.
Оқушылардың білімін бағалау.
Рухани-адамгершілік білім берудің
ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, әрбір
жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «сынақ» қойылады. Егер оқушы
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Ӛзін-ӛзі тану»
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында кӛрсетілген
дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптарды орындап, жоба күнделігін
әзірлесе, оқушыға «Сынақ» қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |