263
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні
Оқу пәні жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық
бағыттардағы инвариантты компоненттің стандартты деңгейіндегі таңдау пәні
болып табылады. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін жалпы білім
беретін мектептердің 10-11 сыныптарында оқыту Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен
бекітілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асыралады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні кәсіпкерлік саласының негізгі
ұғымдары мен заңдарын зерделеуге, білім алушылардың іскерлік ойлауын
қалыптастыруға, белсенді ӛмірлік ұстанымды таңдауға, қазіргі жағдайда
болашақта ӛз бетінше ӛмір сүруге арналған дағдыларды қалыптастыруға
бағытталған.
Оқу материалының мазмұны оқу процесінің геймификациясы (ойын
техникасы) принциптеріне және кейстік жұмысқа негізделген.
Геймификацияны (ойын техникасын) кеңінен қолдану материалды
түсінуді жеңілдетіп қана қоймай, сондай-ақ келешекте шынайы жағдайларға
лайықтауға болатын алғашқы пайдалы дағдыларды қалыптастыруға
бейімделген.
Кейстік (ситуациялық) оқыту әдісі бір жағдайға стандартты емес
тәсілдемелерді қолданып, креативтілік танытуға шынайы мүмкіндік береді.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығы бойынша оқыту PBL
(Project Based Learning) әдістемесі негізінде де құрылған. Сӛзбе сӛз бұл термин
«жобалық оқыту» деп аударылады. PBL әдістемесі әр оқушының оқу үдерісіне
белсенді қатысуын білдіреді. Бұл ретте мұғалім барлық үдерісті үйлестіреді,
бірақ сонымен қатар оқушыларға шығармашылық пен дербес шешімдер
қабылдау үшін еркіндік береді, оқушылар әр түрлі мәселелер бойынша
сарапшылардың рӛлін ӛз мойнына алып, ӛздерін сынап кӛреді.
Әдістеменің негізгі ұғымы – «жоба». Оқушылар пәнді оқытудың 11-
сыныбының бірінші және екінші тоқсанында осындай «жобаны» дамытуы тиіс.
Алдымен олар ӛз командасына мамандарды тартуға тырысатын стартаптың
негізін қалаушысы рӛлінде ӛзін елестету керек. Содан кейін олар басшылар,
маркетологтар, зерттеушілер сияқты ӛз стартаптарымен жұмыс істейтін
болады. Оларға ӛз клиентін зерттеуге, ӛз ӛнімінің прототипін жасауға,
серіктестерді табуға және т.б. кӛптеген әрекеттер жасауына тура келеді.
Оқушылар тапсырмаларды алып, оны орындау уақытын білетін болады.
Басқа ешқандай шектеулер жоқ. Қандай ӛніммен айналысу керек, оны
жылжыту үшін қандай әлеуметтік желіні таңдаса жақсы болады, олардың
бизнесі үшін кім үздік серіктес болып табылады және т.б. осы секілді
сұрақтарға алдын ала қайсысы «дұрыс» екеніне нақты жауап берілмейтіндіктен,
мұндай тәсілде «дұрыс» - «дұрыс емес» позициясынан соңғы нәтиже емес,
командалық жұмыс, команда мүшелерінің жобаға тартылу дәрежесі, олардың
кӛрсеткен күш-жігері мен ынтасы, олардың іс-әрекеттерінің жалпы бағыты мен
қисындылығы бағаланады.
Нақты мәселеге шоғырлану оқушыларға қысқа уақыт ішінде зерттелетін
265
жабдықтарды талап етпейді. Бірақ мұғалімнен ынта-ықыласты, шығармашылық
кӛзқарасты, стандартты емес ойлауды және оқушыларға қатысты кеңесші-
тәлімгер позициясын алуды талап етеді.
Нәтижесінде оқушылар нақты міндеттерді, ӛмір мен бизнестен алынған
кейстерді шешуді үйренеді. PBL оқушыларға олардың әлеуетін ашуға
мүмкіндік береді және оқушыларға ӛзінің шынайы жобаларымен командада
нақты жұмыс жасау туралы түсінік береді.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері:
- пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі тәжірибесі мен ерекшеліктерінің, даму
тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру;
- ӛмірлік саналы ұстанымдарды және ӛз әрекеті бойынша жасаған
таңдауына жауапкершілікпен қарау ұстанымын қалыптастыру үшін коучингтік
тәсілдемелерді қолдану;
- Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер
тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту
Достарыңызбен бөлісу: