98
білім алушылардың қозғалыс белсенділігін (спорттық және қозғалыс
ойындарының санын арттыру есебінен) және сауықтыру процесін арттыруға
бағытталған.
Оқу бағдарламасында қарастырылған шаңғы/коньки/кросс дайындығы
сабақтары ӛңірлердің климаттық жағдайларына сәйкес ӛзара алмастырылады.
Мұғалімнің әр сабақ сайын жүргізетін бақылау жұмыстары жүйелі түрде
іске асырылады және білім алушының тапсырмаларды қаншалықты дұрыс
орындап жатқандарын түсінуге, олардың білім алу траекторияларына түзетулер
енгізуге мүмкіндік береді.
1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.
2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ
қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек. Яғни, білім алушы
«есептелінді» деген сынақ алу үшін сабаққа қатысып қана қоймай, дене дамуы
бойынша білім мен біліктілік негіздерін игеруі керек.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан соңында және оқу жылының
соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына
қойылады.
Бастауыш мектептегі білім беру процесі ҚР білім беру саласындағы
қолданыстағы нормативтік құқықтық базасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бастауыш сыныптардағы сабақ форматы балаларды оқыту процесіне
белсенді түрде тартуды, олардың ӛткен материалды талқылауға, талдауға және
қорытуға қатысуын, зерттеу жүргізуді, бағалауда ӛз пікірлерін айтуды, ӛзін-ӛзі
бағалауды, ӛзара бағалауды ұйымдастыруды және т. б. кӛздейді.
Сабақтың міндетті элементі мұғалімнің білім алушыны сүйемелдеуіне
бағытталған, білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік беретін кері байланыс
негізінде ол ӛз іс-әрекетіне түзетулер енгізеді. Қалыптастырушы бағалау
кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланысты ұсыну
жиілігін ӛз бетінше анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: