Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында


Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет274/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 
Жалпы орта білім беру деңгейі аяқталғанда білім алушы: 
1) 
әскери іс, белгілеуді, ұйымдастыру құрылымын, штаттық 
қаруландыруды және техниканы, тӛменгі тактикалық буын бӛлімшесінің 
мүмкіндіктерін, бағдарлау құралдарын қолдануды, робототехника және IT-
технология негіздерін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын 
ұйымдастыруды; қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда, 
террористік қауіп-қатерді және табиғи апатты хабарлау жүйесін және әрекет 
ету тәртібін; табиғи апаттардың сипаттарын, зақымдау ошақтарында құтқару 
және апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастыруды; 
штаттық қаруды, қорғанудың дербес және ұжымдық құралдарының, 
радиобелсенді және химиялық бақылау құрылғыларының атқаратын қызметін, 
құрылысы мен қолдану тәртібін, сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялауды, 
жергілікті жерде орналастыруды ұйымдастыру және ӛткізу тәртібін; алғашқы 
кӛмектің міндеттері мен түрлерін, жолда жүру ережесін біледі; 
2) әскери іс, робототехника және IT-технология негіздерін, ядролық, 
химиялық, биологиялық (бактериологиялық) қарулардың және басқа да 
адамдарды зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарының әсер ету 
ерекшеліктерін, оларды қолданған кезде шаруашылық нысандарына, қоршаған 
ортаға және экологияға тигізетін әсерін; табиғи және техногендік сипаттағы 
тӛтенше жағдайдың салдары мен келтіруі мүмкін экономикалық және 
экологиялық шығынын, жол жүрісі жүйесін ұйымдастыруды түсінеді;
3) орын алған әртүрлі жағдаятта ұрыс алаңында сарбаздың рӛлінде, 
радиациялық және химиялық бақылау жүргізу бекетінің құрамында барлаушы 
ретінде әрекет етуді; штаттық қаруды, жеке және ұжымдық қорғану 
құралдарын, жараланғанда, қан кеткенде, күйік шалғанда және үсік шалғанда, 
күн ӛткенде, электрлі жарақат алғанда, суға батқанда алғашқы кӛмек кӛрсетуді; 
дененің түрлі бӛліктері жараланғанда байлап, таңуды; дененің түрлі 
бӛліктерінде сынықтың ашық және жабық түрі бойынша алғашқы кӛмек 
кӛрсетуді; 
интернет 
байланысты, 
аудио-визуалды 
технологияларды 
пайдаланады, автомобиль кӛлігін жүргізу, робототехника дағдыларын 
меңгереді, сандық фото және бейне жабдықтарды қолданады; 
4) зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын қолданғанда туындауы 
мүмкін тосын жағдайды; табиғи және техногенді сипаттағы тӛтенше жағдайдың 
салдарын, жолдардағы мүмкін болатын штаттан тыс жағдайларды талдайды; 
5) зақымдаудың қазіргі заманғы қаруын қолданғанда туындауы мүмкін 
тосын жағдайда әрекет ету алгоритмін; табиғи және техногенді сипаттағы 
тӛтенше жағдай туындағанда әрекет ету алгоритмін, жолда болуы мүмкін 
тӛтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдерін жинақтайды, 


283 
синтездейді; 
6) қабылданған шешімнің салдарын бағалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет