ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет3/14
Дата15.04.2018
өлшемі6,26 Mb.
#40128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы, зияткерлік, дене дамуын, олардың білімді игеруге дайындығын қамтамасыз ету, оқу әрекетін меңгеру үшін балада тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері:

– балаларды мектепте оқуға мақсатты бағытпен және жүйелі дайындау;

– жеке қабілеттері мен дарындылығын дамыту;

– ұлттық, жалпы адами этикалық және мәдени құндылықтарға балаларды баулу, баланың зияткерлігін дамуы;

– рухани-адамгершілік құндылықтарды, отансүйгіштік, төзімділікті қалыптастыру;


24

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

– балалардың коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру;

– білуге құмарлықты, шығармашылық белсенділік пен бастамашылықты дамыту;

– балалардың денесі мен психикалық саулығын нығайту;



– білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.

2016-2017 оқу жылында мектепалды даярлық сыныптарында білім беру процесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – Стандарт), Мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес ұйымдастырылады.

Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасы баланың мектепте білім алу даярлығын (әлеуметтік-психологиялық , тұлғалық , ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы) қамти отырып, сондай-ақ баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.

Бағдарлама құрылымы мен мазмұны мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушы, оқытушы міндеттерінің бірлігі мен



25



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет