Биология: «Тамақтану және денсаулық», «Экологиялық этика», «Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесі», «Әлемнің інжу маржаны (7–9-сынып қыздары арналған курс)», «Менің денсаулығым – менің қолымда», «Тірі жасуша жұмбақтары», «Жасушалар және тері», «Үй іргесіндегі телім», «Тері – денсаулық айнасы».
География: «Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалық модельдері және әдістері», «Қазақстан географиясын оқудағы жобалық технологиялар», «Туған өлкедегі әлеуметтік-экономикалық процестерді модельдеу», «Қазақстанның энергетикалық әлеуетінің дамуы», «Еліміздің жасыл энергетикасы», «География, тарих, өнер: қиылыстары және өзара байланысы».
Физика: «Күрделілігі жоғары физикалық есептерді шығару», «Физикадан ашылуларды қалай жасайды», «Қоршаған ортаның физикалық ластануы және олардың адамға әсері», «Физика және компьютер», «Физикалық-техникалық модельдеу», «Заманауи ғарышкерліктің жетістіктері», «Радиациядан қорғану».
Химия: «Экологиялық химия», «Күрделілігі жоғары химиялық есептерді шығару», «Жай судың жұмбақтары», «Химия және тамақтану», «Ұзақ өмір сүру (кіріктірілген курс)», «Бейметалдар химиясы және өмір», «Ойланып қалған химия», «Химия және қоғам», «Химияның тарихы», «Химия, ғылыми фантастика шығармаларының негізі ретінде», «Химик-зертханашы мамандығымен танысу», «Химия және шаштараз өнері», «Химия және СЖҚ», «Тамақтық қоспалар: плюстері мен минустері», «Косметика: кеше, бүгін, ертең», «Ас үйдегі химия», «Күнделікті өмірдегі заттар және материалдар», «Химиялық есептерді шығару әдісі», «Химиядан эксперименттік есептерді шығары әдісі».
Оқу жүктемесі:
«Жаратылыстану» пәні бойынша сағат саны аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«География» пәнінің сағат саны:
6-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
7-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«Биология» пәнінің сағат саны:
6-сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат;
7-сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат;
8-сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат;
9-сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат.
«Физика» пәнінің сағат саны:
7-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
8-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
9-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
«Химия» пәнінің сағат саны:
8-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағат;
9-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағат.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері сабақтарында пайдалануға ұсынылатын ресурстар:
1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ http://www.kazatomprom.kz/
2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі: http://energo.gov.kz/
3. «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы http://gharysh.kz/news/
4. «Эврика» – білім беру мекемелерінде авторлық эксперименталдық бағдарламаларды жүзеге асыратын, 650-ден астам мектеп ұжымдарын біріктіретін эксперименттік алаңдардың инновациялық білім беру желісі: http://www.eurekanet.ru
5. Bookz.ru – электрондық кітаптар, журналдар және сөздіктер. Навигацияның ыңғайлы болуы үшін, авторлардың алфавиттік каталогінен басқа шығармалардың алфавиттік каталогы да қолжетімді, яғни кітаптарды алфавиттік тізім бойынша іздеуге болады: www.bookz.ru.
6. EOLSS (Encyclopedia of Life Support Systems) – өмірді қамтамасыз ету жүйелерінің энциклопедиялары. Мазмұны алфавиттік ретпен берілген көптеген энциклопедияларға қарағанда EOLSS білімінің ауқымы тақырыптармен ұйымдастырылған. Пәндердің ішінде: математика, физика, энергетика, табиғатты қорғау – Жер және атмосфера туралы ғылым; экология, азық-түлік тағамдары және ауыл шаруашылығы туралы ғылымдар, адамзат ресурстары туралы, басқару және т.б., тілі – ағылшын: http://www.eolss.net/.
7. Энциклопедиялар әлемі кітапханасы: http://www.encyclopedia.ru/.
8. Britannica School – мазмұны және ақпараттары кең ауқымы, онда мыңдаған мақалалар, бейнелер, видео, түпдеректер, электронды кітаптар, ұсынылатын веб-сайттар, тезаурус және дүние жүзінің атласы шығады. Барлық контент оқытудың STEM жүйесі әдістемесімен негізделген. Жұмыс барысында оқушылар оқиды, жазады, зерттеулер жүргізеді және жаратылыстану ғылымдары саласындағы өздерінің сөздік қорларын байытады. Кіріктірілген «Мұғалімдерге арналған сабақ жоспары» аталған онлайн ресурстың артықшылығы болып табылады, бұл жерде мұғалім өз «Жоспарын» жасауға немесе басқа мұғалімдер құрастырған «Жоспарды» қолдануына болады. Аталған ресурсты сынып режимінде де, сонымен қатар үй тапсырмасын орындау барысында және олимпиадаларға қатысу үшін қажетті ғылыми жоба орындау үшін де қолдануға болады: (http://school.eb.co.uk).
9. «Сандардағы және картадағы дүниежүзі елдері». Интерактивті анықтамалықтарда дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерін сипаттайтын статистикалық ақпарат және негізгі көрсеткіштер берілген: http://www.sci.aha.ru.
10. Рубрикон. Ірі энциклопедиялық портал. Неғұрлым белгілі энциклопедиялар, сөздіктер және анықтамалықтар, суреттер және карталар берілген: http://www.rubricon.com.
11. Оқушылар оқу бағдарламасын меңгеру барысында АКТ қолдану дағдыларын дамытады. «География» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келесі веб-ресурстар ұсынылады (23-кесте).
23-кесте
www.earthquakes.usgs.gov
|
www.rgo.ru
|
www.geo2000.nm.ru
|
www.geo.historic.ru
|
www.www.geografia.ru/
|
www.geographic.org
|
www.mygeog.ru
|
www.e–cis.info
|
www.geography.about.com
|
www.hobitus.com
|
www.imf.org
|
www.kisi.kz
|
www.meteosputnik.ru
|
www.mfa.gov.kz
|
www.oecd.org
|
www.stat.gov.kz
|
www.theodora.com
|
www.un.kz
|
www.un.org
|
www.undp.kz
|
www.unesco.kz
|
www.unesco.org
|
www.unmultimedia.org
|
www.volcanodiscovery.com
|
www.worldbank.org
|
|
|
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Қазақстан тарихы
«Қазақстан тарихы» пәнінің мақсаты – Қазақстан қоғамының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдерін оқытып, көшпелілер өркениеті мен Қазақстан мемлекеттілігі тарихын қарастыру. Қазақстан тарихы ата-бабалар мәдениетінің бірегейлігі, тарихи процестердің біртұтастығы мен сабақтастығын түсінуге мүмкіндік береді. Көшпелілердің әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, адамзат өркениетіне қосқан үлесін жаңа өркениеттік тұрғыдан қарастырады. Сондай-ақ, пәннің оқушыларда өткенді саралау, бүгінгі күнді сипаттау және болашақты бағдарлау қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор.
Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару керек.
«Қазақстан тарихы» пәнінің мазмұнында өскелең ұрпақтың бойына қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің материалдары болуы тиіс: Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, ұлттық сана сезімі жетілген, адамгершілігі мол, толерантты азаматтарын тәрбиелеу.
«Қазақстан тарихы» пәнін оқыту кезінде білім алушылардың тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы, мемлекеттердің сыртқы саясаттары бойынша ақпарат беретін тарихи деректердің салыстырмалы талдауының негізінде себеп-салдарлық байланыстарды анықтауды қажет ететін дағдыларын дамыту қажет. Оған қоса мұғалім оқушыларға тарихи картада оқиғаларды, олардың динамикасы мен даму жағдайын белгілеуге тапсырма бере алады, бұл өз кезегінде оқушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді.
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқытудың басты мақсаты оқушылардың бойында «тарихи тұрғыдан ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі әдіс-тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, жоба әдісі, концептуалды оқыту) қолдану қажет. «Тарихи тұрғыдан ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Бұл қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша базалық білім мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары, пәнді оқыту міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен анықталған.
Қазақстан тарихы:
5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
Пәнді оқытуға арналған әдістемелік ұсынымдар.
Тарихты оқыту – күрделі процес, ол өзара байланысты, оқытудың мақсатын анықтау, білім мазмұнын іріктеу, білімді оқытып-үйрету және меңгеруге басшылық ету сияқты және т.б. құрамдас бөлімдерден құралады.
Оқыту процесін оңтайландыру мақсатында топтық жұмысты ұйымдастыру өте тиімді болып табылады.
5-9-сынып оқушыларының жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді формаларының бірі топтық жұмыс болып табылады, топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде әрбір оқушының қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін ескеру, олардың топтағы атқаратын негізгі функцияларын анық түсіндіру қажет. Сонымен бірге топ мүшелерінің әрқашан өзгеріп отыруы да маңызды.
Оқушылардың бойында тарихи түсінікті дамытуға мүмкіндік беретін әдістердің бірі – рөлдік ойын болып табылады.
Рөлдік ойынның тиімділігінің үш міндетті элементі:
Тарихи деректерді талдау: оқушылардың тарихи дерекпен жұмыс істеуі олардың жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ дайындық деңгейін ескере отырып біртіндеп күрделене береді.
Оқушыларға тарихи деректерден үзінді беруді жүйелі түрде жүргізу керек. Тарих сабақтарында сұрақтарды қою маңызды орын алуда, дұрыс әрі нақты құрастырылған сұрақтарға ғана орынды жауап алуға болады.
Сондықтан да мұғалімдерге «сатылап сұрақ қою» әдісін қолдану ұсынылады. Бұл әдісте дерекке немесе белгілі бір иллюстрацияға қойылатын сұрақтар жеңілден қиынға қарай күрделенеді.
Оқушыларға елінің тарихын өз көзімен көріп, сезіну үшін мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсия ұйымдастыру ұсынылады.
Түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамыту үшін жаңа стратегиялар мен техникалар ұсынылады. Деңгейлеп оқыту, сыни ойлауды қалыптастыру, тірек-сызба, салыстырмалы талдау және т.б.
Жазу дағдыларын дамыту мақсатында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану ұсынылады.
РАФТ стратегиясының (Р – роль, А – аудитория, Ф – форма, Т – тақырып) басты мақсаты оқушыда, белгілі бір образға (рөлге) ену арқылы, өзінің ойын жазбаша түрде түсінікті әрі нақты жеткізе алу дағдысын қалыптастыру. Бұл стратегия қолдану арқылы оқушылар түрлі тақырыптарға әртүрлі аудиторияға арнап ақпарат (мәлімет, мәлімдеме, т.б.) жазуды үйренеді.
Нәтижелі деңгейде картамен жұмысты күшейту қажет. Бұл үшін тарихи карталардың мазмұнын басқа да дереккөздермен тарта отырып талдауға бағытталған, тапсырмаларды пайдалану керек.
Оқушылардың жазбаша жұмыстарды орындауына ерекше назар аудару ұсынылады: эссе, мақала, баяндама, хат, қысқаша ақпарат және т.б.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасау тапсырмаларын беру керек.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру, белсенді оқыту, командалық оқыту, пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту және т.б. озық педагогикалық әдістерді қолдану үшін оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану қажет. Отандық және жалпы тарихтың кейбір тақырыптарын кіріктіру мүмкін болады. Халықаралық қатынастар тарихы мен Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады.
Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін қалыптастыру оқыту процесінің коммуникативтік әлеуетін анағұрлым ұлғайтады. Мәселен, әдебиет курстарын оқыту барысында оқушыларға рухани шығармашылық процесінің тарихи контекстін неғұрлым жоғары деңгейде игеруге мүмкіндік береді.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http:// www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
Үй жұмысы сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгеруіне керекті шарттың бірі болып табылады.
Үй жұмысы сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай әртүрлі болуы мүмкін:
ауызша (сұрақ-жауап, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, пікірсайысқа дайындық, т.б.);
қысқаша жазба жұмыстары (тезистер, конспектілер, буклеттер, эссе, тарихи шығарма, т.б.);
тест тапсырмалары (жабық тест, ашық тест, реттік тест, сәйкестендіру тесті, мәтіндік тест, жағдаяттық тапсырма, құрама тест, балама тест, көпжауапты тест);
шығармашылық жұмыстар (рөлдік ойындарға, сахналық көріністерге дайындық);
өзара бақылау жұмыстары, өздік бақылау, қатемен жұмыс, жоба жұмысы.
Оқушыларға жобалық және шығармашылық (хабарлама, презентация, жобалар, коллаждар т.б.) тапсырмалар тақырыптарын алдын ала беру әдістемелік тұрғыдан дұрыс болады. Сонымен қатар мұғалім осы шығармашылық жұмыс түрінің талаптарымен таныстыруы керек. Оқушы хабарлама даярлаған кезде тек білімін ғана көрсетіп қоймай, хабарлама (презентация) дайындайтын батырға қатынасын, өз сезімдерін, күйзелісін білдіруі тиіс.
Құзыреттілікке бағытталған үй тапсырмаларының 4 түрі қолданылады: ақпараттық, коммуникативті, мәселе қою білу және рөлдік.
Шығармашылық үй тапсырмаларына қойылатын өлшемшарттар немесе талаптар:
терминология мен ақпараттың күрделілігі оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы;
әдебиет пен дереккөздерінің тізімін беру қажет;
ақпараттың жүйелілігі және тартымдылығы т.б. ескеру керек.
«Тарих» пәні бойынша міндетті бітіру емтиханын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.
Кешенді емтихан бағдарламалары принципімен айқындалатын тарихты зерделеудің оқиғалық-хронологиялық және проблемалық-теориялық деңгейімен үйлесетін болады. Білім алушылардың дайындық деңгейінің көрсеткіштері тарихи білімдерін теориялық, фактологиялық, хронологиялық, картографиялық және бағалау компоненттерін игеру мен оқу-танымдық әрекеттер тәсілдеріне сәйкес меңгеру болып табылады.
Емтихан тапсырмаларын құрастыру кезінде әртүрлі оқулықтар мен ОӘК-терді (ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен) қолдануға болады. Тапсырмаларды дайындау кезінде мұғалімдер толық сипатталмаған оқиғалар берілген ақпарат көздерін іріктеу ұсынылады. Осындай ақпарат көздері деректі материалдар (хрестоматиядан үзінділер, куәлік және естеліктер, тарихи оқиғалар туралы), статистикалық материалдар (кестелерде немесе мәтіндерде деректер әлеуметтік-экономикалық даму ұсынылған) болуы мүмкін. Білім алушыларды міндетті түрде мектеп бітіру емтиханына дайындау кезінде оқу бағдарламасы бойынша дайындалған оқулықтарды пайдалану керек.
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым -қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.
«Тарих» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2016-2017 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
Алматы қаласының 1000 жылдығы (1016–2016);
Қазақ батыры, әскербасы Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлының 440 жылдығы (1576-1656);
Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек би Келдібекұлының 350 жылдығы (1667-1764);
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте әйгілі батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);
Қазақтың батыры, талантты қолбасшы Қабанбай батыр Қожақұлұлының 325 жылдығы (1692–1770);
Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен Сырым Датұлының 275 жылдығы (1753—1802);
Бөкей Ордасындағы халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры Исатай Тайманұлының 225 жылдығы (1791-1838);
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, ұлттық мектебінің негізін қалаушы Ы. Алтынсариннің 175 жылдығы (1841—1889);
Бөкей Ордасында қазақтың тұңғыш мектебі ашылғанына 175 жыл (1841-2016);
ХХ ғасырдың басындағы Ұлт көшбасшысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ә. Бөкейханның 150 жылдығы (1866-1937);
Қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері, шығыстанушы, білімді заңгер Барлыбек Сыртановтың 150 жылдығы (1866-1914);
Қазақтың тұңғыш бейресми Конституциясы «Қазақ елінің Уставына» 105 жыл (1912-2017);
«Оян қазақ» өлеңінің жарық көргеніне 105 жыл (1911-2016);
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы (1916–2016);
Алаш Орда үкіметі құрылғаны 100 жыл (1917-2017);
Қазақтың қаһарман батыры, ақын, жазушы Баубек Бұлқышевтың 100 жылдығы (1916–1944);
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы (1986-2016);
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы (1991-2016).
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:
-базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;
-таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;
-оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
-кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
Дүниежүзі тарихы
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы оқушыларға әлем тарихы бойынша жеткілікті білім алуға және тарихи процестердің мәні мен тарихи фактілердің маңызын түсінуге, проблемаларды шешуге, жағдаятты сыни бағалау және шешім қабылдау, сондай-ақ түрлі тиімді коммуникацияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мектепте «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың негізгі мақсаты ғылыми гуманистік көзқарасы бар, әлеуметтік белсенді, жан-жақты шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Пәнді оқыту кезінде барлық сынып оқушыларының жұмыс жасауы және үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыруды қолдану ұсынылады.
Тарих сабағын жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқытудың тәрбиелік компоненттеріне ерекше назар аударған жөн.
«Дүниежүзі» пәнінің мазмұнынын оқыту «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыруға және тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау (бүгінгі күн жағдайының мәнін, өткеннің инварианттылығы мен болашақтың баламалығын түсінуден), өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілік, тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітуге ықпал етеді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру олардың тарихи қалыптасқан мәдени, дiни және ұлттық салт-дәстүрлерімен танысу барысында құндылық бағыт-бағдарлау; тарихи бiлiмiн күнделiктi өмiрде қолдана бiлу; тарихи танымның әдiс-тәсiлдерiн меңгеру, әртүрлi дерек көздерiмен өз бетімен жұмыс iстеу; сыни ойлау дағдыларын дамыту; білім процесінде тарихи фактілер мен құбылыстарды түсіндіру; қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық проблемаларды талдай білу; негізгі оқиғалар, құбылыстар мен тарихи дамудың процестерінің мәні туралы түсіну қабілеттерімен анықталады.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша базалық білім мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары, пәнді оқыту міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасында анықталған.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесінің төмендегі көлемі белгіленген:
6-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
7-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
8-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
9-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Ежелгі дүние тарихы қалыптылығы, тұтастығы және логикалық түрде аяқталуымен сипатталып, жүйелі түрде оқу пәні ретінде 6-сыныптан басталады. Тарихты оқыту оқушылардың тұрақты білім беру жүйесін қалыптастыру үшін адамзат жүріп өткен тарихи жолдары,оқиға-хронологиялық деңгейде қолайлы шарттар арқылы жүзеге асырылады
Келесі сыныптарда күрделі материалдарды, негізгі ұғымдарды, іскерліктер және қажетті дағдыларды қабылдау неғұрлым алтыншы сынып оқушыларында қалыптастыру өте маңызды.
Орта ғасырлар тарихы пәнін оқыту осы кезеңдегі қоғам дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктері болып табылады.Бұл адамзаттың әлеуметтік, мәдени, мемлекеттердің дамуы және Еуропадағы саяси феодалдық қатынастардың қалыптасуы. Орта ғасырлар тарихын оқыту қазіргі заманғы адам үшін өте маңызды болып табылады, өйткені бұл кезеңде көптеген ұлттық мәдениеттер мен құндылықтардың пайда болуына байланысты. Мұғалім сол уақыт кезеңінің ерекшелігі туралы түсінік беруі; білім беру процесінде оқу пәнінің орнын анықтауы; курс құрылымының анықтамалық және оқулықтың әдістемелік аппаратымен, міндеттерімен таныстыруы; жаңа оқу пәніне қызығушылығын арттыруы тиіс.
Орта ғасырлар тарихын оқыту 7- сынып оқушыларын тарихи оқиғалар мен ұғымдарды талдау және салыстыру дағдыларын дамытады, осы тарихи дәуір қоғамының бөлігі ретінде қарапайым адамның өмірі бақылауға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы өркениет құрған жаңа заман немесе дәуірді оқыту 8-сыныпта басталады.
Пәннің бұл кезеңдегі материалдары оқушыларды аграрлық дамудан біртіндеп индустриялы дамуға арналған тақырыптармен таныстырады. Жаңа тарихты оқытудың нәтижесінде, мұрағат материалдарын анықтау, сондай-ақ шын мәнінде тарихи оқиғалар мен жаңа процестерді талдау және салыстыру өткен дәуірден және қазіргі заманғы оқиғалар ережелері оқушылардың іздеу және пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
9-сыныпта оқытылатын "Қазіргі заман тарихы" курсы оқушыларға ХХ ғ.басы мен ХХІ ғ. ең маңызды процестерге, құбылыстарға, ұғымдарға баса назар аударылып, адамзат дамуының жалпы бейнесі туралы түсінік қалыптастырады (Еуропа және Америка, Азия және Африка саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуынан бастап, 1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыс және ең алдымен қазіргі заманғы құрылғылардың пайда болуын түсіну және түсіндірумен ерекшеленеді.
Пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқыту - өткен тарих туралы, адамзаттың өзара әрекетімен туындаған тарихи оқиғаларды оқу мен талқылау оқу кезінде оқушылардың әлеуметтік тәжірибелерін байыта отырып, жүйелендірілген білім қалыптастыруға ықпал етеді. Әртүрлі дүниетанымдық, құндылық-мотивациялық, әлеуметтік жүйелерден туындаған, тарихи қоғамдық процестердің логикалық ерекшелігін түсіну қабілеттерін дамыту түйінді рөл атқарады.
Сабақтарда оқушылардың дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес тарихи тұрғыдан ойлаудың (белсенді және проблемалық оқыту, жобалау, тұжырымдамалық оқыту) әртүрлі әдіс- тәсілдерін қолдану қажет.
Білім беру процесінде компьютерлік технологияларды және жобалық әдістемелерді пайдалануға ерекше назар аударуды талап етеді. Оқушылардың білім алу мүмкіндіктері мен алған білімдерінің қолдану аясын түсініп, бұл технологияларды әдеттегі әдістермен шебер қолдана білу мұғалім үшін маңызды.
Әдістемелік жағынан жоба тақырыптары және шығармашылық тапсырмаларды (хабарлама, презентация, жобалар, коллаж және т.б.) оқушыларға алдын-ала беру керек. Сонымен қатар, мұғалім оқушыларды аталған шығармашылық жұмыс түріне қарай, оның орындау талаптары таныстыру қажет. Тапсырмаларды дайындау кезінде оқушылар тек қана білім алып қоймай, сол оқиғаны түсіну, оқиғаның басты кейіпкерлеріне деген қарым-қатынасы туралы өзіндік ойы болып, сезінуі қажет.
Топтық жұмысты ұйымдастыру өте тиімді болып табылады: шағын-конференция, пікірталас, дөңгелек үстел, шағын жобаларды қорғау және т. б. Бұл ретте жобаларды жеке немесе ұжыммен, педагогиканың ынтымақтастық принциптерін қолдана отырып мұғалім мен оқушы бірге орындауы да мүмкін.
Өткен заманның кез-келген құбылысын осы заманның контекстінде, бұрын болған оқиғаларды және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Бұл қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады.
Оқыту төмендегідей тарихи түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:
өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады);
себеп және салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси процестерге әсер етті);
дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);
ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, оқытылу кезеңінде мемлекеттің саяси құрылысының айырмашылығы мен ұқсатығы неде);
түсіндіру (мысалы, әртүрлі зерттеушілер сол немесе басқа тарихи оқиғаларды қалай сипаттайды).
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқу кезінде пәннің мазмұнына сәйкес тарихи зерттеулерді (болжамды ұсыну, зерттеу үшін сұрақтарды құрастыру, дереккөздерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, қорытыныдылар мен нәтижелерді тұжырымдау, өзіндік ұстанымын анықтау) өткізудің дағдыларын қалыптастрыу мен дамыту ұсынылады.
Мұғалімнің сабаққа арнайы дайындайтын тапсырмалары мынадай өлшемшарттарға сәйкес болуы тиіс:
тапсырманы орындау мақсаты мен қолжетімділігі;
дифференциацияны көздеу;
сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
проблемалық оқыту;
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
ақпараттың және терминологияның күрделілік деңгейі;
әдебиеттер тізімі;
ақпараттың тартымдылығы мен дәйектілігі;
бағалау үшін мүмкіндіктерінің бар болуы.
Сыныптағы практикалық жұмыс, өздік жұмысы, үй тапсырмасын орындау оку процесінің құрамдас бөлігі.Практикалық сабақ тарихи дереккөздерімен және әртүрлі көзқарастарды салыстыра білуді жетілдіру, қоғамдық-тарихи даму мәселелері бойынша өзіндік ұстанымын білдіру сяиқты жұмыстарды ұйымдастырумен байланысты. Практикалық тапсырмаларды орындау пәнішілік және пәнаралық байланыстарды орнатуды, ақпараттарды өңдеудің әмбебап тәсілдерін меңгеруді көздейді.Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен қызығушылығына байланысты сабақтар мамандандырылған (белгіленген тақырып бойынша) немесе кіріктірілген болуы мүмкін.
Жұмыстың келесі аспектісінде –оқушылардың білім мен білік дағдыларын бағдар уақыт пен кеңістігінде тарихи карталарды пайдалану ықпал етеді, картада тарихи оқиғалардың жай-күйін және олардың даму динамикасын көрсететін тапсырма болуы мүмкін.
Үй жұмысының мақсаты – қосымша материалдар арқылы сабақта меңгерген тақырыпты тереңдету, қайталау, бекіту және ой елегінен өткізу, оқушының дағдылары мен құзыреттіліктерін шыңдау. Үй жұмысына берілген тапсырмалар жоспарланған, танымдық, қызықты болуы шарт және деңгейлі болуы мүмкін. Үй жұмысын берудің маңызы – оқушыны өз бетімен білім алуға итермелейді және оқу үрдісінің танымдық-шығармашылық іс-әрекеттерінің біріне жатады.
Сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай тапсырмалар әртүрлі болуы мүмкін:
ауызша (сұрақ-жауап, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, пікірсайысқа дайындық және т.б.);
қысқаша жазба жұмыстары (тезистер, конспектілер, буклеттер, эссе, тарихи шығарма және т.б.);
тест тапсырмалары (жабық тест, ашық тест, реттік тест, сәйкестендіру тесті, мәтіндік тест, жағдаяттық тапсырма, құрама тест, балама тест, көпжауапты тест);
шығармашылық жұмыстар (рөлдік ойындарға, сахналық көріністерге дайындық);
өзара бақылау жұмыстары, өздік бақылау, қатемен жұмыс, жоба жұмысы.
«Дүниежүзі тарихы» бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2016-2017 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
Каталаун даласы шайқасының 1565 жылдығы (451-2016);
Батыс Рим империясының құлауының 1540 жылдығы (476-2016);
567 жылы Түрік қағанаты мен Византия арасында сауда келісімі мен әскери шарт жасалды (1450 жыл).
2016-2017 оқу жылында пән мұғалімдері әдістемелік қызметтерінің негізгі міндеттері:
- тарихи білім беру және оның сапасын көтерудің негізгі компоненттерін жүзеге асыру;
- мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру: тарихты оқытудың тиімді әдістері мен технологияларын зерделеу;
- тарихты оқытудың базалық және жоғары деңгейінде зерделеу тиімді білім беру тәжірибесін тарату болып табылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:
http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
Адам. Қоғам. Құқық
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін 9-сыныпта оқыту – адам, қоғам және құқық туралы, қоғам дамуының негізгі процестері, адам өміріне әлеуметтік факторлардың әсері жөніндегі ғылыми білімді меңгеруге бағытталған. Қоғамдық ғылымдар кешенін құрайтын, кіріктірілген сипатқа тән пәнді оқыту оқушылардың назарын қазіргі қоғамдық, саяси, мәдени, әлеуметтік құбылыстарға, оларды реттеп отыратын заңдардың өзара байланысына аударуға негізделген.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқытуда «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдерін, құқықтық сауттылығы, мен азаматтық жауапкершілігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға, ұлттық сана-сезім мен толеранттылықты дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және терроризм мен экстремизм идеологияларын саналы түрде қабылдамауын қалыптастыруға, Қазақстанның көпэтникалық жағдайында қарым-қатынас жасай білуіне бағытталады.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша базалық білім мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары, пәнді оқыту міндеттері ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасында анықталған.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
9-сыныпта аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты құрайды.
Пәнді оқытуға әдістемелік ұсынымдар
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің мазмұнын игеру кезінде түрлі әлеуметтік жағдайларда тиімді және өнімді әрекеттердегі адамның қабілетін қамтамасыз ететін оқушылардың тұлғалық және пәндік нәтижелеріне көңіл бөлу ұсынылады.
Пәнді оқытуда оқыту процесінің әдісі мен ұйымдастырылуын анықтайтын ұйымдастырушылық-әдіснамалық принциптер: білімнің зерделілігін, толықтығын, тұтастығын, сабақтастығын, өзара байланыстылығы мен білім алушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігін ескерген дұрыс.
Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады:
- мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
оқушылардың білім алуы «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;
оқушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;
оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;
оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;
оқушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану ұсынылады.
Пәнді оқытуда оқушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі және әдебиеті», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Физика», «Биология», «География» және басқа пәндерден алған білімдеріне сүйену, оқу материалдарын тарихи фактілермен, әдеби образдармен, физикалық процестермен, т.б. нақтылау ұсынылады.
Пәнді оқытуда мынадай педагогикалық әдіс-тәсілдерді:
- оқушылардың проблемаларды анықтауда өз ой-пікірлерін айту, гипотеза ұсыну, жоспарлау, зерттеу жүргізу, дәлелдеу қабілеттерін дамытатын ынталандырушы–проблемалық, ситуациялық жағдай туғызу;
- белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «жобалау» т.б. әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды табу, әр оқушының идеясын ұсынуы, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау және шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдау);
- сабақта оқушылардың белсенділігін арттыратын қоғамдық және құқықтық проблемаларды талқылау;
- ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануда оқушылардың білімдерін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды тиімді пайдалану, презентациялардың түрлерін пайдалана отырып, таңдалған тақырыптар бойынша шығармашылық жұмыстар жасау, сандық білім беру ресурстары материалдарын қолдану ұсынылады.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі сабақ барысында маңызды заңнамалық актілермен, заң түсіндірмелерімен (Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық, еңбек құқықтарының негізгі түсініктері) жұмыстар ұйымдастыру болып табылады.
Оқытудың әдіс-тәсілдері көптүрлілігіне (пікірсайыс, кейс әдісі, дебат, рөлдік ойындар, жағдаяттармен жұмыс, жобалық және оқу-зерттеулік қызмет т.б.) басымдық беру ұсынылады.
Ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар:
пән бойынша «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын оқытуға ұсынылатын тапсырмалар:
1) «Зайырлы қоғам және мемлекеттілік жоғары рухтандырушылық (эссе);
«Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» (негіздеу);
Ұлы мақсаттарға жетелейтін идея – Мәңгілік Ел идеясы (эссе);
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты (жоба) және т.б..
2) пән мазмұнына сәйкес ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар:
1) «Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет»;
«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»;
«Конституция – мемлекеттің негізгі заңы»;
«Мен және менің құқығым»;
«Өз құқығыңды білесің бе?»;
«Бала және оның құқығы»;
«Ұлы дала заңдары»;
«Заң және заман»;
«Құқықтық сауаттылық заман талабы» және т.б.
Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың негізгі мақсат-мүдделері: Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Жаратылыстану» пәні бойынша нақтыланған оқушының тұлғалық рухани-адамгершілікті дамытуды ынталандыру, жалпыадами құндылықтарды және құнлықтар туралы білімдерді жетілдіруге, оқушының жеке әлеуетін дамытуға, өзіндік қабілеттерін, әлеуметтік маңызды тұлғалық қабілеттерді және өмірлік дағдыны қалыптастыруға жағдай жасау, адамды өмірге дайындауды табысты іс жүзіне асыру.
Оқыт пәнінің негізгі міндеттері:
- өзін-өзі тануға және үнемі жетілуіне бағыттау;
- оқушыларда қарым-қатынас жасау негіздерін қалыптастыру;
- қоғамда және ұжымда өз орнын білуге көмектесу;
- өзі, адамдар және қоршаған орта бір-бірімен қарым-қатынаста екенін сезінуді ынталандыру;
- өмірлік және әр түрлі оқу жағдаяттарында адамгершілік және әлеуметтік тәртіп тәжірибесін қалыптастыру;
- не үшін өзінің өмірсүретінің және өмірлік мақсатқа жету үшін тұлғалық қасиеттерін дамыту.
«Өзін-өзі тану» бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы маңызды жағдай болып «Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті», «Достар, ән салайық» сияқты әдістемелік тәсілдер сабақтарда салауатты орта құру болып табылады.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру процесі арнайы жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады және қажетті оқу жабдықтарымен, сондай-ақ оқу-көрнекілік құралдарымен жабдықталуы қамтамасыз етіледі.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы
15 шілдедегі №281 бұйрығына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап оқу процесіне «Дінтану негіздері» факультативтік курсының орнына «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы енгізіледі.
9-сыныпта үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын міндетті түрде оқыту үшін аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат бөлінеді. Курсты біліктілікті жетілдіру курсынан өткен тарих пәнінің мұғалімдері жүргізеді.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының мәні және маңызы оның қазіргі қоғамдағы тарихи, мәдени мен рухани құндылықтықтарды анықтайтын бастаулары ретінде, тұрақты дамуды қамтамасыз ететін ғылыми-дәйектелген негіздерін қалыптастыруды құраушы элемент ретінде қабылданған болып табылады. Курс орта білім жүйесіндегі қоғамтану және әлеуметтік-гуманитарлық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Факультативтік курсты оқытудың мақсаты:
- оқушыларды «зайырлылық» ұстанымын құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;
- зайырлылықты рухани-адамгершілік құндылықтар, мемлекет тұрақтылығының басты факторы ретінде қабылдау, дінді мәдениет ретінде қабылдауға үйрету, білім жүйесіне және ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету;
- діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білім беру;
- оқушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.
Факультативтік курсты оқытудың міндеттері:
1) оқушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі мәлімет беру;
2) зайырлылық ұстанымдарын мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта отырып, осы бағыттағы білімін қалыптастыру;
3) зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни тәжірибе негіздерін салыстыра білуді үйрету;
4) діннің дүниетанымдық, мәдени танымдық және адамгершілік мәнін түсіндіру;
5) оқушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге, толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық ұстанымы негізінде баға бере алатын дағды қалыптастыру;
6) Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық ұстанымдарының нәтижесі ретінде таныта отырып, оқушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;
7) Көпэтносты, көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық тәжiрибенің ерекшеліктерін айқындау
8) экстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық ұстанымдарына, қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып, зайырлы мемлекет қағидаттарына құрмет сезімін тәрбиелеу;
9) оқушылардың бойында діни әдебиеттер, электрондық ресурстар және бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын салыстыра білу және сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру;
10) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, осы тұрғыдағы білімін арттыруға, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бағдарламаларының материалдарын оқып білуде «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті», «Өнер» сияқты пәндерімен және «Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы», «Абайтану» курстарымен пәнаралық байланыс пен сабақтастық қарастырылған.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұнында дін тарихын оқытуға көп уақыт жіберудің қажеттілігі жоқ, одан оқушылар сапалы, жасампаз мәнділігі бар білім алмайды. Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда болуы, нығаюы және дамуы боынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық этикасы негіздері, адамның рухани өмірі мен қоғамдағы діннің рөлі, діни бірлестіктер мен ағымдар,жаңа діни ағымдар мен дәстүрлі діни жүйелердің танымдық, психологиялық, тұрмыстық деңгейдегі қарама-қайшылықтар диллемасы тақырыптары қамтылған.
Білім алушылардың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Абай, Ыбырай, Шәкәрім сияқты көрнекті ағартушылар мен ойшылдардың мәдени және рухани мұраларын оқыту айрықша маңызға ие.
Деструктивті ағымдардың, тыйым салынған діни ұйымдардың, бірлестіктердің белгілері мен салдарларын танып білуіне, діни экстремизм мен терроризмнің ұлттың қауіпсіздігі үшін қатерлі екендігін оқушылардың ұғынуына айрықша назар аударылған .
«Қазақстан-дінаралық бейбітшілік пен келісім елі. Қазақстан Республикасының діни заңнамалары. Зайырлылық – ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік жүйенің іргетасы» мазмұндық желілері курстың басты басты жолы болуы тиіс.
Курстың мазмұнында оқушылардың өзіндік зерттеу әрекеттерін ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Шығармашылық жобаларда, түрлі нысандағы ұйымдастырылған өздігінен жасалынған зерттеу жұмыстары барысында діндер мазмұнындағы рухани құндылықтар мен Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді.
Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда оқушылар өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәнін түсінетіндей мағлұматтар мен білім алады. Осылайша, жүйелі түрде игерілген білім оқушыға Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының рухани мәдениетін деструктивтік, радикалды діни бірлестіктердің зиянды әрекетінен сақтау және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.
Оқушылар бойында өз халқының рухани құндылықтарына құрмет сезімі қалыптасуы тиісті, олар гуманистік дүниетанымға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және толеранттыққа қайшы келетін ұстанымдар туралы ұғымдарды білуі тиіс.
Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының оқу процестерін ұйымдастыру барысында пікірталас, дөңгелек үстел, шағын жиналыс, топпен талқылау, шағын жобаларды қорғау, рөлдік ойын, пікірталас және т.б. формаларын қолдану тиімді.
Жобаларды жеке және ұжыммен ынтымақтаса педагогика принциптерін қолдана отырып орындай алады. Олардың саны келесі бағыттарды қамту және алған білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек:
- дін мәселелері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар, журналдар, газет мақалаларына талдау жасау, таңдап алынған тақырыптары бойынша ауызша және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау;
- діннің айрықша ерекшеліктерін анықтау;
- дәстүрлі діндердің біртұтас платформалары мен жалпы тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру;
- БАҚ ақпараттарына сүйене отырып елімізде және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;
- Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау;
- толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі нақты жағдайды дәлелдейтін мысалдар келтіріп дайындау;
Оқу барысында келесідей қағидаларға ерекше көңіл бөлу қажет:
- мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;
- пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар бермеу;
- жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;
- ақпарат, дін, рухани құндылықтар, мәдениет саласына қатысты заңнамалар талаптарын сақтау;
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында алған білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға қызықтыратын тақырыптары бойынша шығармашылық-жобалық жұмыстар жасауға болады. «Зайырлылық және дінтану негіздері» бойынша әзірленген электронды оқулық, Қазақстанда дін жүйесінің таралуы мен ықпалы туралы мәдени-танымдық сипаттағы барлық діндер бойынша қысқаша бейнематериалдар т.б. (міндетті түрде Дін істері комитетінің сараптама комиссиясы мақұлдаған) сабақ барысында пайдалану ұсынылады.
Курсты оқыту нәтижесінде оқушылар:
ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды;
зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын;
мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас мәнін;
діндер тарихы мен діни сенім ерекшеліктерін;
қазақ-мұсылмандығының танымдық ойларын;
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Иассауидің, Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын;
республикадағы мемлекет, мәдениет және діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастың жайын;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың конфессияаралық келісімді, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты сақтау, елдегі және халықаралық қауымдастықтағы адамдардың шынайы діни сенімдеріне деген сыйластық көрсету саясатын;
экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардың ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі.
сонымен бірге:
зайырлық, діни сана-сезім, діни сенім, діни тәжірибе, діни ой-сана ұғымдарының ара жігін ажырату,
экстремистік, террористік сипаттағы діни топтар мен ағымдар идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитеті;
діни, рухани маңызды мәселелер бойынша әртүрлі ой-талқы жасау, пікір-таластыра білу, осы саладағы маңызды оқиғалар мен құбылыстар, тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу;
өз бетімен зайырлық және діни шығармалар туралы қажетті ақпараттық деректер нұсқасында тауып және оларды сараптай отырып қолдана біледі.
«ӨНЕР» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Музыка
5-6-сыныптарда «Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру, тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту және музыкалық біліктерін, өмірде қолдана білуге негізделген. Музыка баланың бойындағы асыл қасиеттерін оятып, елін, жерін, Қазақстан Республикасын – Отанын сүюге тәрбиелейді.
Пәнді оқытудың міндеттері:
– дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен байланысы және оның композиторлық шығармашылығындағы рөлі туралы білім беру;
– оқушылардың музыка өнері жайында көзқарасын кеңейту, музыкалық құбылыстарға қызығушылығын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастырып, музыкалық шығармаларды бағалай білу;
– музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу;
– музыкалық өнер арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
– музыка өнерінің әртүрлі әрекеттерінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Пән мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті, шығыс және батыс классикалық музыкасының, әлем музыкасының ең озық, қазақстандық заманауи өнер туындыларын қамтиды және оқушылардың мәдени, құндылықты, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
«Музыка» пәні бойынша бағдарлама пәнаралық интеграция принципін ұстана отырып, тіл және әдебиет, тарих және бейнелеу өнерімен байланыста оқытуды көздейді, бұл өнер түрлерінің өзара байланысы туралы көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқытудың әдістемелік жүйесі үздіксіздік принципін ұстана отырып, бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділік айқындалады. Дербестік принципін ұстана отырып, оқушы музыкалық өнердің жан-жақты дамуы мен түрлі құбылыстарына жеке көзқарасын қалыптастыра отыра, мұғалім мен оқушы арасында еркін пікір-таласқа түсіп, өз пікірін ашық білдіре алады. Тәжірибелік әрекет ұстанымы музыкалық ұғымдарды игеріп, ән айту және аспапта орындау тәсілін бойына сіңірудегі басты әдіс болып табылады.
Оқушылардың «Музыка» пәні бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы (мәтінмен жұмыс, ән салуға жаттығу, тамақ гимнастикасы және т.б.) сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, музыка мен ән салуға қызығушылықты қалыптастыруға және оқушылардың вокалдық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді,
«Музыка» пәні бойынша 5-6-сыныптарда сағат саны аптасына 1 сағат, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.
Бейнелеу өнерi
Оқыту мақсаттары:
- эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;
- қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;
- өнер құралдарының көмегімен оқушылардың шынайы өмірге деген эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру;
- халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
- аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту;
- оқушылар көркем композиция жасау кезінде, сондай-ақ, орындалған жұмыстарды сыныпта қарап, талқылау процесінде олардың көркемдік талғамын, талдау қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.
Оқыту міндеттері:
- өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;
- сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру, жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;
- бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;
- көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);
- шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);
- балаларда сезімдік-эмоциялық белгілерді: зейін, есте сақтау, қиял, елестетуді дамыту;
- оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту;
- өзінің көлемді композицияларын жасау немесе жазық және көлемді-кеңістіктік тәсілдер үйлесімдіктерін пайдалану арқылы көркемдік құрастыру элементтерімен таныстыру.
«Бейнелеу өнері» пәні бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтастығын сақтайды және өнерді мәдениеттің өзара байланысты халықтық және кәсіби екі түрін біртұтас ретінде қарастырады. Бағдарлама гуманитарлық пәндердің басқа базалық курстарымен тығыз ықпалдастыруға бағытталған. Ол негізгі мектеп оқушыларының пластикалық өнердің әртүрлі материалдары мен техникаларын қолданып көркем бейне жасауына бағытталған көркем-шығармашылық қызметтің алуан түрлеріндегі бейнелі тілін меңгеруді көздейді: «Өнер туындыларын қабылдау», «Кескіндеме», «Графика», «Мүсін өнері», «Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер».
Білім беру тәжірибесінде «Бейнелеу өнері» деп кескіндеме, графика, мүсін сияқты бейнелеу өнерлерімен қатар сәулет және сәндік-қолданбалы өнерді қамтитын барлық пластикалық өнерлерді түсінеміз.
Сабақтардың маңызды нәтижелері:
- мектеп оқушыларының бейнелеу өнеріне қызығушылығы, суретте немесе мүсінде нақтылы түрде көрсетілген суретші шығармасының ойын түсіну және өзінше бағалай білуі, қазақ және әлемдік өнердің негізгі стильдері мен бағыттарын айыра білуі;
- өнер тарихында елеулі рөл атқарған шеберлердің шығармашылығымен танысуы, әйгілі шығармаларды білуі болып табылады.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Бейнелеу өнеріне оқыту жеке тұлғаның өз ойын білдіруіне және дамуына, одан кейін әлемдік көркем мәдениет үлгілерімен танысуына бағытталған. Сабақта оқу қызметінің кез келген түрі өзіндік мәнге ие, оқушылардың мүдделерімен келісіледі, оларды оқушы өмірінде нақты пайдалануға бағдарланады. Өнерге деген қызығушылығы мен көркемдік талғамын дамыту қалыптасқан шығармашылық іс-әрекеттің жеке тұлғалық тәжірибесі, өзіндік эстетикалық эталондары, өнер тілін меңгеруі негізге алынып қалыптасады.
Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушыларға шығармашылық жұмыстың арқауын жасауда, қызмет түрлерін, көркем материалдарды, жеке немесе топтық жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындау күрделілігін, үй тапсырмасының формаларын және т.б. таңдауда көбірек еркіндік беріледі. Олар оқушының мәдени, құндылықты, тұлғалық және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін: «Өнер мен көркемдік қызметтің адам және қоғам өміріндегі рөлі», «Өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары», «Әсем өнерлер тілі және көркем бейне», «Әсем өнер түрлері мен жанрлары» бөлімдерімен ұсынылған.
Осылайша бөлімдерге бөлу ерекшелігі мынада, бірінші бөлім оқу материалының мазмұнын ашады, екінші бөлім оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді, үшінші тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды, төртінші, олардан бала көркемдік-шығармашылық тәжірибе алып шығатын қызмет түрлері мен шарттарынан тұрады. Барлық бөлімдер өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, қызметтік қырларын ашады. Олар (барлығы бірге) әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады. Барлық бөлімдер кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат;
6-сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат.
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Технология
«Технология» пәнін оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық процестерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.
Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.
Пәнді оқытудың мақсаты техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.
Оқыту міндеттері:
1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;
2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;
3) технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;
4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;
5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті процесінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;
6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқыту барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, негізгі мектепті аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспектілер: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелері ескеріле отырып бағаланады. Осыған байланысты 5-9-сынып оқушыларына (ер балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (24-кесте).
24-кесте. 5-9-сыныптарда ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары
Ауыл мектептерінде
|
Қала мектептерінде
|
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.
2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника және технология.
3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.
4. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.
5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
6. Электротехника және электроника негіздері.
7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстары.
8. Шығармашылық жобалау саласы.
9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.
|
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.
2. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.
3. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.
4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
5. Электротехника және электроника негіздері.
6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстары.
7. Шығармашылық жобалау саласы.
8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.
|
Білім берудің негізгі түрлері оқушылардың оқу-тәжірибелік, жобалау іс әрекеті болып табылады. Жаттығулар, оқу-тәжірибелік жұмыстар, жобалау әдісі басым әдістері болып отыр. Бағдарламада қарастырылған барлық тәжірибелік жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын, электромонтажды, құрылыс-әрлеу және жөндеу санитарлық-техникалық жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.
Мұғалім бар мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламада ұсынылған технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын таңдай алады. Сонымен қатар оқушы жасының шамасына сәйкес еңбек нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығы ескеріледі. Оқушылдар орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті, ұтымды, экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мұғалім жергілікті және жеке эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өзі тапсырмаларының нұсқаларын қосуға құқығы бар.
«Қазіргі заман өндірісі, техникалық және кәсіби білім беру» (9-сынып) жаңа бөлімінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері, кәсіби іс әрекетке қойылатын жаңа талаптар, кәсіп туралы түсінік, мамандық және жұмыскердің кәсіби дәрежесі, мамандық таңдауға тұлғалық қасиеттердің әсері, аймақтық еңбек нарығы және білім саласында қызмет көрсету туралы мәселелер қарастырылады.
Сабақтар ағаш, металл өңдеу шеберханасында немесе құрамдастырылған шеберхана базасында өткізіледі. Технологиялық операцияларды орындау барысында оқушылардың еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне үлкен назар аударылуы керек. Электр қауіпсіздігі, санитария мен жеке гигиенасын сақталуына ерекше назар аударылуы тиіс.
Сабақта қолдан жасалған электромеханикалық құралдар мен технологиялық машиналар қолдануға тыйым салынады. Кіріктірілген сипаттағы «Технология» пәні пәнаралық байланыстарды қолдану негіздерінде құрылуын көздейді. Есептеу операциялары және өлшем алуда алгебра мен геометриямен, материалдардың қасиеттерінің сипаттамасында химиямен, машина мен механизмдердің жұмыс принциптерін және құрылымын оқытуда физикамен, сәндік қолданбалы өнер технологияларын оқытуда тарих және өнермен байланыстырылады.
Қала, ауыл және шағын жинақты мектептерде ұлдар мен қыздар тобына бөлу сыныптың толымдылығына қарамастан бөліну бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты 5-9-сынып оқушыларына (қыз балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (25-кесте).
25-кесте. 5-9-сыныптарда қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары
Ауыл мектептерінде
|
Қала мектептерінде
|
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі.
2. Тағам әзірлеу технологиясы.
3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технология-сы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу (белдемше,
|
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі.
2. Тағам әзірлеу технологиясы.
3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технологиясы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайын-дау және,
|
шалбар). Мата түрлерімен танысу. Киімді күту. Машинатану элементтері.
4. Сәндік қолданбалы өнер элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.
6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.
8. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру. технологиясы.
9. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. Көкө-ніс өсіру – өсімдік шаруашылығының бір саласы.
10. Жоба.
11. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.
|
көркем әшекейлеу (белдемше шалбар). Мата түрлерімен танысу. Киімді күту. Машинатану элементтері.
4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.
6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.
8. Жоба.
9. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.
|
Кез келген халықтың мәдениетін алға тартушысы – халықтың қолөнері. Сол себепті оқушылардың білімін және еңбек дағдысын қалыптастыру мақсатында, сабақтарда халықтардың және ұлттардың мыңдаған жылдық қолөнерін қолдануға және үйретуге көңіл аудару қажет.
«Технология» пәнінен 5-9-сыныптардың апталық оқу жүктемесі 1 сағат, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.
Сызу
«Сызу» пәні негізгі орта білім беру деңгейіндегі 9-сыныпта оқытылады. Курс ойдың аналитикалық және жасампаз компоненттерін қалыптастырып, білім алушының кеңістіктік ой қабілетін дамытатын негізгі түпнұсқа болып табылады.
Пәнді оқыту мақсаттары:
логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;
геометриялық білімді негізге алып тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту;
еңбектену іс-әрекеті дағдыларын: ұзақ күш салуға және интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді дамыту;
функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;
шығармашылық әлеуетін және эстетикалық талғамдарын дамыту.
Оқыту міндеттері:
- бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;
- әртүрлі тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін орындауды және оқуды үйрету;
- нәрсенің пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы, онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;
- оқулық және анықтамалық материалмен өздігінше жұмыс істеуді, Интернет-ресурстардан білім алуды үйрету;
- кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпы интеллектуалдық қабілетін қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;
- графикалық білімдерін жаңа жағдайларда қолдана білу, графикалық компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Бағдарлама міндетті графикалық жұмыстардың тізімін қамтиды, ол негізгі білік, дағдыларды анықтауға бағдар береді.
Нәрсенің пішінін талдау дағдыларын қалыптастыруға, яғни проекция жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық денелерді, тетік бөлшектерді тануды қамтамасыз ететін жеке белгілерін анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қерек.
Графикалық жұмыстың өнімсіз элементтерін болғызбауға тырысу керек (мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс.
Салуларды орындауда білім алушылардың белгілі бір іс-әрекет алгоритмін қалыптастыруын көздеу қажет. Бұл сызбаны тексеру кезінде де өзекті мәселе болып табылады.
Оқу уақытының көбі практикалық жұмыс орындауға бөлінуі қажет. Міндетті графикалық жұмыстардан тыс сызу пәні сабақтарында түрлі графикалық есептерді қолданған дұрыс. Білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануымен және сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады
Сызуға оқыту барысында әр білім алушының өзіне тән ерекшеліктерін (дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеруге болады. Түрлі оқу құралдарын кеңінен пайдалану ұсынылады (карточка-тапсырмалар, анықтамалықтар, плакаттар, кестелер, модельдер, тетік бөлшектер жиынтығы және ақпараттық технологиялық құралдар).
Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу жағдайына сай «Сызу» пәнінің аса маңызды бағыты ол білім алушылардың компьютерлік графикалық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады (мектептің мүмкіндігіне қарай, жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады).
Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет:
1) орындалуының түрлілігімен ерекшеленетін шығармашылық, эксперименттік, проблемалық сипаттағы есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану;
2) оқушыларды өздерінің оқу әрекеті нәтижелеріне талдау жасауға бағыттайтын элементтері бар үй тапсырмаларын енгізу;
3) үй тапсырмасын анықтау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшелігін ескеру.
«Сызу» пәні бойынша апталық оқу жүктемесі – 2 сағат, оқу жылында барлығы 68 сағатты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |