«Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын нақты саны бекітілген бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу көзделеді. БЖБ үшін максималды балл 10-11 сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық болмауы керек. БЖБ үшін максималды бал, БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрау, эссе) мен сабағы және БЖБ орындау уақыты реттелмейді. 78-кестеде бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны берілген.
78 - кесте. Жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сынып
|
Бөлім бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
10-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
11-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)
Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) тілдік қызметтің барлық түрлерін тексеруді көздейді: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым. «Ағылшын тілі» оқу пәнінен жиынтық бағалау ерекшеліктері (спецификация) https://smk.edu.kz/ сайтында орналастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |