Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет103/257
Дата13.12.2021
өлшемі2,31 Mb.
#100251
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

«Өзін-өзі тану» оқу пәні

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті: әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару; қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру; білім алушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру.

Бастауыш мектеп білім алушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып пәннің негізгі базалық мазмұны төмендегі тарауларға сәйкес келеді: «Ғасырлар даналығы», «Ынтымақты отбасы», «Адам болам десеңіз...», «Әсемдік әлемінде!» 4-сыныпта 25-26 сабақтардың тақырыбы «Табиғаттың жандандыратын күші», 27-28 сабақтардың тақырыбы «Жанды су».

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, бір жылға 1-сыныпта 33 сағат, 2-4 сыныптарда – 34 сағат.

Оқушылардың білімін бағалау. Пән бойынша оқушылардың білім сапасын бағалау 1-4 сыныптар бойынша «Өзін-өзі тану» пәніне арналған оқу бағдарламасында берілген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі.

Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «сынақ» бағасы қойылады. «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» пән бойынша сынақ қоюдың критериі қызметін атқарады. Егер оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптар орындалса, оқушыға «сынақ» қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет