Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері



бет124/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері:

Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат көзінің бірі.Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

6-сыныпта «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Өлкені сипаттау өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдауға үйрету ұсынылады.

7-сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем» электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет-журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге, энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады.



Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады:

1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен  критериалды бағалау;

2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау.

3. Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі;

4. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары;

5. Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;



6. Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары;

7. Тыңдалым дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер;

8. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы;

9. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер;

10. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары;

11. Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен сабақтастырудағы шеберлік;

12. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру;

13. «Эссе жазу стратегиясы туралы»;

14. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.

Негізгі білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім мазмұны мұғалімді де, оқушыны да оқу әрекетіне белсенді қатысуға, өз пікірін айтуға, өзінің сөйлеген сөзіне дәлел келтіруге, кейіпкерлер арқылы өмірлік ситуацияларды шешу жолдарын ізденуге, ең бастысы жаңаша ойлайтын тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.



«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2020-2021 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

2019 жылғы 9 шілде – қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, жазушы, публицист, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл


(1889 - 1931);

15 қазан – қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл (1924-1991);

15 қазан – қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл (1894-1939);

22 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан тұлға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 95 жыл (1924);

15 қараша – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл (1894-1938)

25 желтоқсан – халық жазушысы, қазақ ақыны, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Фариза Оңғарсынованың дүниеге келгеніне 80 жыл (1939 - 2014);

2020 жылғы 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл (1845 -1904).

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет