Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет74/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

5.2 Бастауыш білім беру деңгейі

2020-2021 оқу жылында 1-4-сыныптар жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламалары мен жоспарлары бойынша оқитын болады.

Еліміздің жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш мектептерінде оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

ББ МЖМС талаптарын негізге ала отырып, бастауыш білім беру білім алушыларды жан-жақты дамытуды, қоғамда өзіне лайықты орнын табуға қабілетті жеке тұлғаның қалыптасуы үшін негіз қалауды, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруды, қолданбалы сипаттағы тапсырмаларды шешу үшін алған білімдерін қолдана білуін дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.

Бастауыш мектептегі білім беру процесі ҚР білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сәйкес жүзеге асырылады

Бастауыш сыныптардағы сабақ форматы балаларды оқыту үдерісіне белсенді қатыстыруды, олардың өткен материалды талқылауға, талдауға және қорытуға қатысуын, зерттеу жүргізуді, бағалау пікірлерін айтуды, өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды және т. б. қарастырады.

Сабақтың міндетті элементі мұғалімнің оқушыны қолдауға бағытталған әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін және білім беру үдерісін жетілдіруге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс. Формативті бағалау кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланысты ұсыну жиілігін дербес анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет