Мектепішілік бақылау
Мектепішілік бақылау МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарларының, Үлгілік оқу бағдарламаларының, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлардың, оқушылардың жеке істерінің және т.б. орындаған жұмыстарын тексеруді көздейді.
Білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізуді ескере отырып, оқу процесін тиімді ұйымдастыру және мектепішілік бақылауды жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін мектептердің әкімшілігі үшін мынадай нормативтер ұсынылады (5-кесте).
5-кесте. Жалпы білім беретін мектептердің әкімшілігіне арналған мектепішілік бақылау нормативтері
№
р/н
|
Бақылау нысандары
|
Нормалар
|
1
|
Сабаққа қатысу, бақылау және талдау
|
- айына (директор орынбасарлары үшін) 10-15 сабақтан кем емес
- айына (білім беру ұйымының директоры үшін)т8-10 сабақтан кем емес;
- мақсатқа байланысты сабаққа қатысу 15-тен 40 минутқа дейін созылуы мүмкін
|
2
|
Қысқа мерзімді жоспарлар мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды тексеру
|
қажет болған жағдайда
|
3
|
Сынып журналдарын тексеру
|
қажет болған жағдайда
|
4
|
БЖБ және ТЖБ-ның орындалуын тексеру
|
Тоқсанына 1 рет.
|
Қажет болған жағдайда білім алушылардың білімдерінің үзіктерін бақылау кесінділерін жүргізуге жол беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |