Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


Пәндік мазмұнды, сын тұрғысынан ойлауды, тілдік дағдылар мен оқу дағдыларын бір



бет161/202
Дата07.12.2022
өлшемі6,44 Mb.
#161772
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   202
Байланысты:
Әд нұс 20-21

Пәндік мазмұнды, сын тұрғысынан ойлауды, тілдік дағдылар мен оқу дағдыларын бір мезгілде қолдауға арналған скаффолдинг: мысал ретінде жоғары деңгейдегі, орташа және төмен деңгейдегі жазбаша жұмыстарды немесе презентацияларды көрсету. Білім алушылар сапа критерийлерін анықтау үшін талдау жұмыстарын жүргізеді.

  • Сезімдерді басқаруға әсер ету, сондай-ақ оқыту дағдыларын дамытуға арналған скаффолдинг:

    - стандартты «жарайсыңның» орнына «Сен жақсы нәтиже көрсеттің. Сенің нәтижең белгіленген өлшемдерге сәйкес келеді. Қалған балаларға осындай нәтижеге қалай қол жеткізгеніңді айтып берсең» сияқты ынталандыратын ұсыныстарды қолдану.

          1. Мектепте менторлық жүйе қалыптастыру.

    Бұл жүйенің мәні – әр тәжірибесі аз маманға тәжірибелі әріптесінің тарапынан көмек көрсетілуі.
    Менторлықты жүзеге асыру үшін тәжірибелі педагог – ментордың міндеттері:

    • мұғалімді жұмыста қолдау, тұрақты кері байланыс жасау;

    • мектеп құжаттамаларымен және мұғалімнің құжаттарымен жұмыс істеуге үйрету (даму бағдарламасы, жұмыс жоспары, сабақ жоспары, мұғалімнің жұмысын талдау);

    • мұғалімді өз бетімен білім алу бағдарламасына, әдістемелік әдебиетті оқуға бағыттау;

    • білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімнің өз жұмысын, сынып жұмысын, әр оқушының сабақ барысындағы жұмысын ұйымдастыруға көмектесу;

    • әр тақырыпты өңдеуде әрбір сабақтың мақсатын, мазмұнын, құрылымын анықтауды үйрету;

    • өз жұмысын талдау арқылы оқу нәтижелерін болжауға көмектесу;

    • ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруға көмектесу.

    6. Педагогтердің кәсіби өсуі, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында:

    • мұғалімдердің ағылшын тілінде ЖМБ пәндерді оқытуда тәжірибе алмасуын, сондай-ақ тілдік тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық, топтық, мектепішілік пәндік оқыту семинарларын, семинар-практикумдар өткізуді ұйымдастыру;

    • критериалды бағалау бойынша жаңартылған білім беру мазмұнының курстарынан, CLIL-технологиясы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан, оның ішінде қашықтан оқыту курстарынан өтуді қамтамасыз ету керек.






    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   202




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет