«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқушыларды кітап оқуға баулу, сөйлеу тілін дамыту мақсатында жазғы демалыс кезінде оқитын оқу бағдарламасына қосымша көркем шығармалардың тізімі ұсынылды. Көркем шығармалардың тізімі оқушылардың жас ерекшелігі мен келесі сыныпта оқылатын және оқулықта үзіндісі ғана берілетін шығармалар ескеріліп жасалды. Жаңа оқу жылының басында жазда оқыған шығармалары бойынша «Оқушы күнделігі», «Мен оқыған кітап» және т.б. тақырыптарда көрме өткізуге болады. Көрмеге әр оқушы өзі оқыған туынды бойынша шығармашылық жұмысын ұсынады. Жұмыс фотоколлаж, эссе, жарнама, сурет т.с.с. түрде жасалуы мүмкін. Оқушылардың жұмысын арнайы сарапшылар талдап, қорытындысын шығарады.
«Оқырман күнделігі» тақырыбындағы іс-шарада оқушы оқыған шығарманың мазмұнын:
сұрақ қою;
тірек сөздерді жазу;
оқиғаның түйінін жазу;
оқиғаны суретке түсіру түрінде дәптерге түсіреді.
Назар аударыңыз!
Балалар үшін оқуға арналған шығармалар тізімі Әдістемелік нұсқау хаттың қосымшасында берілген. Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар: http://nao.kz - Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;
http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;
https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар сайты;
http://mugalimder.kz - республикалық сайт;
http://bilimland.kz – ұстаздар мен білім алушыларға арналған сайт;