ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы


Жалпы білім беретін мектептерде балаларға қосымша білім берудің толық дамуы келесі міндеттерді орындайды



бет6/6
Дата31.01.2018
өлшемі3,59 Mb.
#36533
1   2   3   4   5   6

Жалпы білім беретін мектептерде балаларға қосымша білім берудің толық дамуы келесі міндеттерді орындайды:

1. Қосымша білім беру жүйесі әр балаға көңіліне жақын сабақты таңдауға, оқушылардың бос уақыттарын толық қамтамасыз етуге, көптеген пәндерді терең оқуға мүмкіндік береді.

2. Мектепте қосымша білім беру аясында оқушылармен жұмыс жасау маңызды тәрбиелік міндеттерді атқарады: оқушылардың бос уақытын мақсатқа сәйкес ұйымдастырады, шығармашылық тұлғаны қалыптастырады, әлеуметтік, мәдени және кәсіби өзін-өзі анықтауға жағдай жасайды, бейәлеуметтік тәртіпті алдын алады.

4. Биология, физика, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі және басқа пәндер бойынша пәндік кеңес беру осы пәндерден оқушыларға жобалық және зерттеушілік қызметтердің негіздерін оқуға мүмкіндік береді.

5. Қосымша білім беру жүйесі педагог кадрлардың шығармашылық әлеуеттерін жоғарылатуға, педагогикалық үздік тәжірибені анықтауға және таратуға мүмкіндік береді.

6. Инновациялық педагогикалық идеяларды, білім берудің модельдері мен технологияларын белсенді қолдануға жағдай жасайды.

Сөйтіп, қосымша білім беру балалардың рухани, зияткерлік, дене даму тұрғысында, шығармашылық және білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қосымша мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге міндетті. Балаларға қосымша білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - әр балаға білім беру салаларын, қосымша бағдарламаның бейінін және оны меңгеруге кететін уақытын еркін таңдауға мүмкіндік жасау. Бұл мақсатты орындау қызмет түрлерінің алуандығын, білім беру үдерісінің тұлғаға бағытталу сипаттамасын, оның тұлғасын тануға және шығармашылыққа деген уәждемесін дамытуға бағытталуына, балалардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, оларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Заманауи мектепте балаларға қосымша білім беруді ұйымдастырудың жолдары

Балаларға қосымша білім беруді дамытуды зерделеу қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде оны ұйымдастырудың негізгі төрт моделі бар екендігін көрсетеді. Қосымша білім берудің бағдарламалары бойынша жұмыс жасайтын балаларды сабақтан тыс жұмыстар жүйесіне тарту нақты әрбір мектеп қарастыратын қосымша білім берудің қандай деңгейді көздеулеріне сәйкес, өзінің ерекшеліктері болуы мүмкін және әртүрлі тәрбиелік қорытындыларға жетуі мүмкін. Олар мынадай болуы мүмкін:

1) жұмыстары бір-бірімен сәйкес келмейтін және сол уақытта бар кадрлық және материалдық жағдайларға толығымен тәуелді үйірмелер, секциялар, клубтарды кездейсоқ ашу;

2) балалар шығармашылық ұжымдарының және бірлестіктерінің жұмыстарын ішкі шоғырландыру, олардың қызметтерінің әртүрлі бағыттарға бағытталуы;

3) балаларға қосымша білім беруді дамытуды мектептің жеке бөлімшесі ретінде қарау;

4) негізгі және балаларға қосымша білім беруді кіріктіру, мектептің негізгі құрылымының мазмұндық және ұйымдастырушылық бірлестігі.

Мектеп жұмысының тәжірибесінде жоғарыда көрсетілген барлық ұйымдастырушылық модельдерді қолдануға болады. Қазіргі кезде мектептерде қосымша білім беруді ұйымдастырудың бірінші екі деңгейіне артықшылық береді. Кіріктіру үдерісін іске асыру жағдайында үшінші және төртінші деңгейлер өздерінің жеке тәрбиелік жүйесін құруға бағытталған мектептерге тән.

Әр модель, кім оларды жобалап және алдыңғы уақытта тәжірибеде іске асыратын болса, барлығы үшін нақты бір құндылықтармен қамтамасыз етеді. Мектепте қосымша білім беруді ұйымдастырудың бірінші деңгейі негізіндегі модельдердің нақты бір мән-мағынасы бар, өйткені, балалардың бос уақытын қамтамасыз етеді және олардың сабақтан тыс жұмыстарының спекторларын анықтауға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі модельдер балаларды, сонымен қатар балалар мен ересектерді біріктіретін (қауымдастықтар, шығармашылық зертханалар, экспедициялар, шеберханалар және тағы басқалар) өздерінің өзгешелік түрлерімен ерекшеленеді.

Ұйымдастырушылық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлерінде құрылған модельдер балалардың қосымша білім беруге әртүрлі сұраныстарын қанағаттандыруды қамтамасыз етуге және сонымен бірге бұданда маңызды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай жетістіктерге жету тәрбиелік бағдарламалардың мазмұнын бірлесе әзірлеу арқылы барлық субъектілер жұмыстарының бірлігі есебінен мүмкін болады. Бірінші жағдайда, ортақ бағдарлама негізінде жұмыс жасайтын, тәрбиелік қызметтің жалпы мектептік компоненті ретінде қарастырылатын, барлық қосымша білім беру педагогтері қызметтерінің бірлігі есебінен іске асырылады. Екінші жағдайда –мазмұн деңгейінде, сондай-ақ технологиясы деңгейінде негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын қосымша білім берумен кіріктіру есебінен іске асырылады.

Ішкі, сондай-ақ сыртқы механизмдерді қолданатын ұйымдастырушылық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлерін іске асырумен құрастырылған модельдер, басымдық ретінде қарастырылады, себебі олар мектептегі білімнің барлық деңгейлерінде жаңа стандарттармен қарастырылған тәрбиелік жүйе құруға бағытталған.

Мектептегі қосымша білім беру міндетті түрде қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын басшылыққа алатын, қызығушылықтары бойынша құрылған балалардың түрлі шығармашылық бірлестіктерінің жетекшілері іске асырылады.

Мектептегі қосымша білімнің бағыттары: көркем-эстетикалық, әлеуметтік-педагогикалық, туристік-өлкетану, экологиялық, зияткерлік, спорттық-сауықтыру және тағы басқа.

Сабақтан тыс жұмыстар мен қосымша білім берудің маңызды байланыстырушы буын пәндік үйірмелер болып табылады: бұл міндетті оқу материалымен байланыс; білімге, біліктілікке, дағдыға және жеке дамуға бағытталу; сабақтарға міндетті немесе ерікті қатысу; білім беру материалының көлемін және оны меңгеруге кететін уақытты таңдау мүмкіндігін береді. Бір жағынан бұл пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал басқа жағдайда – қосымша білім берудің бөлімі.

Білім беру үдерісінің баланың дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктерін, қабілеттерін ашуға бағытталғандығы маңызды. Мұнда білім беру үдерісінің нысандалған сипаты аз, сондықтан ол бала дамуының табиғи негізіне жақын болып келеді. Білім алушы қызметтің белсенді субъектісі болып табылады, білім алу міндеттерін белсенді шешеді: бақыланатын көріністердің мәнін және себептерін түсіндіреді, қызметті орындау түрлерін анықтайды, бақылау объектілерінің арасындағы тәуелділікті және тағы басқаны зерттейді.

Егер мектепте оқытуды жекелендіру ережесіне сәйкес бастама мұғалім тарапынан болатын болса, ал балаларға қосымша білім беруде, өзіне қызықты қызмет түрін анықтау, ең алдымен, баланың тарапынан болады. Педагогтің позициясы өзгереді:ол тек қана білім тасымалдаушысы ретінде қарастырылмай, сонымен қатар оқушының тұлғалық қалыптасуына көмекші ретінде қарастырылады: ынтымақтастықтың, формалдық емес қарым-қатынастың идеясы бекітіледі. Қосымша білім берудің педагогі кеңес берушінің қызметін орындауда балаларға тұлғалық тұрғыда жиі және қатты әсер етеді. Осы жерде оның тұлғалық қасиеттеріне жоғары талаптар қойылады.

Баланы дамыту мақсатына жету үшін білім беру үдерісінде ұйымдастырудың жеке және ұжымдық түрлерін, оқытудың проблемалық түрлерін (жұптық әрекеттестік, шағын топтар, топтар арасындағы әрекеттестік) қолдану қажет. Оларды қолдану білім алушы мен педагог позицияларын ауыстырады, олардың әрекеттестіктерінің субъект-субъектілік сипаттамаларын іске асыруға көмектеседі, қарым-қатынас жасаудың демократиялық стилін және педагог қызметінің ашық диалог және рефлексивті түрлерін күшейтеді.

Оқытудың жекелендіру мен дифференциациялау проблемаларын, өзін-өзі анықтау және тұлғаның өзін-өзі іске асыруды шешу жағдайында балаларға қосымша білім берудің мәні ұлғая түседі.

Қосымша білім беру педагогінің қағидалық ұстанымы – бала тәрбиелеу, бұл жағдайда пән мақсат емес, ол тұлғаның барлық қырларын: ой-өрісін, тәжірибелік ақылын, еңбексүйгіштікті, дене дамуын және өзін-өзі жетілдіру, мінезі мен рухын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру құралы болып табылады.

Басқаша айтқанда, қосымша білім беру – баланың бай ішкі жан-дүниесіне еніп, оны түсіну және мүмкіндіктерін ұлғайту болып табылады.

Қосымша білім беру жүйесіне тиісті технологияларды мектептің оқу үдерісіндегі сабақтарда қолдануға болады. Олар кешенді сабақтар, оқу жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар, пәндік технологиялар болуы мүмкін. Олар әдеттегідей сабақтың шегінен шығатын оқытушының басшылығымен білім алушылардың өзіндік жеке және топтық іс-әрекетін қарастырады. Сонымен қатар, мектеп сабақтары оқу сабақтарының аясында материалдың мазмұнын тереңдету мен кеңейту арқылы және сабақтан тыс қызметтеріндегі әртүрлі нысандарда мектеп сабақтарының бөлек элементтерін қолдану арқылы қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үдерісінде жалғасын табуы мүмкін.

Бір жағынан негізгі және қосымша білім беруді кіріктіруді дамыту мектептің әртүрлі мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарымен әрекеттесу қызметі болып табылады. Бұл оқушыларды көркемөнер, спорт, туристік-өлкетану және басқа қызметтерге тартудың өте жақсы мүмкіндігі. Әрекеттесу қызметі жұмыс жоспарын үйлестіруге, мектеп және қосымша білім беру ұйымдарының мүмкіншіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Мектепте қосымша білім беруді ұйымдастыру кезеңдері

Егер мектепте бұрын қосымша білім беру блогы болмаған жағдайда, әкімшілік кезең-кезеңімен келесі талдамалық және ұйымдастырушылық іс-әрекеттерді жасауы керек.



1-ші кезең – талдамалық.

Осы кезеңдегі дайындық жұмыс келесіні қамтиды:

• мектептің мақсаты мен міндеттеріне мұқият талдау жасау. Балаларға қосымша білім берудің бағыттарын педагогикалық ұжымның мақсатына, бағытына, міндеттеріне, жоғары сыныптардағы бар немесе жоспарлаған бейінінің сипатына байланысты тандаған мақсатты болады;

• қосымша білім беру қызметтеріне балалардың және ата-аналардың сұранысын анықтау. Олардың қажеттіліктерін сауалнамалар, ауызша сұрау, ата-аналар жиналыстарында ұжымдық талқылау арқылы анықтау;

• мектептегі бар факультативтік курстарды, сонымен қатар жұмыс істейтін үйірмелерді, секцияларды анықтап, оларды балалардың және ата-аналардың сұраныстарымен салыстыру;

• балаларға қосымша білім беру ұйымдары ұсынатын қосымша білім беру қызметтерін зерттеп, олармен біріккен жұмыстардың түрлерін ойластыру;

• мұғалімдердің, ата-аналардың, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетіне талдау жасау;

• мектептің материалдық-техникалық мүмкіндіктеріне баға беру;

• ғылыми және оқу-тәрбие жұмыстары бойынша директор орынбасарларының, қосымша білім беру педагогтерінің, сынып жетекшісінің, ұзартылған топтың тәрбиешісінің, тәлімгердің, қосымша білім беру әдіскерінің лауазымдық міндеттеріне талдау жасау;

• балаларға қосымша білім беру ұйымдары бойынша негізгі құжаттарды (заңдар, қаулы, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер), сонымен қатар республикалық және өңірлік деңгейдегі бағдарламалық құжаттарды оқып білу;

Алдын ала жасалған талдау қосымша білім беру қызметтеріне әлеуметтік тапсырыстар мен мектептің нақты мүмкіндіктері туралы түсінік береді.

2-ші кезең – жобалау.

Осы кезеңнің негізгі міндеті – мектепте қосымша білім берудің жалпы сызбасын дайындау. Оны дайындау үшін келесі сұрақтарға жауап беру керек:

• мектепке қосымша білім берудің қандай бағыттары қажет және қандай шамада мақсаттары мен міндеттерін іске асырады;

• осылардың қандай бағыттарын және қандай формада мектеп базасында, қандайын балаларға мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының базасында іске асыру қажет;

• қайсысын педагогтердің, шақырылған мамандардың, ата-аналардың, жоғары сынып оқушыларының көмектері арқылы іске асыруға болады;

• балаларға қосымша білім беру саласында мектептің негізгі материалдық-техникалық базасын қандай шамада қолдануға болады;

• не арқылы оны дамытып, жетілдіруге болады;

• бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды қосымша білім беру бағыттары мен формаларында қалай қалыптасуды үйретуге болады;

• білім алушылардың сұраныстарына сәйкес қосымша білім беру арқылы қандай кәсіби деңгейге дейінгі немесе кәсіптік бейімделу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін, мектептегі сабақ кестесі мен тәрбие жұмыстарының жоспарын байланыстырып, қосымша білім беру блогының жұмыс кестесін құру.



3-ші кезең – мектепті қосымша білім берудің ұйымдастырушылық және бағдарламалық-әдістемелікпен қамтамасыз ету.

Жобалау кестесі іске аспай тұрып үйірмелердің, студиялардың, секциялардың, клубтардың жұмыстары ұйымдастырушылық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау алу керек. Біріншіден, ол үшін мектеп жарғысына қосымша білім беру блогын ұйымдастыру жөнінде бап енгізу керек.

Бұл бап әр мектепте іске асырылатын қосымша білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны мен түрі анықталғыш бағыты бар аса маңызды жеке сипаты болады. Сонымен қатар, тұжырымында бірнеше міндетті жағдайларды айқындау қажет:

• білім беру ұйымдары қандай мақсатпен қосымша білім беру бағдарламаларын (тұлғаның жан-жақты дамуы, өздігінен білім алуда балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, оқытуда бейіндікті қамтамасыз ету және т.б.);

• мектептерде балаларға қосымша білім беру қандай бағыттарда жүзеге асырылады;

• оның мазмұны қандай бағдарламалардың (үлгілік, модификацияланған, авторлық) түрлерімен анықталады;

• балалар бірлестіктерде (үйірмелер, клубтар, студиялар, секциялар т.с.с.) қосымша білім беру аясында білім беру үдерістері қандай нысанда іске асырылады;

• қосымша білім бағдарламалары бойынша кім білім алады;

• педагогикалық қызметтерге осы бағдарламаларды іске асыру үшін кім жіберіледі;

• мектепте балаларға қосымша білім беру қандай негізде (ақылы, тегін, аралас) іске асырылады?

Бапты тұжырымдау неғұрлым кәсіби тұрғыда болуы үшін, оны дайындағанда мақсатты нормативтік құқықтық құжаттарды қолдану.

Екіншіден, мектепте қосымша білім берудің блогы туралы Ереже дайындау.

Үшіншіден, мектеп бір немесе бірнеше арнайы ұйымдармен – балалар шығармашылық орталығымен (үйлерімен), балалар спорт мектептерімен, мұражайлармен, кітапханалармен тағы с.с. әрекеттесу туралы шарт жасау;

Төртіншіден, қосымша білім беру блогында жұмыс істейтін барлық педагог қызметкерлерге лауазымдық нұсқаулар дайындау.

Сонымен қатар, лауазымдық нұсқаулар олардың мақсаттарын, қызметтерін, құқықтарын, міндеттерін, жауапкершіліктерін белгілейді және келесі жағдайларда қажет:

• мектептегі қызметкердің мәртебесі мен жұмысының көлемін анықтау қажет;

• оның кәсіби міндеттерін көрсеткенде, белгісіздікті жою және қызметтердің шеңберіне шек қою.

Білім беру үдерісін ұйымдастыру

Қосымша білім беру блогының жұмысы жылдық және жоспарлардың басқа түрлерімен, мектеп директоры немесе оның қосымша білім жөніндегі орынбасары бекіткен қосымша білім беру бағдарламалары және жоспарлары негізінде іске асырылады.

Қосымша білім беру блогында оқу жылы 15 қыркүйекте басталады және ағымдағы жылғы 25 мамырда аяқталады. Жазғы каникул кезінде білім беру үдерісін (білім беру бағдарламаларында қарастырылған жағдайда) жорық, жиындар, плэнерлер, экспедициялар, түрлі бағыттардағы лагерлерде және тағы с.с. жалғастыруы мүмкін. Осы кезеңде білім алушылардың құрамы өзгермелі болуы мүмкін. Көп күндік жорықтарға шыққан жағдайда педагогтің жүктемесін көбейтуге рұқсат етіледі.

Балаларға қосымша білім беру бірлестіктеріндегі сабақ кестесі балалардың және жасөспірімдердің міндетті оқу жұмыстарына қосымша жүктеме болып табылатынын ескере отырып құрастырылады.

Осыған байланысты, әрбір баланы бірлестікке қабылдағанда, денсаулығының жағдайы туралы анықтаманы және таңдаған бейіні бойынша қосымша білім беру топтарында оқуға мүмкіндіктері туралы дәрігерден қорытындысын көрсетуі қажет.

Сабақ кестесі оқу жылының басында білім алушылардың ең қолайлы еңбек және демалыс тәртіптерін ескере отырып, педагог қызметкерлердің ұсынысы бойынша әкімшілік құрастырады. Сабақ кестесін мектеп директоры бекітеді. Сабақтарды ауыстыру немесе сабақ кестесін өзгерту қосымша білім беру блогы бойынша әкімшілік келісімі бойынша жасалады және құжатпен ресімделеді. Мектептегі каникул кезіңде сабақтар арнайы кесте бойынша өткізіледі.

Балалар бірлестігінің тізімдік құрамы:

- бірінші оқу жылы - 12-15 адам;

- екінші оқу жылы- 10-12 адам;

- үшінші және оқытудың кейінгі жылдары - 8-10 адам;

Оқу-зерттеу қызметіндегі балалардың тізімдік құрамы 8 адам (мұндай топтарда білім алушылардың саны, оқу топтарына қарағанда аздау, 4-8 адам; сабақтар 2-4 адамнан тұратын топтарда өткізілуі мүмкін.

Қосымша білім беру блогында қалалық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысатын балалармен жеке жұмыс жасау қарастырылған (аптасына 2-ден 6 сағатқа дейін).

Жыл бойы сабаққа қатысуы төмендеген жағдайда, топтарды біріктіруге немесе таратуға болады. Бұл жағдайда артылған қаражат балалардың жаңа бірлестіктерін ашуға жұмсалады.

Аптадағы сабақтардың ұзақтығы мен саны қосымша білім беру педагогінің білім бағдарламаларымен, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарындағы балалардың қызметтерінің тәртібі мен талаптарына сәйкес анықталады.

Сабақтарда компьютерлік техникаларды пайдалану Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес болуы керек.

Бағдарламаға сәйкес педагогке білім беру қызметіндегі әртүрлі нысандарды: аудиториядағы сабақтар, дәрістер, семинарлар, жаттықтыру сабақтары, экскурсиялар, концерттер, көрмелер, экспедициялар және т.б. пайдалануға болады. Сабақтар бүкіл топпен, сондай-ақ 3-5 адамнан тұратын топтарда немесе жеке өткізуге болады.

Педагог өз бетінше баға қою жүйесін тандауға, білім алушыларды аттестаттауға құқылы. Қосымша білім беруде аттестаттаудың келесі формалары: тест, сауалнама, сынақ, сұхбаттасу, баяндама, реферат, олимпиада, байқау, көрме, конференция, концерт, басылым және т.б. пайдаланады.

Білім алушыларды балалар бірлестіктеріне бағдарламада қарастырылған мерзімге қабылдайды. Мектеп жарғысын, Ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда білім алушыларды бірлестіктен шығарады. Білім алушы науқастанған жағдайда немесе шипажайлық-курорттық емдеуде болғанда, бірлестікте орны сақталады.

Оқушылардың қызметтері бірдей жастағы және қызығушылықтары бойынша әртүрлі бірлестіктерде (оқу тобы, клуб, студия, ансамбль, театр және т.б.) іске асырылады. Бірлестіктің жұмысына тізімдік құрамына кірмесе де, педагогпен келісіп, ата-аналарға да қатысуға болады.

Әрбір білім алушы бір уақытта болатын әртүрлі бағыттағы бірлестіктерде оқуға, сонымен қатар оқытудың бағытын өзгертуге құқығы бар.



Балаларға қосымша білім беру бірлестіктеріндегі білім беру үдерісінің мазмұны.

Қосымша білім беру жүйесінде көркем-эстетикалық, экология-биологиялық, тарихи-өлкетану, әлеуметтік-педагогикалық, дене шынықтыру – сауықтыру және т.б. бағыттардағы балаларға қосымша білім беру бағдарламаларына сәйкес іске асырылады.

Бірлестіктерде сабақтарды бір тақырыптық немесе кешенді (біріктірілген) бағдарламалар бойынша өткізуге болады.

Кешенді білім бағдарламаларын іске асыру үшін 2 немесе одан көп педагогті тартуға болады, оқу жүктемесі қосымша білім беру бағдарламасында көрсетіледі.

Педагог бағдарламаның Түсінік хатында көрсетілген білім беру міндеттерін, психологиялық-педагогикалық мақсаттылығын, санитарлық-гигиеналық нормаларды айқындайтын қосымша білім беру бағдарламасының мазмұны, оны іске асыру, әдісі мен формасы, бірлестіктің санын және жас ерекшеліктерінің құрамын өзі анықтайды.

Педагог қызметкерлер өздері дайындаған білім бағдарламаларын пайдалануға немесе мектеп директоры бекіткен балаларға қосымша білім беру ұйымдарының бағдарламаларын қолдануына болады.

Балаларға қосымша білім беру жүйесінде ұйымдастырылған білім беру үдерісі келесі талаптарға сәйкес болу керек:

• дамытушылық сипаттың болуы, яғни балалардың табиғи қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытуға бағытталған (білім беру үдерісінде білім алушылардың білім, білік, дағдыларының деңгейі өзіндік мақсаты, балалардың тұлғалық көп қырлы дамуы мен қабілеттеріне сәйкес жетістіктері);

• формалары бойынша әртүрлі болуы (топтық және жеке, теориялық және практикалық, орындаушылық және шығармашылық сабақтар), сонымен қатар мазмұны бойынша (балалардың жалпы және арнайы қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды);

• қосымша білім беру бағдарламаларының алуан түрлілігі — жобалық, модификацияланған, авторлық бағдарламаларына негізделуі; олардың бәрі білім алушының дене және психикалық денсаулығына зиян келтірмеуі үшін білім беру үдерісіне енгізбестен бұрын әдістемелік немесе педагогикалық кеңесте қарастырылуы;

• балаларды оқытудың дамыту әдістеріне негізделуі; қосымша білім беру педагогіне пәндік салада сабақ беретін білімі жеткіліксіз: балаларға қосымша білім беруден оқытудың дамыту жүйесіне ауысуы әр оқытушыдан өз жұмысында психологиялық және дидактикалық принциптерді және балалардың қабілеттерін дамыту әдістерін, олардың жеке басының өсуіне ептілігін пайдалануды талап етеді;

• әртүрлі қызығушылықтары мен проблемалары бар балаларға жүрегіне жақын іспен айналысу үшін балалардың мүдделері мен уәждемелерінің диагностикасын пайдалану.



10 12 жылдық оқытуға көшу экспериментіндегі сыныптарда оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері
«12 жылдық жалпы орта білім беру құрылымы мен мазмұнына жетілдіру бойынша эксперимент өткізу туралы» Ережелер туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 1 тамыздағы № 593 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 132 бұйрығына сәйкес 2014-2015 оқу жылында эксперименталдық сыныптардағы оқушыларды оқытудың одан арғы траекториясы анықталды.

2013-2014 оқу жылын аяқтағаннан кейін:

– 8-ші эксперименталды сыныптың оқушылары 11 жылдық мектептің 9-сыныбына көшіріледі;

– 9-шы эксперименталды сыныптың оқушылары негізгі орта білімі туралы куәлік алу үшін 11 жылдық мектептің 10-шы эксперименталды сыныбына көшіріледі;

– 10-шы эксперименталды сыныптың оқушылары 11 жылдық мектептің 11-сыныбына көшіріледі;

– 11-ші эксперименталды сыныптың оқушылары эксперименттің толық аяқтау және аяқтайтын сыныптың жаңа білім мазмұнын апробациялау мақсатында 12-сыныпқа көшіріледі.

8-ші және 10-шы эксперименталдық сыныптардың оқушылары 2014-2015 оқу жылында ата-аналарының өтініші және педагогикалық кеңестің шешімі негізінде 11 жылдық мектептің 8-ші және 10-шы сыныптарына көшірілуі мүмкін.

Осыған байланысты, 12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі эксперимент ҚР жалпы білім беру ұйымдарының 10-шы және 12-ші сыныптарында жалғасатын болады (2-қосымша).

Эксперименталдық және жалпы білім беретін мектептердің сыныптарының мазмұнындағы айырмашылықты оқытылатын тақырыптың аясында пәннің мазмұнын тереңдетіп оқыту, типтік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен қолданбалы курстар мен таңдауы бойынша курстар жүргізу есебінен жою ұсынылады. Оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді формалары бағдарлама материалдарын блок-модульдік әдіс арқылы оқыту қажет жеке-өзіндік сипаттағы сабақтар болуы мүмкін (кеңес беру, өзіндік жұмыстар, рефераттар, оқу конференциялары, коллоквиумдар, мектеп жобалары т.б.).

12-ші эксперименталдық сыныптардағы білім мазмұны 11-ші эксперименталдық сыныптардағы білім мазмұнының тікелей жалғасы болып табылады және ол ҚР БҒМ вице-министрі 2014 жылғы 30 қаңтарда бекіткен оқу жоспарында іске асырылған.

12-сыныпқа арналған оқу жоспары:

– іргелі мектептік білімге қол жеткізу үшін қажетті жоғары мектепке арналған базалық барлық жалпы білім беретін пәндерді зерделеуді қамтамасыз етуге (1.1. т. Оқу жоспарының жалпы білім беретін пәндері);

– мектепті аяқтау кезеңінде білім беруді қоғамдық-гуманитарлық бағыты мен жаратылыстану-математикалық бағытына қарай бейіндеу (1.2.т қараңыз. Оқу жоспарының бейіндік пәндері);

– білім алушыларды жоғары білім беру жүйесіне бейімдеу мақсатында 12 жылдық мектеп мазмұнына жоғары оқу орнының компонентін кіріктіру;

– Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату және жоғары сынып оқушыларын кредиттік технология бойынша оқытуға дайындау және жобалау әрекетінің дағдыларын қалыптастыруға (тілдік пәндердің, информатика пәнінің мазмұнын жаңарту, «Қазақстан тарихы» пәні мазмұнына «Қазақстан қазіргі әлемде» компонентін қосу, «Жобалау әрекетінің негіздері» қолданбалы курсын, «Жобалау жұмысы» таңдау курсын, критериалды бағалау жүйесін енгізу) бағытталған.

Тілдік пәндердің мазмұнын сұрыптауға жаңа тұрғыдан келу көптілдікті дамыту мақсатында бірыңғай сөйлеу-тақырыптық негізде тілдерді оқытудың (T1, Т2) коммуникативтік бағдарын күшейту арқылы жүзеге асырылады (тілді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне сәйкес В2 деңгейіне қол жеткізу).

12 жылдық мектептің мазмұнына ЖОО компоненттерін кіріктіру жаңа пәндерді мынадай көлемде енгізу арқылы жүзеге асырылады: «Әлеуметтану» - 2 кредит, «Экология және тұрақты даму» - 2 кредит, «Алғашқы әскери дайындық және ӨҚН» кіріктірілген курсы - 2 кредит; «Орсы тілі/ қазақ тілі (Т2)» - 3 кредит, «Ағылшын тілі» - 3 кредит, «Қазақстан тарихы» - 3 кредит, «Информатика» - 3 кредит. Осыған сәйкес, бір кредит 45 сағатқа тең, мектептегі оқу үдерісінің ерекшелігін ескере отырып аудиториялық сабақтар 34 сағат беріледі (оқу жылындағы 34 оқу аптасы), сабақтан тыс уақытта оқушылардың өзіндік жұмысына 11 сағат беріледі (өзіндік жұмысқа үй жұмысы, зерттеу сипатындағы жеке тапсырмаларда кіреді). Білім алушылардың өзіндік жұмысына берілетн сағат мұғалімнің оқу жүктемесіне енгізілмейді.

12-сыныпқа арналған жаңа оқу пәндері мазмұнының ерекшеліктері:

1) «Технология, графика және жобалау» кіріктірілген пәні оқушыларда графикалық кескіндерді белгілеудің, көрген ақпаратты өзгертудің, коммуникацияның, жобалаудың; құрастырудың; жобалау мен бұйымды жасаудың, компьютерлік технологияларды кескіндемелік бейнелерді жасауға қолданудың және жоба құжаттарын құрастырудың әмбебап құралы ретінде қолданудың практикалық біліктерін қалыптастыруға арналған.

2) «Әлеуметтану» пәні оқушыларға әлеуметтік үдерістерді түсінуді, зерттеудің ұқсас әдістерін таңдай білуді, тапсырмаларды құрастыру мен шешуде сыни және тәуелсіз тұрғыдан келу қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Пәннің маңыздылығы – әртүрлі бағыттар бойынша жобалау-зерттеу қызметіндеәлеуметтік статистикалық деректерді есепке алу үшін қажетті алғашқы біліктерді қалыптастыру.

3) «Экология және тұрақты даму» пәні жоғарғы сынып оқушыларында адамзат үшін қауіп тудырып отырған жаңа қиындықтар – Өмірлік экологиялық негіздерінің бұзылу проблемалары және оны шешу жолдары, экологиялық жағдаяттарды талдау және бағалау дағдыларын дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаға адамдардың әрекеті туралы жүйелі түсінік қалыптастыруға арналған.

4) «Қазіргі заманғы жаратылыстану» кіріктірілген курсы (ҚГБ үшін) әлемді жаратылыстану ғылыми тұрғысынан өзара байланысқан нысандардың жүйесі ретінде түсіну үшін енгізіледі және «Биология», «Химия», «Физика», «География» дәстүрлі пәндерінің мазмұны шеңберінде оқушылар білімінің тұтастығын, жүйелілігін және іргелілігін қамтамасыз етуге арналған (бұл пәндер ЖМБ бейіндік пәндері ретінде жеке оқытылады). Курс оқушыларда мынадай біліктер қалыптастыруды көздейді: жаратылыстану ілімінің жекелеген салаларының арасында тұрақты байланыс орнату; меңгерген біліміне сүйене отырып, табиғатта болып жатқан үдерістер мен оқиғаларды тануы, түсіндіруі және сипаттама беруі; адамзат қоғамының Жердің табиғатына жасаған ықпалы мен оның салдарларына талдау жасау; қоршаған ортада өзін ұстау ережелерін қолдану; құндылықтарды және «табиғат-қоғам-адам-техникалық сала» мегажүйесін тұрақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсаттарын басшылыққа алу; Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы үшін оларды қолдана білу тұрғысынан өндірістің неғұрлым белгілі технологияларын түсіне білуі; адам және оның мәдениетін дамытудың өнімді қызметін ұйымдастыру құралы ретінде жаратылыстану ілімін және заңдылықтарын қолдана алу.

5) «Жобалау қызметінің негіздері» қолданбалы курсы мен «Жобалау жұмысы» таңдау курсы НЗМ тәжірибесін тарату аясында енгізіледі, білімді шығармашылықпен түсіндіруді білігін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, процестерді жобалау мен үлгілеуді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге деген уәждемені қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл курстар жоба жұмыстарын дайындау және көпшілік алдында қорғау кезінде ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамын тартуға есептелген. Жоба жұмыстарының тақырыптары әрбір оқушының сұраныстары мен жеке қабілеттеріне сәйкес анықталатын болады.

6) «Алғашқы әскери дайындық және өмір қауіпсіздігі негіздері» кіріктірілген пәніндегі өмір қауіпсіздігі негіздері компонентінің мазмұны ЖОО-ның осы аттас пәнінің бағдарламасына сәйкес келеді және ол оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына және насихаттауына керекті қабілеттерді қалыптастыруға, табиғат өзгерісі, техногендік және басқа да апатты жағдайларында оқушылардың қауіп-қатерді бағалауға және дұрыс шешім қабылдауға, өз басының қауіпсіздігін қорғау ережелерін сақтауға бағытталады.

Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнында кредиттік оқыту технологиясының ерекшеліктері ескерілген, тапсырмалар оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға, пәнаралық байланыстар барынша айқындауға, оқушылардың әлемді тұстастай қабылдауын қалыптастыру мақсатында жаратылыстану ғылыми пәндер мазмұнында оқушылардың Қазақстанда экономика мен әлеуметтік өмірдің даму перспективасына бағдарланған.

Бір тақырып бойынша немесе тұтас тақырыптық блок бойынша сабақтарды (сабақ циклін) жоспарлау кезінде мұғалім 10-кестеде көрсетілген мынадай тапсырмалар түрлерінің ара қатынасын басшылыққа алуды орынды деп санаймыз.
10-кесте. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар түлерінің пайыздық ара қатынасы

Білу мен түсіну 20%

Репродуктивтік қолдану 20%

Продуктивтік қолдану 45%

Жүйелеу және топтастыру, жаңадан ойлап жасау 20%

Ұғымдарды меңгеруі ...

Ұғымдармен операциялар жасауы

Ұғымдарды салыстыру негізінде талдау

Алған білімін сызба, диаграмма, карта, кесте т.б. түрінде көрсете алуы


Жіктеме жасау …

Теориялық қағидаларға үлгілерді іріктеуі



Өмірлік жағдаяттарда қолдану оқиғаларын таба алуы

Тақырып бойынша реферат әзірлеу



Белгілер мен қасиеттері …

Нысанды жіктемеде бар белгілі бір типке жатқыза алуы


Жаңа жағдаяттарда қолдану мүмкіндіктерін анықтау

Ғылыми мақала жазу



Ақпараттан басты ой мен жанама ойды анықтай алуы


Берілген нысандардағы белгілер мен қасиеттерді қайта толықтыру

Теориялық тапсырмаларды шешу үшін білімді қолдана алуы


Лабораториялық сынауларды сипаттап жаза алуы


Түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттарды белгілеу

(салыстыру, ортақ және айрықша белгілерін анықтау)



Негізгі ақпаратты, қайта жаңғырту, ақпаратты толықтыру, кеңейту

Әртүрлі тілдерде монологтік айтылымдарды түрлі тілде қайта туындату (барлық пәндер бойынша эссе жазу)


Өнімнің макетін әзірлеу





Баламалардан белгілі бір нұсқаны таңдау




Таныстыру, көрсету

12-ші эксперименталдық сыныпқа кредиттік оқыту технологиясының енгізілуіне байланысты ағымдағы және қорытынды бағалау жоғары оқу орындарында да 100 балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.

Нақты пәннің мазмұнын ескере отырып анықталған бағалаудың типтік өлшемдеріне сәйкес күтілетін нәтижелер әр сабақта 100 балмен бағаланады. Ең шекті 100 балл алдын ала білу мен түсінуге, репродуктивтік қолдануға, продуктивтік қолдануға, жүйелеу мен топтастыруға, ойлап табуға бөлінеді (таңдауы бойынша 2-3-і нақты сабақтың мақсаты мен міндеттеріне байланысты болады).

Бағалау кезінде мұғалім кредиттік оқыту технологиясы бойынша бағалаудың жалпы қабылданған шкаласын басшылыққа алады (11-кесте).


11-кесте. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде бағалау

Пайыздық мазмұны

Балдардың сандық эквиваленті

Әріптік жүйе бойынша бағалау


Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

Емтихан, сараланған сынақ

Сынақ

95-100

4

A

Өте жақсы

Сынақ

90-94

3,67

A-

85-89

3,33

B+

Жақсы

80-84

3

B

75-79

2,67

B-

70-74

2,33

C+

қанағаттанарлық

65-69

2

C

60-64

1,67

C-

55-59

1,33

D+

50-54

1

D

0-49

0

F

қанағаттанарлықсыз

Сынақ емес

Мектептің үлгірім журналдарында әрбір сабақта бағалаудың 0-ден 100-ге дейін балдары қойылатын болады. Үлгірім табелінде тоқсан үшін 100 балдық шкала бойынша балдар санының эквиваленті болып табылатын 5 - «өте жақсы», 4 - «жақсы», 3- «қанағаттанарлық», 2- «қанағаттанарлықсыз» дәстүрлі бағалары қойылатын болады.



11 Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – БДМБ) орта білім беру ұйымдарын (шағын жиынтықты мектептерден басқа) жан басына нормативтік қаржыландыруға көшіру көзделген.

Жан басына нормативтік қаржыландырудың міндеттері:

– республикадағы мектептерде білім беру процесін іске асыруға мемлекет бюджетінің шығыстарын орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (МЖМБС) бірыңғай талаптарына сәйкес мөлшерлеу;

– Білім беру қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру.

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру білім беру процесіне (МЖМБС-ны іске асыруға) шығыстарды республикалық деңгейде орталықтандыруға және пилоттық мектептерге бюджет қаражатын бір жылға 1 оқушыға шаққандағы есеппен бөлуге негізделеді.

Бөлінетін бюджет қаражатының көлемі мектептердегі оқушылар санына байланысты.

Білім беру процесіне шығыстар мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеумен, оқу шығыстарымен байланысты шығындарды, сондай-ақ мектептердің педагогикалық қызметкерлеріне олардың қызмет нәтижелері мен білім беру қызметтерінің сапасы бойынша сыйлықақылар мен ынталандыратын үстемеақыларды қамтиды.

Мектептердің білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша қызметтер (коммуналдық қызметтер, ағымдағы жөндеу жұмыстары, ғимаратты күту, оқушыларды тасымалдау және тамақтандыру, басқадай қызметтер) аймақтарда орта білім беру ұйымдары желілерінің жағдайы мен дамуына, материалдық базаны қолдау және мектептердің инфрақұрылымы үшін жауапкершілікті сақтау мақсатында жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде қалады.

Жан басына нормативтік қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа нысаны емес, бұл білім беру процесін іске асыру үшін мектептерге бюджет қаражатын бөлу тетігі болып табылады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақыны есептеу және төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Білім беру процесін жан басына қаржыландыру нормативінің мөлшерін (яғни 1 оқушыны оқыту құнын) ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – БҒМ) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 440бұйрығымен бекітілген Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесінің негізінде бір жылға есептейді.


1 оқушыны оқыту құны білім беру бағдарламасының түріне, деңгейіне және іске асырылу орнына қарай ерекшеленеді.

Жан басына шаққандағы нормативті және мектептердегі білім беру процесін қаржыландырудың жалпы көлемін есептеу кезінде БҒМ мыналарды ескереді:

– мектеп қызметкерлеріне жұмыс жағдайлары үшін төленетін барлық қосымша ақылар мен үстемеақылар;

– қалалық (24 адам) және ауылдық (20 адам) сыныптардың нормативтік толымдылығы;

– сыныптардың шекті толымдылығы (25 адам). Сыныптардың шекті толымдылығынан тыс оқушыларды оқыту құны азаяды.

Жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері мен жергілікті атқарушы органдарынан сыныптар бойынша оқушылар саны туралы ұсынылған деректер негізінде БҒМ жан басына шаққандағы нормативті нақты мектептегі оқушылар санына көбейту жолымен әрбір мектепте жан басына қаржыландыруды іске асыруға (білім беру процесін қаржыландыруға) республикалық бюджет қаражатының жалпы көлемін (білімнің деңгейіне, білім беру бағдарламасының түріне байланысты) есептеуді жүргізеді.

Жан басына нормативтік қаржыландыру тетігі «ақша оқушының соңынан жүреді» қағидасының негізінде құрылған. Мектептерде жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізудің нәтижесі мыналар болмақ:

– оқу орындары арасында бәсекелестік дамиды, өйткені оқушылар мен олардың ата-аналары ең жақсы мектепті таңдау мүмкіндігіне ие болады, ал мектепке ақша оқушымен бірге келеді;

– білім беру процесінің сапасы жоғарылайды, өйткені оқушылардың мектептен кетіп қалу мүмкіндігі мектеп әкімшілігі мен жергілікті билік органдарын мектептегі мұғалімдер құрамын, материалдық базаны және оқу жағдайын жақсартуға ынталандырады.

– мектептер арасындағы оқушылар мен жақсы педагогтар үшін талас білім беру сапасынжоғарлатуға маңызды талап болады. Жан басына нормативтік қаржыландыру жағдайында мектеп білім берудің сапасын арттыру үшін мыналарды ұсынады:

– педагогикалық қызметкерлерге: оқуға және өзінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік; қызметінің нәтижелері мен білім беру қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне қол жеткізуі бойынша сыйлықақы және үстемеақы алу;

– оқушыларға: әр түрлі, оның ішінде халықаралық деңгейдегі байқауларға және жарыстарға қатысуға мүмкіндік; сапалы педагогикалық құраммен, оқу материалдарымен, оқу құрал-жабдықтарымен және жаңартылған материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілу.

Мектептер деңгейінде жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізуді ұйымдастыру және мониторингілеу «Қаржы орталығы» АҚ-ға жүктелді.

2013 жылғы 1 қыркүйектен республиканың 4 (Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарындағы) облысындағы пилоттық 50 мектептің негізінде орта білім берудің жан басына нормативтік қаржыландырылуын сынақтан өткізу басталды.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап сынақ өткізілетін мектептер қатарына Ақмола облысынан тағы 13 мектеп қосылды.

Пилоттық мектептердегі оқушылардың жалпы контингенті шамамен 50 мың адамды құрайды.

Сондай-ақ, пилоттық мектептерде мектептерді басқарудың жаңа алқаластық органы ретінде қамқоршылық кеңестерінің жұмыс істеуін сынақтан өткізу жүргізілуде (3-қосымша).

Орта білім берудің жан басына нормативтік қаржыландырылуын сынақтан өткізуге және кейін оны іске асыруға дайындау мақсатында мынадай нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, бекітілді:

1) «Білім беру ұйымдарындағы қамқорлық кеңестердің жұмыс істеуін сынақтан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 573 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 жылғы 19 тамыз № 350);

2) «Орта білім беруді жан басына қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 жылғы 30 қазан № 439);

3) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 жылғы 30 қазан № 440);

4) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың сынағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 жылғы 4 қараша № 447);

5) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамыр № 598 қаулысы;

6) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2014 жылғы 14 шілдеде № 279).

Пилоттық мектептерде білім беру процесін жан басына нормативтік қаржыландыру ҚР БҒМ мен жергілікті атқарушы органдарының арасында келісім жасасу арқылы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттердің есебінен іске асырылады.

2013-2014 оқу жылы сынақтан өткізудің нәтижесі бойынша, пилоттық мектептердің директорлары педагогтардың әрбір оқушыға, оқыту сапасын жоғарылатуға мүдделерінің едәуір артқанын, «ұйқыдағы» мұғалімдердің жұмысқа ынта-ықыласы оянып, мұғалімдердің жеке және кәсіптік тұрғыда өсуге ынтасы жоғарылағанын байқаған.


Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізудің басты мақсаты орта білім берудің сапасын жоғарылату болып табылады.

Бір-ақ жылда сынақтан өткізудің нәтижелеріне және жан басына нормативтік қаржыландырудың басты мақсатына жету деңгейіне дұрыс баға беру қиын. Алайда, сынақтан өткізудің аралық нәтижелерін талдау мынадай нәтижелер көрсетті.

Соңғы оқу жылы пилоттық мектептерде 13%-дан 21%-ға дейін өз біліктілігін арттырған қызметкерлер қатары көбейді.

2013-2014 оқу жылы пилоттық мектептердегі педагогикалық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 72,0 мың теңгеден 105,0 мың теңгеге дейін, немесе инфляция деңгейін есептемегенде 33,0 мың теңгеге өсті.

Пилоттық мектептердегі балаларды дамытуға арналған үйірмелер мен секциялар 156 бірлікке көбейді. Мектеп үйірмелері мен секцияларының жұмысына қатысатын оқушылардың қатары да оқушылардың жалпы санынан 57% құрады.

2013-2014 оқу жылы пилоттық мектептерде оқитын және түрлі байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері, лауреаттары атанған оқушылар қатары 17%-дан 22%.-ға дейін артты.

Жыл сайынғы оқушылардың үлгерімін бақылаудың нәтижелері де жақсарды: орташа алғанда, білімнің барлық деңгейлері бойынша орташа балл 54-тен 56-ға дейін. Ақмола облысында пилоттық мектептердегі оқушылар үлгерімінің ең жоғарғы орташа балы – 72.

Соңғы оқу жылындағы ҰБТ-ның орташа балы 71-ден 76-ға дейін көбейді. Оның ішінде, Ақмола облысындағы пилоттық мектептердің оқушылары бұл оқу жылын әлдеқайда сәтті аяқтады. Олардың ҰБТ-дағы орташа балы – 84.

Жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың негізгі қиындықтары мыналар:

1) мектептердің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны («мемлекеттік мекеме»), қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесінде мектеп қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақысының шекті мөлшері, мектептердің қаржыландырудың айлық жоспарын сақтауға тәуелділігі;

2) оқу орындарының тапшылығы, мұның салдары еңбекақы төлеу бойынша үнемдеуге әкеледі және пилоттық мектептердің ағымдағы нысаналы трансферттерді игеруі кезінде қиындықтар тудырады;

3) пилоттық мектептердің ағымдағы нысаналытрансферттерді жоспарлауы және жұмсауы барысында жан басына қаржыландыруды іске асыру процестерін қосымша реттеу қажеттілігі;

4) пилоттық мектептердің білім беру процесіне шығыстар тізбесін кеңейтужәнеоғанмектептердіңтолыққандыжұмысістеуі мен жабдықталуынқамтамасызетумен байланысты шығыстарды енгізу қажеттілігі;

5) мектеп директорларының басқару білімінің және іскерлік пен дағдысының, мектеп бухгалтерлерінің бюджеттік заңнама бойынша білімінің жетіспеушілігі;

6) мектептерде қамқоршылық кеңестерінің жұмысы, ағымдағы нысаналы трансферттердің жұмсалу процесі жеткілікті деңгейде ашық емес;

7) жан басына нормативтік қаржыландыру шарттарының бұзылуы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу, республика бюджетінің қаражатын мақсатқа сай пайдаланылмаужағдайлары бар.

Жан басына нормативтік қаржыландыру тетігінің нәтижелілігін арттыру бойынша мәселелерді қараумен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанынан арнайы құрылған Жұмыс тобы айналысады.

2015 жылы орта білім берудің жан басына нормативтік қаржыландырылуын сынақтан өткізу 63 пилоттық мектепте жалғастырылмақ.


12 Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің дайындық жұмыстары бойынша ұсынымдар
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты факторы» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей, «бүгінде Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептері халықаралық стандарттар негізінде жемісті еңбек етіп келеді ... олардың тәжірибесін қазақстандық білім беру жүйесіне тарату керек...».

«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Стратегиясында Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ , орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс».

Бұл бағдар Білім мен ғылымды дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттарында көрсетілген, онда орта білім деңгейінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін есепке ала отырып орта білім беру мазмұнын жаңарту бірінші кезектегі міндеттердің бірі болып табылады.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және 2014-2016 жылдарға арналған білімді дамытудың басым бағыттарын іске асыру аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесе отырып, орта білім мазмұнын жаңарту жөніндегі жұмыстары екі бағытта жүргізілуде:

– бастауыш білім берудің жаңа МЖМБС, бастауыш мектепке арналған типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын әзірлеу (кезең-кезеңімен апробация 2015 жылдан және енгіру 2016 жылдан басталады);

– жобалау қызметін күшейте отырып 11 жылдық мектептің білім мазмұнын ішінара жаңарту, барлық сөйлеу қызметінің түрлері және АКТ бойынша дағдыларды дамытуға, сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыруға бағдарлануы тиіс, яғни 5-11-сыныптар үшін тілдік пәндер, информатика, жобалау қызметі бойынша оқу бағдарламалары мен оқу жоспарын әзірлеу (2015 жылдан бастап апробация және 2016 жылдан бастап енгізу).

МЖМБС жаңарту «өмірлік білім алу» тұжырымдамасынан «өмір бойы білім алу» тұжырымдамасына қарай өтуге; білімді үнсіз тыңдаудан бастамашылыққа, білімнен құзыреттілікке бағытталған. МЖМБС-тің инновациялық сипаты оның тек білімді меңгертуден білімді өмірде қолдана алу парадигмасына ауысуымен танылады. Оның түп мәні оқытудың мақсаттары кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру арқылы оқытудың нәтижесіне қарай бағытталуында.

2015-2016 оқу жылында 1-сыныпта оқытудың жаңа форматының құрылымы мен мазмұнын апробациядан өткізу жоспарланып отыр. Эксперименталдық алаң ретінде еліміздің барлық өңірлерінен жалпы білім беретін 30 мектеп анықталды (4-қосымша).

Эксперимент барысында:

– жаңартылған мазмұнды типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын апробациялау;

– сынама оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын апробациялау;

– мектеп басшыларын, мұғалімдер мен әдіскерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

– эксперимент режиміндегі оқыту сапасына тұрақты мониторинг жүргізу жоспарланған.

Жаңартылған типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» инновациялық тәжірибесін ескере отырып күшейтіле түседі.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:

1) пәннің маңыздылығы;

2) оқу бағдарламасының мақсаты;

3) үштілділік саясатты іске асыру;

4) оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

5) оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер;

6) түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру;

7) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі;

8) оқушылардың коммуникиативтік дағдыоарын дамыту;

9) оқу нәтижелерін бағалау жолдары;

10) пән бойынша бағдарламаның мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Оқу бағдарламасының көрсетілген бөлімдері білім беру деңгейлері бойынша оқу материалдарынан тұрады. Оқу бағдарламасына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлардан тұратын ұсынымдық сипаттағы оқу жоспары қоса беріледі. Оқытудың мақсаттары мен тәсілдеріне негізделген жоспарларда мұғалімдер үщін әрбір бөлім мен тақырыптарды өткізу, оқушылардың сабақта білім алуын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар берілген, сонымен бірге оқу ресурстары енгізілген (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне және аудио материалдары т.б.).



Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:

– пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы;

– тану заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша жіктелімге негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;

– білім беру деңгейлері бойынша және тұтас оқыту курсы бойына педагогикалық мақсаттар қою ішкі пәндік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік береді;

– пәндер арасында «ортақ тақырыптардың» бір білімдік сала ішіндегі тақырып ретіндегі болмысын танып, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру;

-пәннің бөлім мазмұндары мен тақырыптарының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назарды шоғырландыру;

- ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде оқу үдерісін технологияландыру.

Ішінара жаңарту шеңберінде «НЗМ» ДББҰ оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары мынадай пәндер бойынша бейімделуде:

– қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған «Қазақ тілі» (Т1) (10-11- сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11-сыныптар үшін);

– қазақ тілді емес мектептерге арналған «Қазақ тілі» (Т2) (10-11- сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11-сыныптар үшін);

– орыс тілінде оқытатын мектептерге арналған «Орыс тілі» (Т1) (10-11- сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11-сыныптар үшін);

– орыс тілді мектептерге арналған «Орыс тілі» (Т2) (10-11-сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11-сыныптар үшін);

– қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған «Ағылшын тілі» (Т3) (10-11-сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11-сыныптар үшін);

– «Информатика» (10-11-сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11- сыныптар үшін);

– «Жобалау қызметі» (6-9-сыныптар үшін).

Тілдерді оқыту барысында сөйлеу қызметінің - тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым төрт дағдысын дамытуға арналған коммуникативтік тәсіл күшейтілетін болады. Грамматика ұсынылған сөйлеу тақырыптарының шегінде оқытылады.

Бірінші, екінші, үшінші тілдерді оқытудың оңтайлы тұстары сөздік қорын кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік дағдыларды пысықтауға мүмкіндік беретін бірыңғай сөйлеу-тақырыптық режимін енгізу болып табылады. Екінші тіл ретінде Қазақ/ орыс тілдерін (Т2) және «Ағылшын тілін» (Т3) пәндерін оқыту CEFR (тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық рамкасы) сәйкес жүзеге асырылады.



Информатика бойынша жаңартылған бағдарлама оқушылардың АКТ-құзыреттерін дамытуға бағытталған. Оқушылар ақпараттық сауаттылықты жоғары деңгейде меңгеруі керек (іздеу тәсілдері мен амалдарын меңгеруі, ақпаратты ұсына алу, түрлі көріністегі: мәтіндегі, сандық, дыбысты, кескін бейнелі); оқушылар АКТ-біліктілігі негіздерін білуі және түсінуі тиіс (ақпараттық тапсырмаларды шешу үшін компьютерді қолдану (АКТ басқа түрлерін қолдану); алгоритмдік және логикалық ойлауды игеруі тиіс (алгоритмге сәйкес әрекет жасау және қарапайым алгоритмдер құрастыру).

«Жобалау қызметі» пәнінің негізінде оқушының қоршаған ортаны өз бетімен түрлі аспектіде зерттеу және өз қызметінің өнімдерін жасай білу жатыр. «Жобалау қызметі» пәнін оқытуда оқушыларда сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау дағдылары, стандарттық және стандарттық емес жағдаяттарды тиімді шешудің дағдыларын қалыптастыру дамиды. 6-9-сыныптарда аталған пән жаратылыстану циклінің пәндерін кіріктіреді, 10-11-сыныптарда гуманитарлық пәндердің де мазмұнын енеді. Пән оқушыларды болашақ өмірге дайындау мақсатына бағытталған, олар зерттеу дағдыларын, сын тұрғысынан ойлай білуді және өзінің көзқарасын жеткізе білуді пайдалана алады.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдірудің жаңа жүйесін енгізу аясында Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – Орталық) және «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығымен бекітілген Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқпулыққа сәйкес Орталық Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесе отырып әзірлеген ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарын өтікізуде. 2014 жылдың 2-тоқсанының қорытындысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ мен оның филиалдарының базасында деңгейлік бағдарламалар бойынша бүгінгі күні Қазақстан Республикасының 8542 мұғалімі білімін жетілдірді.

Осыған байланысты, мұғалімдерді жаңартылған білім беруді енгізуге даярлау мақсатында дегейлік бағдарламалар бойынша курстан өткен мұғалімдер өз жұмысында жаңа оқыту әдістерін қолданып, осы бағытта әріптестеріне де көмектесулері тиіс, 11 жылдық білім беру жүйесін кезең-кезеңімен және ішінара жаңарту бойынша дайындық жұмыстары жүргізуге, яғни мұғалімдердің пәндерді оқытуда сөйлеу қызметінің барлық түрлері мен АКТ-ны дамытуға және кең мүмкіндігін қолдана алуына, сын тұрғысынан ойлауды дамытуы, өз бетімен ізденіс жүргізіп, ақпаратты жан-жақты іздей алуына, пәндерді оқыта отырып функционалдық сауаттылықты (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылығы, жаратылыстану сауаттылығы) дамытуға бағыт ұстанғаны дұрыс. Оқушылардың өз білімін өмірде қолдана алуына, жобалау қызметін қарқынды меңгеруіне, пән аясында зерттеу дағдыларын дамытуға бетбұрыс жасауы керек.



1-қосымша
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымдарының тізімі



Облыстардың, Астана және Алматы қ. атауы

Білім беру ұйымының атауы



Білім беру ұйымының түрі

Оқыту тілі



1.


Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

«Арман» мектепке дейінгі ұйым

қалалық

қазақша, орысша

№ 39 балабақша

қалалық

қазақша, орысша

№ 32 мектеп-гимназия

қалалық

қазақша, орысша

Ақтөбе көлік, телекоммуникация және жаңа технологиялар колледжі

қалалық

қазақша, орысша

Ақтөбе гуманитарлық колледжі

қалалық

қазақша, орысша

2.


Қарағанды облысы,

Қарағанды қаласы



«Мерей» балабақшасы

қалалық

қазақша, орысша

«Бәйтерек» балабақшасы

қалалық

қазақша, орысша

№ 53 жалпы орта білім беретін мектеп

қалалық

қазақша, орысша

№ 92 гимназия

қалалық

қазақша,

Қарағанды гуманитарлық колледжі

қалалық

қазақша, орысша

3.


Астана қаласы

№ 29 балабақша

қалалық

қазақша

№ 9 балабақша

қалалық

орысша

№ 59 мектеп-лицей

қалалық

қазақша, орысша

№ 22 мектеп-гимназия

қалалық

орысша

Гуманитарлық колледж

қалалық

қазақша, орысша

4.


Алматы қаласы

№ 27 балабақша

қалалық

орысша

№ 156 балабақша

қалалық

қазақша

№ 35 гимназия

қалалық

орысша

№ 131 мектеп-лицей

қалалық

қазақша, орысша

№ 172 жалпы орта білім беретін мектеп

қалалық

қазақша

№ 55 жалпы орта білім беретін мектеп

қалалық

орысша

№ 1 Алматы қазақ-мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі

қалалық

қазақша

№ 2 Алматы қазақ-мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі

қалалық

қазақша, орысша

5.

Алматы облысы, Есік қаласы

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі

қалалық

қазақша, орысша

2-қосымша
Оқытудың 12 жылдық моделін апробациялау бойынша

білім беру ұйымдарының тізімі (12-сынып)



Облыс атауы

Білім беру ұйымының атауы

Оқыту тілі

1.

Ақмола

Бурабай ауданы Оқжетпес ОМ

орыс

Атбасар ауданы Мариновка ОМ

қазақ

2.

Ақтөбе

Ақтөбе қаласы, №24 ЛГМ

қазақ

Мартұқ ауданы №1 ОМ

орыс

Мұғалжар ауданы Абай атындағы ОМ

қазақ

3.

Алматы

Талдықорган қаласы №5 ОМ

қазақ

Талдықорған қаласы №19 МГ

қазақ

Талдықорған қаласы №16 ОМ

орыс

Еңбекшіқазақ ауданы Абай атындағы ОМ

қазақ

Райымбек ауданы Жанабаев атындағы №1 ОМ

қазақ

4.

Атырау

Атырау қаласы Сатпаев атындағы ОМ

қазақ

Кұрманғазы ауданы Абай атындағы ОМ

қазақ

5.

Шығыс Қазақстан

Глубокое ауданы Уваров ОМ

орыс

Өскемен қаласы №16 ОМ

қазақ

Приречное ОМ

қаз/орыс

6.

Жамбыл

Байзақ ауданы Г.Муратбаев атындағы ОМ

қазақ

Жамбыл ауданы Төле би атындағы ОМ

қазақ

Тараз қаласы №39 МГ

орыс

7.

Батыс Қазақстан

Орал қаласы №9 ОМ

орыс

Зеленовский ауданы Дарьин ОМ

орыс

Сырым ауданы Қ.Мырзалиев ОМ

қаз/орыс

8.

Қарағанды

Қарағанды қаласы № 27 ОМ

қаз/орыс

Абай қаласы №14 ОМ

орыс

Қарағанды қаласы № 92 МГ

қазақ

9.

Қостанай

Аманкелді ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ОМ

қазақ

Қостанай ауданы Мичурин ОМ

орыс

Рудный қаласы №17 ОМ

орыс

10.

Қызылорда

Қызылорда қаласы № 6 ОМ

қазақ

Қызылорда қаласы №144 ОМ

қазақ

Сырдария ауданы № 42 ОМ

қазақ

11.

Маңғыстау

Ақтау қаласы № 11 ОМ

қазақ

Маңғыстау ауданы М.Атымов атындағы №6 ОМ

қазақ

12.

Павлодар

Шарбақты ауданы Абай атындағы ОМ

қазақ

Павлодар ауданы Розовка ОМ

орыс

Ақсу қаласы №8 ОМ

орыс

13.

Солтүстік Қазақстан

Қызылжар ауданы №2 Бескөл ОМ

орыс

Есіл ауданы №3 Явленск ОМ

қазақ

Петропавл қаласы №5 ОМ

орыс

14.

Оңтүстік Қазақстан

Ордабасы ауданы «Кәусар» МГ

қазақ

Шымкент қаласы Х.Дулати ат. №8 гимназия

орыс

Созақ ауданы «Созақ» МГ

қазақ

15.

Астанақаласы

№38 МЛ

қазақ

«Голубой парус» мектеп-бақша кешені

орыс

16.

Алматы қаласы

№136 ОМ

қазақ

3-қосымша
Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізу үшін пилоттық орта білім беру ұйымдарының тізбесі
Ақтөбе облысы

  1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің «№1 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің «№ 3 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  3. Ақтөбе қаласы әкімдігінің «№ 16 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  4. Ақтөбе қаласы әкімдігінің «№ 32 жалпы білім беретін мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі.

  5. Ақтөбе қаласы әкімдігінің «№ 39 қазақ жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  6. Мұғалжар ауданы білім беру бөлімінің «Эмба қаласының №1 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

  7. Алға ауданы білім беру бөлімінің «А.И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

  8. Алға ауданы білім беру бөлімінің «№4 Алға орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

  9. Алға ауданы білім беру бөлімінің «№1 Алға мектеп-бақша» мемлекеттік мекемесі.

  10. Алға ауданы білім беру бөлімінің «Бестамақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

  11. Әйтеке би ауданы білім беру бөлімінің «М. Жұмабаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  12. Әйтеке би ауданы білім беру бөлімінің «Т. Жүргенов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  13. Қарғалы ауданы білім беру бөлімінің №2 Бадамша орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

  14. Шалқар ауданы білім беру бөлімінің «Бозой орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

  15. Ырғыз ауданы білім беру бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.


Оңтүстік Қазақстан облысы

  1. Түркістан қаласы әкімдігінің «Хамза атындағы №2 жалпы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  2. Түркістан қаласы әкімдігінің «М. Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі.

  3. Түркістан қаласы әкімдігінің «Ататүрк атындағы №17 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі.

  4. Түркістан қаласы әкімдігінің «Ұлығбек атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  5. Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «Ащыбұлақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

  6. Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «Шарбұлақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

  7. Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «Комсомол орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

  8. Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «Қызылтаң орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

  9. Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «О. Жамалов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  10. Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «Абай атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  11. Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «Елшібек батыр атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  12. Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  13. Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «Жамбыл атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  14. Сарыағаш ауданы білім беру бөлімінің «М. Әуезов атындағы №1 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  15. Сарыағаш ауданы білім беру бөлімінің « Ю. Гагарин атындағы №4 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  16. Сарыағаш ауданы білім беру бөлімінің «С. Ысмайылов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  17. Сарыағаш ауданы білім беру бөлімінің «№135 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  18. Сарыағаш ауданы білім беру бөлімінің «№141 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  19. Сарыағаш ауданы білім беру бөлімінің «Самал №123 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.


Шығыс Қазақстан облысы

  1. Өскемен қаласы әкімдігінің «№37 көп салалы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  2. Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  3. Риддер қаласы әкімдігінің «Мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  4. Өскемен қаласы әкімдігінің «№16 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  5. Семей қаласы әкімдігінің «№37 орта жылпы білім беретін мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  6. Семей қаласы әкімдігінің «№10 орта жылпы білім беретін мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  7. Жарма ауданы білім беру бөлімінің «Абай атындағы көп салалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  8. Жарма ауданы білім беру бөлімінің «Маяковский атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  9. Глубокое ауданы білім беру бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  10. Глубокое ауданы білім беру бөлімінің «Опытное поле орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  11. Күршім ауданы білім беру бөлімінің «Қалжыр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  12. Күршім ауданы білім беру бөлімінің «Н.Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Алматы облысы

  1. Талғар ауданы білім беру бөлімінің «М.Әуезов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 5 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  2. Талғар ауданы білім беру бөлімінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  3. Талғар ауданы білім беру бөлімінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 16 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  4. Талғар ауданы білім беру бөлімінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 14 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Ақмола облысы

  1. Көкшетау қаласы әкімдігінің «№4 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  2. Көкшетау қаласы «№ 5 көп салалы гимназия» мемлекеттік мекемесі.

  3. Көкшетау қаласы әкімдігінің «№8 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  4. Көкшетау қаласы әкімдігінің «№13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі.

  5. Көкшетау қаласы әкімдігінің «№19 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  6. Көкшетау қаласы әкімдігінің «№3 Краснояр орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

  7. Бурабай ауданы білім беру бөлімінің «Шортанды қаласының № 4 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

  8. Бурабай ауданы білім беру бөлімінің «Шортанды қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі.

  9. Бурабай ауданы білім беру бөлімінің «С. Сейфуллин атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

  10. Бурабай ауданы білім беру бөлімінің «Зеленобор мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі.

  11. Зеренді ауданы «№1 Зеренді орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

  12. Зеренді ауданы білім беру бөлімінің «М. Ғабдуллин атындағы Зеренді қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

  13. Зеренді ауданы білім беру бөлімінің «Чаглин орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

4-қосымша
2015-2016 оқу жылында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялау үшін білім беру ұйымдарының тізімі




Облыс атауы

Мектептің атауы

Мектептің типі

Оқыту тілі

1

Астана

№ 69 орта мектеп (Ильинка ауылы)

ауыл

аралас

2

Алматы

№ 15 гимназия (Алматы қ.)

қалалық

аралас

3

Ақмола

№ 5 мектеп-лицей

(Степногор қ.)



қалалық

қазақша

Николь орта мектебі

(Бұланды ауданы)



шағын жинақты

орысша

4

Ақтөбе

Новая ОМ (Новое ауылы, Ақтөбе қ.)

ауыл

аралас

№ 9 мектеп гимназиясы

(Ақтөбе қ.)



қалалық

орысша

5

Алматы

Ш.Уәлиханов ат. №10 орта мектеп гимназиясы

(Талдықорған қ.)



қалалық

аралас

Х.Хамраев атындағы орта мектеп (Панфилов ауданы)

қалалық

ұйғыр

6

Атырау

№ 17 орта мектебі

(Атырау қ.)



қалалық

орысша

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп (Исатай ауданы)

ауыл

қазақша

7

Шығыс Қазақстан

Абай атындағы мектеп кешені (Көкпекті ауданы)

шағын жинақты

казахский

№ 39 орта мектебі (Өскемен қ.)

қалалық

орысша

8

Жамбыл

№1 мектеп лицейі (Рысқұлов ауданы)

ауыл

қазақша

А.С. Пушкин атын. №41 мектеп гимназиясы (Тараз қ.)

қалалық

орысша

9

Батыс Қазақстан

М.Ықсанов атындағы №36 орта мектеп (Орал қ.)

қалалық

қазақша

Чаган орта мектебі (Теректі ауданы)

ауыл

аралас

10

Қарағанды


№3 мектеп гимназиясы

(Қарағанда қ.)



қалалық

орысша

№2 орта мектебі (Нұра ауданы)

ауыл

қазақша

11

Қызылорда облысы

№31 мектеп гимназиясы

(Жалағаш ауданы)



ауыл

орысша

№2 орта мектебі (Қызылорда қ.)

қалалық

аралас

12

Қостанай

Свердловск орта мектебі (Алтынсарин ауданы)

шағын жинақты

орысша

№ 10 орта мектебі (Қостанай қ.)

қалалық

қазақша

13

Маңғыстау

М.Горький атындағы мектеп гимназиясы

(Түпқараған ауданы)



ауыл

орысша

№11 орта мектебі

(Ақтау қ.)



қалалық

қазақша

14

Павлодар

№39 мектеп гимназиясы

(Павлодар қ.)



қалалық

орысша

№2 орта мектебі

(Баянауыл ауданы)



ауыл

аралас

15

Солтүстік Қазақстан

Сартомар орта мектебі (М. Жұмабаев ауданы)

шағын жинақты

қазақша

№ 16 орта мектебі

(Петропавл қаласы)



қалалық

орысша

16

Оңтүстік Қазақстан

М. Жұмабаев атындағы №15 мектеп гимназиясы

(Түркістан қ.)



қалалық

орысша

Созақ мектеп гимназиясы

(Созақ ауданы)



ауыл

қазақша

5-қосымша
Орта білім беру жүйесі үшін Қазақстан Республикасының

нормативтік құқықтық құжаттарының тізімі


  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР МЖМБС 1.4.002-2012)».

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты».

  3. «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысы.

  4. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысы.

  5. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысы.

  6. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы (2014 жылғы 31 мамырдағы №598 соңғы өзгертулермен).

  7. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысы (2014.09.06. берілген өзгерістермен).

  8. «Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығы.

  9. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығы.

  10. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығы.

  11. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығы.

  12. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығы.

  13. «Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 206 бұйрығы.

  14. «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы.

  15. «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығы.

  16. «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 258 бұйрығы.

  17. «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқуға-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 400 бұйрығы.

  18. «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде олардың электронды тасымалдағыштағы нұсқаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 18 қарашадағы № 460 бұйрығы.

  19. «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 127 бұйрығы.

  20. «12 жылдық жалпы орта білім құрылымын және мазмұнын жетілдіру бойынша эксперимент өткізу тәртібі туралы» Ережесі жайында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 1 тамыздағы №593 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 132 бұйрығы.

  21. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы.

  22. «Білім беру ұйымдарындағы қамқорлық кеңестердің жұмыс істеуін сынақтан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 573 бұйрығы (2013 жылғы 19 тамыздағы №350 соңғы өзгертулермен).

  23. «Орта білім беруді жан басына қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 439 бұйрығы.

  24. «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 440 бұйрығы.

  25. «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың сынағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 447 бұйрығы.

  26. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығы (2013.09.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).

Мазмұны


Кіріспе ………………………………………………………………………..

3

1 Мектепалды даярлық сыныптарында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері …………...........................................................

13


2 Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері ........

17

2.1

2.2


2.3

2.4


2.5

2.6


2.7

«Тіл және әдебиет» білім саласы ……………….................................

«Математика» білім саласы ……………….........................................

«Жаратылыстану» білім саласы ………………..................................

«Адам және қоғам» білім саласы ………………................................

«Өнер» білім саласы ……………….....................................................

«Технология» білім саласы ………………..........................................

«Дене шынықтыру» білім саласы ………………................................


19

35

39



40

42

44



45

3 Негізгі орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері …..........

47

3.1

3.2


3.3

3.4


3.5

3.6


3.7

«Тіл және әдебиет» білім саласы ………………................................

«Математика және информатика» білім саласы ………………........

«Жаратылыстану» білім саласы ………………..................................

«Адам және қоғам» білім саласы ………………................................

«Өнер» білім саласы ……………….....................................................

«Технология» білім саласы ………………..........................................

«Дене шынықтыру» білім саласы ………………................................


47

61

68



81

86

89



94

4 Жалпы орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері ……......

96

4.1

4.2


4.3

4.4


4.5

4.6


«Тіл және әдебиет» білім саласы ……………….................................

«Математика және информатика» білім саласы ………………........

«Жаратылыстану» білім саласы ………………..................................

«Адам және қоғам» білім саласы ………………................................

«Технология» білім саласы ………………..........................................

«Дене шынықтыру» білім саласы ………………................................



96

110


115

125


128

130


5 Шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктері ………………........

135

6 Байқоңыр қаласындағы мектептерде оқытудың ерекшеліктері ……......

140

7 Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың ерекшеліктері ......................................................

141


8 Оқу үдерісінде сандық білім беру ресурстарын пайдаланудың әдістемелік нұсқаулықтары …………………...........................................

146


9 Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептеріндегі балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері …………………........

149


10 12 жылдық оқытуға көшу экспериментіндегі сыныптарда оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері ………………….....................

159


11 Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері …………………..........

164


12 Білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізудің дайындық жұмыстары бойынша ұсынымдар ………………….................................

169


1-қосымша «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымдарының тізімі» ..

173


2-қосымша «Оқытудың 12 жылдық моделін апробациялау бойынша

білім беру ұйымдарының тізімі» …………………...................................

174


3-қосымша «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізу үшін пилоттық орта білім беру ұйымдарының тізбесі» …………………..................................................

175


4-қосымша «2015-2016 оқу жылында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялау үшін білім беру ұйымдарының тізімі» ………

178


5-қосымша «Орта білім беру жүйесі үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық құжаттарының тізімі» ………………….......

180



2014-2015 оқу жылында қазақстан республикасының

жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді

жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін

оқытудың ерекшеліктері туралы
Әдістемелік нұсқау хат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК

010000, Астана қ., Орынбор көшесі 4, «Алтын Орда» БО, 15-қабат.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет