ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет17/48
Дата12.01.2020
өлшемі4,6 Mb.
#55714
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48

Назар аударыңыздар! 

10-

11 сыныпта жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқыту 



ағылшын  тілінде  жүргізілетіндіктен,  неміс  және  француз  тілдері  оқытылатын 

мектептерге вариативті компонентке «Ағылшын тілін» қосу ұсынылады 

 

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ  САЛАСЫ

 

 

«

Математика  және  информатика»  білім  саласы  бойынша  келесі  пәндер 



оқытылады:  «Математика»  –  5, 6-сыныптар;  «Алгебра»  –  7-9-сыныптар; 

«Геометрия» – 7-9-сыныптар; «Информатика» – 5-9 сыныптар.  

Оқу  пәндері  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі  төмендегі  46-кестеде 

көрсетілген. 

 


 

134 


 

46-


кесте. Оқу жүктемесінің көлемі 

 

Сынып 



Оқу пәнінің атауы 

Жалпы жүктеме, сағат 

Апта

лық 


Жылдық 

Математика 



170 


Информатика  

34 


Математика 

170 


Информатика  

34 


Алгебра 


102 


Геометрия 

68 


Информатика  

34 


Алгебра 


102 


Геометрия 

68 


Информатика  

34 


Алгебра 


102 


Геометрия 

68 


Информатика  

34 


 

Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінде  «Математика»,  «Алгебра», 

«Геометрия»  пәндерін  оқытудың  мақсаты  -  пән  мазмұнын  сапалы  игеруді 

қамтамасыз  ету,  білім  алушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру,  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту,  ғылыми-жаратылыстану 

пәндерін  игеруге  қажетті  математикалық  білім  мен  дағдылардың  негіздерін 

игеру,  оқу  пәні  материалдары  негізінде  білім  алушылардың  интеллектуалдық 

деңгейін дамыту. 

Оқу пәнін оқытудың мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталған: 

«Сандар»,  «Алгебра»,  «Геометрия»,  «Статистика  және  ықтималдықтар 



теориясы»,  «Математикалық  модельдеу  және  анализ»  бөлімдері  бойынша 

математикалық  білім,  білік  және  дағдыларын  қалыптастыру  мен  дамытуға 

жағдай жасау;  

әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі 



математикалық  заңдарды  қолдануға,  сандық  қатынастар  мен  кеңістіктік 

формаларды оқып білуге мүмкіндік беру;  

есептерді  шешу  мақсатында  білім  алушылардың  білімдерін 



математикалық  модельдерді  құруға  және  шынайы  процестерді  сипаттайтын 

математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;  

өздігінен  оқуға  және  болашақ  таңдаған  мамандығы  бойынша  білімін 



жалғастыруға  қажетті  физика,  химия,  биология  және  басқа  да  теориялық 

облыстарда  зерттеулер  мен  есептерді  шешу  үшін  және  практикалық  іс-

әрекеттерінде  математикалық  әдістерді  қолданудың  қарапайым  дағдыларын 

қалыптастыру;  



 

135 


 

практикалық  есептерді  шешуде,  алынған  нәтижелерді  бағалау  мен 



анықтылығын  орнатуда  лайықты  математикалық  әдістерді  таңдап  алу  үшін 

логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту; 

коммуникативтік  дағдыларын,  оның  ішінде,  ақпаратты  дұрыс  және 



сауатты  түрде  беру,  сонымен  қатар  әртүрлі  ақпарат  көздерінен,  басылымдар 

мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту; 

өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, 



бастамашылдық,  табандылық,  шыдамдылық  пен  толеранттылық  сияқты 

тұлғалық қасиеттерді дамыту;  

математиканың даму тарихымен, математикалық ұғымдардың пайда болу 



тарихымен таныстыру;  

математиканы  оқыту  процесінде  ақпараттық-коммуникациялық 



технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.  

«Информатика»  оқу  пәнін  оқудың  мақсаты  білім  алушылардың  бойында 

заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттармен тиімді 

жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 

 

«Информатика»  пәнінің  оқу  бағдарламасы  компьютердің  жұмыс  істеу 



қағидаларын  түсінуді,  объектілер  мен  жүйелерді  талдау  қабілеттерін,  

алгоритмдер  әзірлеу  және  бағдарламалауды,  шешімдер  мен  программалық 

қосымшаларды  модельдеу  және  жобалауды,  сондай-ақ  түпкілікті  өнімді 

бағалауды білім алушылардың бойында қалыптастыруды  көздейді. 

Оқу мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер анықталған:  

білім алушылардың бойында ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін, 



адамзат  қызметінің  әр  түрлі  саласында  ақпараттық  технологияларды 

пайдаланудың  техникалық  мүмкіндіктері  мен  перспективаларын  түсінуін 

қалыптастыру; 

ақпараттық  технологияларды  күнделікті  өмірде,  оқуда  және  келешек 



еңбек іс-әрекетінде тиімді қолдану біліктерін дамыту;  

білім  алушылардың  жүйелерді  талдауда,  шешімдерді  әзірлеу, 



программалық  қосымшаларды  қалыптастыру  және  өз  өнімдерін  бағалауда 

компьютерлердің жұмыс істеуі негізгі қағидаларын меңгеру;  

талдау,  абстракция,  модельдеу  және  программалау    арқылы  әр  түрлі 



міндеттерді шеше білулерін дамыту;  

білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау 



мен  үйлестік,  тапсырмаларды  құрамдас  бөлікке  ажырату  мен  ортақ 

заңдылықтарды  бөлу,  қойылған  міндеттерді  шешуде  тиімді  әрі  оңтайлы 

тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын есептік ойлауды дамыту;  

білім  алушылардың  бойында  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  – 



жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің 

мүддесін көздеу;  

білім  алушылардың  ғылыми  тілді  меңгеруіне  және  пән  бойынша 



ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету. 

«Алгебра»,  «Геометрия»  пәндерін  оқыту  барысында  математикалық 

сауаттылықты 

қалыптастыру 

мақсатымен: 

білім 


алушыларға 

анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден 



 

136 


 

анықтамаларды,  формулалар  және  басқа  да  тұжырымдарды  іздеу; 

математикалық  формулаларды  қолдану,  дербес  жағдайларды  жалпылау 

негізінде  шамалар  арасындағы  тәуелділіктің  формулаларын  өздігінен 

құрастыру;  игерілген  математикалық  білім,  білік,  есептеу,  өлшеу  және 

графиктік  дағдыларды  пайдаланып  практикаға  бағытталған  тапсырмаларды 

шешу;  дәлелдемелі  пайымдау  жүргізу,  талқылауға  қатысу  және  логикалық 

негізделген  қорытындылар  жасау;  математикалық  мәтінмен  жұмыс  жасау 

(талдау,  қажетті  ақпаратты  алу),  математикалық  терминология  мен 

символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және 

нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.  

 

«Информатика»  пәнін  5,  6,  7,  8,  9  сыныптарда  оқытудың  мақсаты  – 



оқушыларға  білімін  тәжірибе  жүзінде  тиімді  пайдалану  үшін  қазіргі  заманғы 

ақпараттық  технологиялармен  жұмыс  істеу  үшін  базалық  білімдер,  дағдылар 

мен қабілеттерін қамтамасыз ету. 

 

Оқу  мақсаттарына  сәйкес  келесі  міндеттер  анықталды:  оқушыларда 



қоғамдағы  ақпараттық  процестердің  рөлін  түсіну,  адам  қызметінің  түрлі 

салаларында  ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  техникалық 

мүмкіндіктері  мен  перспективаларын  дамыту;  ақпараттық  технологияларды 

күнделікті  өмірде,  зерттеулер  мен  одан  әрі  жұмыс  істеуде  тиімді  пайдалану 

дағдыларын  дамыту;  оқушылар  жүйені  талдау,  шешімдерді  әзірлеу, 

бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және олардың өнімдерін бағалау үшін 

компьютердің  негізгі  принциптерін  үйренеді;  Талдау,  абстракция,  модельдеу 

және бағдарламалау арқылы түрлі тапсырмаларды шешу қабілеттілігін дамыту; 

оқушыларда  логикалық,  алгоритмдік  және  есептік  ойлауды  дамыту,  соның 

ішінде  қорыту  және  ұқсастығы,  мәселені  оның  құрамдас  бөліктеріне  бөліп, 

жалпы үлгілерге бөліп, міндеттерді шешудің тиімді жолдарын табу; оқушылар 

арасында  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  -  жеке  тұлғаның  және  бүкіл 

Қазақстандық  қоғамның  мүдделерін  ескере  отырып,  жалпы  қабылданған 

ережелерді сақтау; пән бойынша концептуалды аппараттарды байыту. 

Оқушылардың  білім  беру  және  ақпараттық  құзыреттіліктерін  дамыту 

мақсатында  жобалық  жұмыс  арқылы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге 

ерекше  назар  аудару  керек.  Жоба  бойынша  жұмыс  істейтін  оқушылар  жеке-

жеке  немесе  топпен  жұмыс  жасайды,  мақсаттарды  қойып,  қажетті  ақпаратты 

іздейді,  гипотезаны  ұсынып,  дәлелдеуге,  эксперимент  жүргізуге,  жасалған 

жұмыстың нәтижелерін ұсынуға, талдауға, бағалауға және өз жобаларын шебер 

қорғауға  тиіс.  Оқушылар  Интернеттің  қол  жетімді  ақпараттың  көптеген 

көздерінің бірі екенін, әртүрлі дереккөздерден деректерді жинай алатындығын 

біледі. 

Сонымен қатар оқушылар арасында танымдық қызығушылықты дамытуға, 

интеллектуалды  және  шығармашылық  қабілеттерге,  бағдарламаның 

компоненттерін  өз  бетінше  пайдалану  мүмкіндігіне  және  оқу  курсының 

мазмұны  арқылы  білімін  толықтыруға,  технологиялық  проблемаларға 

бағдарланған  оқытуды  қолдану  мен  өнертапқыштық  проблемаларды  шешу 

дағдыларын дамытуға назар аудару қажет  


 

137 


 

 

«Математика  және  информатика»  білім  саласының  пәндерін  оқыту 



процесінде  білім  сапасын  жетілдіру  мақсатында  жеке  тұлғаға  бағытталған 

проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс-әрекет түрлері 

мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту тәсілдерін қолдану 

ұсынылады.  

Пәнге  деген  қызығушылықты  арттыру  жолдарының  бірі  білім 

алушылардың  жобалық  іс-әрекеттерін  дамыту  жұмыстарын  жүргізу  болып 

табылады.  Жобалау  технологияларын  қолдану  пән  бойынша  оқу  сапасын 

көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін 

игерудің  тиімділігін  арттырады.  Жобамен  жұмыс  істеу  барысында  білім 

алушылар  топтасып  немесе  жеке  жұмыстарын  жоспарлауды,  мақсат  қоюды, 

қажетті  ақпаратты  іздеуді,  гипотезаны  ұсыну  және  дәлелдеуді,  тәжірибелер 

жүргізуді,  орындалған  жұмыстың  нәтижелерін  көрсетуді,  талдау  мен 

бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді. 

Сонымен  қатар  проблемаларды  өнертапқыштықпен  шешу  теориясы 

ерекшеліктерін дамыту және проблемалық-бағдарланған оқыту технологиясын 

пайдалану,  оқу  курсы  мазмұны  арқылы  өз  білімін  толықтыру  мен 

бағдарламаның  құрамдас  бөліктерін  өздігінен  қолдана  білу  қабілетін,  білім 

алушылардың 

интеллектуалдық 

және 


шығармашылық 

қабілеттерін, 

когнитивтік мүдделерін дамытуға назар аудару керек. 

Бұл  білім  саласы  пәндерінің  мазмұны  бөлімдер  бойынша  берілген. 

Бөлімдер бөлімшелерге бөлініп, әр бөлімшені оқып игеру сыныптар бойынша 

күтілетін  нәтижелер:дағдылар  немесе  біліктер,  білім  немесе  түсініктертүрінде 

оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген. 

Сонымен қатар, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларында барлық 

пәндер  бойынша  ұзақ  мерзімді  жоспар  берілген.  Онда  курс  материалы 

тоқсандарға  бөлініп  көрсетілген.  Ұзақ  мерзімді  жоспарда  тақырыптарды 



игеруге  және  бөлімшелерді  игеруге  жұмсалатын  сағат  сандары 

көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлу құқығы практик-

мұғалімге берілген, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылып 

болуы тиіс. 

2013  жылғы  оқу  бағдарламаларымен  салыстырғанда  оқу  пәндердің 

базалық мазмұнында аздаған өзгерістер бар.  

1. 5-


сынып, «Математика» оқу пәні. 

5-

сыныпта  «Математика»  оқу  пәнінің  базалық  мазмұны,  шамалы 

өзгерістерді  қоспағанда  толығымен  бұрынғыдай  қалды.  Атап  айтқанда, 

қолданыстағы  оқу  бағдарламасымен  салыстырғанда  жаңартылған  мазмұндағы 

оқу  бағдарламасында  «Жиын»  тарауы  және  «шиыршық»  принципін  сақтау 

мақсатында  «Кеңістік  фигураларының  жазбалары»  тарауы  қосылған,  оларды 

оқуға  оқу  жылына  берілген  170  сағаттан  сәйкесінше  5  сағат  және  3  сағат 

бөлінеді.  

Сонымен  қатар  базалық  мазмұн  тарауларын  оқып  игеруге  бөлінген 

сағаттарда  айырмашылық  бар.  «Натурал  сандар  және  нөл  саны»  тарауын 

игеруге шамамен 15 сағат бөлінген. Қалған тарауларды игеруге бөлінген сағат 

сандары өзгеріссіз.  



 

138 


 

2. 6-


сынып, «Математика» оқу пәні. 

1) 6-



сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұнына шамалы 

өзгерістер  енгізілген.  Атап  айтқанда,  қолданыстағы  оқу  бағдарламасы 

бойынша  6-сыныпта  қарастырылатын  «функция»  ұғымына  қатысты  тарау  7-

сыныпқа көшірілген. Осы тараудың орынан 6-сыныпта «Шамалар арасындағы 

тәуелділіктер»  тарауы  қарастырылады  және  келесі  тақырыптардан  тұрады: 

«Шамалар арасындағы тәуелділіктерді беру тәсілдері: аналитикалық (формула 

арқылы),  кестелік,  графиктік  тәсіл»,  «Нақты  процестердің  графиктерін 

қолданып 

шамалар 


арасындағы 

тәуелділіктерді 

зерттеу», 

«Тура 


пропорционалдық және оның графигі». Осыған байланысты «Екі айнымалысы 

бар сызықтық теңдеулер мен олардың жүйелері» бөліміне өзгерістер енгізілген. 

Яғни осы тарауда екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі, екі 

айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері, екі айнымалысы бар сызықтық 

теңдеулер  жүйесін  қосу  тәсілімен  және  алмастыру  тәсілімен  шешу,  есептерді 

сызықтық  теңдеулер  жүйелері  арқылы  шығару  материалдары  ғана 

қарастырылады. 

5-6-


сыныптарда  «Математикалық  моделдеу  және  анализ»  бөліміне  баса 

назар  аударылған.  Әр  бөлімді  игерген  кезде  мәтінді  есептерді  шығару 

ұсынылады.  Статистикалық  мәліметтерді  ұсынуға  арналған  тапсырмаларды 

орындауға  көңіл  бөлінген.  Бұл  практикаға  бағытталған  есептерді  қарастыруға 

байланысты.  

3. 7-


сынып, «Алгебра» оқу пәні. 

Оқу  пәнінің  базалық  мазмұнында  қолданыстағы  оқу  бағдарламасымен 

салыстырғанда елеулі өзгерістер жоқ. Егер, қолданыстағы оқу бағдарламасында 

5  тарау  оқытылатын  болса,  жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламасында  6 

тарау  оқытылады.  Бұл,  «функция»  ұғымына  қатысты  материалдар  жеке 

«Функция.  Функцияның  графигі»  тарауы  етіп  берілген  және  бұл  тарауға  6-

сыныптан  «Функция  ұғымы»,  «Функцияның  графигі»,  «Сызықтық  функция 

және  оның  графигі»,  «Сызықтық  функциялардың  графиктерінің  өзара 

орналасуы»,  «Екі  айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеулер  жүйесін  графиктік 

тәсілмен  шешу»  тақырыптары  көшірілген.  Бұл  тақырыптар  6-сынып  білім 

алушыларының  игеруіне  қиындық  туғызады  деп  есептеп,  практик-

мұғалімдердің ұсыныстары бойынша ауыстырылған.  

Практикаға 

бағытталған, 

зерттеушілік 

және 


шығармашылық 

тапсырмаларды шешу қажеттілігіне баса назар аудару керек. 

4. 8-

сынып, «Алгебра» оқу пәні. 



Оқу  пәнінің  базалық  мазмұнында  қолданыстағы  оқу  бағдарламасымен 

салыстырғанда  елеулі  өзгерістер  жоқ.  Курстың  базалық  мазмұнына 

«Статистика  элементтері»  тарауы  (Жиілік.  Жиіліктер  кестесі.  Интервалдық 

кесте.  Гистограмма.  Жинақталған  жиілік.  Орта  мән.  Дисперсия.  Стандартты 

ауытқу.  Алқап.)  қосылған.  Бұл  тараудың  кейбір  материалдары  қолданыстағы 

оқу бағдарламасы бойынша 9-сыныпта қарастырылған болатын.  

5. 9-

сынып, «Алгебра» оқу пәні. 



9-

сыныпта  қолданыстағы  оқу  бағдарламасындағы  тәрізді  «Екі 

айнымалысы  бар  теңдеулер,  теңсіздіктер  және  олардың  жүйелері»,  


 

139 


 

«

Тізбектер», «Тригонометрия» 



бөлімдері 

қарастырылады. 

Оқу 

бағдарламасының  мазмұны  комбинаторика  мен  ықтималдықтар  теориясы 



бойынша  материалдармен  толықтырылған.  Атап  айтқанда  «Комбинаторика 

элементтері»  бөлімінде  келесі  тақырыптар  берілген:  Комбинаториканың 

негізгі  ұғымдары  мен  ережелері  (қосу  және  көбейту  ережелері).  Санның 

факториалы.  Қайталанбайтын    «орналастыру»,  «алмастыру»  және  «теру» 

ұғымдары.  Комбинаториканың  негізгі  формулалары.  Комбинаторика 

формулаларын  қолдану  арқылы  есептер  шығару.  Ньютон  биномы  және 

қасиеттері,  ал  «Ықтималдықтар  теориясының  элементтері»  бөліміне  «Оқиға, 

кездейсоқ  оқиға,  ақиқат  оқиға,  мүмкін  емес  оқиға.  Элементар    оқиғалар. 

Қолайлы  нәтижелер.  Тең  мүмкіндікті  және  қарама-қарсы  оқиғалар. 

Ықтималдықтың  классикалық  анықтамасы.  Статистикалық  ықтималдық. 

Геометриялық  ықтималдық»  тақырыптары  енгізілген.  Қолданыстағы  оқу 

бағдарламасы бойынша бұл бөлім 10-сыныпта қарастырылған болатын. 

6. 7-

сынып, «Геометрия» оқу пәні. 



7-

сыныпта білім алушылар «Геометрия» оқу пәнін оқуға енді ғана кіріседі, 

сондықтан  қолданыстағы  оқу  бағдарламасымен  салыстырғанда  жаңартылған 

мазмұндағы оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ.  

7. 8-

сынып, «Геометрия» оқу пәні. 



«Геометрия»  оқу  пәнінің  базалық  білім  мазмұнында  қолданыстағы  оқу 

бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ. 

8. 9-

сынып, «Геометрия» оқу пәні. 



«Геометрия»  оқу  пәнінің  базалық  білім  мазмұнында  қолданыстағы  оқу 

бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ. 

7-9-

сыныптарда  «Геометрия»  пәнін  оқытуда  пәннің  практикалық 



бағыттылығы күшейтіледі. 

5-

8 сыныптардағы «Информатика» оқу пәнінің негізгі мазмұны өткен оқу 



жылымен салыстырғанда өзгеріссіз. 

2019-


2020  оқу  жылындағы  9  сыныпта  базалық  білім  берудің  5-9 

сыныптары үшін «Информатика» пәні бойынша типтік оқу жоспарына сәйкес 

жаңартылған  мазмұндағы  (Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрінің  бұйрығына  9-қосымша)  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына қосымша 200). 

«Информатика»  пәнінің  9-сыныпқа  арналған  негізгі  мазмұны  мынадай 

бөлімдерден тұрады: 

1) «Компьютердің құрылғылары». Мақсатына байланысты компьютердің 

аппараттық конфигурациясын таңдау; 

2)  «Программалық  қамтамасыз  ету».  Пайдаланушының  қажеттіліктеріне 

байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау; 

3)  «Компьютерлік  желілер».  Бұлтты  технологияларды  қолдану  арқылы 

құжаттармен ортақ жұмыс істеу; 

4)  «Ақпаратты  ұсыну  және  өлшеу».  Ақпарат  қасиеттері  (өзектілігі, 

дәлдігі, анықтығы, құндылығы); 

5)  «Ақпараттық  объектілерді  құру  және  түрлендіру».  Дерекқор,  өріс, 

жазба. Электрондық кестеде деректер базасын құру. Деректерді іздеу, сұрыптау 


 

140 


 

және сүзгілеу; 

6)  «Модельдеу».  Процесс  моделдерін  (физикалық,  биологиялық, 

экономикалық) электрондық кестеде зерттеу және құру; 

7) «Алгоритмдер». Сұрыптау алгоритмі. 

8) «


Программалау».  Бір  өлшемді  массив.  Екі  өлшемді  массив. 

Массивтерді  өңдеудің  негізгі  алгоритмдері:  массив  элементтерін  іздеу, 

сұрыптау,  орнын  ауыстыру,  жою  және  қою.  PyGame  (пайгейм)  кітапханасы. 

Ойынның  артқы  фоны.  Ойынға  арналған  дайын  кейіпкерлер.  Кейіпкер 

қозғалысы. Дайын сценарий бойынша ойын программмалау. Ойын нәтижелерін 

есептеу; 

9

)  «Эргономика».  Компьютерде  ұзақ  уақыт  жұмыс  істеу  тәуекелін 



бағалау; 

10) «


Ақпараттық  қауіпсіздік».  Желіде  жұмыс  істеудің  этикалық  және 

құқықтық нормаларын бұзу салдарлары. 

Сыныпты 2 топқа бөлу қалалық жалпы білім беру ұйымдарында 24 және 

одан  да  көп  оқушыларды,  ал  ауылдық  жерлерде  -  20  және  одан  да  көп 

оқушыларды,  ал  шағын  мектептерде  кемінде  10  оқушы  қамтитын  сыныпта 

өткізіледі.

 

 

«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  бағалау  процесін  өткізу  үшін 



мұғалімге  көмек  ретінде  (

http://smk.edu.kz

)  сайтқа  келесі  материалдарды: 

Критериалды  бағалау  бойынша  нұсқаулық,  Қалыптастырушы  бағалау 

тапсырмаларының  жинағы,  Жиынтық  бағалау  бойынша  әдістемелік 

ұсынымдамалар,  Тоқсанға  арналған  жиынтық  бағалау  спецификациясы 

орналастырған және еркін түрде кіруге мүмкіншілік жасалған. 

5-9-


сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік саясатына 

ерекше  көңіл  бөлінуі  керек.  Пән  үшін  айрықша  болып  танылатын  білім 

алушылардың академиялық тілін дамыту ұсынылады. Бұл процесс әрбір сабақ 

үшін  білім  алушылардың  тілдік  дағдыларын  дамыту  жолдарын  анықтауды 

қамтиды.  Мысалы:  «Білім  алушылар  әлеуметтік  желіні  пайдалану  мен 

атрибуттарын ауызша талқылай алады».  

Программалау  тілі  ағылшын  тілі  болып  табылатынын,  көптеген 

компьютерлерлік интерфейстер де ағылшын тілінде берілгенін айта кету керек. 

«Информатика» пәні жоғары сыныптарда білім алушылардың калауы бойынша 

ағылшын тілінде оқып игеруіне болатынын пән мұғалімдері әрдайым естерінде 

сақтаулары  керек.  Мұғалімдер  білім  алушылардың  назарын,  информатика 

бойынша  (

http://tinyurl.com/NIS-CS-Lexicon

)  лексиконда  сипатталғандай 

академиялық  тілді  пайдалануға  аударту,  сондай-ақ  ұқсастықтар  мен 

метафораларды  пайдалана  отырып  күрделі  жүйелерді  түсіндіру  мүмкіндігі 

сияқты  информатика  саласындағы  жұмыстарға  қажетті  тілдік  дағдыларға 

аудартулары  керек.  Одан  бөтен,  мұғалімдер  білім  алушылардың  бойында  бай 

академиялық  тіл  қалыптастыру  мақсатында,  диалог/жазу  үшін  пайдалы 

сөздерді  пайдалануды  қамтитын  мұқият  және  жүйелі  түрде  тілдік  қолдау 

көрсетулері керек.  

Мұғалімдерге көмек ретінде TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге 

білім алушыларды дайындауғаарналғанесептер жинағы әзірленді, ол Академия 



 

141 


 

сайтында (



www.nao.kz

) орналастырылған. 



«Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық 

жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 47-кестеде оқу пәнінен 

бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ)  рәсімдерінің  нақты 

саны көрсетілген. 

 

47-


кесте.  «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

 

 



Сынып 

Бөлім  бойынша жиынтық бағалау саны   

1-

тоқсан 


2-

тоқсан 


3-

тоқсан 


4-

тоқсан 


5-

сынып 




6-

сынып 





 

«Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

«Тізбектер»,  «Тригонометрия»  бөлімдерінің көлемінің  үлкендігіне  қарай 

екінші  және  үшінші  тоқсанда  сәйкесінде  2  және  3  бөлім  бойынша  жиынтық 

бағалаулар ұсынылған.   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 

Төменде  48-кестеде  оқу  пәнінен  бөлім  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ) 

рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 

 

48-



кесте.  «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

 

Сынып 



Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны   

1-

тоқсан 



2-

тоқсан 


3-

тоқсан 


4-

тоқсан 


7-

сынып 




8-

сынып 





9-

сынып 








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет