Қажет болған жағдайда білім алушылар білімдерінің іріктемелі бақылау
кесінділерін (срезов) жүргізуге рұқсат етіледі.
Сабаққа қатысу, бақылау және талдау бойынша нұсқаулық
Сабақты бақылау – білім алушылардың жұмысын, олардың жетістіктерін,
білім алушылардың эмоционалдық және психологиялық көңіл-күйін, оқыту
әдістемесін, білім беру үдерісін ұйымдастыруды бақылауға мүмкіндік беретін
рәсім. Бақылау нәтижесіндегі жазбаларда мұғалімдер туралы пікірлер немесе
сын-пікірлер болмауы тиіс. Мәліметтерді жинаудың бұл әдісі сабақта білім
беру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.
Бақылау түрлері:
•
құрылымдалған
•
жартылай құрылымдалған
•
құрылымдалмаған
•
транскрипт
•
графикалық
Барлық сабақтардан кейін қатысқан сабақтарға бірлесіп талқылау жүргізу
ұсынылады. Бақылаушының сабақты бақылау уақытының аралығы әртүрлі
болуы мүмкін – бүкіл сабақ бойы, сабақтың жартысы немесе сабақтың аз ғана
бөлігі. Ең бастысы, сабаққа қатысуды таңдап алған уақыт аралығында оқу
бағдарламасының шеңберінде оқу мақсатын жүзеге асыру бойынша нақты
қорытынды жасауға мүмкіндік болуы тиіс.
Сабаққа қатысқан кезде өте сыпайы және мейірімді болу керек. Егер
сабақтың бірінші жартысын бақылау жоспарланған болса, онда уақытында
келу, сіздің сабаққа қатысуыңыздың негізгі мақсатын түсіндіру маңызды.
Мұғалім жұмыс жасайтын қысқа мерзімді сабақ жоспарымен танысуға болады.
Егер сабақтың екінші жартысын бақылау жоспарланған болса, онда сынып
бөлмесіне кірген кезде сабақ барысына кедергі келтірмеуге тырысыңыз. Сабақ
кезінде сынып бөлмесі қолайлы болса және бұл оқу процесіне кедергі
келтірмесе, сынып ішінде қозғалуға болады.
Бақылаудың мақсаты сабақтың тиімділігін бағалау үшін мәліметтер жинау
және негіздеме жасау болып табылатынын есте сақтау қажет.
Бақылау фокусы мұғалімнің қызметіне де, білім алушылардың қызметіне
де бағытталған, себебі білім алушылардың оқу бағдарламасы мен ресурстарды
қабылдауы оны табысты енгізудің маңызды индикаторларының бірі болып
табылады.
Ұсынылған сабақты бақылау парағын пайдалану ұсынылады (2-қосымша).
Сабақтың бақылау парағын қолдана отырып, төмендегі мәселелерді
көрсету қажет:
36
1. Оқу мақсаттары сапалы оқытуға және жүйелі-іс-әрекет тәсілін жүзеге
асыруға ықпал етті ме?
2. Сабақта кең ауқымды және жоғары деңгейдегі ойлау дағдылары дамыды
ма?
3. Сабақта білім алушылардың іс-әрекеттері оқу мақсаттарына қол
жеткізуге ықпал етті ме?
4. Білім беру процесін ұйымдастырудың сапасы?
5. Білім алушылар жаңа нәрселерді үйренді ме?
6. Білім алушылар мұғалімнен кері байланыс ала ма және ол оқу
процесінде оқушыларға қалай көмектеседі?
7.
Қалыптастырушы бағалау тиімді пайдаланыла ма?
8.
Қалыптастырушы бағалау білім алушылар үшін мотивация бола ала ма?
9.
Қалыптастырушы бағалауды жүргізу кезінде мұғалім қолданатын
тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келе ме?
10. Мұғалім қалыптастырушы бағалауда сараланған тапсырмаларды
қолдана ма?
Сабақта педагогикалық әдіс-тәсілдерді, білім алушылардың оқу
тапсырмаларын орындауын, мұғалімнің оқу материалын ұсыну форматын және
мұғалім тарапынан білім алушыларға эмоциялық қолдау көрсетуді тіркеу
қажет. Сабақты талдау кезінде мұғалімнің кәсібилігі мен біліктілігінің деңгейін
атап өту маңызды.
Сабақты бақылау аяқталғаннан кейін бақылау қорытындысын бірден
белгілеу ұсынылады. Сабақты көруге мүмкіндік бергені үшін мұғалімдерге
алғыс айту керек.
Сабақты бақылаудан кейінгі рефлексия
1. Сабақты бақылау парағындағы барлық негізгі тұстарын талқылау
басталғанға дейін белгілеу.
2. Сабаққа тікелей қатысқаннан кейін бақылауды белгілеуге болады.
3. Сабаққа қатысу қорытындысы бойынша талқылау өткізу. Талдауды
сабақтың/сабақ үзіндісінің оң аспектілерінен бастау қажет, одан кейін келесі
сабақтарға дайындалу кезінде ескеруді қажет ететін маңызды тұстарды атап өту
қажет. Мұғалімнің жеке қасиеттеріне емес, сабақтың сәтті немесе керісінше,
сәтсіз нәтижелерінің дәлелдемелеріне назар аудару қажет.
4. Маңызды бөлшектерді жіберіп алмау үшін талқылау кезінде барлық
аталған тұстарды жазып отыру ұсынылады.
5. Талқылау кезінде мұғалімге кері байланыс беру үшін сабаққа айтылған
негізгі түсініктемелерді анықтау қажет.
6. 1 сабақты немесе сабақтың фрагментін талқылау уақыты 15 минуттан
аспайды, өйткені қатысқан барлық сабақтарды талқылау қажет.
7. Сабаққа қатысты кері байланыс барысында, ең алдымен, мұғалімге
өтілген сабақ жөнінде не ойлайтынын, яғни сабақта ненің жақсы өткенін және
тиімді оқыту үшін нені жақсартуға болатынын сұрау керек.
Мұғалім өз пікірін білдіргеннен кейін сабақтың оң сәттерінен бастап,
жақсартуға болатын немесе жақсарту қажет болған сәттерді талқылау арқылы
37
диалогті жалғастыра отырып, кері байланыс беру қажет.
Сабақтарды бақылау оқу пәндерін оқыту практикасын жақсарту,
мұғалімнің кәсіби өсуі мен дамуы, сондай-ақ білім алушылардың білім сапасын
арттыру үшін негіз болуы тиіс. Сабақтарды бақылау нәтижелері педагогикалық
кеңестердің отырыстарында мезгіл-мезгіл тыңдалуға тиіс.
Назар аударыңыз! Педагогтер олардың кәсіби қызметіне тән
емес міндеттерге (пәтер және аула аралау, түлектерді ҰБТ пункттеріне
жеткізу және т.б.) тартылмауы тиіс.
Сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша жалпы
білім беретін мектептердің рейтингін өткізуге жол берілмейді.
Орта білім беру ұйымдары Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық үшін
сынақ тестілеуін өткізуге қатыспайды, ал мұғалімдер мепктеп бітірушілерді
ҰБТ тапсыру пункттеріне алып баруды және ҰБТ базасын толтыруды
қамтамасыз етпейді.
Назар аударыңыз!
Әрбір педагог мұғалім мәртебесіне сәйкес болуы және педагогикалық
әдеп қағидаларын Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының,
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің,
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының ережелеріне, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік
қағидалары мен нормаларына сәйкес сақтауы тиіс.
Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері педагогикалық әдептің
жалпы қағидалары мен нормаларын басшылыққа алуға міндетті.
Педагогикалық этиканың негізгі принциптері:
•
адалдық
•
әділдік
•
жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу
•
жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу
•
кәсіби ынтымақтастық
•
кәсіби дамудың үздіксіздігі.
Ең алдымен педагог қызметкерлер өз қызметінде Қазақстан
Республикасының педагог қызметкері жоғары атағының беделін түсіретін іс-
әрекеттерді жасауға жол бермеуі тиіс, өзінің қызметтік міндеттерін адал және
сапалы орындай отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша
шаралар қолдануы тиіс, өзінің жеке мінез-құлқымен әділдік, адалдық және
38
әділеттілік үлгілерін көрсетуі тиіс.
Педагог өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік
стилін ұстауы маңызды.
Білім беру ұйымдарында, білім беру ұйымдарынан тыс, интернет-
кеңістікте педагогтің мінез-құлық мәдениеті мұғалімнің жоғары атағына
сәйкес болуы тиіс. Педагог педагогтің беделіне нұқсан келтіретін,
педагогиканың принциптері мен талаптарына қайшы келетін мінез-
құлыққа, оның ішінде интернет-кеңістіктегі мәліметтердің таралуына
жол бермеуі тиіс.
Педагог кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын
алу жүйесінің органдарына
өмірлік қиын жағдайда жүрген баланы анықтау
фактілері туралы хабардар етуге міндетті.
Сондай-ақ педагог құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандардың
қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер
(әрекетсіздік) жасау фактілері туралы, сондай-ақ ұйымдардан тыс жерде кәсіби
қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы хабарлауға тиіс;
Педагог ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге білім алушылар мен
тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес береді,
оқыту мен тәрбиелеудегі ортақ жауапкершілік принциптерін түсіндіреді.
Назар аударыңыз! «Білім туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 61-бабы 2-тармағының
3-
тармақшасына сәйкес білім беру ұйымдарының қызметінде ашықтықты
қамтамасыз ету бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында білім
беру ұйымдарының басшылары Қамқоршылық кеңеспен бірге оқу жылының
аяқталуы бойынша ата-аналардың, жұртшылықтың қатысуымен кездесулер
өткізуді (қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпарат) қамтамасыз етуі қажет.
Сонымен қатар, 2019-2020 оқу жылында Білім беру ұйымдарының
басшылары жеке ресми интернет-ресурстарда «Білім және ғылым ұйымдары
қызметіндегі ашықтық қағидатын іске асыру туралы» ҚР Білім және ғылым
министрінің бұйрығына қосымшаға сәйкес (өзгерістер енгізілген жаңдайда)
тарификация мен штаттық кестені жариялауды қамтамасыз етуі қажет.
Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, қалаларының білім
басқармаларының, сондай-ақ білім бөлімдерінің басшылары ата-аналар мен
жұртшылықтың сұрақтарына белсенді жауап беру үшін Call-орталықтың
жұмысын қамтамасыз етуі қажет.
Аталған материалдарды интернет-ресурстарда орналастыру мониторингін
қамтамасыз ету көзделіп отыр.
39
2.
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫ МЕН СЫНЫПТАРЫНДА
ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2019-2020
оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басым
бағыттары:
-
мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру;
-
ерте жастағы балалардың дамуы;
-
әлеуметтік дағдылар мен өзін-өзі оқыту дағдыларын дамыту;
- 4
К дағдыларын дамыту (креативтілікті, сыни ойлауды дамыту, тіл
табысуға дайын
және командада жұмыс істей білу).
Мектепке дейінгі дайындық білім беру жүйесінің бастапқы сатысы
ретінде мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен
үздіксіздігін қамтамасыз етеді, 5 жастағы балалардың интеллектуалдық және
физикалық дамуы үшін жағдай жасайды.
Мектепке дейінгі дайындық міндетті және отбасында, мектепке дейінгі
ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың
мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады ("Білім туралы"ҚРЗ 30-бабының
2-
тармағы). Мемлекеттік білім беру ұйымдарында мектепалды даярлық тегін
болып табылады.
Мектепке дейінгі дайындық шеңберінде балаларда мектепке әлеуметтік-
психологиялық, тұлғалық, ерік-жігері, физикалық және зияткерлік дайындығы
қалыптасады.
Мектепке дейінгі дайындықтың негізгі міндеттері:
балалардың мектепте оқуға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.
Бұл міндет ұйымдастырылған оқу қызметін жүзеге асыру, еркін қызметті
қалыптастыру арқылы іске асырылады (не істейді? не үшін жасайды? қалай
жасайды?), өзін-өзі оқыту дағдыларын қолдану.
мектепте оқуға ынтасын қалыптастыру.
Білімқұмарлықтың, шығармашылық белсенділіктің және қоршаған ортаға
бейімділіктің, бастамашылдықтың дамуына ықпал ететін алған білім арқылы
жүзеге асырылады.
40
мектепке дейінгі жастағы балалардың ерте дамуы.
Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында педагогикалық
процесті жүзеге асырудың негізгі бағыттары
Білім беру процесі балаларды мектепте оқуға табысты дайындау үшін
сапалы білім беру қызметтерін ұсынуға бағытталған.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 2019-2020 оқу жылында келесі
міндеттер анықталды:
-
балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту;
-
білім беру процесін жетілдіру;
-
баланы тәрбиелеу және дамыту, оның ішінде инклюзивті білім беру
мәселелерінде ата-аналарды қолдау;
-
балаларды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу.
Білім беру процесін жетілдіру;
2019-
2020 оқу жылында меншік нысанына қарамастан мектепалды
даярлық сыныптары мен топтарындағы тәрбие-білім беру процесінің мазмұны
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына (бұдан әрі-Стандарт) сәйкес қамтамасыз етіледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына жас мерзімділігіне
қатысты өзгерістер енгізілді (22 тармақтың 2 тармақшасы) :
-
мектепалды жас: мектепалды топтар, сыныптар – 5 жастан бастап;
Білім беру процесі келесідей жүзеге асырылады:
-
ортақ тақырыптар негізіндегі перспективалық жоспар;
-
апталық циклограмма;
-
диагностика негізіндегі мониторинг (бастапқы, аралық және
қорытынды).
Перспективалық жоспар ортақ тақырыптар негізінде оқу жылына
құрастырылады. Оны құрастырудың негізі мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың Типтік оқу бағдарламасы болып табылады.
Ортақ тақырыптарды таңдау кезінде педагог өңірлік ерекшеліктерге,
балалардың жасына немесе білім беру ұйымының тақырыптық бағытына
бағдарлана отырып, шығармашылық құзыреттілікті көрсетуі тиіс.
Жоспарланған ортақ тақырыптар, олардың саны мен сабақтастығы
негізінде педагогикалық кеңесте қаралады және бекітіледі.
Болашақ жоспарға сәйкес әр апта сайын «Денсаулық», «Коммуникация»,
«Таным», «Шығармашылық», «Социум» білім беру салаларының интеграциясы
арқылы топтастырылған тақырыптар негізінде циклограмма құрастырылады.
Мектепалды даярлық тобы мен сыныбындағы мониторинг әр түрлі
кезеңдердегі баланың даму динамикасын анықтауға, педагогтың алдағы іс-
қимылдарының жоспарын белгілеуге, оның жеке дамуы үшін қажетті
жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді.
Мониторинг шеңберінде жетекші әдіс баланы бір күн ішінде бақылау
әдісі болып табылады. Жартыжылдық бойынша үлгілік бағдарламада
ұсынылған білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер мониторинг
жүргізуге арналған индикаторлар болып табылады.
Диагностика оқу жылының басында, ортасында және аяғында
41
жүргізіледі:
-
бастапқы-қыркүйек;
-
аралық-қаңтар;
-
қорытынды-мамыр.
Бастапқы бақылау үлкен топтың ІІ жартыжылдығының күтілетін
нәтижелері негізінде жүргізіледі. Педагог психологпен және педагог-
мамандармен ынтымақтастықта Типтік оқу бағдарламасының мазмұнын
меңгеру деңгейін анықтайды.
І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аралық диагностика
жүргізіледі (қаңтарда). Аралық диагностиканы өткізудің мақсаты баланың даму
динамикасын анықтау болып табылады.
Қорытынды диагностика II жартыжылдықтың нәтижелері негізінде
жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша Типтік оқу бағдарламасының
мазмұнын меңгеру деңгейі анықталады және баланың одан әрі даму
перспективалары белгіленеді.
Стандарт талаптары баланың дамуының 3 деңгейінің болуын көздейді:
1 –
деңгей-бала қандай да бір әрекеттерді қайталайды;
2 –
деңгей-бала не істейтінін түсінеді;
3 –
деңгей-бала білетінін қолдана алады.
Мониторинг нәтижелері бақылау парағында толтырылады. Алынған
деректер негізінде балалармен жұмыс істейтін педагогтермен толтырылатын
баланың жеке даму картасы толтырылады және баланың білім беру
ұйымдарына келген уақытында жүргізіледі.
"Қорытынды" бөлімінде оқу жылының соңына қарай баланың
жетістіктері белгіленеді және келесі жылға түзету жұмысы бойынша шаралар
айқындалады.
Жыл соңында педагог бастапқы, аралық, қорытынды мониторинг
нәтижелері бар жиынтық есепті құрастырады, оны оқу ісінің меңгерушісіне
(әдіскерге), балалардың іскерліктері мен дағдыларын дамыту динамикасын
бағалау үшін береді.
Мектепалды даярлық сыныбындағы (тобындағы) мониторинг "Мектепке
дейінгі балалық шақ" республикалық орталығының сайтында орналасқан
"мектепке дейінгі жастағы балалардың икемділігі мен дағдыларын дамыту
мониторингі бойынша әдістемелік ұсынымдарға" сәйкес жүргізіледі –
www.rc-
dd.kz
.
Ұйымдастырылатын оқу қызметін жүргізуге қойылатын талаптар
1) ұйымдастырылған оқу қызметінің барынша рұқсат етілген көлемі мен
ұзақтығын қамтамасыз ету;
2) мектепалды даярлық сыныбының (тобының) ұйымдастырылған оқу
қызметінің санитарлық ережелерге сәйкес келуі.
ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 «мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары» бұйрығына 5 жастағы балаларға
арналған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
* «Коммуникация» білім саласы»:
-
«көркем әдебиет» ЖОП міндеттеріне Драма» енгізілген, апталық оқу
42
жүктемесінің көлемі 1 сағатты құрайды. ;
-
«Шет тілі» ЖОП вариативті бөлімге ауыстырылды.
* «Социум» білім беру саласы»:
-
«экология негіздері» ЖОП міндеттері «қоршаған ортамен танысу»
ЖОП енгізілген, апталық оқу жүктемесінің көлемі-0,5 сағатты құрайды.
Осыған байланысты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болады.
Апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы рұқсат етілген жалпы көлемі - 20
сағат:
-
қазақ тілінде оқыту: инвариантты бөлім - 17 және вариативті бөлім - 2
сағат;
-
орыс тілінде оқыту: инвариантты бөлім - 18, вариативті бөлім - 2 сағат.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы 25-30 мин. құрайды.
Сабақтар арасындағы үзілістерде орташа қарқынды қозғалмалы ойындар,
дербес қызмет ұйымдастырылады.
Вариативті компонентті анықтау кезінде баланың жас және жеке
ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, оның қажеттіліктері, мүдделері, сондай-ақ
білім беру ұйымы қызметінің бағыттары ескерілуі тиіс. Вариативті компонент
сынып/мектепалды даярлық тобы балаларының рұқсат етілген жүктемесінің
деңгейінен аспауы тиіс.
Вариативтік бөлімге ағылшын тілін, логиканы, білім беру ұйымдарының
мүмкіндіктерін (кабинеттердің болуы, штат кестесінің сәйкестігін) ескере
отырып қызығушылықтары бойынша сабақты енгізу ұсынылады.
«
Бүлдіршіндер мектебі» - жазғы кезеңге арналған мектеп жанындағы
дайындық курстары
Негізгі міндеттер:
баланың мектепте оқуға деген эмоционалды-оң көзқарасын
қалыптастыру.
Арнайы білім беру ортасын құру, зияткерлік – психологиялық ойындар
өткізу, бірінші сыныпта жалғасатын психологиялық - педагогикалық
сүйемелдеуді қамтамасыз ету арқылы іске асырылады.
болашақ оқушы тұлғасын қалыптастыру.
«
Таным», «Социум», «Коммуникация», «Шығармашылық» білім беру
салаларын біріктіру арқылы жүзеге асырылады.
«
мектепалды даярлық - бастауыш мектеп» сабақтастық
қағидатын сақтау.
«
Қарапайымнан күрделіге дейін» дидактикалық принциптерді жүзеге
асыру арқылы іске асырылады, бірізділік, жүйелілік, ғылымилық, қол
жетімділік.
Баланың мектепке дайындығының критерийлері:
тұлғалық дайындық - оқу мотивациясы (мектепке барғысы келеді;
мектептегі оқытудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді; жаңа білім алуға
қызығушылық танытады);
зияткерлік дайындық - баланың ойлау операцияларының дағдыларын
меңгеру: талдау, синтез, салыстыру, жалпылау.
43
Әлеуметтік - психологиялық дайындық-жаңа әлеуметтік жағдайларға
бейімделе білу, ересектермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасай
білу.
«Бүлдіршіндер мектебі» жыл сайын жазғы кезеңде мектептер жанынан 2
ай бойы құрылады. Министрлік ұсынылған курс бағдарламасы ЖАО-ға
жіберілді (ҚР БҒМ 2019 жылғы 12 шілдедегі № 11-6/607 хаты).
Баланы тәрбиелеу және дамыту, оның ішінде инклюзивті білім беру
мәселелерінде педагогтер мен ата-аналарға қолдау көрсету.
Стандартқа ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жасына қарай
топтарға қосу шарттарын көздейтін норма енгізілген. Бір топқа осы санаттағы
үш баладан артық емес балалар енгізілуі мүмкін, бұл ретте балалардың жалпы
саны ерекше білім беру қажеттілігі бар бір балаға үш тәрбиеленуші
қатынасында азаяды.
Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту
Ағымдағы оқу жылында қауіпсіз білім беру ортасын құруға, балалардың
өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерін шешуге бағытталған денсаулық
сақтау технологияларын қолдануға ерекше назар аударылатын болады.
Балалармен, ата-аналармен жұмыс тәжірибесін алмасу, тарату үшін педагогтар
қауымдастығының онлайн порталы енгізілді.
Балаларды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу
Қазіргі заманғы жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени
құндылықтар негізінде балаларды Қазақстан халқының рухани-адамгершілік
мұрасына тарту; ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және тәрбие үдерісіне
белсенді қосу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Балаларды құрдастарына мейірбан, достық қарым-қатынас жасауға
үйрету; адамгершілік әрекеттерге шақыру; адамдарға құрмет сезімін,
мейірімділік, қайырымды іс жасауға ниеттендіру.
Мектепке дейінгі ұйымның және білім беру ұйымының мектепке
Достарыңызбен бөлісу: |