ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет13/47
Дата22.10.2019
өлшемі6,1 Mb.
#50440
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылы


 

         

Примечание:  По  языковым  предметам  в  суммативном  оценивании  за  раздел 

объединяются два вида речевой деятельности (например, аудирование и говорение, чтение и 

письмо).  

Итоговая  аттестация  обучающихся  является  частью  системы 

критериального  оценивания,  которая  также  включает  формативное  и 

суммативное оценивание. 

         

Целью 


оценивания 

является 

определение 

степени 


освоения 

обучающимися  объема  учебной  программы  по  предмету  «Русский  язык»  в 

соответствии  с  Государственным  общеобязательным  стандартом  основного 


 

103 


 

среднего образования. 

         

Итоговая  аттестация  обучающихся  9-х  классов  охватывает  содержание 

Типовой учебной программы по предмету «Русский язык» (с русским языком 

обучения)  для  5-9  классов  уровня  основного  среднего  образования  по 

обновленному  содержанию.  Уровень  знаний  и  умений,  а  также  навыки 

обучающихся определяются ожидаемыми результатами ГОСО.          

        

Экзамены  проводятся  согласно  Типовым  правилам  проведения  текущего 

контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся в 

организациях  образования,  реализующих  общеобразовательные  учебные 

программы  начального,  основного  среднего,  общего  среднего  образования, 

утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан 

«

Об  утверждении  Типовых  правил  проведения  текущего  контроля 



успеваемости,  промежуточной  и  итоговой  аттестации  обучающихся  для 

организаций  среднего,  технического  и  профессионального,  послесреднего 

образования» от 18 марта 2008 года № 125. 

 

«Қазақ әдебиеті» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде) 

2019-

2020  оқу  жылында  «Қазақ  әдебиеті»  пәні  бойынша  5-9-сыныптар 



жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларымен оқитын болады

Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу 

бағдарламалары  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясының 

сайтында  орналастырылған  (https://www.nao.kz/Білім  беруді  оқу-әдістемелік 

қамтамасыз  ету/Оқу  бағдарламалары/  Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің 

жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ әдебиеті). 

 

«Қазақ  әдебиеті»  пәні  бойынша  оқу  бағдарламасының  мақсаты  – 



оқушыларды  шығармашылық  ойлауға  бағыттау,  олардың  өз  ойларын  ауызша 

еркін  жеткізуіне  және  жаза  білуіне  қолдау  көрсету,  дәлелдер  келтіру, 

салыстыру және талдау, бағалау дағдыларын қалыптастыру.  

5-9-


сыныптарда  оқу  процесі  «Жалпы  білім  беру  ұйымдарына  арналған 

жалпы  білім  беретін  пәндердің,  таңдау  курстарының  және  факультативтердің 

үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу 

туралы» ҚР Білім және ғылым министрі м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 

бұйрығымен  (ҚР  Әділет  министрлігінде  2017  жылы  13  қарашада  №  15982 

тіркелген)  бекітілген  «Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  «Қазақ  әдебиеті» 

пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасымен»  жүзеге 

асырылады. 

 

Назар аударыңыз! 

Аталған бұйрық бойынша 9-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің 

үлгілік  оқу  бағдарламасында  К.  Гамсунның  «Аштық»  романының  орнына 

Қажығали Мұхамбетқалиевтің «Тар кезең» романы енгізілді.   

 

Жалпы  білім  беретін  мектептерде  әдебиетті  оқытуда  қазақ  әдебиетінің 



мазмұнын,  стилін,  идеяларын  және  жанрын  бағалай  білуге,  талдау  жасауға, 

 

104 


 

шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.  

Пәннің  оқу  бағдарламасы  «шиыршық»  қағидаты  негізінде  әзірленген, 

яғни  оқу  мақсаттары  мен  тақырыптардың  басым  көпшілігі  белгілі  бір  оқу 

кезеңінен  кейін  (оқу  жылы  барысында  немесе  келесі  сыныптарда)  білім  мен 

дағдының  көлемі  көбірек,  тереңірек,  күрделірек  деңгейде  қайта 

қарастырылады. 

Әр  сынып  бойынша  дағдыларды  қалыптастырып,  дамыту  үшін  оқу 

мақсаттарының жүйесі берілген. 

Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ 

мерзімді  жоспарда  әр  сынып  бойынша  қамтылатын  шығармалар,  сағат  саны, 

оқу мақсаттары нақты көрсетілді. 

«Қазақ  әдебиеті»  пәнін  оқытудың  мақсаты  –  оқушылардың  бойында 

гуманистік,  адамгершілік-эстетикалық,  ұлттық  құндылықтарды  тәрбиелеу; 

ұлттық  әдеби  туындылармен қатар  әлем  әдебиеті  туындыларымен  таныстыру; 

көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы 

мазмұн  мен  түр  бірлігінде  көркемдік  тұтастық  пен  көркемдік  бейнені  талдау, 

жинақтай  білу,  шығарма  идеясын,  жазушы  ұстанымын  бағалай  білу 

дағдыларын қалыптастыру. 

«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, 

кино,  музыка)  салыстыра  қарастырып,  өз  ойын  еркін,  дәлелді,  сараптай, 

салыстыра  отырып  жеткізе  білетін  тұлғаның  қалыптасуына  үлес  қосады. 

Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География» 

пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып, 

жүзеге асыру көзделеді.  

Негізгі орта білім  берудің (жаңартылған  мазмұнның) 

үлгілік 

оқу 


жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі: 

1) 5-

сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында  – 68 сағат; 

2) 6-


сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында  – 68 сағат;  

3) 7-


сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында  – 68сағат; 

4) 8-


сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында  – 102 сағат; 

5) 9-


сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында  – 102 сағат. 

«Қазақ  әдебиеті»  пәнінің  оқу  бағдарламасы  үш  негізгі  дағдыны 

басшылыққа алады: 

1) 


түсіну және жауап беру; 

2) 


анализ және интерпретация; 

3) 


бағалау және салыстыру. 

 

«Түсіну  және  жауап  беру»  бөлімі  аясындағы  бөлімшелер  білім 

алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді: 

- 

көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау; 



- 

әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу; 



- 

көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау; 



- 

шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.  



«Анализ және интерпретация» бойынша:  

әдеби  шығарманың  композициясын,  композициялық  амал-тәсілдерді 

талдау;  


 

105 


 

шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау; 

көркем  шығарманың  тілін,  көркемдегіш  құралдардың  қолданысын 



талдау; 

көркемдегіш  құралдарды  пайдалана  отырып,  шығармашылық  жұмыс 



жазу. 

«Бағалау және салыстыру» бойынша: 

- 

шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру; 



- 

әдеби  шығармаларды  заманауи  тұрғыда  салыстырып,  жаңашылдығына 

баға беру; 

шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу; 



әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни 

мақала жазу дағдыларын дамыту. 

Қазақ әдебиеті туындылары жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері мен 

даму  мүмкіндіктеріне  сәйкестендіріле,  қазақша  ойлау  және  сөйлеу,  жазу, 

тыңдағанын  түсіну,  монолог,  диалог,  пікірталас  жасау  дағдыларын 

қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған.  

Үлгілік  бағдарламада  көркем  шығарма  санының  аз  болуы  ұлттық 

құндылықтарымыздың  оқушы  бойына  сіңірілуіне  еш  кедергі  келтірмейтінін, 

ғылыми  таным  мен  түсінік,  салт-дәстүр  мен  ұлттық  сана  әдеби  туындыларды 

талдап, зерделеп және бағалап, зерттей оқу арқылы ғана көңілге тоқылатынын 

ескеру керек. 

Қазақ  әдебиетінің  әр  кезеңінде  жазылып,  өзінің  көркем  құндылығын 

жоғалтпай  келе  жатқан  туындылармен  танысу  арқылы  оқушы  әдеби  талдау, 

сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. 

Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген 

тізімге сай жүзеге асады. 

«

Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау саны 

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 

Төменде  оқу  пәнінен  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ) 

рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 

 

Сынып 



Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны  

1-

тоқсан 



2-

тоқсан 


3-

тоқсан 


4-

тоқсан 


5-

сынып 




6-

сынып 





7-

сынып 





8-

сынып 





9-

сынып 





 

Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  6  және  7-сыныптарында  «Қазақ 



әдебиеті» пәнінің базалық мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктірілген. 

Өлкетану  –  бұл  туған  өлкенің  тарихы,  табиғаты  мен  экологиясы, 

экономикалық, әлеуметтік-құқықтық дамуы, рухани шыққан тегі, әдебиеті және 

көркемөнері.  Өлкетану  өзіңнің  туған  жерінді  аялауды,  сүюді  ғана  үйретіп 



 

106 


 

қоймайды,  сондай-ақ  ол  туралы  білуіңді,  тарихқа,  өнерге,  әдебиетке 

қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа 

бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласы  аясында  әзірленген 

«Өлкетану» материалдарын оқыту: 

білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған 



жер  аумағында  болып  жатқан  тарихи  процестердің  негізгі  кезеңдері  мен 

ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру; 

туған  өлкенің  табиғи  байлықтары,  тарихи  ескерткіштері  және  мәдени 



нысандары туралы білімдерін кеңейту;  

туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір 



мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;  

туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет 



сезімдеріне  тәрбиелеу;  оларды  қорғауға  жауапкершіліктерін  арттыруға 

бағытталған. 

Өлкетану материалдары 6, 7-сыныптарда 2 сағаттан 4 сағат көлемінде 

оқытылады.  Өлкетану  материалдары  оқу  бағдарламасының  базалық  білім 

мазмұны  мен  ұзақ  мерзімді  жоспардың  3  және  4-тоқсандарына  енгізілді.  Оқу 

бағдарламасы  бойынша  тоқсандағы  бөлімдер  мен  бөлім  ішіндегі  тақырыптар 

бойынша  сағат  сандарын  бөлу  мұғалімнің  еркінде  болғандықтан  «Өлкетану» 

материалдарын кіріктіріп оқыту ұсынылады. 



Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері: 

Өлкетану  мәдени  және  ұлттық  сәйкестікті  дамыту  мен  сақтаудың 

маңызды  міндетін  орындайды.  Өлкетанулық  білім  жаңа  буынды  аймақтың 

мәдени  құндылықтарымен  қамтамасыз  етіп  отыратын  әлеуметтік-мәдени 

ақпарат көзінің бірі.Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік 

береді. 


6-

сыныпта «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Өлкені сипаттау 

өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің табиғаты және 

тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған өлкенің 

ақындары  мен  жазушыларының  шығармашылығын  білуге,  олардың 

шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның 

көркемдік,  тілдік  ерекшеліктері  негізінен  өлкетану  сипаттамаларын  талдауға 

үйрету ұсынылады. 

7-

сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем» 



электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет-

журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар 

туралы  мақалалар  мен  очерктерді  ақпараттылығы,  мазмұнының  тереңдігі, 

эмоционалдық  әсері  тұрғысынан  талдауға,  энциклопедия  ұғымын  түсінуге, 

энциклопедияға  қажетті  материалдарды  іріктей  білуге,  электрондық 

энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады. 



Әдістемелік  бірлестік  отырыстарында  қазақ тілі  мен әдебиеті  пәні 

мұғалімдерінің  кәсіби  біліктілігін  жетілдіру  үшін  (әдістемелік  бірлестік, 

жас  мамандар  мектебі,  педагогикалық  шеберлігін  жетілдіру  мектебі, 

шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының  

 

107 


 

келесі мәселелерін қарау ұсынылады: 

1. 


Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы  негізінде  сабақты  жоспарлау 

мен  критериалды бағалау; 

2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау. 

3. Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі; 

4. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары; 

5. 


Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі; 

6. 


Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны 

шешу жолдары; 

7. Тыңдалым дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер;  

8. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы; 

9. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер; 

10. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары; 

11.  Грамматикалық  тақырыптарды  лексикалық  тақырыптармен 

сабақтастырудағы шеберлік; 

12. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру; 

13. «Эссе жазу стратегиясы туралы»; 

14. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі. 

Негізгі  білім  беру  деңгейіне  арналған  «Қазақ  тілі»,  «Қазақ  әдебиеті» 

пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім мазмұны 

мұғалімді  де,  оқушыны  да  оқу  әрекетіне  белсенді  қатысуға,  өз  пікірін  айтуға, 

өзінің  сөйлеген  сөзіне  дәлел  келтіруге,  кейіпкерлер  арқылы  өмірлік 

ситуацияларды  шешу  жолдарын  ізденуге,  ең  бастысы  жаңаша  ойлайтын 

тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

«Қазақ  әдебиеті»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстар  мен 

тәрбиелік  іс-шараларды  жоспарлау  және  ұйымдастыру  кезінде  2019-2020 

оқу  жылында  аталып  өтілетін  мерейтойлық  күнтізбелік  күндерге  назар 

аударуды ұсынамыз: 

2019  жылғы  9  шілде  –  қазақ  әдебиетін  қалыптастырушылардың  бірі, 

жазушы,  публицист,  драматург  Жүсіпбек  Аймауытовтың  туғанына  130  жыл 

(1889 - 1931); 

15 қазан – қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 95 

жыл 


(1924-1991); 

15 


қазан  –  қазіргі  қазақ  әдебиетінің  негізін  қалаушылардың  бірі,  ақын, 

жазушы,  мемлекет  қайраткері  Сәкен  Сейфуллиннің  туғанына  125  жыл 

(1894-

1939); 


22  қазан  –  Қазақстанның  халық  жазушысы,  қоғам  қайраткері,  қазақ 

әдебиетіне  зор  үлес  қосқан  тұлға  Әбдіжәміл  Нұрпейісовтің  туғанына  95  жыл 

(1924); 

15  қараша  –  қазақтың  көрнекті  жазушысы,  драматург  Бейімбет 

Майлиннің туғанына – 125 жыл (1894-1938) 

25  желтоқсан 

– 

халық  жазушысы,  қазақ  ақыны,  журналист,  Қазақстан 



Республикасы  Парламенті  мәжілісінің  депутаты  Фариза  Оңғарсынованың 

дүниеге келгеніне 80 жыл 

(1939 - 2014); 

2020  жылғы  10  тамыз  –  қазақтың  ұлы  ақыны,  ағартушы,  ойшыл,  жазба 



 

108 


 

қазақ  әдебиетінің,  қазақ  әдебиетінің  негізін  қалаушы,  философ,  композитор, 

аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл (1845 -

1904). 


2020  жылы  қазақ  халқының  ұлы  ақыны,  ағартушысы  Абай 

Құнанбайұлының  175  жылдық  мерейтойын  жоғары  ұйымдастырушылық  және 

мазмұндық  деңгейде  мерекелеуді  қамтамасыз  ету  мақсатында  2019  жылғы  30 

мамырда «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Қаулысы  жарық  көрді.  Қаулыда  2020 

жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына 

арналған  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  өткізу,  Абай 

Құнанбайұлының  175  жылдық  мерейтойын  Біріккен  Ұлттардың  Білім,  ғылым 

және  мәдениет  мәселелері  жөніндегі  ұйымы  (ЮНЕСКО)  мен  Халықаралық 

түркі  мәдениеті  ұйымы  (ТҮРКСОЙ)  аясында  мерекелеуді  ұйымдастыру 

жөнінде тапсырмалар берілген.   

5 қазан – ақын, жауынгер, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, 

Қазақстан  Жазушылар  одағының  төрағасы,  КСРО  және  ҚазКСР  Мемлекеттік 

сыйлықтарының  лауреаты,  екі  мәрте  «Еңбек  Қызыл  Ту»,  II  дәрежелі  «Отан 

соғысы», «Құрмет Белгісі» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Жұбан 

Молдағалиевтың туғанына 100 жыл (1920 - 1988). 

Мектепте  сыныптан  тыс  жұмыстар  төмендегі  шаралар  арқылы  жүзеге 

асады: 


базалық  кәсіпорындарда,  табиғат  аясында,  мәдени  мекемелерде, 

мұражайларда; 

таңдауы  бойынша  еркін  сабақтар,  оқу  пәндері  бойынша  сайыстар  мен 



олимпиадалар жүргізу; 

оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; 



кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. 

Сыныптан  тыс  жұмыстар  білім  алушылардың  пәнге  деген 

қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге 

үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім 

алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 



«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқушыларды кітап оқуға баулу, сөйлеу тілін 

дамыту  мақсатында  жазғы  демалыс  кезінде  оқитын  оқу  бағдарламасына 

қосымша көркем шығармалардың тізімі ұсынылды.  

Көркем  шығармалардың  тізімі  оқушылардың  жас  ерекшелігі  мен  келесі 

сыныпта оқылатын және оқулықта үзіндісі ғана берілетін шығармалар ескеріліп 

жасалды.  Жаңа  оқу  жылының  басында  жазда  оқыған  шығармалары  бойынша 

«Оқушы күнделігі», «Мен оқыған кітап» және т.б. тақырыптарда көрме өткізуге 

болады.  Көрмеге  әр  оқушы  өзі  оқыған  туынды  бойынша  шығармашылық 

жұмысын  ұсынады.  Жұмыс  фотоколлаж,  эссе,  жарнама,  сурет  т.с.с.  түрде 

жасалуы  мүмкін.  Оқушылардың  жұмысын  арнайы  сарапшылар  талдап, 

қорытындысын шығарады.  

«Оқырман  күнделігі»  тақырыбындағы  іс-шарада  оқушы  оқыған 

шығарманың мазмұнын: 

• 

сұрақ қою; 



 

109 


 

• 

тірек сөздерді жазу; 



• 

оқиғаның түйінін жазу; 

• 

оқиғаны суретке түсіру түрінде дәптерге түсіреді. 



 

Шығармалар тізімі төмендегі кестеде берілген: 



5-

сынып 

1) «Қобыланды батыр» жыры; 

2) «Қазақ ертегілері», «Ер Төстік», «Аяз би» ертегілері; 

3) Әбділда Тәжібаев «Толағай»; 

4) 

Мұхтар Әуезов «Жетім»; 



5)  Ыбырай  Алтынсарин  «Талаптың  пайдасы»,  «Әке  мен  бала»,  «Таза 

бұлақ» әңгімелері;  

6) Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа» мысалы, «Анама хат» өлеңі; 

7) Бердібек Соқпақбаев  «Менің атым Қожа» хикаяты; 

8) Сапарғали бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі; 

9) Бердібек Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат» повесі; 

10) Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым», «Мен таулықпын» өлеңдері; 

11) 


Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі; 

12)  Жұмекен  Нәжімеденов  «Сен  ақылды  болсаң  екен»,  «Жаманыңды 

көрмесем» өлеңдері.  

6-

сынып 

1) 


«Алпамыс батыр» жыры; 

2) «Қыз Жібек» жыры; 

3) Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесі; 

4) Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» повесі; 

5) 

Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі; 



7) Талап Сұлтанбеков «Ғажайып планета»; 

8) Мұхтар Әуезов «Көксерек»; 

9) Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала»; 

10) 


Ілияс Жансүгіров «Жетісу суреттері» өлеңі; 

11) С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»; 

12) Төлен  Әбдіков «Қонақтар»; 

13

) А.С.Пушкин «Ескерткіш». 



7-

сынып 

1) Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»; 

2) 

Ш.Қанайұлы «Зар заман»; 



3) 

Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны; 

4) 

С.Аронұлы «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы»; 



5) 

М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы; 

6) 

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы; 



7) 

Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі; 

8) М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»; 

9) М.Шаханов «Сырдария»; 

10) Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі; 

11) Қазтуған Сүйінішұлы «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі; 



 

110 


 

12) 


Д.Исабеков «Әпке» драмасы; 

13) 


Ж.Сахиев  «Айдағы  жасырынбақ»,  «Дабыл»  фантастикалық 

әңгімелері; 

14) Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі. 

8-

сынып 

1) Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастаны; 

2) Рабғузи «Лұқман хакім» қиссасы; 

3) Сайф Сараи «Түрікше Гүлстан» кітабы; 

4) Тұрмағамбет Ізтілеудің «Адамдық іс» өлеңі; 

5) 


Саттар Елубаев «Ақбоз үй» романы; 

6) Мұқағали Мақатаев «В.А.Моцарт «Жан азасы» поэмасы; 

8) 

Х.Ерғалиев «»Құрманғазы» поэмасы; 



9) Қажығали Мұхамбетқалиев «Тар кезең» романы; 

10) 


Т.Айбергенов «Сағыныш» өлеңі;  

11) 


Д.Исабеков «Қарғын» романынан үзінді; 

12) 


Расул Ғазатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі; 

13) 


С.Шәймерденов. «Битабар балуан» повесі; 

14) «Қалихан Ысқақов. «Қоңыр күз еді» повесі; 

15) 


С. Елубай «Жалған дүние» романы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет