ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет18/47
Дата22.10.2019
өлшемі6,1 Mb.
#50440
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылы


 

 

 

«География» оқу пәні 

«География»  пәнінің  мазмұны  келесі  жүйелі-әрекеттік  нәтижелерге  қол 

жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс:  

функционалдық  білім  мен  білік,  жоспарлау  дағдылары,  талдау  мен 



өңдеу,  түсіндіру,  жүйелеу,  алгоритм  бойынша  жұмыс  істеудің  қалыптасуы; 

 

151 


 

зерттеушілік, тәжірибе-эксперименттік дағдыларды жетілдіру;  

бағалау мен қорытынды жасауды тиянақтау; әлемнің заманауи ғылыми-



жаратылыстану  бейнесінің  негізін  қалаушы  түсініктерді,  заңдылықтарды, 

теориялар  мен  принциптерді,  табиғатты  танудың  ғылыми  әдістері,  табиғатты, 

экономиканы және қоғамды кешенді зерделеу негізінде адамзаттың жаһандық 

және жергілікті проблемаларын түсіну;  

экологиялық мәдениеттің, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлаудың 



дамуы;  

патриоттық  сезімді,  қоршаған  ортаға  жауапкершілікпен  қарауды 



тәрбиелеу;  

білім  алушылардың  ғылыми-жаратылыстану  бағыттары  бойынша 



кәсіптік бағдарын жүзеге асыру. 

Бағдарламаның шиыршықты құрылымына байланысты 8-сыныптағы пән 

мазмұны  білім  алушылардың  өткен  оқу  жылында  алған  білімдері  мен 

дағдыларын одан әрі тереңдетеді және дамытады. 

«Географиялық  зерттеу  әдістері»  бөлімінде  географиялық  ақпаратты 

визуалдау,  өз  зерттеулерінде  далалық,  картографиялық,  теориялық  әдістерді 

қолдану,  сандық  және  сапалық  деректерді  өңдеу  мен  талдау,  еліктемелік 

(иммитациялық), графиктік, мәтіндік, математикалық және басқа да модельдер 

құрастыру,  жұмыс  нәтижесін  түрлі  формада  ұсыну  дағдыларын  одан  әрі 

дамытуға көңіл аудару қажет. 

«Картография  және  географиялық  деректер  базасы»  бөлімінде  білім 

алушыларды  тақырыптық  карталарды  жіктеуді  және  оқуды,  сонымен  қатар 

оларды  қосымша  сипаттайтын  профиль,  диаграмма,  график,  кесте  тәрізді 

элементтерін  құрастыруды  үйрету  қажет.  Географиялық  номенклатура 

нысандарымен  жұмыс  істеу  дағдалырын  дамытуды  жалғастыру  ұсынылады. 

Білім  алушылар  тілдік  дағдыларын  дамытуларымен  қатар,  сәйкес 

түсініктемелер  бере  отырып  географиялық  нысандарды  картадан  батыл 

көрсетуді де үйренулері тиіс. Егер 7-сыныпта бұл бөлім бойынша географиялық 

деректердің кесте түріндегі қарапайым базасын жасау қарастырылған болса, 8-

сыныпта  тиісті  оқыту  мақсаттарына  қолжеткізуде  АКТ  біртіндеп  қолдану 

қарастырылған. 

7-

сыныпта «Литосфера» бөлімі бойынша жер қыртысының құрылысы, ірі 



геотектуралар  оқытылады.  8-сыныпта  тақырып  жер  бедері  түрлерінің,  тау 

жыныстары мен минералдардың, пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын 

оқумен  жалғастырылады.  Бұл  бөлімді  жергілікті  жер  бедерінің  тұрғындардың 

тіршілігі  мен  шаруашылығына  тигізетін  әсеріне  баға  берумен  қорытындылау 

ұсынылады. Білім алушылардың өз ойларын дәлелді жеткізулеріне көңіл аудару 

қажет. 


7-

сыныпта  «Атмосфера»  бөлімінде  метеорологиялық  құбылыстар,  ауа 

райы  мен  оның  элементтері  зерделенеді.  8-сыныпта  жер  шарының  түрлі 

бөліктеріндегі  климаттың  ерекшеліктерін  қарастыру  ұсынылады.  Сонымен 

қатар, климатты, атмосфераның ғаламдық циркуляциясы оқытылады.  

7-

сыныпта  «Гидросфера»  бөлімндеі  Дүниежүзілік  мұхит  және  оның 



бөліктерін оқудан басталады да, құрлық суларын оқумен жалғастырылады. Бұл 

 

152 


 

тақырыпты оқу барысында қазақстандық және жергілікті компонентті қосымша 

қамтуға баса назар аударылуы тиіс.  

«Биосфера»  бөлімі  бойынша  7-сыныпта  биосфераның,  топырақтың 

құрамы  мен  құрылымы,  ал  8-сыныпта  табиғат  зоналары  мен  Жердің  биіктік 

белдеулері  оқытылады.  Сонымен  қатар  балалар  өсімдік  әлемі  мен  жануарлар 

дүниесін қорғаудың қажеттілігін дәлелдейді, қорғау жолдарын ұсынады. 

«Табиғи-аумақтық  кешендер»  бөлімі  бойынша  өткен  оқу  жылында 

«Табиғи-аумақтық  кешендер»  ұғымы,  олардың  пайда  болу  шарттары  мен 

мысалдары,  кеңістіктік  рангтары  анықталған  болатын.  Биылғы  оқу  жылында 

білім  алушылар  географиялық  қабықты  планетарлық  масштабтағы  табиғи-

аумақтық кешен ретінде және оның даму заңдылықтарымен танысады. 

7-

сыныпта  «Халық  географиясы»  бөлімі  бойынша  адамзаттың  нәсілдік 



және діни құрамы оқытылады. 8-сыныпта халық санының және құрылымының 

негізгі  көрсеткіштерін  есептеу  арқылы  дүниежүзіндегі,  Қазақстан 

Республикасындағы және өлкедегі демографиялық жағдайды анықтау бойынша 

жүйелі әрекет басталады. 

«Табиғи ресурстар» бөлімі бойынша 7-сыныпта «табиғи ресурс» ұғымы, 

оларды  жіктеудің  негізгі  тәсілдері  мен  шоғырлану  орындарына  көңіл 

аударылады.  8-сыныпта  білім  алушылар  табиғат  ресурстарын  экономикалық 

және экологиялық тұрғыдан бағалайды, дүниежүзінің жекелеген аймақтарының 

табиғи-ресурстық әлеуетін анықтайды. 

«Әлеуметтік-экономикалық  ресурстар»  бөлімінде  көлік  және  әлеуметтік 

инфрақұрылым  туралы  білім  беріледі.  8-сыныпта  сауда  және  қаржы 

инфақұрылымы оқытылады. 

«Дүниежүзілік  шаруашылықтың  салалық  және  аумақтық  құрылымы» 

бөлімінде  білім  алушылар  дүниежүзі  шаруашылығын  өнеркәсіп  және  ауыл 

шаруашылығына  жіктеудің  қарапайым  түрімен  танысады.  8-сыныпта 

дүниежүзілік  шаруашылықты  өндіруші,  өңдеуші  және  қызмет  көрсету 

салаларына  жіктеуді,  сонымен  қатар  аталған  салалардың  қызметін 

ұйымдастыру  түрлеріне  сипаттама  беруді,  түрлі  салалардың  өнеркәсіпті 

орналастыру  факторларына  талдау  жасауды,  дүниежүзі  шаруашылығы 

салаларын жоспар бойынша сипаттауды үйренеді.  

«Елтану  және  саяси  география  негіздері»  бөлімінде  7-сынып  білім 

алушылары  дүниежүзі  елдерінің  географиялық  және  экономикалық-

географиялық  жағдайына  баға  беру  ерекшеліктерін  зерделейді.  8-сыныпта 

дүниежүзінің  саяси  картасын,  оның  негізгі  нысандары  мен  олардың 

ерекшеліктерін,  картадағы  сандық  және  сапалық  өзгерістерді,  дүниежүзі 

елдерінің саяси ынтымақтастығының қажеттілігі мен ерекшеліктерін оқиды.  

Пәннің  үлгілік  оқу  бағдарламасында  шиыршықты  оқу  мақсаттары 

қарастырылған.  Бағдарламаның  бірінші  және  екінші  бөлімдеріндегі  мақсаттар 

әр  бөлімде  қайталанып  отырады.  Оларды  оқу  және  дамыту  екі  рет,  яғни: 

бірінші рет – бірінші тоқсанда дербес тақырыптар мен сабақтар ретінде, екінші 

рет  –  келесі  бөлімдердің  барлық  тақырыптарын  оқу  барысында  шиыршықты 

мақсаттар ретінде жүзеге асырылуы арқылыжүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 

Тапсырмалардың  белгілі  бір  бөлігі  оқу  бағдарламасындағы 


 

153 


 

«Географиялық  зерттеу  әдістері»  мен  «Картография  және  географиялық 

деректер  базасы»  бөлімдерінің  шиыршықты  мақсаттарын  жүзеге  асыруды 

қарастырады,  сонымен  қатар  барлық  бөлімдердің  оқылатын  тақырыбының 

мақсаттарын  толықтырады.  Бұл  мақсаттар  бойынша  әр  сабақтың  тәжірибеге 

бағытталуын  қамтамасыз  ететін  зерттеушілік  және  картографиялық 

дағдыларды  қалыптастыруға  арналған  тапсырмаларды  әзірлеуді  қарастыру 

қажет. 


8-

сыныпта  материктердің  ерекшеліктері  зерделенеді.  Оқытудың 

стандарттық,  ақпараттық  тәсіліне  қарағанда,  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік 

оқу  бағдарламасы  оқытудың  белсенді  мақсаттары  арқылы  планетаның 

материктерін әрекетті зерделеуді талап етеді. Бұл білім алушылардың әр түрлі 

ақпарат көздерін және салыстыру, талдау, бағалау және жинақтау тәрізді ойлау 

операцияларын қолдана отырып, әрбір материктің ерекшелігін анықтайды. 

«Туған  жер»  бағдарламасын  жүзеге  асыру  мақсатында  үлгілік  оқу 

жоспарында  қазақстандық  және  өлкетанулық  материалдарды  қамту 

қарастырылған. 

9-

сыныпта 


Қазақстан 

географиясы 

оқытылады, 

бағдарламада 

Географиялық  зерттеу  әдістері.  Зерттеу  және  зерттеушілер.  Қазақстандық 

географтардың зерттеулері, Картография және географиялық деректер базасы,  

Физикалық  география.  Литосфера.  Қазақстан  аумағының  геологиялық  тарихы 

және тектоникалық құрылымы. Қазақстанның басты орографиялық нысандары. 

Қазақ  оронимдері,  Әлеуметтік  география.  Халық  географиясы.  Қазақстан 

халқының  ұлттық  және  діни  құрамы,  Экономикалық  география.  Табиғи 

ресурстар.  Қазақстанның  табиғи-ресурстық  әлеуеті,  Елтану  және  саяси 

география  негіздері.  Дүниежүзі  елдері.  Елдердің  экономикалық  даму  деңгейі 

бойынша  топтастырылуы.  Халықаралық  ұйымдардың  деңгейлері  мен 

мақсаттары.  Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси-

географиялық  жағдайы.  Қазақстандағы  саяси-әкімшілік  хоронимдер 

оқытылады. 

Мұғалімнің 

білім 


алушылардың 

танымдық 

қызығушылық 

ерекшеліктеріне  сәйкес  келетін  неғұрлым  қызықты  және  шығармашылық 

тапсырмаларды таңдау мүмкіндігі бар.  

Білім  алушыларды  әртүрлі  географиялық  ақпарат  көздерімен,  олардың 

ішінен  қажетті  ақпаратты  табу,  оны  талдау  және  түсіндіру,  бағалау  және 

қойылған  мақсатқа  жету  үшін  қолдану  тәрізді  жұмыс  түрлерін  істеуге  үйрету 

маңызды болып табылады. 

Негізгі  оқу  материалы  сабақта  меңгерілуі  тиіс  екеніне  көңіл  аударамыз. 

Оқылмаған  материалды,  сонымен  қатар  географиялық  номенклатура 

нысандарын  үйде  оқуға  тапсыру  мүмкін  емес.  Үй  тапсырмасының  басты 

қызметі – сабақта меңгерілген білім мен біліктерді бекіту болып табылады. 

 


 

154 


 

7-

сыныпқа  арналған  «География»  оқу  пәнінің  «Физикалық  география» 



бөліміне өлкетану бойынша екі тақырып енгізілді: «Туған өлкенің флорасы мен 

фаунасы»  және  «Менің  өлкемнің  визит  карточкасы:өлкетанулық  деректер 

қорын дайындау». Аталған тақырыптарды оқыту кезінде өзінің туған өлкесіне 

тән  өсімдіктер  мен  жануарларды  зерттеу  бойынша  ұжымдық  жұмыстарды, 

оларды  қорғау  жөнінде  іс-шараларды  ұйымдастыру,  ақпараттық-

коммуникациялық технологиялардың көмегімен өлкенің деректер қорын жасау 

ұсынылады. 

«География» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 

Төменде  оқу  пәнінен  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ) 

рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 

 

Сынып 



Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны   

1-

тоқсан 



2-

тоқсан 


3-

тоқсан 


4-

тоқсан 


7-

сынып 




8-

сынып 





9-

сынып 







 

«Биология» оқу пәні 

Биологиялық  ғылымдар  тірі  организмдердің  құрылымы  мен 

функцияларын,  олардың  дамуы  мен  тіршілік  ортасымен  өзара  қарым-

қатынасын  зерттейді.  Қазіргі  заманғы  көзқарастар  бойынша  өмір  –  бұл  ірі 

органикалық  молекулалардан  тұратын  және  энергия  мен  қоршаған  ортамен 

заттармен  алмасу  нәтижесінде  өз  өмірін  сақтап  қалуға  және  өзін-өзі  қалпына 

келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің өмір сүру процесі.  

«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық 

дүниенің  көптүрлілігітуралы,  ондағы  болып  жатқан  процестер  мен 

заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның 

ажырамас бөлігі туралы саналы түсінікқалыптастыру. 

Оқу пәнінің міндеттері: 

1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің 

құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың 

негізгі  патшылықтары  ағзаларының  көбеюі  мен  дамуы,  экожүйе, 

биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру; 

2)  экологиялық  этика  нормалары  мен  ережелерін,  табиғатқа 

жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру; 

3)  генетикалық  сауаттылықты  қалыптастыру  –  салауатты  өмір  салты 

негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау; 

4)  оқушылардың  тұлғалық  қасиеттерін  дамыту,  биологиялық  білімдерін 

практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, 

экологиялық  менеджмент  және  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы 

практикалық іс-шараларға қатысу. 

«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  


 

155 


 

1) 


7-

сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;  

2) 

8-

сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; 



3) 

9-

сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.  



 

Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды: 

1) тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері; 

2) көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму; 

3) ағза мен қоршаған орта; 

4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар  

Жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламасына  жаңадан  қосылған 

тақырыптар: 

• 

Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану; 



• 

Аэробты және анаэробты тыныс алу 

• 

Дүниежүзілік Тұқым қоры; 



• 

Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу; 

• 

Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда 



алынатын өнімдері; 

Сонымен  қатар  жаңа  бағдарламада  терең  меңгеруге  арналған  бірқатар 

тақырыптар берілген: 

• 

Өкпедегі газ алмасу және ұлпалық тыныс алу механизмдері; 



• 

Контрацепцияның маңызы; 

• 

Ағзалардың тірі қалу стратегиялары; 



• 

Түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсері. 

 

Сабақтарды  жоспарлау  кезінде  практикалық  дағдыларды  дамытуға 



бағытталған белсенді оқыту әдістерін қолданған дұрыс.  

   


Мұғалімдер назарына!!! 

Оқу  бағдарламасы  бойынша  7-9-сыныптарда  қарастырылатын 

зертханалық  жұмыстар  мен  модельдеу  жұмыстары  міндетті  түрде  жүргізілуі 

тиіс.Себебі қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары 

білім алушының ізденіс қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасайды. Модельдеу 

жұмыстары  білім  алушының  өзіндік  ғылыми  ізденіс  жұмысына  бағытталған  

болғандықтан  тоқсанның  басында  беріледі,  оны  орындау  үшін  нақты  уақыты 

айқындалады.  Сонымен  қатар  берілген  жұмыстар  бағаланады.  Оқу 

бағдарламасы  бойынша  қарастырылған  демонстрациялық  жұмыстар 

бағаланбайды.  Демонстрациялық  жұмысты  орындау  үшін  мұғалім  кез-келген 

ақпарат көзін пайдалана алады.  

7-

сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 4 модельдеу қарастырылған.. 



 

 

 



Зертханалық жұмыстар 

Модельдеу 

Демонстрация 

1-

тоқсан 





 

156 


 

2-

тоқсан 





3-

тоқсан 




4-

тоқсан 




Барлығы 

14 


 



8- 

сыныпта  14  зертханалық  жұмыс,  2  модельдеу,  2  демонстративтік 

жұмыс қарастырылған, оның ішінде қолданыстағы  бағдарламада 8-сыныптан – 

3 жұмыс алынған. 11 зертханалық жұмыс жаңадан қосылған. 

 

 

 



Зертханалық жұмыстар 

Модельдеу 

Демонстрация 

1-

тоқсан 





2-

тоқсан 




3-

тоқсан 


 



4-

тоқсан 


 



Барлығы 

14 


 



9- 

сыныпта 8 зертханалық жұмыс, 1 модельдеу, 7 демонстративтік жұмыс 

қарастырылған. 

 

 



 

Зертханалық жұмыстар 

Модельдеу 

Демонстрация 

1-

тоқсан 


 



2-

тоқсан 


 



3-

тоқсан 




4-

тоқсан 


 



Барлығы 



 

  

Білім саласы бойынша  қолданбалы курстарға  немесе  таңдау  курстарына 



ұсынылатын тақырыптар: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер», 

«Әлемнің  ғылыми-жаратылыстану  эволюциялық  бейнесі»,  «Биологиядағы 

математикалық  модельдер  және  әдістер»,  «Тамақтану  және  денсаулық», 

«

Экологиялық  этика»,«Биология  және  денсаулық»,  «Әлемнің  заманауи 



ғылыми-жаратылыстану  бейнесі»,  «Биологиялық  белсенді  қоспалар»,  «Бәрі 

біздің түп-тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Әлемнің інжу маржаны 

(7–9-

сынып  қыздарына  арналған  курс)»,  «Менің  денсаулығым  –  менің 



қолымда»,  «Тірі  жасуша  жұмбақтары»,  (Тұқым  қуалаушылықтың 

заңдылықтары»,  «Биологияның  проблемалары»,  «Жасушалар  және  тері»,  «Үй 

іргесіндегі телім», «Биогеография проблемалары», «Тері – денсаулық айнасы», 

«Заманауи микробиология», «Нанотехнологияға кіріспе». 

Мұғалімдердің  өздігінен  білімін  жетілдіруіне  және  әдістемелік 

бірлестіктерге  ұсынылатын  тақырыптар:  «Биология  сабағында  білім 

алушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыру»,  «Биология  және  химия 

сабақтарында  кіріктіріп  оқытуды  қолдану»,  «Биологияны  оқытуда  пәнаралық 

байланыстарды жүзеге асыру», «Оқу еңбегінің дағдыларын қалыптастыру және 

ұйымдастырудағы  рефлексияның  рөлі»,  «Биология  сабақтарында  білім  алушы 

тәрбиесіндегі  экологиялық  бағыт»,  «Сабақта  білім  алушылардың 

шығармашылық  және  зияткерлік  қабілеттерін  дамыту»,  «Ойлау  әрекетін 



 

157 


 

белсендендіру  кұралы  ретінде  жаңа  материалды  зерделеудегі  проблемалық 

тәсіл»,  «Білім  алушының  белсенді  өздік  жұмысы  арқылы  проблемалық 

жағдайларды  жасау»,  «Білім  алушылардың  сабақта  және  сабақтан  тыс 

уақыттағы  ғылыми  және  жобалық  жұмыстары»,  «Білім  алушыларды 

олимпиадаға  дайындау  әдіс-тәсілдері»,  «Оқу  процесін    жаңғырту  жағдайында 

сабақтарға ақпараттық технологияларды қолдану». 

Тақырыптар  мұғалімдердің  мүмкіндіктері  және  жағдайларына 

байланысты өзгертілуі мүмкін. 

«Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 

Төменде  оқу  пәнінен  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау 

рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 

 

Сынып 



Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны   

1-

тоқсан 



2-

тоқсан 


3-

тоқсан 


4-

тоқсан 


7-

сынып 




8-

сынып 





9-

класс 







 

«Химия» пәні оқу 

Химия – заттар, олардың қасиеттері, құрылымы және олардың бір-біріне 

айналуы туралы ғылым.  

Химия органикалық және бейорганикалық заттардың құрамын, заттардың 

құрылымын,заттардың  өзара    әрекеттесу  қабілетін  зерттейді  және  химиялық 

энергияның  жылу,  электр,  жарық  тағы  басқа  энергияларға  өту  құбылыстарын 

зерттейді. 

«Химия»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 

1) 

7 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты;  



2) 

8 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды; 

3) 9 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 

Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды: 

1) заттардың бөлшектері; 

2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары; 

3) химиядағы энергетика; 

4) химия және қоршаған орта; 

5) химия және өмір.  

7-

сыныпта  жаңартылған  мазмұндағы  бағдарламаға  «Заттардың 



агрегаттық  күйінің  өзгеруі»  тақырыбындазаттардың  агрегаттық  күйлерінің 

өзгеруін  бөлшектердің  кинетикалық  теориясы  тұрғысынан  оқыту  тұңғыш  рет 

енгізілді,  бұл  білім  алушыларға  заттардың  құрылысы  мен  қасиеті  арасында 

себеп-салдар  байланыстарды  жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Мұғалімдерге 

ескеретін  жайт  кесте,  диаграмма,  суреттер,  графиктер  түрінде  берілген 

ақпаратты  құруға  көбірек  көңіл  бөлу  керек,  білім  алушыларға    физика  мен 

математика сабақтарында қалыптасқан  дағдыларды қолдана отырып, тәжірибе 


 

158 


 

барысында  температураны  өлшеп  және  өздерінің  бақылауларын  жинақтап, 

тиісті қызу және салқындау үрдістерінің графиктерін салуды ұсынуға болады.  

«Адам  ағзасындағы  химиялық  элементтер»  бөлімі  химия  пәні 

бағдарламасына  жаңадан  қосылып  отыр,  бөлімде  қоректік  заттар,  адам 

ағзасындағы  химиялық  элементтер  (О,  С,  Н,  N,  Ca,  P,  K),  химиялық 

элементтердің  тірі  және  өлі  табиғаттағы  таралуы,  адам  ағзасындағы  микро- 

макроэлементтердің биологиялық рөлі, тыныс алу үдерісі, тамақтану теңгерімі 

ұғымдары берілген.  

Сондай-ақ білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға 

бағытталған  зертханалық  және  практикалық  жұмыстарды  орындау 

қарастырылған: 

«Тағам  құрамындағы  қоректік  заттарды  анықтау»  №  4  практикалық 



жұмысы; 

«Тыныс алу процесін зерттеу» № 11 зертханалық тәжірибе. 



Бұл  жаңа  бөлімнің  негізгі  танымдық  міндеттері  –  білім  алушыларды 

шынайыөмірдегі  кейбір  маңызды  биологиялық  процестердің  химиялық 

тараптарымен таныстыру. Биология курсынан алған білімді пайдаланып, білім 

алушылар  адам  ағзасының  химиялық  құрамын  оқыпбіледі.  Мұнда    сондай-ақ  

адам  ағзасына  кері  әсер  ететін  зиянды  заттар  туралы  мәліметтер  беріп, 

салауатты өмір салтын ұстануға бағыттауға көңіл бөлу қажет.  

Жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламасына  «Тағам  құрамынан 

қоректік заттарды анықтау»деп аталатын жаңа практикалық жұмыс енгізілген. 

 

«Геологиялық химиялық қосылыстар» бөлімі де жаңадан енгізіліп отыр. 



Бұл  жаңа  бөлімде  пайдалы  геологиялық  химиялық  қосылыстар,  табиғи 

ресурстар,  кен  орны,  кен,  кеннің  құрамы,  минералдар,  табиғи  ресурстарды 

өндіру,  металдарды  алу,  Қазақстанның  пайдалы  қазбалары,  минералдарды 

өндірудің экологиялық аспектілері ұғымдары оқытылады.  

Қазақстанның  байлығы  болып  табылатын  жанар  май  қоры  мен 

минералдық  ресурстар  туралы  білім  алушыларға  «Жаратылыстану»  және 

«География» пәндерікурсынан өз білімдерін жинақтап қорытуға мүмкіндіктері 

бар.Жер  қыртысының  химиялық  құрамы,  кендерден  металл  өндіру  негіздері 

мәселелері  қарастырылады.Бұл  тақырыпты  зерделеу  жансыз  табиғатта  өтіп 

жатқан  процестер  туралы  білімддерін  тереңдетуге,  сондай-ақпатриоттық 

сезімдерін оятуға мүмкіндік береді. 

8-

сыныптың  оқу  бағдарламасында  жаңадан  қосылған  «Химиялық 



реакциялардағы  энергиямен  танысу»  бөліміндетиісінше  экзотермиялық  және 

эндотермиялық  реакциялар,  термохимиялық  реакциялар,отындардың  жануы 

мен  энергиясын  бөлуі,  кинетикалық бөлшектер  теориясы  тұрғысынан  энергия 

өзгерту жаңа ұғымдар зерделенеді. 

Жану  –  ол,  жылу  мен  жарықты  қоса  бөле  отырып  оттегімен  жоғары 

жылдамдықта өтетін реакция. 

Жанатын  бөліктің  басты  өнімі  көміртек,  ол  көп  мөлшерде  жылу  бөліп 

шығарады. Кейде көміртек қосылыстары шала жанған кезде өмірге қауіпті улы 

газ-иіс газы СО және күйе С түзіледі.  

Термохимиялық  теңдеулерді  дұрыс  жазуға  көңіл  бөлу  маңызды. 



 

159 


 

Термохимиялық  теңдеулерді  жазғанда  заттардың  агрегаттық  күйлерін  әріппен 

белгілеуге назар аудару қажет, мысалы: 

Н

2



(г) + Cl

2

 



(г) =2HCl (г) +184 кДж 

N

2



(г) + О

2

(г) = 2NO(г) -180 кДж 



Жаңартылған 

мазмұндағы 

бағдарламада 

практикалықіс-

әрекеттердағдыларын  қалыптастыру    әлдеқайда  көп  дәрежеде  қарастырылған. 

Бұл арада практикалық және зертханалық жұмыстар ерекше рөл атқарады. 

8-

сыныпта  жаңартылған  бағдарлама  бойынша  10  зертханалық  тәжірибе 



берілген,оның ішінде 3-уі жаңа: 

«Әрекеттесуші  заттар  массасының  арақатынасы»  №  2  зертханалық 



тәжірибе; 

«Энергияның  өзгеруімен  жүретін  химиялық  реакциялар»  №  4 



зертханалық тәжірибе; 

«Судың кермектігін анықтау» № 10 зертханалық тәжірибе. 



«Әрекеттесуші  заттар  массасының  арақатынасы»  зертханалық 

тәжірибесінде білім алушылар әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік 

жолмен анықтайды. 

 

«Энергияның  өзгеруімен  жүретін  химиялық  реакциялар»  зертханалық 



тәжірибе 2-ші тоқсанда өткізіледі. Бұл зертханалық тәжірибеде білім алушылар 

экзотермиялықреакциялар  жылуды  бөле  отырып,  ал  эндотермиялық 

реакцияларжылуды  өзіне  сіңіре  отырып  өтетінін  танып  біледі.Тәжірибені 

оындаған  кезде  білім  алушылардың  қорғаныш  көзілдірік  кигендігін  қадағалау 

керек.  

№ 10 «Судың кермектігін анықтау» зертханалық тәжірибесі«Су» бөлімін 

өткенде өткізіледі. Білім алушылар судың «кермектігін» анықтайды және оны 

жою тәсілдерін түсіндіреді.  

Жаңартылғанмазмұндағы 

типтік 


оқу 

бағдарламасы 

бойынша 

қолданыстағы  бағдарламамен  салыстырғанда  7-8-сыныптар  үшін  зертханалық 

жұмыстар саны көбейді.  

 

40 



кесте  -  зертханалық  және  практикалық  жұмыстар  мен 

демонстрациялар өткізутізімі берілген.  

 

Жұмыс түрлері 



7-

сынып 


8-

сынып 


9-

сынып 


Демонстрациялар  



16 

Зертханалық тәжірибе  

11 

10 


16 

Практикалық жұмыстар     





 

Оқу жылы ішінде химия пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктеріне 

төмендегідей тақырыптар ұсыныс ретінде беріледі: 

Химияны  оқыту  практикасында  заманауи  дидактикалық  тәсілдерді 

жүзеге  асыру.  Оқытудағы  жүйелік  әрекет  және  тұлғаға  бағытталған  тәсілдер. 

Білім алушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту. 

Пәнішілік  және  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру.  Белсенді  және 

интербелсенді оқыту әдістерімен химия сабақтарында білім беру саласындағы 



 

160 


 

ынтымақтастықты ұйымдастыру тәсілдері. 



Білім  мен  дағдыларды  түзету  бойынша  іс-шараларды  ұйымдастыру, 

өзін-өзі  бағалаудағдыларын  дамыту  бойынша  іс-шаралар  ұйымдастыру. 

Химия  пәні  бойынша  оқу  сабақтарында  бақылау-бағалау  процесінде  білім 

алушылардың ұйымдастырушылық және білімділік қабілеттерін қалыптастыру. 

Білім  алушылардың  бірін-бірі  бақылау,бірін-бірі  бағалау,  өзін-өзі  бағалау,кері 

байланыс тәсілдерін тиімді пайдалану, пәнді оқытуда анықталған кемшіліктерді 

жою бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру. 



Жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарындағы  химия  пәнін  оқытуда  

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. 

Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін дамыту 

және  білім  сапасын  арттыру  мақсатында  химия  сабақтарында  және  сабақтан 

тыс  қызметте  заманауи  технологияларымен  электронды  білім  беру  оқыту 

құралдарын пайдалану. Медиа білім беру құзыреттілігін қалыптастыру: талдау, 

бағалау,  ақпаратты  пайдалану,  оны  түсіндіру  және  жаңа  мәселелерді  шешу 

үшін қолдану  

дағдыларын.  Компьютерлік  технологияларды  пайдалана  отырып 

химиялық эксперименттерді модельдеу әдістері (виртуалды зертхана). 

Академия  мұғалімдерге  білім  берудің  жаңартылған  мазмұнына  көшу 

жағдайына  әдістемелік  ұсынымдамалар  дайындады.  Ұсынымдамалар 

Академияның сайтына орналастырылған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет