«Шетел тілі» оқу пәні
Сөйлеу қызметінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым),
оқытылатын тілдің мәдениетаралық функциялары, тілдік жүйе (фонетика,
лексика, грамматика) «Шетел тілі» оқу пәнінің объектілері болып табылады.
2019-
2020 оқу жылында 10 сыныптар жаңартылған білім беру
мазмұнының келесі Үлгілік оқу бағдарламалары бойынша оқиды:
-
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған
жаратылыстану-математикалық
бағыттағы
«Ағылшын
тілі» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
-
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Ағылшын тілі» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
-
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған
«Француз тілі» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасы;
-
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Неміс
тілі» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Жалпы орта білім беруді аяқтағаннан кейін білім алушылар «Ағылшын
тілі» оқу пәні бойынша В2 деңгейіне, «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу
пәндері бойынша В1 деңгейіне жетуі тиіс.
Шетел тілін В1 және В2 сияқты жоғары деңгейлерде оқыту кезінде
оқытылатын тілдің сөйлеу нормаларын, өзге тілді ақпарат көздерімен жұмыс
істеу дағдыларын меңгеруге; білім алушыларды өз бетімен білім алуға
дайындауға, сондай-ақ өзге тілді қарым-қатынастың жеке тәжірибесін
меңгеруге; мәдениетаралық коммуникация процесінде талап етілетін жеке
тұлғаның дамуына ерекше көңіл бөлінеді.
Шетел тілін оқытудың жоғары деңгейлерінде білім беру мазмұнын
іріктеу білім алушылардың мәдениетаралық диалогқа, өзара түсіністікке
дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз етуі, оларда өзге мәдениеттерге
құрметпен қарауды тәрбиелеуі, өзге тілді қарым-қатынас процесінде өз ойлары
мен сезімдерін білдіру қабілетін дамытуы тиіс.
207
Оқу бағдарламасы, бөлімдері оқу жылында меңгерілетін және мұғалім
тоқсанда өтетін тақырыптардың реті мен сағатын еркін бөліп қоя алатын, ұзақ
мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.
Шетел тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-
сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Қосымша оқу уақыты:
-
шет тілді коммуникативтік іс-әрекет тәжірибесін кеңейтуге және
тереңдетуге мүмкіндік беретін күрделі коммуникативтік тапсырмаларды шешу
арқылы білім алушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға және
қабілеттерін жетілдіруге;
-
пәндік-тақырыптық мазмұнның базалық деңгейі бар бірыңғай шегінде
нәтижелі игерілетін лексикалық және грамматикалық материалдың көлемін
арттыруға;
-
оқытылатын тіл елдерінің әлеуметтік-мәдени ерекшелігінің феномендері
мен құбылыстарын интерпретациялау үшін білім алушылардың дайындық
деңгейін арттыруға;
-
оқытылатын тіл елдерінде қабылданған нормалар мен талаптарға сай
тілдік және тілдік емес мінез-құлықты жүзеге асыруға;
-
шетел тілін меңгеру бойынша білім алушылардың өздігінен білім алу
қызметіне дайындық деңгейін арттыруға;
-
сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде компенсаторлық қабілеттерді
жетілдіруге;
-
оқу-танымдық қабілеттерді дамытуға арналуы тиіс.
«Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын нақты саны бекітілген бөлім бойынша
жиынтық бағалау (БЖБ) және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу
қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалаудың
(БЖБ) нақты саны көрсетілген.
Сынып
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан
2-
тоқсан
3-
тоқсан
4-
тоқсан
10-
сынып
2
2
2
2
Шетел тілі бойынша білім беру процесін ұйымдастыру коммуникативтік
технологияларды (жобалар, сұхбаттар, рөлдік ойындар, пікірталастар, дебаттар,
конференциялар, байқаулар, қойылымдар және т.б.) жан-жақты пайдалануды
көздейді. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және
сабақтан тыс іс-әрекет мүмкіндіктерін белсенді пайдаланған жөн, бұл білім
алушылардың шетел тілін үйренуге ынтасын арттыру үшін, танымдық
қызметін, өзара тілдік қарым-қатынасын жандандыру, шығармашылық әлеуетін
дамыту үшін жағдай жасауға ықпал етеді.
Шет тілдік қарым-қатынас жағдайын модельдеуге мүмкіндік беретін және
мәдениетаралық қарым-қатынас құбылыстарын интерпретациялауда білім
алушылардың дербестігінің барынша ықтимал деңгейін қамтамасыз ететін
оқыту технологияларын үнемі пайдалану маңызды болып табылады.
208
2019-
2020 оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағыт пәндерінің
(математика, биология, химия, информатика) мұғалімдерімен бірге
кіріктірілген тақырыптық онкүндіктер өткізу ұсынылады. Онкүндіктер үш
кезеңде: бастауыш, одан кейін орта және жоғары сынып білім алушыларымен
өткізіледі. Аталған іс-шара пәннің аясында білім алушылар мен мұғалімдерді
жаңашылдықтарға ынталандырып қана қоймайды; мұғалімдердің өзара
тәжірибе алмасуына, қолданылатын әдістердің жетілдірілуі мен кіріктірілуіне
ықпал ететін болады. Оқып жатқан тілде сол елдің мәдениеті мен тарихын
терең зерделеу мақсатында маңызды күндер мен мерейтойларға назар аудару
ұсынылады, ол өз кезегінде, білім беру ұйымы базасында өткізілетін
тақырыптық іс-шараларда тікелей көрініс табуы тиіс.
Пәндік бақылау және бағалау бойынша ұсынымдар
Шетел тілі сабағында сөйлеу қызметінің барлық түрлері (айтылым,
оқылым, тыңдалым, жазылым / жазбаша сөйлеу) және коммуникативтік
құзыреттілікті
құрайтындар
(сөйлеу,
тілдік,
әлеуметтік-мәдени,
компенсаторлық, оқу-танымдық) болуы тиіс.
Сабақта оқу уақыты негізінен ауызша сөйлеу дағдылары мен қабілеттерін
дамыту және жетілдіру үшін қолданылады. Жаңа лексикалық және
грамматикалық материалды коммуникативтік жағдайларда енгізу және бекіту
ұсынылады; сабақта жұппен, топтармен жұмысты ұйымдастыру есебінен әрбір
білім алушының сөйлеу белсенділігі уақытын ұлғайту; міндетті түрде мәтін
алдындағы, мәтіндік және мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңдерін сақтай отырып,
оқылым мен тыңдалымға үйрету.
Жазбаша жұмыстардың түрлері көрсетілген оқу бағдарламасының
талаптарын сақтауға ерекше назар аудару керек. Жазбаша тапсырмаларды
орындау барысында сабақтың коммуникативтік сипаты бұзылады, негізгі оқу
тапсырмаларын орындау сапасы нашарлайды. Білім алушылардың оқу
жетістіктерінің нәтижелерін тексеру кезінде басымдылық бақылаудың ауызша
түрлеріне берілуі тиіс.
Білім алушылар ақпарат немесе хабарлама беру кезінде грамматикалық
құрылымдар мен шақ формаларын дұрыс пайдаланбауы мүмкін. Егер білім
алушы өз білімін көрсете алатын болса, олардың тілдік қателіктері бағаға әсер
ете алмайды, бірақ жіберілген қателіктерді ескеріп оларды қарапайым тілмен
білім алушыларға түсіндіру қажет.
Шетел тілін оқытуда үй тапсырмаларының әр түрлі: ауызша, жазбаша,
міндетті, таңдау бойынша, жалпы, сараланған, жеке, аралас, шығармашылық
түрлерін кезектестіру және үйлестіру ұсынылады. Шығармашылық сипаттағы
үй тапсырмалары білім алушылардың қалауы бойынша ғана берілуі мүмкін,
берілген жағдайда келесі сабаққа емес, алдын ала бірнеше сабақ бұрын.
Үй тапсырмалары тек сипаты бойынша ғана емес, сонымен қатар
жоспарланған қызметі бойынша да әр түрлі болуы тиіс.
Тамыздағы пәндік секцияларда келесі сұрақтарды талқылау
ұсынылады:
1. Жалпы орта мектепте жаңартылған білім беру мазмұны аясында шетел
тілін оқытудың ерекшеліктері.
209
2. Ағылшын тілінде оқытылатын ЖМБ (физика, химия, биология,
информатика) пәндері мұғалімдерінің және шетел тілі мұғалімдерінің
әдістемелік бірлестігінің жұмысын жоспарлау ерекшеліктері.
3. 2019-
2020 оқу жылы шетел тілін оқытуда мұғалімдердің семинарларын
және тәжірибе алмасуын жоспарлау.
4. «Шетел тілі» оқу пәнінің білім беру үдерісін ақпараттық-әдістемелік
қолдау.
Оқу жылы ішінде шетел тілі мұғалімдерінің әдістемелік отырыстарында
шетел тілі бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыруда қазіргі заманғы
тәсілдерді іске асыру; қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды құру;
қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүргізу; сындарлы кері байланыс
пен рефлексия жүргізу; шетел тілі бойынша сабақтан тыс қызметті
ұйымдастыру мәселелерін қарастыру ұсынылады.
«Абайтану» факультативтік курсы
«Абайтану» курсы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3
сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы жүзеге
асырылады.
Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты
таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін,
мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы
жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз
кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда
өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта
даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.
Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын
жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия
сайтына (
www.nao.kz
) орналастырылды.
Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныбына арналған «Абайтану»
курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген
жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті
есебінен жүргізу ұсынылады.
Курс жүктемесінің көлемі:
10-
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқужылында – 34сағатты;
11-
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқужылында – 34 сағаттықұрайды.
Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау,
сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
«Математика және информатика» білім саласы бойынша жаңартылған оқу
бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады: «Алгебра және анализ
бастамалары», «Геометрия», «Информатика».
210
Оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі төмендегі кестеде
көрсетілген.
Сынып
Оқу пәнінің атауы
Апталық
жүктеме
Жылдық
жүктеме
10
ЖМБ
Алгебра және анализ бастамалары
4
136
Геометрия
2
68
Информатика
2
68
10
ҚГБ
Алгебра және анализ бастамалары
3
102
Геометрия
1
34
Информатика
1
34
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Алгебра және анализ бастамалары»,
«
Геометрия» пәндерін оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-
үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның
логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту
арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға
мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқып-білуге
қажетті математикалық білім мен білік негіздерін игеру қоршаған ортаның
біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Мақсаты: қазіргі замандағы қоғамда өзін еркін сезінуге адамға қажетті
ойлау қасиеттерін қалыптастыру арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін
дамыту; практикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім
алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру.
Міндеттері:
-
Бағдарламаның «Алгебра», «Статистика және ықтималдықтар
теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша
математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға
жағдай жасау;
-
әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және
негізгі математикалық заңдарды қолдануға, сандық қатынастар мен кеңістіктік
формаларды оқып білуге ықпал ету;
-
есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық
модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын
математикалық модельдерді суреттеп беруге бағыттау;
-
практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен
олардың нақтылығын айқындауда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу
үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін
дамыту;
-
коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және
сауатты түрде беру, сонымен қатар түрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен
электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;
211
-
өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік,
белсенділік, табандылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді
дамыту;
-
математиканы
оқыту
процесінде
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.
2019-
2020 оқу жылындағы 10-сынып оқушыларына арналған
информатика пәнін оқып үйрену жаңартылған мазмұны бойынша жалпы орта
білім деңгейіндегі әлеуметтік-гуманитарлық пәннің 10-11-сыныптарының
информатика пәні бойынша типтік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады
(Білім және ғылым министрінің бұйрығына 16-қосымша). Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352
бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013
жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 410-қосымша) және типтік оқу
жоспарларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019
жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығына, Білім және ғылым министрінің
бұйрығына 191-қосымшаға сәйкес, жалпы орта білім берудің деңгейінің 10-11
сыныптарына арналған «Информатика» пәні бойынша; Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115
бұйрығына қосымша 407-қосымша.
Жалпы білім беру мектептің профильді сыныптарында информатика
курсын оқыту қоршаған орта туралы ақпаратты алуға, іздеуге, талдауға, сын
тұрғыдан бағалауға, ақпаратты таңдап алуға; ақпаратты жіберуге; объектілер
мен үдерістерді жобалауға, өз іс-әрекеттерін жоспарлауға; жоспарларды құруға,
түзетуге және іске асыруға бағытталған.
Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныптағы информатиканы
оқыту мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық
негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, оқушыларды ақпараттық
мәдениетке қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушылар жаңа
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
үнемі
пайдалануға
дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып
табылады.
Бұл білім саласы пәндерінің мазмұны бөлімдер бойынша берілген.
Бөлімдер бөлімшелерге бөлініп, әр бөлімшені оқып игеру сыныптар бойынша
күтілетін нәтижелер:дағдылар немесе біліктер, білім немесе түсініктертүрінде
оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген.
Сонымен қатар, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларында барлық
пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспар берілген. Онда курс материалы
тоқсандарға бөлініп көрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды
игеруге және бөлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары
көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлу құқығы практик-
мұғалімге берілген, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылып
болуы тиіс.
2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда оқу пәндердің
базалық мазмұнында аздаған өзгерістер бар.
212
1. 10-
сынып, «Алгебра және анализ бастмалары», жаратылыстану-
математикалық бағыт.
Пәнді оқытуға аптасына 4 сағат бөлінген. Осыған сәйкес пәннің базалық
мазмұны кеңейтілген.
Бірінші. Дәстүрлі түрде оқытылып келе жатқан бөлімдер тақырыптармен
толықтырылған. Атап айтқан:
- «
Функция, оның қасиеттері және графигі» бөліміне «Бөлшек-сызықты
функция»;
- «
Кері
тригонометриялық
функциялар»
бөліміне
«
Кері
тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер»;
- «
Туынды» бөліміне «Кері тригонометриялық функциялардың
туындылары»;
- «
Туындының қолданылуы» бөліміне «Функция графигінің иілу
нүктелері, функция графигінің дөңестігі»
- «
Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» бөліміне
«
Үлкен сандар заңы».
- «
Ықтималдық» бөліміне «Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы
(натурал көрсеткішті)», «Толық ықтималдық формуласы және Байес
формуласы», «Бернулли формуласы және оның салдарлары», «Нақты
құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдері».
Екінші. «Көпмүшелер» жаңа бөлімі қосылған. Бірнеше айнымалысы бар
көпмүшелер және олардың стандарт түрі. Біртекті және симметриялы
көпмүшелер. Бір айнымалысы бар көпмүшенің жалпы түрі. Көбейткіштерге
жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүше түбірлерін табу. Көпмүшені
көпмүшеге «бұрыштап» бөлу. Безу теоремасы, Горнер схемасы. Анықталмаған
коэффициенттер әдісі. Бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірлері
туралы теорема. Квадрат теңдеу түріне келтірілетін жоғары дәрежелі
теңдеулер. Үшінші дәрежелі көпмүше үшін жалпыланған Виет теоремасы.
2.
10-
сынып, «Алгебра және анализ бастмалары», қоғамдық-
гуманитарлық бағыт.
Пәнді оқытуға аптасына 4 сағат бөлінген. Қолданыстағы оқу
бағдарламасымен салыстғанда шамалы өзгерістер енгізілген. Ол өзгерістер
комбинаторика мен ықтималдықтар теориясы материалдарымен байланысты.
Қолданыстағы бағдарламада 11-сыныпта оқытылатын «Кездейсоқ
шамалар және олардың сандық сипаттамалары» тарауы 10-сыныпқа көшірілген.
11-
сыныпта «Ықтималдық» бөлімі «Ықтималдықтарды қосу және
көбейту ережелері» тақырыбымен толықтырылған. Бұл тақырып қолданыстағы
бағдарлама бойынша жаратылыстану-математика бағытында ғана оқытылатын.
3. 10-
сынып «Геометрия» оқу пәні, жаратылыстану-математикалық бағыт.
«Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу
бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ.
Оқытудың бұл бағытында «Геометрия» пәнін оқытуда пәннің практикалық
бағыттылығы күшейтіледі.
4. 10-
сынып,«Геометрия» оқу пәні, қоғамдық-гуманитарлық бағыт.
213
«Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу
бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сынып «Информатика» пәнінің
негізгі мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
1) «Компьютерлік жүйелер».
Ақпараттық қауіпсіздік: «ақпараттық қауіпсіздік», «құпиялылық» және
деректердің «тұтастығы»; қауіпсіздік шаралары - резервтік көшіру және
деректерді шифрлау; жеке сәйкестендіру әдістері;
2) «Ақпараттық объектілерді өңдеу және қайта құру»
Дизайн
теориясы:
«дизайн»,
«қолданылуы»,
визуалды
дизайн
классификациясы; ақпарат қабылдау принциптері; «жақсы дизайн» қағидаттары
(ыңғайлылығы, қарапайымдылығы); графикалық файл пішімдері; графикалық
файлдарды түрлендіру; веб-сайт дизайнының орналасуын дамыту;
Бейнежазба жасау: видео түсірілімнің және бейнежазбаның негізгі қағидалары;
бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары; бейнероликтерді монтаждау;
Веб-дизайн: сайтты құрастырушы; веб-беттегі мультимедиа; веб-сайтты дамыту
әдістері; сайтты жариялау;
3) «Ақпараттық процестер мен жүйелер»
Ақпараттық технологияларды дамытудың заманауи үрдістері: машина жасау
принциптері, нейрондық желілер; жасанды интеллект қолдану салалары;
Blockchain(блокчеин) технологиясының мақсаты мен қағидаты.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныптағы «Информатика»
пәнін оқып-үйрену мақсаты аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету,
деректерді таныстыру, ақпараттық процестер мен жүйелер, ақпараттық
объектілерді құру, компьютерлік желілерді құру және трансформациялау және
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша терең білім мен дағдыларды
қамтамасыз ету болып табылады.
10-
сыныпқа арналған «Информатика» пәнінің (ЖМБ) негізгі мазмұны
келесі бөлімдерден тұрады:
1) аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету: басқару блогының
функциялары, арифметикалық логикалық блок және жады регистрлері
процессордың бөлек бөліктері ретінде;
2) деректерді ұсыну: сандар жүйесі: ондық, екілік, сегіз, он алтылық.
Компьютердің логикалық негізі: логикалық операциялар (ажыратылу, біріктіру,
инверсия); логикалық өрнектер; шындық кестесі; компьютерлік логика
элементтері (конъюнктор, дисюнктор, инвертор); логикалық схемалар.
Ақпараттық кодтау: Unicode (юникод) және ASCII (аск(и)й) таңба кодтау
кестелері;
3) ақпараттық процестер мен жүйелер: реляциялық деректер базасы: өріс,
жазба, индекс, бастапқы кілт; Bigdata (бигдейта) (үлкен деректер). Деректер
базасын құру structured query language («құрылымдық сұрау тілі») (бұдан әрі -
SQL-
код): деректер типтері, бір кестелік және көп кестелі дерекқорлар;
нысандар; есептер; сұраулар.
4)
ақпараттық объектілерді құру және трансформациялау: веб-дизайн:
HTML (Hyper Text Markup Language -
«гипермәтінді белгілеу тілі»), CSS
214
(Cascading Style Sheets ) -
каскадты стиль кестелері); сценарийлерді пайдалану;
мультимедияны веб-параққа енгізу;
5) қосымшаларды жасау: алгоритмдер мен бағдарламалар: анықталған
функциялар мен процедуралар; жолдармен жұмыс істеу; файлдармен жұмыс
істеу; сұрыптау әдістері; графтарда іздеу алгоритмдері;
6) компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздік: компьютерлік
желілерді ұйымдастыру: желілік компоненттер (түйіндер, маршрутизаторлар,
ажыратқыштар); IP адресі; DNS - домендік атаулар жүйесі; жеке виртуалды
желілер. Ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік, құпиялылық, тұтастық
және қолжетімділік; деректерді шифрлау; Пайдаланушы деректерін қорғау
шаралары - құпия сөздер, тіркелгілер, аутентификация, биометриялық
аутентификация.
Ұзақ мерзімді жоспар жаңартылған мазмұнның барлық оқу жоспарларына
қосылады, онда оқу материалы тоқсанға бөлінеді. Ұзақ мерзімді жоспарларда
тақырыпты зерделеу үшін және бөлімдерді зерттеу үшін сағаттардың саны
көрсетілмейді. Бөлімшелер арасында сағат бөлу құқығы мұғалімге беріледі.
10-
сыныпта «Информатика» пәні бойынша оқыту нәтижесі:
-
оқушыда келесі ұғымдарды қалыптастыру: қоғамдағы ақпараттық
процестердің рөлін түсіну, адам қызметінің түрлі салаларында ақпараттық
технологияларды
пайдаланудың
техникалық
мүмкіндіктері
мен
перспективалары; күнделікті өмірде, зерттеулерде және одан әрі жұмыс істеуде
ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану дағдылары; ақпараттық
мәдениет - жалпыға бірдей қабылданған ережелерді ұстануға және жеке және
бүкіл қазақстандық қоғамның мүдделеріне сай әрекет етуге; компьютерлердің
негізгі қағидаттарын түсіну, жүйелерді талдау, шешімдерді әзірлеу,
бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану, оларды жетілдіру және жетілдіру,
сондай-ақ олардың өнімдерін бағалау;
-
талдау, абстракция, модельдеу және бағдарламалау арқылы әртүрлі
мәселелерді шешудің тиімді және ұтымды жолдарын табу мүмкіндігі;
-
логикалық, алгоритмдік және есептік ойлау қабілеті;
-
пән бойынша концептуалды аппараттарды байыту, информатиканың
терминдерін түсіну.
Сыныпты 2 топқа бөлу қалалық жалпы білім беру ұйымдарында 24 және
одан да көп оқушыларды, ал ауылдық жерлерде - 20 және одан да көп
оқушыларды қамтитын сыныпта өткізіледі.
«Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған.
Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)
саны көрсетілген.
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан
2-
тоқсан
3-
тоқсан
4-
тоқсан
10-
сынып
ЖМБ
3
3
3
2
215
10-
сынып
ҚГБ
2
3
3
1
Достарыңызбен бөлісу: |