жылында орта білім беру ұйымдарында (7-10 сыныптарға), сонымен бірге
ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға «JuniorSkills» ерте кәсіптік
бағдар беру және мектеп оқушыларына арналған базалық оқыту жобасы
жұмысын бастайды.
Бүгінде білім беру ұйымдарында мектеп түлектерінің кәсіптік таңдауы
мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік грант көлемімен, мектепте оқытылатын
таңдау пәнінің жеңілдігі, ата-анасының және достарының ұсыныстарымен
анықталады.
Бұл мәселені шешудің тиімді тәсілінің бірі білім беру ұйымдарында білім
алушыларды мамандыққа бағдарлау жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бұл
жұмыстар мектептерде білім алушылармен оқу-тәрбие процесінде, сабақтан
тыс және мектептен тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыс үлкен
өмірге қадам басқан адамға көмек беретін жүйелі іс-шараларды қамтиды,
ғылыми негізге сүйеніп кәсіптік таңдау жасау немесе мамандыққа бағыттауға
арналған тәрбие жұмыстарының жүйесін дамыту мақсатында, білім алушының
өз бетінше мамандық таңдау кезеңінде көмек көрсетуге бағытталуы тиіс.
Қосымша білім беру аясында әр түрлі бағыттағы мамандықты таныстыру кең
ауқымда жүргізіледі, олармен таныса отырып жасөспірімдер өз мамандығын
саналы түрде таңдауға дайындалады.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін ҚР Білім
және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 150 бұйрығымен
бекітілген, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы білім
алушыларды кәсіптік бағдарлауды диагностикалау және анықтауды жүргізу
311
бойынша әдістемелік ұсынымды пайдалануға болады (
http s://www.nao.kz
).
Экологиялық тәрбие аясында білім алушылармен білім беру ұйымдары,
аудан, қала территориясындағы жасыл алаңдарды көгалдандыру және
абаттандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырудың; «Жасыл ел» қозғалысы
аясында жас көшеттер отырғызу; табиғат аясын қоқыстан тазарту сияқты
волонтерлік қозғалысқа қатысудың маңызы зор. Жалпы білім беру ұйымдарына
«Экочелендж», «Экоқалқан», «Эко-десант», «Гүлді калейдоскоп», «Ең
жасыл кабинет», «Жасыл алтын», Плоггинг «Экожүгіру» және т.б. тәрізді
жобаларды ауқымды түрде енгізу ұсынылады.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу
Білім алушының интеллектуалды мүмкіндіктерін, көшбасшылық қабілеті
мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетінің дамуын қамтамасыз
ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру мектептегі тәрбие жұмысының
маңызды компоненттерінің бірі болып табылады.
Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде мынадай элективті
курстарды өткізу ұсынылады. «Жүрек тілімен өткізілетін физика»,
«Математика рухани-адамгершілік заңдар туралы ғылым ретінде», «Тарих
пәнінің адамгершілік туралы сабақтары», «Ақпараттық мәдениет негіздері»
элективті курстарын өткізу. Сонымен қатар, зияткерлік іс-шаралар: ойындар,
конкурстар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық
конференциялар, дарынды мамандармен және құрдастарымен кездесулер,
рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар,
шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мектеп және студенттік медиа
орталықтар, балалар БАҚ-ы, сайттар ашу, оқушылар арасында робототехника
бойынша кешенді іс-шара, спидкубинг және басқа зияткерлік спорт түрлері
бойынша фестивальдер.
Білім алушыларға интернет-кеңістіктегі мінез-құлық мәдениетін: қарым-
қатынас мәдениетін, өз ойларын білдіруді, сұхбаттасушының пікірін
құрметтеуді, этикалық нормаларды сақтауды үйрету маңызды. Оқушылардың
өзін-өзі басқару жұмысын қайта жаңғырту, интернет-мінез-құлық және қарым-
қатынас, балалардың қоғамға қарсы мінез-құлық мәселелерін қарауды практика
жүзінде жүргізу қажет.
Мектеп қоғамға қарсы мінез-құлықты қабылдамау мәдениетіне
тәрбиелеуі тиіс.
Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік мәселесін
көтеру ұсынылады.
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени орталықтарымен
ынтымақтастық орнату; оқу орындарында Қазақстан халқы шағын
Ассамблеясын құру; үйірмелер, әдеби клубтар; экскурсиялар: театрлар,
мұражайлар, көркемөнер көрмелері, галереялар, тарихи орындар; іс-шаралар:
шығармашылық кештер, балалар мен жасөспірімдер шығармаларының көрмесі,
312
халықтар достығының фестивалі, тілдік және шығармашылық клубтар,
конкурстар; атақты адамдармен, өнер қайраткерлерімен кездесулер аталған
бағытты жүргізудің негізгі механизмі болып табылады. Көркем-эстетикалық
тәрбие аясында оқу орнында біздің мәдени жетістіктерді - кітаптарды,
пьесалар, мүсіндерді, суреттерді, музыкалық әуендерді, ғылыми жетістіктерді
және т.б. меңгеру және жетілдіру. Өткен мыңжылдықтағы халық ауыз
әдебиетіндегі Ұлы Дала мұрагерлерінің үздік мысалдарын – ертегілер, аңыздар,
болған оқиғалар, өсиеттер, эпостарды зерттеу. Тұрақты тақырыптық кітап
көрмелерін ұйымдастыру ұсынылады.
Ұлттық музыкалық аспап домбыраны насихаттау мақсатында домбыра
әзірлеу және домбырада ойнауға үйрету бойынша шеберлік-сыныптар, ұлттық-
қолданбалы өнер жәрмеңкелерін, дәстүрлі әуендер орындаушылардың фото
көрмесін, домбырада ойнау сайыстарын, домбырашылардың концерттері мен
музыкалық викториналар, «Домбыра – қазақ халқының жаны» «Қазақтың
домбыра өнері», «Қазақтың күй өнері», «Қазақтың музыкалық аспаптары» және
басқа конкурстар ұйымдастыру.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты, тәрбие жұмысының сегізінші
бағыты ретінде салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене
және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін
факторларды анықтай білу үшін кеңістік құрады. Жалпы білім беру
ұйымдарында бұқаралық спорт түрлерінде (футбол, волейбол, баскетбол,
гандбол, футзал, ұлттық спорт түрлері: асық ату, тоғыз құмалақ, қазақ
күресі) мектеп спорт лигаларының желісін кеңейту және спорт түрлері
бойынша арнайы мамандандырылған сыныптар және спорттық секциялар ашу
маңызды.
2019-
2020 жаңа оқу жылында республиканың 1000 мектебінде дене
шынықтырудың әрбір үшінші сағатында «Футбол сағаты» пилоттық жобасы
жалғасады. Пилоттық жобаға қатысушы мектептердің тізімі Министрлікпен
бекітілген (ҚР БҒМ 2017 жылғы 11 тамыздағы № 405, 2017 жылғы 30
қазандағы № 550, 2018 жылғы 15 тамыздағы № 401 бұйрықтар).
Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім
басқармаларына аймақтағы пилоттық жобаның бақылауын және мониторингін
қамтамасыз ету, мектептік спорттық лига жұмысын жетілдіру қажет.
2020 жылға арналған күнтізбелік негізгі спорттық іс-шаралар жоспарына
сәйкес білім алушылар 9-дан астам спорт түрлері бойынша ҚР колледждерінің
студенттері мен оқушыларының Қысқы ойындарына қатысуы тиіс. Ойын
түрлері шаңғы тебу, қысқы президенттік көпсайыс, коньки тебу, шорт-трек,
қысқы спорттық бағдарлау, хоккей, бенди (допты хоккей), мәнерлеп сырғанау,
футзал.
Республикалық көпсалалы балалар мен жасөспірімдер турнирлеріне және
халықаралық жарыстарға (қысқы және жазғы Дүниежүзілік Гимназия) қатысуға
білім алушыларды кеңірек тарту қажет.
Тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі жасөспірімдердің ұрпақ жаңғырту
қабілетін сақтау, нашақорлық, алкоголизм, темекі шегу, АИТВ-ның алдын алу,
сонымен қатар салауатты өмір салтының негіздері бойынша оқу семинарларын
313
өткізу болып табылады. 2019-2020 оқу жылында «Бір-біріне жақын – есірткіден
алыс» профилактикалық бағдарламасы сынып сағаттарында жалғасын табады.
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында әдіскерлер мен мұғалімдерге
арналған білім алушылардың репродуктивті денсаулығы және отбасылық
тәрбие құндылықтарын оқу процесіне кіріктіру мәселелері, қауіпсіз білім беру
ортасын қалыптастыру мәселелері жөніндегі келесі әдістемелік құралдар
орналастырылған: «Қауіпсіз білім беру ортасының компоненттерін оқыту
және тәрбиелеу процессіне кіріктіру бойынша әдістемелік ұсынымдамалар»,
«Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және әрекет ету бойынша
әдіскерлерге арналған нұсқаулық», қауіпсіз білім беру ортасының келесі
компоненттері кіріктірілген бастауыш, негізгі орта буын оқу пәндерінен
қысқа мерзімді сабақ жоспарларының үлгілері: «Мектептегі зорлық-
зомбылықтың алдын алу», «Табиғи апаттардың қаупін азайту»,
«Киберқауіпсіздік», «Балалардың жарақат алуының алдын алу», «Экологиялық
қауіпсіздік».
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, сынып
жетекшілерінің, пән мұғалімдері мен әдіскерлердің әдістемелік жинақ қорына
Академия келесідей материалдарды ұсынады:
1)
«Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысы: тәжірибе,
бастамалар, әлеуметтендіру» («Жас Ұлан», «Ұлы Дала скауттары», жас
патриоттар Академиясы және т.б.) әдістемелік ұсынымдама;
2) «
Мектеп оқушысының кітап оқу іс-әрекеті» әдістемелік ұсынымдама;
3)
«Өлкетану»: мәдени-генетикалық кодтың негізі (мәдени мекемелердегі
өлкетану сабақтары) (5-7 сыныптар) пәнін жүргізу бойынша әдістемелік
ұсынымдама;
4)
«Ұлттық қазына»: мұражайлардағы «жанды» сабақтар әдістемелік
ұсынымдамасы;
5) «
Айналаға қара» («Ауыл өмірі», «Қала тіршілігі»): әлеуметтік-тарихи
тәжірибе» ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар;
6) «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы»
Республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметін ұйымдастыруға арналған
әдістемелік ұсыныстар.
Назар аударыңыз!
Жоғарыда
аталған
барлық
әдістемелік
материалдарды
https://www.nao.kz
Академия сайтынан «Білім беруді ғылыми-әдістемелік
314
қамтамасыз ету. Әдістемелік құралдар» бөлімінен табуға болады.
315
7
ОРТА
МЕКТЕПТЕ
ҚҰҚЫҚТЫҚ
ЖӘНЕ
СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА
ҚАРСЫ
МӘДЕНИЕТТІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
сананың феномені болып табылады және оны мектеп қабырғасынан
қалыптастыру қажет. Сондықтан бала кезден бастап Отанға деген
сүйіспеншілікті, қоршаған орта мен салт-дәстүрлерге деген құрметті, білім
мен еңбекке деген ұмтылысты, әдептілік пен адалдықты дарыту керек.
Білім алушыларға академиялық адалдық, оқудағы адалдық және өзінің
мінез-құлқына жеке жауапкершілік принциптерін дарыту қажет. Оқушыларға
академиялық адалдықтың кез келген тәртіп бұзушылықтарын (емтихан, тест,
бақылау жұмыстары, рефераттар және т.б. жазу кезінде сыртқы көмекті
пайдалану әрекеті) ұғыну қажеттігін сендіруді дарыту.
Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие оқу бағдарламаларына,
сонымен қатар сыныптан тыс, жалпы мектептік іс-шараларға: акциялар,
оқушылар конференциясы, дөңгелек үстел, диспуттар және т.б. сыбайлас
жемқорлыққа қарсы білім беру элементтерін қосу арқылы жүзеге асырылады.
Бұл жұмыс түрі оқушылардың сыбайлас жемқорлықты теріс қабылдауын
қалыптастырады және сыбайлас жемқорлық көріністеріне белсенді түрде қарсы
тұру қабілетін дамытады.
Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері үшін «Транспаренсия
Қазақстан» қоғамдық қоры мен Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі
дайындаған «Оқушыларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім»
әдістемелік құралы ұсынылады.
Сынып сағаттары мен факультативтік сабақтар аясында тоқсанына бір рет
білім алушыларға: "Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қарсы құбылыс",
"
Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамыры", "Сыбайлас жемқорлықтың
дамуына әсер ететін себептер мен факторлар", "Адам құқығы және сыбайлас
жемқорлық"
(
Астана, 2014г., с.122) тақырыптары ұсынылады.
Тәрбие және білім беру процесі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетін қалыптастырудың негізі болып табылады. Мұнда басты рөл отбасы
мен білім беру саласына бөлінген. Әрбір ата-ана, әрбір мұғалім балалар үшін
лайықты үлгі болуға, шынайы құндылықтарды таңдауға көмектесуге тиіс.
БІЗ
ЖЕМҚ ОРЛЫҚ СЫЗ
ӘЛЕМ ҮШІН
316
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу моделі «Заң»,
«Әділдік», «Тең құқылық» сияқты іргелі ұғымдардың айналасында құрылуы
тиіс.
Өскелең ұрпақ үшін таза және адал еңбек табыстылықтың, жоғары
жетістіктердің, білім мен материалдық игіліктің басты өлшемі болуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық,
құқықтық, саяси және басқа да мәдениеттердің негізінде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін білдіреді. Бағалау функциясы жеке
тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қатынасын анықтайды. Оның көмегімен
мораль мен этикалық кодекстерге, құқық пен заңнамаға, құқық қорғау
органдарына, азаматтық қоғамға, борышқа, айналасындағылардың да, өзінің де
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына деген қатынасы бағаланады.
Халықаралық және бағдарламалық құжаттар білім алушыларда құқықтық
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзектілігін
көрсетеді:
•
БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы • 2003 ж. 31 қазан.
•
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V
Заңы.
•
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы: Қазақстан Республикасы
Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы.
•
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың мемлекеттік органдардың басшыларымен
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сөйлеген
сөзі (7 күн) 20 мамыр 2019 жыл.
•
«Қазақстан-2050»
Стратегиясының
мақсаттарына
сыбайлас
жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу арқылы қол жеткізуге
болады. Елбасы айтқандай: «Мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа
қарсы біртұтас майдан болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлық - құқық
бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімге нұқсан
келтіреді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді».
Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру:
-
сыбайлас жемқорлықты тануды үйрену (сондай-ақ оны басқа қылмыс
түрлерінен ажырату);
-
сыбайлас жемқорлық неге жамандық болып табылады деген дәлелдерді
ұсыну;
-
сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мүмкіндігін көрсету.
Мектеп жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
тәрбиелеудің міндеті білім алушылардың азаматтық ұстанымы ретінде
сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті бекіту, сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтарға тұрақты иммунитетті қалыптастыру, көпшілік алдында
жариялау болып табылады.
7.2 Білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлау мен
мәдениетті қалыптастыру бойынша компонентті оқу пәндері бойынша
317
жаңартылған мазмұнның үлгілік оқу бағдарламаларына біріктіру
Төменде берілген оқу пәндері бойынша оқу мақсаттарының
тақырыпшалары,
жаңартылған
білім
мазмұнындағы
Үлгілік
оқу
бағдарламаларының бөлімдері мен бөлімшелері білім алушылардың сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру компонентінен тұрады:
1.
«Дүниетану» – 1-4-сыныптар;
2. «Өзін-өзі тану» – 1-4-сыныптар;
3. «Қазақ тілі» – 5-11-сыныптар;
4. «Құқық негіздері» – 9-11-сынып;
5.«Қазақстан тарихы» – 6, 9 -11-сыныптар;
6. «Дүниежүзі тарихы» – 10-11-сыныптар;
7.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» – 10-11-сыныптар.
Бастауыш білім берудің оқу пәндері арқылы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Бастауыш білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы барлық Үлгілік
оқу бағдарламаларында «Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды
дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен
азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен
шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын
бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең
азамат болып қалыптасуына ықпал етеді» деген тармақ бар.
Бұл құндылықтар
білім алушының мінез-құлқын және күнделікті қызметін ынталандыратын
тұрақты тұлғалық бағдар болуы керек.
1-4-
сыныптарға арналған «Дүниетану» пәнін оқытудың міндеттерінің
бірі білім алушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне дағдыландыру болып табылады.
Пән бойынша оқу бағдарламасының 1.1 Мен және менің отбасым
бөлімшесінде 1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын,
олардың қайдан келетінін анықтау; 2.1.1.4 бақылау мен сауалнама негізінде
тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың түсу
көзін анықтау; 1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру;
2.1.1.3
түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын
анықтау; 3.1.1.4 өз шығындарын жоспарлау және негіздеу; 4.1.1.3 отбасы
бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдау; 4.1.1.4 отбасы бюджетін
оңтайландыру жолдарын ұсыну оқу мақсаттары;
1.5 Құқық және міндет бөлімшесінде 2.1.5.1 өз өмірінен мысалдар
келтіру негізінде құқықты, міндетті және жауапкершілікті ажырату; 2.1.5.2
қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңызын түсіндіру; 3.1.5.1 Қазақстан
Республикасы
Конституциясының маңызын
түсіндіру;
4.1.5.1
Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытындылар жасау;
4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретінде демократиялық
құқықтары, бостандықтары, міндеттерінен мысалдар келтіру деген оқу
мақсаттары оқытылады.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесінің негізгі міндеттері: әрбір
адамның табиғатына қаланған жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау;
318
қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің
практикалық дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысы ескерілген
оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, адамгершілік мінез-құлық
негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген міндеттердің «Өзін-өзі тану» бойынша
1-
сыныпқа арналған білім мазмұнында көрініс табуы.
Тараулардың
атауы
Сабақтардың
тақырыбы
Мазмұндық негізі
I. Ғасырлар
даналығы
Ақиқатты жолға
алып, адалдықпен
өмір бастаймыз!
Адалдық адамның маңызды қасиеті ретінде.
Шындықты айту оңай, ал өтірік айту қиын.
Ақиқат- барлық адамдарды біріктіруші бастау.
Тәртіп пен парыз
«Тәртіп» және «парыз» ұғымдарының
мағынасы.
Бес «Т»: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық,
татулық.
Өзіңмен үйлесімді
өмір сүру!
Ар-ұжданыңа құлақ қой.
Адамзаттың рухани ұстаздары ар-ұждан
туралы.
2-
сынып:
Тараулардың
атауы
Сабақтардың
тақырыбы
Мазмұндық негізі
I.
Ғасырлар
даналығы
Ұлы Абайдың
даналығы
Жалпыадамзаттық құндылықтар Абай ілімінің
негізі ретінде.
II.
Тату отбасы
Адал және ақкөңіл
болу
Адалдық адамның құндылықты қасиеті ретінде.
Жағымды ойлау.
III. Адам болам
десеңіз
Өзіңді және
басқаларды
құрметтеуді
үйренеміз
Адамдарға ықыласпен қарау.
IV.
Қандай ғажап
бұл әлем!
Біз өсіп жатқан өлке Отанға адалдық. Біздің еліміздің бүгінгі күніне
моральдық жауапкершілік.
3-
сынып:
Тараулардың
атауы
Сабақтардың
тақырыбы
Мазмұндық негізі
I. Ғасырлар
даналығы
Жалпыадамзаттық
құндылықтарды
зерделейміз
Адамзат тарихындағы өзін-өзі тану.
Жалпыадамзаттық құндылықтар адамзат
мәдениетінің рухани-адамгершілік негізі
ретінде
III. Адам болам
десеңіз
Достарыңызбен бөлісу: |