Оқу жылында тірек мектебінде (ресурсты орталықта) өтетін сессияларды өткізуге арналған жұмыс оқу жоспарына түсініктеме хат



Дата17.09.2024
өлшемі43 Kb.
#204464
Байланысты:
РО жұмыс -оқу жоспары


2013-2014 оқу жылында тірек мектебінде (ресурсты орталықта) өтетін сессияларды өткізуге арналған жұмыс оқу жоспарына түсініктеме хат.

Тірек мектебінің (ресурс орталығының) жұмыс оқу жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы «Қазақстан Республикасындағы міндетті мемлекеттік стандарттарын бекіту», ҚР БжҒ министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (3-қосымшасы) негізінде құрастырылды.


Павлодар облысының білім беру басқармасының 2011 жылғы 1 ақпандағы №1-05/44 бұйрығы, Шарбақты ауданының оқу бөлімінің 2013жылғы 17 қаңтардағы №12 бұйрығы «Тірек мектептерді (ресурстық орталықтарды) құру туралы», мектептің 2014жылғы 20 қаңтардағы №4 бұйрығы « Тірек мектепті (ресурстық орталықты) құру туралы» басшылыққа алынды.
Оқу жоспарының мектеп компоненті жаратылыстану-математикалық бағыттың пәндерінен тұрады, оқушы компоненті «Мамандық таңдау-маңызды іс» арнайы курсы мен қызығушылық үйірмелері құрайды: спорттық және мәдени.
Оқу жоспарының вариативтік бөлім сағаттары 10-11 сыныптарға арналған сағат санына ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 қаулысымен анықталған «Балалар мен жасөспірімдерді оқыту-тәрбиелеу объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына» сәйкес.
Жыл бойы үш күндік үш сессия өткізіледі (қазан, ақпан, сәуірде). Күніне пәндер бойынша жұмысқа 2 сағаттан беріледі, психологиядан -1сағат, сабақтан тыс іс-шараға 1,5 сағат беріледі.

10-11-сыныптарға тірек мектебінің (ресурс орталықтың) оқу жоспары


ҚР БжҒ министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (3-қосымшасы) негізінде



Білім салалары және оқу пәндері

Сыныптар бойынша апталық сағат саны

Жүктеме, сағат



Сыныптар

10

11

1 сессияға

жылдық

Оқушылар саны

5

2







Вариативті компонент

Мектеп компоненті

Пәндер

54

54

18

108

Математика

18

18

6

36

Физика

18

18

6

36

Биология

18

18

6

36

Оқушы компоненті

Таңдау курстары

7,5

7,5

2,5

15

Мамандық таңдау-маңызды іс

3

3

1

6

Математикалық теңдеулер

3

3

1

6

Үйірмелер (спорт секциялары, мәдени, т.б.)

1,5

1,5

0,5

3

Вариативті оқу жүктемесі

61,5

61,5

20,5

123

Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі

61,5

61,5

20,5

123

Барлығы: 123 сағат

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет