ІІІ. Сергіту сәті.
- Әйгілі «Қаражорға» биін билейік. Би – қозғалыс. Қозғалыс – денсаулық. Денсаулық – зор байлық.
Би «Қара жорға»
ІҮ. Жұмбақ шешу.
1. Оны күткен адамдар
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар
Байлық осы деседі. (Денсаулық)
2. Бір-бірімен дос туыс,
Тау түбінде қос қуыс. (Мұрын)
3. Жарасы жоқ сыздайды,
Өртенеді, мұздайды. (Жүрек)
4. Ертемен күнде сен
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір, ласың
Тап-таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
ҮІ. Мақал-мәтел айту.
Дені саудың – жаны сау.
Денсаулық зор байлық.
Шынықсаң шымыр боларсың.
Ас адамның арқауы.
Тазалық – денсаулық кепілі.
Дана көптен шығады,
Дәрі шөптен шығады.
Ішің ауырса, аузыңды тый.
Көзің ауырса, қолыңды тый.
Ауырмаудың жолын ізде.
Ыдысы тазаның – ырысы таза.
Қотыр қолдан жұғады.
Ластың досы – шыбын.
Емнің алды – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
Дәрінің тәттісі жоқ.
ҮІІ. Рефлексия.
Балалар, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Денсаулық сақтау үшін немен шұғылдану керек?
Денсаулықты әлсірететін қандай жағдайлар?
Мақсатымыз – салауатты өмір сүру,
Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.
Әдеттен жаман жиреніп,
Жақсыны тек үйрену, таза жүру.
Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,
Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.
Болашақтың жарқын тұрған төріне
Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.
Тақырыбы: «Жас өрт сөндіруші» өрт қауіпсіздігі
Мақсаты: Оттың тілсіз жау екенін ұқтыру.Өрттен,оттан сақтану жолдарын үйрету.Өрт өшіретін құралды пайдалануды үйрету
Көрнекілігі: Өрт сөндіретін құралдар.
Күтілетін нәтиже: Білу: Адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалану қауіпсіздік ережелерін білу керек
Іс-әрекет этаптары
Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі:
Ізденімпаздық
Сәлемдесу Сабаққа дайындық жасау
От өмірімізге қуат беріп,бойымызды жылытады.
От-өмір сәні.
Отсыз тіршілік жоқ.
От жағылмаса,тамағымызда піспейді,үйімізде жылымайды.
Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді.
Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады.
Біздің ата-бабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтпаған.
Отты жер- қуатты жер.
Мал біткенге күш-қуат беретін жер.
Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған.
Тұратын үйін отау,үй иесін –отағасы деп атаған.
Отсыз тоңып,жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмайды.
Сонымен от-өміріміз десек те,оның әлемі жайлаған алапаттың бірі -өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн.
Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |