Наурыз көже -өлеңдер оқу
Ән орындау
Наурыз тойына бата
2-жүргізуші: Көк шөбі шығып желкілдеп
Дүние біткен күлімдер
Ұлыс күні Наурыз мерекесі құтты болсын!
1-жүргізуші: Көңіл қойын тыңдағандарыңызға рақмет айта отырып, ән-би
кешімізді аяқтаймыз!
Тақырыбы: «Балалық – балғын шақ!»
Бала құқықтары туралы конвенция. 1989 жылғы 20 қарашада БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдады.
Мақсаты:
Адамзаттың құнды байлығы – бала екені және бақытты балалық шаққа әр бала құқылы екенін түсіндіру. Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;
Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Кіріспе.
Мұғалім:
Құрметті оқушылар БҰҰ-ң Бала құқығы туралы
Конвенцияның қабылданғанып, біздің елбасымыздың сол Конвенцияға қол қойып, қабылдануына орай бүгінгі зерттеу шеберханасында «Бақытты – балалық шақ » тақырыбының аясында жұмыс жасаймыз.
Біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?
1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы
Конвенция БҰ ұйымында қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе төңірегінде өздерің зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді. Жұмысқа кіріспес бұрын бір - бірімізге жақсы көңіл – күй сыйлайық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні
20-қараша – дүниежүзілік балалар күні
10-желтоқсан – адам құқығы күні
10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады
1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды
1979ж – халықаралық балалар жылы өтті
20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.
8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті
30.08.1995ж - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды
Мазмұны:
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды, егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші бекітілмесе.
Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.
Конвенцияға қатысушы мемлекеттер «ересектерді де, балаларды да Конвенцияның ұстанымдары мен ережелері туралы кең ақпарат беруге» міндетті. Конвенцияның ережелерін бақылаудың халықаралық механизмі бар, ол Бала құқықтары жөніндегі Комитет.
Қазіргі уақытта елдердің көпшілігі Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті (АҚШ пен Сомалиден басқасы). Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың 8-ші маусымында бекіткен. Конвенцияның 44 бабына сәйкес, оған қол қойған елдер заңдары мен мемлекеттік саясаттарын Конвенцияға сәйкес келтіруге бағытталған шараларды қолдану туралы БҰҰ-на есеп беру тиіс.
Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан
Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;
Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;
Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;
Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
Қазақстан жолы – 2050: "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"
Тақырыбы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
1 Қыркүйек білім күні 30 тамыз - Конституция күні
Мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
Дамытушылық: Түрлі сұрақтар, суреттер арқылы баланы ойланта отырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағат барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ. Ой қозғау
Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар.
Ата Заң, Ата Заңым,
Алтын Заңым – ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.
Алтын Заңда – Парасатым, пайымым.
Алтын Заңда - Күш – қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.
(Балалардың жауабы тыңдалады)
ІІІ. Ой қозғау:
Кім біледі? 30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)
1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні)
Конституция туралы не білесіңдер?
Қазақстан туралы не білеміз?
ІV. Жаңа сабақ: «Санаға сапар»
Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
17 қаңтар күні «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.
Қазақстан - 2050 стратегиясының логотипін таныстыру
«Қазақстан-2050» Стратегиясының жаңа логотипі береке - бірлік идеясын, мақсат – мүддесі ортақ қазақстандық қоғамның ынтымағын бейнелейді.
Логотиптің негізіне шаңырақ алынған. Бұл - бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп отырған түрлі мәдениеттер мен этностар өкілдерінің ортақ үйінің символы.
Үйдің кеңдігі мен шаңырақтың беріктігі керегеге байланысты. Керегенің тоғысқан тұсы Қазақстанның көпұлтты халқының жарасымды өмір сүруі идеясын білдіреді.
Әлемдік қоғамдастықта өзінің лайықты орнын алуға ұмтылған ұлттың қайраты мен ауызбіршіліктің қуаты шеңберлене бейнеленген нұр сәулесімен ажарланады.
«Қазақстан-2050» Стратегиясының жаңа логотипі бұл саяси тұрақтылық, экономикалық даму, әлеуметтік әл-ауқат негізінде өркениетті мемлекет құруды мақсат еткен қазақстандықтардың қоғам игілігі мен еліміздің гүлденуі жолындағы ерен еңбегін тағы бір қуаттай түседі.
Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды.
Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.
Елбасы Жолдауында Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.
Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек.
Сол мақсатта біздің мектебімізде де 2013 - 2014 оқу жылынан бастап, мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында экспериментті «e - Learning» электронды оқыту жүйесі енгізілді.
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр.
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады.
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісі көзделген.
Ән: Елім менің.( тыңдалады)
Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы)
Қорытынды:
- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?
«Ойын»
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.
Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)
Ү. Қорытынды.Мұғалім.
Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!
Күні: 24. 01. 2014ж
Достарыңызбен бөлісу: |