2021-2022 оқу жылындағы 9 «а» сыныбының тәрбие жұмысының
жылдық есебі:
Сыныпта барлығы 22 оқушы бар. Оның ішінде 10 ер бала, 12 қыз бала. Сыныптағы барлық оқушылардың қай жерде тұратындығы, жалпы отбасылық жағдайларының қандай екендігімен танысу мақсатында қыркүйек айында үйлерін аралап шықтым. Жыл басында 2021-2022 оқу жылының тәрбие жұмысы жоспары жасақталып, жас ұрпақтың бойында азаматтық және патриотизмді қалыптастыру мақсатында іс шаралар ұйымдастырылды. Барлық тәрбие сағаты оқушыларды адалдыққа, еңбекке, өз Отанын құрметтеуге, тәрбиелеуге, жан-жақты, сауатты, мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында тәрбиенің 8 басым бағыттарына бағытында жүргізлді. Әдеттегідей, тәрбие жұмысы кабинеттерде техника қауіпсіздігін сақтау, табиғат апаттарынан сақтану, азаматтық қорғаныс жұмыстарын ұйымдастыру шараларымен қабаттастыра өткізілді. 1 қыркүйекте сыныбымда «Тәуелсіздік жетістіктері» атты сынып сағаты өтті және «Зорлық-зомбылықсыз, қатігездіксіз- болашаққа!», «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп, мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырылды. Оқушының құқықтары мен міндеттерімен айтылды.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мақсатында «Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың?» атты сынып сағаттары өткізілді. «Ұлы даланың 7 қыры», «Мәңгілік елдің Абайы» атты тәрбие сағаттары өткізіліп ұлттық құндылықтарды дәріптеп, Ұлы Абайдың шығармаларында айтылған өсиет өнегені бойларына дәріптеп, дамыту.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметтеу мақсатында «Тіл-ұлттың қазынасы», атты сынып сағаты өткізілді. Ата -анаға деген құрмет, ізет, сыйластыр көрсету мақсатында «Ұл ұяты-әкеге, қыз ұяты-шешеге» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
«Отбасы тәрбиесі-бала болашағының бастауы», «Мәңгілік ел-менің арманым», «Әке-жауапты лауазым» атты тәрбие сағаттары ата-ананың бала тәрбиесіндегі орны ерекше екендігі, баланың ата-ананың еккен жемісі екендігі айтылды және ата-аналар жиналысы өткізілді.
«Ұлттық валютамыз – тәуелсіздігіміздің көрсеткіші», «Өз жұлдызыңның жарқы- руына жәрдем ет!» атты мамандық таңдау тақырыбында, болашақ мамандық таңдауға бағыт бағдар берілді.
«Білімді мыңды жығады!», «Шын білім-әрдайым ақиқат, анық болатын білім», «Әлеуметтік желі мәдениеті» әлеуметтік желіні тиімді пайдалану мақсатында тәрбие сағаты өтті.
«Жаңа жыл мерекесін қарсы алу» атты тәрбие сағатында оқушылар бір -бірлеріне ыстық лебіздерін айтып, сыйлықтарымен бөлісті. «Ұлт бірлігі-татулықта» атты сынып сағатында өзге ұлт өкілдерімен достықтары жөнінде әңгіме қозғап, ойларымен бөлісті. «Қош келдің-Әз наурыз» сыныптан тыс іс-шарасында ұлттық ойындар ойнап, домбырамен ән шырқап, ұлттық биімізді ертеңгілігімізге қосып, Наурыз көжеден дәм татты.
«7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық сақатау күні» сыныптантыс іс-шаралар, «Жол көлік оқиғаларына әкеп соқтыратын жол жағдайлары», «Денсаулықты сақтаудың тиімді жолдары», «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ», «Ұлттық ойын түрлері» атты сынып сағаттары өткізілді. Ұлттық ойындардың адам денсаулығына тигізетін пайдаларымен танысып, өз ойларын ортаға салды. Өздерінің қатысып жүрген спорттық секцияларында үйренген жаттығу түрлерімен бөлісті.
Жыл қорытындысында сынып оқушылары үлгерімі 100%, сапалық құрамы 77% оқу жылын тәмәмдаді. Оқушылар жыл бойы мектептің қоғамдық іс шараларына белсене қатысты.
Кл. жетекші: Орынбасарова Ж.Е.