Осы шығармашылық топтың жасаған жұмыстары түгелдей дерлік СРМ, Инфоурок сайттарына жарияланып, мұғалімдердің қоржынына жақсы көмекші құрал болды деп есептейміз. Себебі, мектепті дамыту жоспар көрсетілгендей « Темірқазық» кәсіби қоғамдастық тобының жұмыс жоспарына сәйкес мектеп мұғалімдері өз іс-тәжірибиесін, жаңа бағдарламаны насихаттау мақсатында жұмыстарын үнемі таратуды енгізген болатын.Бірақ, әлі де болса сертификатталған мұғалімдер ішінде жасалған жұмыстарын жинақтап, тарату жағына немқұрайлы қарайтындықтарын байқатып қалады. Сондықтан, келесі оқу жылында, осы желілік қоғамдастықтың жұмысын жандандыру қажеттілігі туындап тұр.
Сонымен бірге, келер жылдың жоспарына енгізу қажет бағытымыз, бұл Лессон Стади жұмысы және іс-әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыруды қолға алу. Бұл жұмыс бастауыш апробация сыныптарында, тәжірибе алаңында жүргізіліп республика көлемінде қаралып отырғандығымен, жоғарғы сынып мұғалімдері оқу жүктемесінің көптігінен, бұл жұмысты жүйеге қоя алмай отыр.
Оқу жылының соңында жасалған жұмыстарға талдау жасай келе, мектеп ұжымының 90 пайызы деңгейлік курстан өткендігін ескере отырып, келер оқу жылында жұмысымыздың ауқымды болатындығын айта аламыз. Басымдылық жағы мұғалімдеріміз жаңа бағдарламаны меңгерген, оқу процесі 7 модуль бойынша жоспарланып, оң нәтиже береді деп болжай аламыз. Ал, әлсіз тұстарымыз оқыту жүйесіндегі ЛС-ті қолдану мен іс-әректтегі зерттеуді ұйымдастыру. Бұл бағыт бойынша коучтарымыз болашақтаы МДЖ-ға алғашқы өз ұсыныстарын айтуда. Яғни, коучинг ментринг үдерістерін осы әлсіз жақтарға бағыттау қажет екендігін айтуда.
Жалпы биылғы оқу жылы бойынша «темірқазық» шығармашылық тобының жұмысына, көшбасшы ретінде «қанағаттандырарлық» деп баға бере аламын.
Балмуханова М.Н.- «Темірқазық» шығармашылық тобының жетешісі
Достарыңызбен бөлісу: |