Бұл жерде мұғалім оқушыларды әртүрлі тапсырмалар бере отырып қызықтырды. Оқушылар топтық жұмыс жасап, әртүрлі суреттер құрастырды. Түрлі тапсырмалар орындады. Бастауыш сынып оқушыларының арасында пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 16 оқушы қатысты. 2 – 4 сынып оқушылары болды. Бұл олимпиада математика пәнінен өткізілді. Әділқазы математика пәнінің мұғалімі Жайыкпаева З.М болды. Тапсырмалар тексеріліп, шешім қабылданды. Өткізілген олимпиада қорытындысы мынадай:
Сынып
|
Оқушының аты – жөні
|
|
3 «А» - сынып
|
Башарова Дарига
|
І орын
|
4 «А» – сынып
|
Тайбасар Сұлу
|
І орын
|
4 «А» - сынып
|
Садвакасова Сәния
|
І орын
|
4 «Б» - сынып
|
Саликов Равиль
|
І орын
|
2 «Б» - сынып
|
Мурзалина К
|
ІІ орын
|
4 «А» - сынып
|
Нұрлыбекқызы Ж
|
ІІ орын
|
4 «А» - сынып
|
Боранбаева Камила
|
ІІІ орын
|
2 «А» - сынып
|
Аристанова Айгерім
|
ІІІ орын
|
2 «А» - сынып
|
Әбу Ғалия
|
ІІІ орын
|
2 «А» - сынып
|
Балташев Айтуар
|
ІІІ орын
|
4 «Б» - сынып
|
Салабаева Ксения
|
ІІІ орын
|
1 желтоқсан елбасы күніне арналған мерекеге балалар сурет көрмесін ұйымдастырды. Ең нәтижелі сурет мадақтау қағазымен марапатталды. «Мен елбасымды мақтан тұтамын» атты үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Оқушылар тақапақтар айтып, әндер шырқады. Елбасының өмірі туралы фильм тамашаланды. Оқушылар өзара ой бөлісті. Ең соңында «Егер мен президент болсам» атты эссе жазылды. Ең терең мағыналы жазылған эссе газет бетіне жарияланып, сайысқа түсті. Бұл сайыста 2 «А» - сынып оқушысы Рахман Құрмет республикалық дәрежеде І орынды иеленді. Мұғалімі Абуова Б.Т. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылармен бірге Қазақстанның қалаларына саяхатқа шықты. Әр сынып өзі қалаған қала туралы әңгімелеп берді. Слайд шоу жасап, көрсете білді. Бұл саяхат апталықтың ең қызықтысы болды. Қазақстанның қалалары туралы көптеген жаңа мәліметтер алдық. Суреттер салып, жарыс ұйымдастырдық. 2 «А», «Б» сынып мұғалімдері Абуова Б.Т мен Сорокина А.Р «Умники и умницы» атты сайыс өткізді. Бұл сайысқа әр сыныптан 2 оқушыдан қатысты. Оқушыларға әртүрлі тақырыпта сұрақтар қойылып, дұрыс жауаптар бес ұпайлық бағамен бағаланды. Бұл сайыстың жүлдегерлері 4 «А» - сынып оқушысы Тайбасар Сұлу мен 3 «А» - сынып оқушысы Ерден Адема болды. 1 «А», «Б» мұғалімдері Жармағамбетова М.М мен Виттих Е.В өз сыныптарының оқушыларымен «Көңілді жарыс» эстафетасын ұйымдастырып өткізді. Оқушылар бұл жарыста өте қызыға қатысып, көңілді тарасты. Менің ойымша бастауыш сынып оқушыларының апталығы өте тартымды, қызықты, мән – мағынасы тереңде жатқан, өзгеге үлгі етерліктей өткізілді десем артық кетпеспін деп ойлаймын. Апталықтың жабылуына байланысты қызықты сахналық көріністер қойылып, әндер шырқалды. 4 «А» - сынып оқушысы Тайбасар Сұлу «Балбырауын» күйін орындады.
Төл мерекемізге арналған «Желтоқсан жаңғыры » атты шағын концерт ұйымдастырылды. Бұл мерекеге барлық мектеп болып жаппай қатысты. Бұл мерекеге ұстаз ардагерлер де шақырылды. Салтанатты саптүзеу өткізілді. Бұл саптүзеуде 3 «А» - сынып оқушылары «Жас қыран» қатарына салтанатты түрде қабылданды.
Жоғары санатты мұғалім Киселенко Л.С 16 желтоқсан қарсаңында «Наша Родина Независимый Казахстан» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Бұл тәрбие сағатына мұғалім өте аса ұқыптылықпен дайындылғаны байқалды. Тәрбие сағатына оқушылармен бірге ата – аналар да қатысты. Ата – аналар қазақы дастарқан жайып, оқушылар тақпақтар айтып, ән шырқаудан жалықпады.
Достарыңызбен бөлісу: |