Оқу жылындағы жазғы лагерь «Балдәурен» тобынының 05. 06


Тақырыбы: «Мамандық таңдау »



бет3/3
Дата14.06.2023
өлшемі25,73 Kb.
#178768
1   2   3
Байланысты:
Жазғы лагерь Жоспар 2023

Тақырыбы: «Мамандық таңдау »
Тобы:
Сабақтың мақсаты:
· Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, нығайту. Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар түрлеріне мүдделерін арттыру.
· Оқушыны өз ойын айта алуға, эстетикалық талғамға, бүгінгі өмір талабына сай рухта тәрбиелеу
· Оқушының жүйелі ойлау қабілетін арттыру. Өз ойын айта алуын, өз пікірін қорғай алуын дамыту
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, флипчарт

Барысы:

Жаңа ақпарат
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 25 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады.

Дәйексөз
«Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз»


К. Д. Ушинский
Ж.Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген екен.

Әңгімелесу айдары


1. Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
2. Сен ол мамандық туралы не білесің?
3. Мамандық таңдамаудың себебі неде деп ойлайсыңдар?
4. Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?
5. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындау керек деп ойлайсыз?
6. Мамандық таңдауыңа кім кеңес берді?
7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?
8. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
«Қай мамандық лайықты?» ойыны.
Ойынның шарты бойынша бес саусақты қағазға бастырып, ортасын дәлдеп табады. Сол нүктеден әрбір саусаққа сызық жүгізеді. Сызықтың ұзындығына қарай лайықты мамандықты таңдай алады.
І саусақ- басқарушы
ІІ саусақ-заңгер, қорғаушы, әскери адам
ІІІ саусақ- дін адамы, саясаткер, тарихшы
ІҮ саусақ-өнерге бейім, архитектор, әнші, биші, суретші, дизайнер
Ү саусақ - дәрігер, шипагер
Психологиялық сәт: «Психогеометрия»
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.
Трапеция. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

«Мамандықтар тізбегі» ойыны


Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештерде жұмыс істейді.
Қорытындылау 
«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгінгі тәрбие сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, бұл сабағымыз оқушылардың болашақта өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріне өз таңдауларын жасауға үлкен септігі тиеді деп ойлаймын.
«Ұстазым» әнін орындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет