Педагогикалық кеңестер, әдістемелік сағаттар.
Жоспар бойынша 2 педкеңес, 2 әдістемелік сағат өткізілді. Тамыз айының аяғында өткен педкеңес ұйымдастырушылық сұрақтарына арналса, қараша айындағы педкеңесте «Денсаулық және дене шынықтыру жайлы не білеміз?» тақырыбы қарастырылды.Әдістемелік сағаттар педагогикалық үрдіске инновациялық технологияларды енгізу мәселесіне арналды.
Білімін көтеру, аттестация жұмысы.
2015 жылдың қыркүйек-қазан айларында Кушанова С.Ж меңгерушілер, Пакизеева А.А психологтардың, Құдиярова Д.Ш тәрбиешілердің қысқа мерзімді білімін көтеру курстарынан өтіп келді.
2015-16 оқу жылында ІІ санатқа Пакизеева А.А – психолог, Мағзұмова Б.С – тәрбиеші, І санатқа Құдиярова Д.Ш – тәрбиеші аттестациядан өтуге өтініш берді.
Ата-аналармен жұмыс.
Жоспар бойынша Қазан айында балабақшаішілік жалпы ата-аналар жиналысы, қыркүйек және желтоқсан айларында топтық ата-аналар жиналыстары өтті. Алтын күз мерекесі мен жаңа жыл мерекелері аясында ата-ана мен баланың бірлескен жұмыс көрмелері, байқаулар ұйымдастырылды. Әр айдың басында топтардың қабылдау бөлмелеріндегі ата-аналар бұрыштарында ата-аналарға арналған медбикенің, психологтың, тәрбиешілердің кеңестері ілінеді.
Қорыта айтқанда, І жартыжылдықтың жұмыс жоспары орындалды деуге болады.
Балабақша меңгерушісі Кушанова С.Ж.
Достарыңызбен бөлісу: |