Тіл мерекесінің онкүндігіне орай өткізілген іс-шаралардың есебі
Дөңгілағаш негізгі мектебінде Тіл мерекесіне орай 9-қыркүйектен 18-қыркүйек аралығында онкүндік аталып өтілді.Онкүндікке арналып іс-шаралар ұйымдастырылып мектеп оқушылары барлығы бір жұдырықтай жұмылып қатынасты.Іс-шаралардың барлығы дерлік қойылған өз уақытымен тиянақты әрі қызықты өткізілді.Онкүндіктің алғашқы күні тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді.Ол іс-шараға 1-9 сынып оқушылары қатынаст және алдағы жасалатын жұмыстар жоспары таныстырылды.Апталықтың екінші күнінде 10-қыркүйекте «Достықтың терең тамыры» деп аталатын тақырыпта өзге ұлт өкілдерімен кездесу болып өтті.Бұл іс-шараға 1-9 сынып оқушылары қатынасты.Бұл іс-шаралармен қатар «Ана тілім-асыл қазынам» деген тақырыпта шығарма байқауыда өтті.Бұл шығарма байқауына жоғарғы сынып оқушылары белсене қатынасты. 14-қыркүйек күні «Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» тақырыбында 5-9 сынып оқушыларының арасында дөңгелек үстел болып өтті.Дөңгелек үстел оқушылар үшін қызықты да жақсы дәрежеде өтті.Оқушыларды қазақ тілінің қадір-қасиетімен,жас ұрпақты ұлтжандылықққа, Отан сүйгіштіккет баулу мақсатында аталып өтті.
15-қыркүйек «Әлем ұлттарының ойындары» тақырыбында онкүндікке арналған әр ұлттардың ойындары ойналды.Ол іс-шараға 5-9 сыныптар толық тиянақты, белсенді ат салысты.
Достарыңызбен бөлісу: |