Оқу жылының қорытындысын педагогикалық талдау талдау мақсаты



бет1/14
Дата28.11.2022
өлшемі403,01 Kb.
#160078
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14



2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫның қорытындысын
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Талдау мақсаты: 2017 – 2018 оқу жылында жұмыс нәтижесіне әсер еткен факторлар мен жағдайлар негізінде жаңа оқу жылындағы жұмысты толық жоспарлау.
Талдау жолдары:
– мониторингтік зерттеу материалдары;
– мектепішілік бақылаудың және мектепішілік шұғыл ақпараттың (кестелер, диаграммалар, график, пед.жағдаят пен бақылау обьектілерінің сапалы және сандық сипаттамасы) жүйеленген тізімдері;
– сабақтар мен сыныптан тыс тәрбиелік іс – шараларға қатысу нәтижелері бойынша анықтамалар;
– қорытынды әкімшілік бақылау жұмыстарының нәтижелері, оқушылардың аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелері;
– әкімшілік мүшелерінің басқарма жұмысының нәтижелері;
– педагогикалық кадрлармен жұмыс нәтижесі;
– ата – аналармен жұмыс жасау нәтижесі;
– статистикалық тізімдер (РИК, ОШ).


ОҚУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ТАЛДАУ
2017 – 2018 оқу жылы педагогикалық ұжымның жұмысы «ҚР Білім туралы», «Тіл туралы» заңдары, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік ережелерінің, ҚР БҒМ, Павлодар облысы білім беру басқармасының, қалалық білім беру бөлімінің 2017 – 2018 оқу жылының басталуы туралы бұйрықтарының, « ... жаңа оқу жылының басталуы туралы» нұсқаулық–әдістемелік хатының талаптарына, сонымен қатар 2016–2017 о.ж. мектеп жұмысын талдау қорытындысына және ұсыныстарына сәйкес ұйымдастырылған.


Білім берудің мазмұны
2017–2018 оқу жылына арналған мектептің оқу жоспары үлгілік оқу жоспары негізінде құрылған. Оқытудың бастауыш және негізгі сатыларында мектептік және оқу компоненттері қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыс-математикалық бағыттағы курстарға бөлінген.
Вариативтік курстарын таңдау барысында оқушылар мен ата-аналардың қызығушылықтары есепке алынды. Тұлғаның жан-жақты дамуы үшін жағдай жасау мақсатында гуманитарлық және жаратылыс-математикалық бағыттағы курстар тең алынды.
Жоғары мектепте 11 сынып өз жұмысын жалғастырды, жаратылыс – математикалық бағытында оқыту орыс тілінде жүргізілетін 10 сынып ашылды.
Оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқу компоненттерінің сағаттары келесі курстарға қолданылды: «Физика есептерін шығару әдістері», «Есеп шығарудың негізгі әдістері мен тәсілдері»,«Генетика бойынша есептерді шығару».
Мониторинг нәтижесі таңдап алған маманға сәйкес екенін көрсетті: 2018ж 20 түлегі ішінен 16 (80%) оқушы жаратылыс-математикалық бағыты бойынша оқуын жалғастырды.
Ата – аналар мен оқушылардың түрлі сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін білім беру үдерісінің бағыты оқушылардың 25% білім алатын гимназиялық сыныптар желісімен сипатталады. Мектепте жалпы дамытудың 8 гимназиялық сыныптары жұмыс жасады (2А, 2Б, 3А, 4А, 5А, 6А, 7А, 8А), (203 оқушы). Ағымдағы жылда гимназиялық компоненті бойынша оқитын оқушылардың арту саны сақталған.
О қушылар құрамының динамикасы
2017–2018 оқу жылында мектепте 33 (оның ішінде 2 мектепалды сынып) жиынтық сынып болды. Өткен жылмен салыстырғанда оқушылардың құрамы 69 оқушыға артты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет