4. Тапсырмалар формасы:
Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау уақыты – 40 минут.
5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін тестіленуші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда 15 балл алады.
6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:
Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 4 сыныптарында апробациядан өтеді.
Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау
Бойынша дүниетану пәнінен 4 сынып оқушыларына арналған тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және бастауыш білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламалары негізінде құрастырылған құжат.
1. Мақсаты: жалпы білім беретін орта мектептердің 4 сынып оқушыларының дүниетану пәні бойынша дайындық деңгейлерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |