Эстетикалық тәрбие бағыты бойынша
қыркүйек айында– Ақкөл орта мектебінде 1-cынып ата-аналарына арналған конференция өткізді. Конференцияның мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Конференцияда ата-аналарға бала тәрбиесі жайлы баяндама оқылды,әр түрлі жағдайяттар айтылып «Отбасы тәрбиесі» атты видиоролик көрсетілді, ата-аналармен тренинг жаттығулары жасалды.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауды болдырмау мақсатында осы жағдайлардың маңыздылығын ескере отырып және аудандық білім бөлімінің бұйрығына сәйкес «Суицидтің алдын алу бойынша шара қолдану туралы» мектепішілік бұйрық шығарылып, күйзелістің алдын-алу іс-шаралары ұйымдастырылды. Тәрбие әдіс бірлестігінде ұстаздарға суицид тақырыбы бойынша баяндаманы мектеп психологы Абдилман З.А ашып айтып, алдын алу шаралары бойынша әңгіме жүргізілді.
Басауыш сынып оқушыларымен «Кел балалар танысайық!» тақырыбында психологиялық тренингтер өткізілді. Балалардың барлығы тренингке белсене қатысты, олардың қызығушылықтары байқалды.
Достарыңызбен бөлісу: |