Оқу жұмыс бағдарламасы (syllabus)



бет9/54
Дата20.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#139987
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54
Байланысты:
УМК каз 2021

Негізгі әдебиет: [ 1, 3, 8, 11, 14, 16]
Қосымша әдебиет: [30, 31, 34, 37, 39, 46, 47, Электр. әдеб 54, 55, 60]


7-ші тақырып. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы


Елдің егемендігін танытатын 1993 жылғы қаңтардағы Қазақстанның тұңғыш Конституция мемлекетіміздің тәуелсіздігін ең жоғарғы заң тұрғысында саяси-құқықтық сипатта алғаш бекіткен құжат еді. Бұл алғаш Коституцияның мемлекет тарихында алатын орны туралы Елбасы «Қазақстан жолы» атты кітабында былай деп жазады: «Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған «Негізгі Заң» қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын». Осылайша, 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы егемендік тарихындағы ең демократияшыл құжат болып табылған еді. Алғашқы Конституцияның мәні мен маңызына келетін болсақ, бұл құжат Президенттің көрсеткен мақсаты бойынша төрт басты мәселеге жауап беруі және соған жағдай жасауы тиіс болатын. Оның біріншісі – мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту, екіншіден – экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшіншіден – жас мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртіншіден – ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін заңдық негіздерді Ата заңда көрсету. Алайда, жоғарыда қамтылған төрт мақсатты шешіп беретін баптар әуелгі Конституцияның жобасында барынша қамтылмады. Тұңғыш Президент Н. Назарбаев та бұл ретте тұңғыш Конституция жобасы әуелден-ақ еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық үдерістен алшақ қалғанын алға тартады. Сөйтіп, уақыт өте келе, заман ағымы мен сұранысына қарай, Бас заңымыздың кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалды. Мәселен, сол кездегі оқиғаларға зер салсақ, тұңғыш Конституция мемлекеттік билікті бөлу қағидаты тұрғысынан республикада біртұтас мемлекеттік органдардың жүйесін қалыптастыра алмағанын аңғарар едік. Сол тұстағы оқиғаларға келсек, депутаттыққа үміткерлердің бірі шағым жасап, соның негізінде XIII шақырылған Жоғарғы Кеңеске сайлау бойынша Орталық сайлау комиссиясының кейбір актілерін Конституциялық cот 1995 жылдың 6 наурызында Ата Заңға кереғар деп таныды. Оның ақыры Жоғарғы Кеңес қызметінің тоқтауына әкеліп соқты. Осындай олқылықтар жаңа Негізгі Құжаттың қажеттілігін туындатқан болатын. Сондықтан да арада екі жыл өткенде 1995 жылы қазіргі Негізгі заң – Конституция қабылданды. Осылайша, тәуелсіздік жылдары Қазақстанның мемлекеттігін айқындаған Ата заң екі қайтара түледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет