Оқу жұмыс бағдарламасының титул парағы



бет2/2
Дата24.04.2017
өлшемі0,56 Mb.
#14927
1   2

Дүние жүзінің экономикалык және әлеуметтік географиясы әлемнің тұтас, жекелеген аймақтары, жеке елдеріндегі шаруашылық пен халықтың дамуы және орналасу зандылықтарын зерттейтін қоғамдық географиялық ғылым. Халықаралық қатынастар, адамзаттың ғаламдық мәселелері және коғам мен табиғат арасындағы өзара қатынас мәселесін қозғағанда ол қазіргі әлемнің даму сатысын, дүниежүзіндегі ТМД елдері мен Қазақстан Республикасының экономикадағы және саясаттағы орнына, рөліне сипаттама беруге, түсінуге жәрдемдеседі.

Мақсаты: ғылыми бағыттағы практикалық маңызы бар дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы үшін экономикалық аудандау негізіндегі қоғамның өндіргіш күштерін аумақ тұрғысынан тиімді ұйымдастырудың мәселесін кешенді түрде зерттеу болған және болып қала бермек. Сонымен бірге оның парадигмасы коғамды аумақ тұрғысынан ұйымдастыру сияқты кең мағыналы ұғымға карай жетелейді. Бұл тұрғыда радикалды сипат географиялық негіздеудегі мәселелерге жүгінеді: 1. дүниежүзі елдерінің аймақтық экономикалық және әлеуметтік саясатына; 2. табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған ортаны корғау; 3. әртүрлі типтегі және масштабтағы аумақтық-шаруашылықтық кешендерді қалыптастыратын интеграциялык процесстер, сонымен бірге дүниежүзі елдерінің әлемдік шаруашылық байланыстары.


Міндеттері: студент дүниежүзі шаруашылығының салалық және кеңістіктік құрылымы, әлемнің жекелеген елдерімен аймақтарындағы, оның даму тенденцияларындағы ерекшеліктер жөнінде түсінігі болуы қажет.

Студент білу керек:

- "Дүние жүзінің шаруашылығы" ұғымның мәні және шығу тегін түсіндіретін әртүрлі трактовкалар мен теорияларды;



- әлеуметтік-экономикалық жүйелердің географиялық даму заңдылықтары мен орналастыруындағы аумақтық құрылымдарды;

- дүниежүзінің шаруашылығының жетекші салаларына жалпы сипаттама жасай алуы;

- дүниежүзі елдерінің қазіргі типологиясын, сонымен бірге дүниежүзінің саяси картасын;

- адамзаттың ғаламдық мәселелері мен даму, жолдарын білуі қажет.



Студент істей білу керек:

- дүниежүзі шаруашылығының аймақтық құрылымының қалыптасуында халықаралық еңбек бөлінісінің рөлін, сонымен қатар дүниежүзі елдерінің дамуына оның әлеуметтік-экономикалық әсерін көрсете білуі;

- аумақтық әлеуметтік-экономикалық жүйесін географиялық даму заңдылықтарына талдау жасай ала білуі;

- қазіргі демографиялық, этникалық және геосаяси мәселерді анықтай алуы;



- қазіргі заманғы мәселелердің локальдық, аймақтық және ғаламдық сипатына географиялық тұрғыдан ерекше талдау жаса алуы қажет.

  1. Пререквизиттер: «Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» курсын меңгеру үшін тұрақты даму концепциясы, экскурсиятану, халықаралық туризм тарихы пәндері бойынша алдын-ала білім алуды қажет етеді.

  2. Постреквизиттер: халықаралық туризм географиясы, этногеография, әлемнің туристік экскурсиялық нысандары, рекреациялық география.

4 Пәннің мазмұны

4.1 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



р/с


Тақырыптың атауы

Сағат саны

Дәр.

Тәж.

СӨЖ


1

2

3

4

5

1

Кіріспе

1

-

9

2

Әлем шаруашылық географиясы. Әлем шаруашылығы – ғаламдық географиялық жүйе

3

1

9

3

Дүние жүзі шаруашылығы салаларының географиясы

6

2

9

4

Дүние жүзі шаруашылығының аймақтық құрылымы. ТМД елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы

3

2

9

5

Шет елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы. Шетелдік Еуропа елдері

3

2

9

6

Солтүстік Америка елдері

3

1

9

7

Латын Америкасы елдері

3

2

9

8

Шетелдік Азия елдері

3

2

9

9

Африка елдері

3

2

9

10

Австралия және Мұхит аралдарының елдері

2

1

9

БАРЛЫҒЫ:

30

15

90

Пән бойынша барлығы

135



4.2 Пәннің тақырыптар мазмұны:
1 Тақырып. Кіріспе

Басқа ғылымдар сияқты экономикалық және әлеуметтік география өзінің негізгі зсрттеу әдісі ретінде - талдау және синтездеу әдістерін қолданады. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географиядағы талдап зерттеу пәннің қарастыратын ауқымы мен заңдылығына сай бөлшектенуіне алып келеді. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географиядағы синтездеп зерттеу белгілі бір территориядағы барлық компоненттер мен факторлардың әрекеттесу ерекшелігін айқындау және интеграциялау жолымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, анализ және синтез бір-бірімен үйлеседі, яғни экономикалық-географиялық сипаттамалар "салалық" компоненттер мен факторларды, территориялық аудандарды (субрегион мен регион) айқындайды. Елдердің экономикалық-географиялық сипаттамасы типологиялық бағытта болуы кажет, яғни әр елдің жеке өзіне тән спецификалық ерекшелігіне сай жалпы сипаттама берілуі керек.

Ол үшін елдің экономикалық географиясын зерттегенде материалдарды дұрыс таңдай алып, салыстыру әдісін кең түрде қолдану қажет. Тек қана елді елмен, ауданды ауданмен, саланы саламен салыстыру арқылы ғана зерттеп анықтағанда мемлекеттің, шаруашылықтың ерекшелігі анықталады.

Сонымен қатар, студенттер жеке елдер бойынша сай әдебиеттерді оқуы қажет. Студенттер негізгі әдебиеттермен жүйелі түрде жұмыс жасауы керек, барынша экономикалық және саяси мерзімдік басылымдардың шығуын қадағалау керек. Сонымен бірге, ҮСЭ жылнамалықтар, Қысқаша географиялық энциклопедия ұсынылады. Жеке елдер бойынша шығарылатын анықтағыштар, кітапшалар, карталарды пайдаланған жөн.

2 Тақырып. Әлем шаруашылық географиясы. Әлем шаруашылығы - ғаламдық географиялық жүйе

"Әлем шаруашылығы" түсінігі, маңызы, дамуының негізгі тенденциялары мен заңдылықтары, қарама-қайшылығы және оның салалық, инфрақұрылымдык, институционалды және кеңістіктік аспектілерінің әркелкілігі. Дүние жүзі табиғат ресурстарының жалпы сипаттамасы. Ресурспен қамтылу туралы ұғым. Дүние жүзі елдері шаруашылығын орналастырудағы табиғи-ресурстық потенциалдың ролі. Табиғи ресурстардың сарқылуы. Дүние жүзінің шаруашылығының ғаламдану үрдісі. Өзекті және аймақтық интеграция, олардың айырмашылықтары. Техника, технология, ақпарат және қазіргі кездегі байланыс құралдарының маңызы, халықаралық экономикалық ұйымдар және мемлекеттердің аймақтық одағы. Интеграция әсерінен өндіріс күштерінің орналасуындағы өзгерістер.

3 Тақырып. Дүние жүзі шаруашылығы салаларының географиясы

Шаруашылықтың бірінші, екінші, үшінші секторларының пайда болуының жалпы тарихи зандылықтары. Алдыңғы қатарлы елдердің ақпараттық қоғамға өтуі. Ғылымның дүние жүзілік өндіріс күшінің өсуіндегі рөлі. Дүние жүзіндегі ғылымның маңызды рөлі. Информатика, ғылыми зерттеулер және дүниежүзі шаруашылығы дамуының байланысы.

Өнеркәсіп - дүние жүзі шаруашылығының маңызды саласы, оның ЖҰӨ-нің құрылымындағы ерекше рөлі. Қазіргі экономикалық көрсеткіштер. Өнеркәсіп өнімінің халық шаруашылығының басқа салаларындағы маңызы және халық қажеттілігін қамтамасыз ету. Өнеркәсіптің өңдеу саласының маңызды рөлі. XIX және XX ғасырдағы ғылыми техникалық революциялардан (ҒТР) кейін болған әртүрлі кезеңдеріндегі құрылымдық қайта құру ерекшеліктері. Олардың өнімдерінің халық шаруашылығындағы маңызы.

Мұнай және газ өнеркәсібі - экологиялық таза және тиімді отын мен шикізат көзі. Мұнай мен газды мемлекеттер мен аймақтар бойынша өндіру мен қолдану географиясы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің географиясы.

Көмір өнеркәсібі. Дүние жүзіндегі маңызды көмір түрлері, өндіру әдістері, қолдану бағыттары Саланың географиясы.

Электр энергиясы - отын-энергетика кешенінің маңызды саласы. Электр станцияларының негізгі түрлері. Дүние жүзі электр энергетикасының географиясы. Дүние жүзілік энергия жүйелері.

Қара металлургия. Дүние жүзінің дамыған елдеріндегі саланың шикізат базасы, металл өндірісі және оны тұтынушылар. Өнімді негізгі экспорттаушылар.

Түсті металлургия. Саланың дүниежүзі шаруашылығындағы рөлі. FTP-дің өндірілетін өнім құрамына әсері. Кейбір аймақтардың мамандануындағы өзгерістер. Сыртқы сауда ерекшеліктері.



Машина жасау өнеркәсібі. Оның FTP-дің жетістіктерін таратудағы негізгі маңызы. Дүние жүзі шаруашылығындағы манызды рөлі. Дүние жүзі машина жасау өнеркәсібінің негізгі салаларының географиясы. Өнімдерді экспорттайтын мемлекеттер типі.

Химия өнеркәсібі. ҒТР-дің химия өнеркәсібі салаларының дамуына әсері, жаңа күрделі өнімдерді шығару. Жоғары технологиялық химикаттар мен полимер материалдар үлесінің жоғарылылығы. Әр түрлі типтегі елдердегі шаруашылықты химизациялау процесінің қазіргі кездегі ерекшеліктері. Сала дамуындағы экологиялық мәселелер. Сыртқы сауданың негізгі белгілері. Биоиндустрия - өнеркәсіптің жаңа саласы. Биоиндустрияның дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдеріндегі негізгі белгілері.

Жеңіл өнеркәсіп. Әр түрлі елдердегі оның құрамының ерекшелігі. Соңғы дайын өнімді өндірудің маңызы, саланың шикізат базасының түбегейлі өзгеруі. Дүниежүзінің маңызды өндірісінің географиясы. Сыртқы сауданың негізгі белгісі және оның негізгі бағыты.

Дүние жүзі ауыл шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері. Дүние жүзі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік типтері.

Өсімдік шаруашылығы. Маңызы, құрылымы. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының географиясы. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сыртқы саудасы.

Мал шаруашылығы. Маңызы, түрлері, құрылымы, азық базасының әр түрлі елдердегі ерекшелігі. Дала өнімін экспорттаушылар.



Көліктік-коммуникациялық жүйе. Саланың шаруашылық дамуындағы рөлі. Дүние жүзілік және аймақтық транспорт жүйесі дамуының негізгі көрсеткіштері. Теңіз көлігі. Ірі теңіз порттары. Темір жол көлігі. Оның халықаралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдаудағы рөлі. Ірі халықаралық магистральдар. Құбыр көлігі. Құбыр көлігінің географиясы. Автомобиль көлігі. Оның жолаушы және жүк тасымалдаудағы рөлі. Автомобиль халықаралық көлігімен тасымалдау және оның ерекшелігі. Әуе көлігі. Маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі

флоттарының географиясы. Дүние жүзінің аймақтық көлік жүйесінің сипаттамасы. Халықаралық коммуникациялық байланыс.



Халықаралық экономикалық байланыс. Дүние жүзілік экономикалық байланыстың (ДЭБ) экономикалық базасы. ДЭБ-тің типі мен формалары. Сыртқы сауда - ДЭБ-тін ең дамыған формасы, оның көлемі және түрлері. Еркін зоналар. Сауда блоктары. Сыртқы сауда. Еркін зоналар. Сауда блоктары. Сыртқы сауда географиясы.

Дүние жүзілік шаруашылық байланыстардың түрлері: сыртқы сауда, капитал миграциясы, технология трансфері, валюта - қаржы қатынасы, жұмыс күшінің миграциясы, өзекті экономикалық мәселелер.



Халықаралық қызмет көрсету саласы. Оның дүние жүзі экономикасындағы рөлі. Қызмет көрсету саласының географиясы.

4 Тақырып. Дүние жүзі шаруашылығының аймақтық құрылымы. ТМД елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы



Дүние жүзі шаруашылырының аймақтық құрылымы. Дүние жүзінің маңызды экономикалық аймақтары: Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Батыс Азия, Шығыс Азия және т.б. Олардың пайда болуының тарихи ерекшеліктері. Аймақтар дамуыньң әркелкілігі.

ТМД елдерінің географиялық орналасуы, жер көлемі және шекаралары. ТМД елдерінің табиғи ресурстары (табиғи жағдайлары және табиғи ресурстары). Қоршаған ортасының ластануы. Табиғи ресурстардың сарқылуы. ТМД аумағын сор басу мәселесі.

ТМД халқы. Халықтың саны және ұдайы өсуі. Жұмыс нарығы және халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Халықтың миграциясы. Әлеуметтік құрамы. Білім деңгейі. Ұлттық құрамы. Қала және ауыл халқы.

ТМД елдерінің шаруашылығы: аумақтық-құрылымдық ерекшеліктері. Маңызды өнеркәсіп салаларының сипаттамасы.

Ауыл шаруашылық және агроөндірістік кешен. ТМД елдерінің агроөндірістік даму мәселелері және жалпы сипаттамасы. Ауыл шаруашылықты (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы) аумақтық ұйымдастырудың негізгі үрдістері. Ауыл шаруашылығын аудандастыру. Ауыл шаруашылық аудандарының түрлері.

Инфрақұрылым. ТМД елдеріндегі оның даму деңгейі. Көліктің, халыққа қызмет көрсетуінің, сыртқы экономикалық байланыстарының, рекреациялық сферасының жалпы сипаттамасы. Экономикалық аудандастыру.

ТМД елдерінің аймақтық сипаттамасы.

5 Тақырып. Шет елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы. Шетелдік Еуропа елдері

Еуропа елдерінің жалпы сипаттамасы. Еуропаның саяси картасы, оның екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзгеруі. Дүние жүзілік аренадағы Еуропа елдерінің орны. Еуропа елдерінде мемлекетті басқарудың түрлері, экономикалық даму деңгейі және даму жолдары бойынша топтастыру. Табиғат ресурстары, оларды экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау. Экологиялық проблемалары. Халықтар географиясының ерекшеліктері, экономикасының құрылымы мен ұйымдастырылуының факторлары; өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының географиясы. Сыртқы экономикалық байланыстар, олардың мәні. Әскери және экономикалық блоктар. Халықаралық қатынастарды орнатудағы жаңа саяси көзқарастар.

Еуропада өнеркәсіпті орналастырудың және дамытудың басты ерекшеліктері. Жалпы Еуропалық экономикалық кеңістік.

6 Тақырып. Солтүстік Америка елдері



Америка Құрама Штаттары. Географиялық орны және табиғат ресурстары. Географиялық орнының ерекшеліктері. Теңіз және кұрғақтағы шекаралары. Пайдалы казбалардың қоры, шоғыры және кен орындарының орналасуы. Халқы. Халқының динамикасы. Халқының қалыптасуындағы иммиграцияның орны. Ұлттық құрамы. Қала және ауыл халқы. Урбанизация деңгейі, урбанизация проблемалары.

Шаруашылығы. Дүниежүзілік шаруашылықтағы АҚШ-тың үлесі. Әлемнің басқа елдерімен салыстыру. Өндіріс пен капиталдың шоғырлану деңгейінің жоғары болуы. Ауыл шаруашылығы. "Американдық" ауыл шаруашылығын дамыту типі (Оңтүстіктен басқа). Ауыл шаруашылығының әлеуметтік құрылымы. Аграрлық қарым-қатынастар. Өсімдік пен мал шаруашылық салаларының орналасуы. Ферма типтері мен олардың орналасуы. Ауыл шаруашылық аудандары.

Сыртқы экономикалық байланыстары. Дүние жүзілік рыноктағы АҚШ экспансионизмі. АҚШ-ты дүниежүзілік рыноктағы ірі қаржы экспортер ретінде қарастыру. Континенттер мен мемлекеттерде американ қаржысалымдарының таралуы. Дүниежүзілік рыноктағы АҚШ алып отырған орнының әлсіздену факторлары. АҚШ-тың Батыс Еуропа елдерімен, Канадамен, Латын Америкасы елдерімен, Қиыр Шығыс елдерімен байланысы және қарама-қайшылықтары.

Канада. Географиялық орны және табиғат ресурстары. Минералдық шикізатқа және металл ресурстарына, мұнайға және калий тұздарына бай болуы. Гидроресурстардың, орман байлықтарының молдығы. Климаттың шаруашылыққа кері әсері.

Халқы және мемлекеттік құрылысы. Халықтың қалыптасу факторлары. Иммиграцияның рөлі. Негізгі ұлттық топтар, олардың сипаттамасы. Халықтың тығыздығының төмен болуы, біркелкі орналаспауы. Урбанизация, қала және елді мекендердің түрлері. Халықтың кәсіби және топтық құрамы.

Шаруашылығының жалпы сипаттамасы мен даму ерекшелігі. ІІ-Дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуының күшейюі. Гидроэнергетиканың және энергияны кажет ететін өндірістің ерекше рөлі. Басты ауыл шаруашылық аудандары. Көлігі. Ішкі көліктің дамуы, оның ерекшеліктері. Құбыр көлігі. Сыртқы экономикалық байланысының маңызы. Сыртқы сауданың көлемі, кұрылымы, бағыты. Төлем балансы. Экономикалық аудандары. Ел экономикасында оның рөлі және әртүрлі дамуы.

7 Тақырып. Латын Америкасы елдері

"Латын Америкасы" ұғымы осы аймаққа кіретін елдердің кұрамы. Латын Америкасы елдері экономикалық дамуында басқа дамушы елдерге қарағанда біршама жоғары дамыған.

Табиғи жағдайы және оларды экономикалық бағалау. Латын Америкасы елдерінің минералдық шикізатының халықаралық маңызы. Табиғи ресурстарды ұлттық меншікке айналдыру процесі.

Халқы. Жергілікті халықтар. Еуропалық колонизация, құлдарды сатуды континент халқының қалыптасу факторы ретінде қарастыру. Нәсілдер. Халықтың тығыздығы және орналасуы. Қала және ауыл халқы. Қала агломерацияларының көп болуы және олардың үлкен рөл ойнауы. Миграциялық процестер. Халықтың табиғи өсімі. Халықтың кәсіби, салалық және ұлттық құрамы.

Жалпы шаруашылыққа сипаттама. Ұлттық және шетелдік капиталдың арасындағы шиеленістің күрделенуі. Индустрализация. Өнеркәсібі. Өнеркәсіптік дамудың деңгейі және оған шет ел монополияларының әсері. Тау-кен және өңдеуші өнеркәсіптің құрылымы. Негізгі салалардың орналасуы. Жекелеген елдерді индустриализациялаудың мүмкіндігі. Өнеркәсіпті аудандары және орталықтары.

Ауыл шаруашылығы. Аграрлық қатынас, феодализм, шетелдіктердің жерді иелікке алуы. Құлдық пен феодалдықтың ара-қатынастары. Жалға беру. Ауылшаруашылық техникасының шектеулілігі. Ирригация. Ауылшаруашылығы құрылымының бір бағыттық сипаттамасы. Оның ірі салаларының орналасуы. Ауыл шаруашылығының типтері.

Көлігі. Шетел капиталының әсерінен қалыптасқан оның құрылымы мен орналасуындағы ерекшеліктер.

Сыртқы экономикалық байланысы. Сыртқы ауданның сипаты. Экспорт пен импорттың негізгі бағыттары және құрамы. Латын Америкасы елдеріндегі шетелдік инвестициялар, бұл елдердің төлем баланстары салаларының төмен болуы. Елдердің негізгі аймақтық топтары. Олардың негізгілеріне сипаттама: Бразилия, Мексика және Аргентина.

8 Тақырып. Шетелдік Азия елдері



Азия елдеріне жалпы сипаттама. Шетелдік Азияның саяси картасы және оның ІІ-ші Дүние жүзілік соғыстан кейінгі колониялық империяның құлауы нәтижесінде болған өзгерістер. Мемлекеттік құрылысы, деңгейі және экономикалық дамуы жолдары бойынша аймақтағы дамушы елдердің типтері және денгейінің түрлері. Ұлттық капиталдың және мемлекеттік сектордың ролі. Неоколониализм және оның Азиядағы түрлері, блоктардың қалыптасуы (СЕАТО, СЕНТО және т.б) және олардың қайта жандану мүмкіндігі. Азия елдерінің ұлттық тәуелсіздік үшін күресі.

ІІІетелдік Азияның географиялық аудандарға бөлінуі және олардың қысқа саяси-географиялық сипаттамасы. Қиыр Шығыс, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Батыс Азия (Таяу және Орталық Шығыс).

9 Тақырып. Африка елдері.

Африка елдерінің жалпы сипаттамасы. Аумағы және географиялық орны. Аумағының құрамы, қазіргі саяси бөлінісі. Африка мемлекеттерінің ауданы мен халқы жөніндегі негізгі мәліметтер. Африка елдерінің халықаралық саяси аренадағы орны мен маңызы.

Табиғат ресурстары. Континенттің табиғат зоналары мен ландшафттарды шаруашылық тұрғыдан бағалау. Гидроэнергетикалық және отын ресурстары. Шөл зоналарды суландыру және су мәселесі. Минералдық шикізаты. Топырақ-өсімдік зоналары, оларды шаруашылыққа пайдаланудың мүмкіндіктері.

Халқы. Халықтың саны мен демографиялық құрылымы. Ру, тайпалық және тіл топтары бойынша бөлінуі. Ұлттық қалыптасу проблемасы. Нәсілдік кемсітушілікке қарсы демократиялық күштердің күресі. Халықтың біркелкі орналаспауы. Африка халқының миграциясы. Қала және ауыл халқы. Еңбек ресурстары және оларды пайдалану.

Шаруашылықтың жалпы сипаты. Дүниежүзілік шаруашылықтағы Африканың орны. Бай табиғат ресурстарын шетел капиталы тарапынан талан-таражға түсуі. Африка елдерінің төмен даму денгейі. Африка елдерінде шетелдік капиталдың қазіргі позициясы. Мемлекеттік сектордың маңызы. Африка елдерінің экономикалық тәуелсіздігі үшін күресі. Африканың жекелеген елдері арасында экономикалық және саяси дамуындағы ерекшеліктер.

Сыртқы экономикалық байланыстары. Дүниежүзілік рыноктағы Африка елдерінің үлес салмағы. Сыртқы сауданың сипаты. Жаңа экономикалық тәртіп үшін демократиялық күштердін күресі. Африка елдерінің сыртқы сауда байланыстарының құрылымы мен бағытындағы өзгерістер. Африканың басты аймақтық топтары. Солтүстік, Батыс, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Африка елдері.

10 Тақырып. Австралия және Мұхит аралдарының елдері

Еуразия мен Америка арасындағы халықаралық жол бойындағы Австралия, Жаңа Зеландия және Мұхит аралдарының орны. Территориялардың шалғайдығы және олардың стратегиялық маңызы. Ұлт-азаттық қозғалыстың өсуі және оның Мұхит арал елдері, Меланезия, Полинезия, Микронезияның саяси картасына тигізген әсері. Жекелеген елдердің экономикалық деңгейдегі ерекшеліктері. Австралия, Жаңа Зеландия - экономикалық даму деңгейі жоғары елдер. Мұхит аралдары елдерінің артта қалғандығы мен экономикасының ерекшелігі.


4.3 Пәннің тәжірибелік сабақтарының мазмұны:
1) № 2 тақырып. Әлем шаруашылық географиясы. Әлем шаруашылығы – ғаламдық географиялық жүйе.

Әлем шаруашылығының пайда болу теориялары мен дамуы. Дүние жүзінің табиғат ресурстарына жалпы сипаттама. Дүниежүзі аймақтарының энергоресурстармен қамтылуына талдау. Дүние жүзінің табиғи-ресурстық потенциалына талдау. ҒТР және елдердің өнеркәсіптік дамуының ерекшелігі. Әлем шаруашылығының жаһандану үрдістері. Трансұлттандыру үрдісінің дамуы. ТҰК іс-әрекетінің ерекшелігі, олардың әлем шаруашылығының жаһандануындағы рөлі. ТҰК әсерінен пайда болған қарама-қайшылық сипаттамасы. ТҰК әсерінен өндіргіш күштерінің орналасуындағы өзгерістер.



2) Тақырып. Дүние жүзі шаруашылығы салаларының географиясы.

Дүниежүзінің машина жасау өнеркәсібіне талдау. Ауыл шаруашылық өндірісінің басты белгілері. Дүние жүзінің көлік жүйесінің динамикасы мен құрылымына талдау. Дүние жүзінің қаржы жүйесіне талдау жүргізу.



3) Тақырып. Дүние жүзі шаруашылығының аймақтық құрылымы. ТМД елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы.

ТМД елдерінің географиялық орны және саяси-әкімшілік бөлінуі. ТМД елдерінің табиғи жағдайлары мен ресурстары. Минералдық-шикізат ресурстары. ТМД елдерінің халқы. ТМД елдерінің отын-энергетикалық және металлургиялық кешені. ТМД елдерінің металлургия өнеркәсібі. ТМД елдерінің машина жасау өнеркәсібі. ТМД елдерінің агроөндірістік кешен жүйесіндегі ауыл шаруашылығы. Ресей, Украина, Беларусия елдеріне салыстырмалы экономикалық-географиялық сипаттама. Кавказ сырты елдерін экономикалық аудандастыру. Орта Азия елдері.



4) №5 Тақырып. Шет елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы. Шетелдік Еуропа елдері.

Шетелдік Еуропа елдеріне экономикалық-географиялық сипаттаманы келесі жоспар бойынша беру:



  1. Географиялық орны мен территорияның қалыптасу ерекшелігі.

  2. Табиғат жағдайлары мен ресурстарын шаруашылық тұрғысынан бағалау.

  3. Халық географиясының негізгі белгілері мен ерекшеліктері.

  4. Елдің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы және оның негізгі шаруашылық салаларының сипаттамасы.

  5. Жеке экономикалық аудандардың сипаттамасы.

  6. Сыртқы экономикалық байланыстары.

5) №6 Тақырып. Солтүстік Америка елдері.

Берілген жоспар бойынша аймақ пен елге экономикалық-географиялық сипаттама беру.



6) №7 Тақырып. Латын Америкасы елдері.

Берілген жоспар бойынша аймақ пен елге экономикалық-географиялық сипаттама беру.



7) №8 Тақырып. Шетелдік Азия елдері.

Берілген жоспар бойынша аймақ пен елге экономикалық-географиялық сипаттама беру.



8) №9 Тақырып. Африка елдері.

Берілген жоспар бойынша аймақ пен елге экономикалық-географиялық сипаттама беру.



9) №10 Тақырып. Австралия және Мұхит аралдарының елдері.

Территорияның қалыптасуы және аймақтың тарихы. Австралия, Жаңа Зеландия, Меланезия, Полинезия елдерінің ЭГО салыстыру. Ұқсастық пен ішкі айырмашылықтарын көрсету. Саяси картасының даму кезеңдері. Ел шаруашылығының даму ерекшеліктері. Сыртқы экономикалық байланыстары. Туризм индустриясының қалыптасуы және дамуы.



4.4 Студенттердің өздік жұмысының мазмұны:




СӨЖМ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Сабаққа қатысуы

20

2

Тәжірибелік сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысуы

30

3

Аудитория сабағының мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Ауызша сұрау

Конспект

25

4

Бақылау шараларына дайындық

-

МБ 1, МБ 2, (тестілеу және басқалар)

15

Барлығы:

90



Мамандықтың жұмыс оқу

жоспарынан көшірме






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32



5В090200 – Туризм мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме



Оқу формасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр бойынша бақылау формасы

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кредиттер

академиялық сағаттар

кредиттер

аудиториялық сабақтар

(ак. сағаттарды)



СӨЖ

(ак. сағаттарды)



барлығы

ауд

СӨЖ

емт.

сын.

КЖ (жоба)

КЖ

барлығы

дәр.

тәж.

зерт.

барлығы

СӨЖМ

Күндізгі ЖОБ негізінде

3

135

45

90

1










1

3

45

30

15

-

90

45

Пәннің атауы Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы


Кафедра меңгерушісі ____________ Д.Д. Есимова
20__ж. «____» _______ хаттама № ____

Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:

  1. Алисов Н.В. Экономическая и социальная география мира (общий обзор):учебник/ Н. В. Алисов, Б. С. Хорев.- М.: Гардарики.-2000.-704 с.

  2. Вавилова Е. В. Экономическая и социальная география мира:учеб. пособие для студ. вузов/Е. В. Вавилова.-2-е изд. прераб. и доп..-М.:Гардарики.-2006.-175 с.- (Homo Faber)

  3. Дорошевский М.В. Экономическая и социальная география мира:учебное пособие /М.В.Дорошевский, Г.В.Мысливец.-Киев:МАУП.-2003.-180с.

  4. Желтиков В.П. Экономическая география:учебное пособие для студ. Вузов /В.П.Желтиков.-Ростов н/Д: Феникс.-2003.-383с.- (Учебники и учебные пособия)

  5. Козьева И. А. Экономическая география и регионалистика:учеб. пособие для студ. Вузов /И. А. Козьева, Э. Н. Кузьбожев.-2-е изд., стер.-М.:Кнорус.-2007.-328 с.

  6. Лопатников Д.Л. Экономическая география и регионалистика: учебное пособие /Д.Л.Лопатников.-М.: Гардарики.-2004.-223с.

  7. Любимов И.М. Общая политическая, экономическая и социальная география. / Под ред. Л.П. Куракова. М: Гелиос АРВ, 2001. 336 С.

  8. Родионова И.А. Экономическая география и региональная экономика /И.А.Родионова.- М.:Моск. Лицей.- 2001.-288с.


Қосымша:

  1. Ахметов С. Н. Стратегия развития региона: методологический аспект /С. Н. Ахметов; ответ. ред. А. А. Алимбаев.- Караганда: Арко.-2002.-314 с.

  2. Видяпин В.Н. Региональная экономика: учебник /под ред.: В.Н.Видяпина, М.В.Степанова. - М.: ИНФРА-М.-2002.- 685с..- (Высшее образование)

  3. Волков Ю. Г. Регионоведение: учеб. Пособие /отв. ред. профессор Ю. Г. Волков.-2-е изд., испр. и доп.- Ростов н/Д: Феникс.-2004.-442 с.-(Высшее образование)

  4. Вольский В.В.  Социально-экономическая география зарубежного мира:учебник для вузов [для экон. спец.] /под ред. В. В. Вольского.-3-е изд., испр.-М.:Дрофа.-2005.-560 с.

  5. Все страны мира: Энциклопедический справочник/ Автор-составитель Родин И.О., Пименова Т.М. - М.: Вече, 2003. 560 С.

  6. Гладкий Ю.Н., Чистобаев А.И. Регионоведение: Учебник. М.: Гардарики, 2003. 384 С.

  7. Максаковский В.П. География: Экономическая и социальная география мира:учебник для 10 кл. /В.П.Максаковский.-10-е изд..-М.:Просвещение.-2002.-349с.

  8. Родионова И.А. Экономическая география Российской Федерации: учеб.-справ. пособие /И.А.Родионова.-М.:Моск. Лицей.-2000.-191с.

  9. Экономическая и социальная география России: Учебник для ВУЗов / под ред. А. Т. Хрущева. М.: МГУ, 2001.

  10. Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны. / Под ред. СБ. Лаврова, Н.В. Каледина. - М: Гардарики, 2002. - 928 С.


Келісілді: Кітапхана директоры __________________ Исамадиева С.А.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет