Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
ЖП пәні мен міндеттері, студент және оқытушы психологиясы, қарым -қатынас психологиясы, танымдық және оқу іс-әрекет психологиясы, психологиялық қызмет. Тақырыптар бойынша зерттеулер, тақырып мазмұнына орай кесте мен түсініктер беру.
Семестр:
2 семестр
Оқытушының Т.А.Ә.
Арымбаева К.М.
Доцент / оқытушы:
п.ғ.к, доцент;
Жұмыс тілі
Казақ тілі, орыс тілі
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Міндетті компонент (МК)
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
Дәріс–15 чсағат, практикалық –15 сағат, ОСӨЖ–30 сағат, СӨЖ– 30 сағат
Еңбек сыйымдылығы
90 сағат
Кредиттер / сынақ бірліктері
2
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Курс пререквизиті Философия, Орталық жүйке жүйесі және жоғарғы жүйке жүйесінің іс - әрекетінің физиологиясы, жоғарғы матиматика, социология
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Кур мақсаты мен міндеттері, Курстың мақсаты: Студенттердің жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде студенттерді психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілікпен дағдыны қалыптастыру.Курстың міндеті:Оқытылған психологиялық құбылыстарды заңдылықтарды негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі- психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдықт дағдылар мен ептіліктерді дамыту; Дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеялары мен таныстыру.
Мазмұны
Психологиялық ғылымдар және практиканың пәні мен міндеттері. Психология пәні. Жалпы психологияның пәні. Жалпы психологияның әдіснамалық қызметтері. Психологияның принциптері
Іс-әрекетті психологиялық талдау. Психиканың пайда болуы және эволюциясы. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекет құрылымның психологиялық ерекшелерін зерттеу.
Адам психикасының дамуы және пайда болуы. Психикалық құбылыстардың жалпы құрылымы. Адам психикасының қоғамдық тарихи табиғаты. Адамзаттың тарихи дамуға өтуі. Сананың нақты психологиялық сипатттамасы. Саналы бейненің құрылымы. Мидың психо – физиологиялық қызметтері (сенсорлы сезгіштік, минимикалық, вербалды логикалық, психомоторлық.
Сезімдік таным психологиясы. Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану ретінде. Қозғалысты ретеудегі түйсіктің ртөлі. Түйсік психикалық дамудың көзі ретінде түйсіктің танымды еңбекке қарым – қатынаста дамуы. Синестезия.
Түйсіктің жекелеген түрлерінің сипаттамасы. Түйсік жөнінде жалпы түсінік. Түйсік түрлері. Түйсіктің атқаратын қызметі.
Қабылдау және елес. Қабылдау сезімдік ьейнелеудің негізгі процесі. Қабылдауды зерттеудегі екі бағыттың жалпы ипаттамасы: обьектипті және субьектипті – бағдарлаушы бағыттар. Елестердің эмперикалық сипаттамалары: жалпылау, күңгірттену елестердің сезімдік заттық, сипаты есту, көру, иіс сипап сезу елестері, бірізді бейнелер. Эидетикалық бейнелермен түс көру.
Ойлау психологиясы. Ойлау туралы ұғым. Ойлау және таным. Ойлаудың тікелей сезімталдық танымнан айырмашылығы. Ойлаудың түрлері. Ойлау іс әрекетінің мотивациясының ерекшелігі. Аффекті мен интеллектінің бірлік принципі.
Ес. Ес өткен тәжірибені сақтау, тану, қайта жаңғырту ретінде. Естің түрлері, есте қалдырған материал мазмұнына және қайта жаңғыртуға тәуелділігі. Естің жеке адамның маңызды өмірлік міндеттерді шешуіне қатысуы, оның мотивациялық сфераның динамикасымен, құрлысымен шарттануы.
Сөйлеу психологиясы. Зейін. Ойлау және сөйлеу. Лингивистикалық салыстырмалық болжамы, оның психологиялық аспектілері. Зейін алдындағы процестер, объектіні қабылдауға ішкі ыңғайлану.Ерікті, белсенді зейін. Зейіннің дамуы, жас ерекшелігі факторлары.
Эмоция психологиясы. Эмоция психологиясының күйі. Эмоциядағы психикалық бейнелеу ерекшелігі.Эмоцияның функциялары. Эмоцияның таным процестеріне ықпалын эксперименттік зерттеулер. Эмоциялық қүбылыстардың түрлері.
Мотивация және эмоция психологиясы. Қажеттілік мотивациялық процестердің негізі ретінде. Мотивацияның биологиялық және әлеуметтік деңгейлерінің арақатынасы.
Жалпы психологиядағы тұлға. Тұлға түсінігі. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық.
Тұлға құрылымы. Тұлға қүрылымы жайлы түсінік. Тұлға қүрылымының негізгі блоктары. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, әлеуметтік қызмет - рөлдері, әлеуметтік жүріс - түрыс, мотивтер, бағыттылық, мінезі. Тұлға құрылымындағы интеллект және қабілеттілік.
Тұлға және даралық. Тұлғалық - жеке даралықтың ішкі әлемі туралы түсінік. Мінез-тұлғаның дара-өзіндік және әлеуметтік-типтік бірлік ретінде. Темперамент - мінездің табиғи негізі ретінде. Қабілет туралы түсінік.
Тұлғаның әлеуметтік мінез -құлқы және дамуы. Әлеуметтік мінез - құлық туралы түсінік тұлғаның белсенділігі оның адамдарға, еңбекке, қоғамға, әлемге қатынасының формасы ретінде көрінеді.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Оқыту іс-әрекет нәтижесінде оқытылған психологиялық құбылыстарды заңдылықтарды негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіруді. Әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі- психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдықт дағдылар мен ептіліктерді дамытады. Дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеялары мен таныс болады.
1 курс
1 семестр
Пәннің аталуы
Негізгі базалық ше тілі (А1,А2)
Қысқартылған атауы
НБШТ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ
Семестр:
Семестр 1
Оқытушының Т.А.Ә.
Усарова И.М.
Доцент / оқытушы:
оқытушы
Жұмыс тілі
ағылшын
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
Практикалық -75, ОСӨЖ-75,СӨЖ-75.
Еңбек сыйымдылығы
Базалық пән, міндетті компонент
Кредиттер / сынақ бірліктері
Барлығы – 225 сағат
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
5
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Пререквизиттер : Орыс тілі,қазақ тілі,философия,НБШТ
Мазмұны
Курстың мақсаты – студенттерде мәдениаралық және кәсіби коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыру. Коммуникативтік мәдениет тануға бағытталған оқып үйренудің мақсаты – лингвистикалық (тілдік), дискурсивтік (сөйлеу), мәдениәлеуметтік және стратегиялық компоненттерден тұратын күрделі интегративтік тұтастық болып саналады.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Практикалық сабақтар: Әлеуметттік тұрмыстық қарым,қатынас аясы. Алғашқы байланыстар. Өзін өзі таныстыру/ достарын таныстыру.Ұлты. Туған күні, айы, жылы. Ел, Қала.Оқу орны. Оқу және түпкі ойлар жобалар.Жұмыс орны. Қазіргі қоғамдағы жанұя..Жанұя құрамы.Туыстық қатынастар.Жанұялық тәртіп, әдет ғұрып. Мейрамхана. Студенттік асхана. Гастрономиялық дәстүрлер.Киім.Супермаркет, бутиктер. Киім сатып алу. Киім. Киімнің сан алуан түрлері.Сән. Сән әлемі. Сәндік киімдер мен бұйымдар. Адамның сыртқы келбеті. Адамның дене бітімі жайында мәліметтер.
Тілдің лексикалық – грамматикалық құбылыстары және заңдылықтырын студенттер кәсіби коммуникативтік әрекетінде қолдана білуі,оқып үйренетін тіл елінің дәстүрін,тарихын,мәдениетін,заң ережелерін және тіл өкілдерінің әлуеметтік мінез –құлық ережесін білу.
1 курс
2 семестр
Қазақстан тарихы
Қысқартылған атауы
ҚТ
Оқу іс-шаралар/ оқу пәндерінің курсы
Лекция, практикалық, СӨЖ, ОСӨЖ
Семестр
ІІ Семестр 050301, 051201
Оқытушының аты-жөні
Жолдыбаев Жомарт Тоқмырзаұлы
Доцент/ оқытушы
аға оқытушы
Жұмыс тілі
қазақша
Оқу жоспарына сәйкестігі
Жалпыға бірдей білім беретін пәндер циклі, міндетті компонент
Оқу түрі / академиялық сағат саны
Лекция-30, практика-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45
Еңбеккөлемі
135 сағат
Кредиттер/сынақ бірліктері
3 кредит
Модуль көлімінде оқуға қабылдау шарттары
Пререквизиттер: Қазақстан тарихы
Білім беру мақсаты:
Курстың мақсаты: Халықтық тарихи сананың қайта жаңғыруының негізгі болып табылатын еліміздің өткен тарихын кеңестік идеологиялық қасаңнан арылта отырып шындық тұрғысынан зерттеу және оқып-үйрену.
Курстың міндеттері: Болашақ мамандарды азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу. Тарихи білім жас ұрпақты халқымыздың тарихы мен мәдениетінің бастауларымен сусындата отырып, оларды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.
Бұл курсты оқыту барысында студенттерге нақтылы тарихи материалдарға методикалық талдауды игеруге және тарихи процестердің объективті заңдылығын ашуға көмектесу.«Қазақстан тарихы» пәнінде болып жатқан коннцептуалды өзгерістер және оның маңызын түсіндіру. Деректік материалдармен жұмыс жасау әдісін үйрету. Тарихи сананы қалыптастыру.Курсты оқуда студенттердің таным дүниесін оятып, қалыптастыру.
Курстың құрылымы: Қазақстан тарихын оқу нәтижесінде студенттер меңгеруге тиісті материалдар: қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері; Қазақстан аумағындағы этникалық үрдістер; қазақ хандығының құрылуы; қазақ хандығының әлеуметтік-саяси тарихы; Қазақстан Ресей империясының құрамында; Қазақстан азаматтық қарсыласық жылдарында; Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан; тәуелсіз Қазақстанның көп векторлық сыртқы саясатының негізгі басымдықтары мен бағыттары.
Мазмұны
Лекциялар: «Қазақстан тарихына» кіріспе. Ерте замандағы Қазақстан.
Қазақстанның ежелгі тарихы. Палеолит (ерте тас ғасыры). Мезолит (орта тас ғасыры). Неолит (жаңа тас ғасыры). Энолит (мыстытас ғасыры). Қола дәуірі (б.з.б. ХVIII-IХ ғғ.). Ерте мемлекеттік құрылымдар.Сақтар (Б.з.б. VII-III ғғ.). Үйсіндер және қаңлылар (Б.з.б. ІІ- б.з.V ғ.ғ.). Ғұндар. Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VІ-Х ғғ.). Түрік қағанаты (552-603 жж.). Түркеш қағанаты (704-756 жж.). Қарлұқ мемлекеті (776-940 жж.). Оғыздар. Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы - XI ғ. басы). Қимақ қағанаты (ІХғ. соңы -ХІғ. басы). VІ-Х ғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі Дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (XI ғ. басы - XIII ғғ.).Қарақан мемлекеті (942-1210 жж.). Қарақытай (1128-1213 жж.).
Найман мен кереит ұлыстары (ХПғ. басы - ХІПғ.). Қыпшақ хандығы (XI ғ. басы - 1224). XIғ. басы мен XIIғ. Қазақстанның экономикасы мен медениетінің дамуы. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (ХШ ғ.) Алтын Орда (1243 - XV ғ. ортасы). ХIV-ХVғғ. Ортағасырлық мемлекеттер. Көк Орда және Ақ Орда мемлекеттері.Моғолстан (XIV ғ. ортасы - XVI ғ. басы). Кешпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468жж.) Ноғай ордасы (Манғыт үйі) - XIV ғ. соңы - XV ғ. Сібір хандығы (XV ғ. соңы - XVI ғ.). Қазақ халқының құралуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері ХV-ХVIII ғғ. Қазақ хандығы Қазақстанның XIV ғасырмен XVIII ғғ. бас кезіндегі мәдениеті.
Жаңа замандағы Қазақстан (ХVIII-ХХғғ.).Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында. Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы. Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы
Қазақстан мәдениеті.(XVIII ғасыр - XX ғасырдың басы) .
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.1917 ж. Қазан төңкерісі, оның алғышарттары. Азамат соғысы (1918-1920 жж.). халық трагедиясы. Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы.Қазақстандағы «Соғыс коммунизм» саясаты (1918-1921 ж. наурыз).Қазақстандағы ЖЭС Өлкедегі Кеңестік мемлекет құрылысыЖЭС-тің әлеуметтік-экономикалық қорытындылары.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру - Қазақстан шаруаларының трагедиясы.Индустрализациялау: сипаты, қарқыны, масштабы.
Қоғамдық-саяси ситуация. Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде.Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.)Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.). Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысындаҚазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.)
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру (ТМД).Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.Экономикалық даму.Қоғамдық-саяси даму. Рухани даму. ҚР сыртқы саясаты.
Практикалық сабақ: Қазақстан тарихына кіріспе. Ерте замандағы Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры. Қола дәуірі және ерте көшпенділер. Қазақстан территориясындағы сақтар мен савроматтар. Қазақстан орта ғасырларда. Қазақстанның ҮІ - ХІІ ғасырлардағы экономикасы мен мәдениетінің дамуы. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде. Жаңа замандағы Қазақстан. Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері. Қазіргі замандағы Қазақстан. Қазақстан өміріндегі социализм. Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан территориясында мемлекеттік эволюция. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік өркендеуі. Қазақстан Республикасының суверенитеттік-этаптық даму. Қазіргі Қазақстанның негізгі даму ерекшеліктері. Қазақстанның ішкі экономикалық және ішкі саяси инициативасы және байланысы. Қазақстанның қазіргі этаптағы ішкі және сыртқы саясаты. Қазақстандағы ұлттық қауіпсіздік мәселелері.
Оқу процесінің нәтижесі
Қолдағы ақпараттармен салыстыра отырып өз халқының тарихында болған оқиғаларға анализ жасай білу, басты бағыттарды жіктеп, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы, тарихтың барлық кезеңдері Қазақстанның өзге мемлекеттердің сыртқы саясатында алатын орны және өзара қалыптасып отырған қатынастары.
Тарихи білімін шығармашылық түрде қолдана білу, құндылықтары мен сенімін, гуманизмін көрсете білу, қазақ халқының және біздің республикада өмір сүретін барлық халықтардың тарихи мұраларын құрметтеу.