Оқу орыс тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдері үшін жалпы білім беретін мектептердің МҰҒалімдеріне арналған оқУ-Әдістемелік қҰрал бақылау диктанттары 5-11 Павлодар қ., 2014 ж


-сынып Қазақ тілі пәні бойынша 7- сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы



бет3/7
Дата15.11.2016
өлшемі1,53 Mb.
#1811
1   2   3   4   5   6   7

7-сынып

Қазақ тілі пәні бойынша 7- сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы
Мақсаты: 6-сыныпта өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін нақтылап тексеріп, қорытындылау және сауатты жазуға баулу.
Дене шынықтырудың пайдасы.
Дене шынықтырумен шұғылдану-әр оқушының міндеті. Ол үшін түрлі жаттығулармен айналысу керек. Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқаны дұрыс. Спорттың түрі көп: жеңіл атлетика, футбол, волейбол, бокс, үстел теннисі. Бұл үйірмелер ептілікке, жылдамдылыққа үйретеді. Дене шынықтыру мәдениетін дамытуға көмектеседі.

Тез қимылға, шапшаң қозғалысқа үйрететін шығыс спортының түрлері бар. Ол өзін-өзі қорғауға үйретеді. Бала кезінен спортпен айналысу арқылы республикамызды әлемге танытып, даңқын шығарған спортшылар аз емес. (63 сөз)

(Диктанттар жинағы. Құрастырған: Ж.Н. Нығмет.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2012.-69 бет).
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей


  1. Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

Үйірме

  1. Асты сызылған сөзді септеңіз.

Дене шынықтыру мәдениетін дамытуға көмектеседі.

  1. Асты сызылған сөзді сөз құрамына талдаңыз

Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқаны дұрыс.
ІІ деңгей

  1. Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңыз.

Бұл үйірмелер ептілікке, жылдамдыққа үйретеді.

  1. Берілген етістікті үш шақта жіктеңіз

шұғылдану
І деңгей

1. Үйірмелер туралы шағын әңгіме жазыңыз.

І нұсқа. «Спорт үйірмелері».

ІІ нұсқа. «Мектептегі үйірмелер».


Қазақ тілі пәні бойынша 7- сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша алған білімі мен сауаттылығын тексеру.
Сыйлық сыйлау.

Бүгінгі таңда кітап сыйлау кең тараған. Кітапты өте мұқият таңдау керек. Ол сыйлық алушы адамның талғамына сай болуы керек. Алтын ереже-кітапқа ешқашан жазу жазуға болмайды, оған тек қана автор құқылы. Кез-келген басқа жазу кітапты бұзады, егерде жылы лебіздеріңізді қалдырғыңыз келсе, құттықтау қағазын қыстыруға болады.

Әрбір сыйлық-сыйлық сыйлаушының жан-дүниесінің айнасы. Сыйлық сыйлау ол міндет емес, көңілдің, жылы қатынастың белгісі. Сыйлықты алдын-ала ойластырып алғаны жөн болар. Сыйлық сыйлау-ол өнер, оны кез-келген өнер сияқты үйренуге болады. (80 сөз)

(Малая энциклопедия этикета. – М.: «РИПОЛ КЛАССИК», 2000. – 640 б.



http://etiket.net.ru/Сыйлықтар.)


Қазақ тілі пәні бойынша 7- сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы

Мақсаты: тоқсан бойы лексика-грамматикалық тақырыптарды қаншалықты игергенін анықтау, сауаттылығын тексеру.

І Лексикалық тапсырмалар:


  1. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңдар

Наследие-

Почитаемый-

Неоценимое-

Статус-


Гордость-

  1. Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңдар

І нұсқа: ана тілі, қазақша, парыз, құттықтаймын

ІІ нұсқа: қазақ тілі, білу, сыйлық, құрмет



  1. Шашыранды сөздерден дұрыс сөйлем құраңдар

І нұсқа: демалысым, өтті, менің, жазғы, өте, көңілді

ІІ нұсқа: демалыста, отбасымызбен, бардық, шетелге, бірге



  1. Сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер

  1. Мемлекеттік тіл қаша мемлекеттік мәртебе алды?

  2. «тіл туралы» Заң қашан қабылданды?

  3. Сенің ана тілің қай тіл?

  4. Сен қазақ тілін жақсы білесің бе?

  5. Қазақ тілін үйрену үшін не істеу керек?

5.»Сыйлық» деген тақырыпқа 3 сөйлем жазыңдар

ІІ Грамматикалық тапсырмалар



  1. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар

І нұсқа: үйрену

ІІ нұсқа:түсіну



  1. Берілген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар

І нұсқа: қазақ тілі

ІІ нұсқа: мемлекеттік



  1. Берілген сөздерді септеңдер

І нұсқа: менің ана тілім. ІІ нұсқа: менің туған күнім

  1. Берілген етістікті өткен шақта жіктеңдер

І нұсқа: жауап беру. ІІ нұсқа: орындау

  1. Сөйлемді аяқтап, бірінші компонентін талдаңдар

І нұсқа: қоңырау соғылды, ........ ІІ нұсқа: суық күз келді, ......

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған мазмұндама

Мақсаты: ая бойынша өтілген материалдарды қаншалықты игергенін анықтау, есте сақтау қабілеттерін тексеру.

Бауырсақ

Бауырсақ –шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді. Қамырды жазып, төрт бұрыштап немесе жіңішкелеу кеседі. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады.


Интернет желісінен. Қазақтың ұлттық тағамдары.

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, сөздік қорларын, сауаттылығын тексеру.
Қымыз

Қымыз—қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Қазақтың ұғымында ең дәмді қымыз ысталған ыдыста сақталады. Қымызды ағаш күбіге немесе торсыққа ыстайды. Ысталған қымыз тәтті болу үшін қымызға жылқының қазысын немесе жалын салып қойып, көп піседі. Алғашқы қымызды ауылдың қарияларын шақырып таттыру рәсімін орындаған. Ол ырымдар бие сүтінің мол болуын тілеуге, бата беруге арналған. (63 сөз)
Интернет желісінен. Қазақтың ұлттық тағамдары.

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған аралық бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін нақыштап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.
Бөрік.
Қазақтың ұлттық бас киімдері өте көп. Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі. Бөрік қыстық бөрік, жаздық бөрік болып екіге бөлінеді. Бөрікті қыздар да, ер адамдар да киеді. Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды. Қыздар киетін бөріктің төбесі төрт сайлы болып келеді және үкі тағылады. Асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады. Қазақта әшекейлі, үкілі бөрікті сал-серілер де киген. (69 сөз)

(Интернет желісінен. Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки. ұлттық бас киімдері)


Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

ІІІ деңгей.

1.Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзді тәуелдеңдер.

І нұсқа. Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі.



ІІ нұсқа. Күміс теңгелерден салпыншақ тағылады.

2. Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзді құрамына қарай талдаңдар.

І нұсқа. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды.

ІІ нұсқа. Қазақтың ұлттық бас киімдері өте көп.

3. Мәтіннен 3 етістіктерді теріп жазып, тұйық етістік формасына қойыңдар.


ІІ деңгей

1. Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңдар

І нұсқа: Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады.

ІІ нұсқа: Асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады.



2.Берілген етістікті рай түрлеріне қойып жіктеңдер.

І нұсқа: киеді (шартты рай )

ІІ нұсқа: киеді (қалау рай)
І деңгей

Ұсынылған тақырыптар бойынша шағын әңгіме жазыңыз.

І нұсқа. Тымақ

ІІ нұсқа. Шапан



Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау жұмысы

Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша, тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.



Лексикалық тапсырмалар:

  1. «Ұлттық тағамдар» тақырыбына байланысты 5-сөз жазыңдар.

  2. Берілген шашыраңқы сөздерден сөйлем құрастырыңдар.

Міндетті, соғым, түрде, қуырылады, мол, кейін, қуырдақ, сойылғаннан.

  1. Берілген сөздердің аудармасын жазыңдар.

Осенний забой скота, мясо по-казахски, жареное мясное блюдо, храниться, забой скота на зиму.

  1. Сұрақтарға төменде берілген керекті сөздерді пайдалана отырып, жауап беріңдер.

  1. Жолға шыққанда киетін киім .........болуға тиіс.

  2. Қазіргі кезде жастардың киімі......... .

  3. Мектептерде барлық оқушылар киіп жүруге міндетті ............. болады.

Керекті сөздер: қарапайым, мектеп формасы, сәнді.

5.«Киім кию туралы» деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар.



Грамматикалық тапсырмалар:

  1. Берілген сөйлемге тиісті септеулік шылауды қойыңдар. Ол достарымен ...... шай ішті.

  2. Сөйлемді түсініп оқып, қарамен жазылған сөздің синонимін табыңдар.

Қазақ отбасылары өздерінің сыйлы адамдарына, туыстарына шұжықты сыбаға ретінде сақтайды.

  1. Төменде берілген тұйық етістіктерді рай түрлеріне қойып жазыңдар.

І нұсқа. Ескеру, сақтау.

ІІ нұсқа. Сатып алу, санау.



  1. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөзге морфологиялық талдау жасаңдар.

І нұсқа. Үйге киетін киім қолайлы, әдемі, таза болса, жарасымды болар еді.

ІІ нұсқа. Киімдер ыңғайлы және орынды қолданылатын болуы керек.



  1. Берілген сөйлемдегі етістіктің райын анықтаңдар.

І нұсқа. Аяқ киімнің лас болуы иесін жақсы жағынан сипаттамайды.

ІІ нұсқа. Жастарға арналған киімге ерекше назар аударылсын.


Қазақ тілі пәні бойынша 7-сынпқа арналған ІІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін нақыштап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.
Ермегім-кітап оқу.

Бізге орыс әдебиетінен бір жас мұғалім сабақ берді. Бір күні ол сабақ үстінде маған Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкен оқиғаларын» дауыстап оқытты. Өзге балалар ұйып тыңдап отырды. Сабақта біз оны оқып үлгермедік. Кейін мен оны бір жолдасымнан алып, қызыға оқып шықтым. Содан бастап менің ермегім тек қана кітап оқу болды.

Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алу керек. (76 сөз).

(Диктанттар жинағы. Құрастырған: Ж.Н. Нығмет.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2012.-56 бет)




Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған тақырыптық тест

Мақсаты: оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, олшылықтарын бақылау, қорытындылау.

1. Адам өмірінің ұзаруына, салауатты өмір сүруіне таптырмас құралды анықтаңдар.

А) сұлулық

В) шыдамдылық

С) спорт


Д) жаттығу

Е) саяхат

2. Бір ..., алты ..., жеті ... сөздеріне жалғанатын жұрнақтарды анықтаңдар.

А) -інші, -ыншы, -ншы

В) -ыншы, -ншы, -інші

С) -ншы, -інші, -ыншы

Д) -ншы, -нші, -ыншы

Е) -інші, -ншы, -нші

3. С.Қонақпаев кім болғанын анықтаңдар.

А) боқсшы

В) күресші

С) желаяқ

Д) футболшы

Е) шахматшы

4. Ортақ етістің жұрнағын табыңдар.

А) -дыр, -дір

В) -ын, -ін

С) -ыл, -іл

Д) -ыс, -іс

Е) -а, -е

5. Футбол ойынның Отанын табыңдар.

А) Сидней

В) Англия

С) Рессей

Д) Қазақстан

Е) Үндістан

6. Тейквондо күшті керек емес жерде пайдалануға тыйым салады. Берілген сөйлемде етістікті тіркесті анықтаңдар.

А) тыйым салады

В) керек емес

С) күшті пайдалануға

Д) күшті емес

Е) жерде пайдалану

7. Қысқы спорт түрін анықтаңдар.

А) ауыр атлетика

В) футбол

С) күрес

Д) шаңғы тебу

Е) шахмат

8. «Шахмат» сөзіндегі «шах» сөзінің мағынасын табыңдар

А)уәзір


В) хан

С) әскер


Д) ат

Е) жауынгер

9. Футбол командасында неше ойыншы болады?

А) 10


В) 11

С) 12


Д) 9

Е) 13


10. Реттік сан есімнің жұрнағын табыңдар.

А) –ау, -еу

В) –ыс,-іс

С) –ншы, -нші

Д) –дай, -дей

Е) –нан, нен

11. Азияда қысқы спорттық ойындардың қанша түрі қамтылды.

А) 8


В) 9

С) 10


Д) 11

Е) 12


12. Заттын санын, ретін білдіретін сөз табын анықтаңдар.

А) сан есім

В) сын есім

С) зат есім

Д) есімдік

Е) етістік

13. Ұлттық спорт түріне жатпайтынын табыңдар.

А) көкпар В) шаңғы тебу С) теңге алу Д) аударыспақ Е) асық

14. Сөйлемді аяқтаңдар. 2011 жылдың 30 қаңтар мен 6 ақпан күндері ...

А) алау эстафетасы ұйымдастырылды

В) Отанымызды танытты

С) Азиада ойындары өткізілді

Д) Алматыда жасалды

Е) кәсіби әртістер қатысты

15. Футбол сөзі қай тілден енгенін табыңдар.

А) орыс В) ағылшын С) неміс Д) француз Е) қытай



Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы

Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша, тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.



Лексикалық тапсырмалар:

  1. «Ұлттық аспаптар» тақырыбына байланысты 5-сөз жазыңдар.

  2. Музыкаға қатысты кірме сөздерді жазыңдар.

  3. Берілген сөздердің аудармасын жазыңдар.

Критик, свирель, особенность, исполнять, наследие.

  1. І нұсқа: Ұлттық аспаптың түрінен үрмелі аспапты жазыңдар.

ІІ нұсқа: Жеті ішекті шертпелі музыка аспабын жазыңдар

5.«Қазақ сазгерлері» деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар.



Грамматикалық тапсырмалар:

  1. Сұрақтарға жауап беріңдер

І нұсқа: Өздік етістің жұрнақтары қандай? Мысал келтіріңдер

ІІ нұсқа: буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жазыңдар. Мысал келтіріңдер.



  1. Қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талдаңдар

І нұсқа: Қазақ әндерінің қай түрін алсақ та, өнегелі өсиет арқылы мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, ақылдылыққа насихаттайды.

ІІ нұсқа: Қазақ әндерінің қай түрін алсақ та, өнегелі өсиет арқылы мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, ақылдылыққа насихаттайды.



  1. Сөйлемдегі жалқы есімді септеңдер.

І нұсқа: Құрманғазы Сағырбаев-қазақтың күйші композиторы.

іІ нұсқа: Дина Нүрпейісова-домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі.



  1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа. Қазақстанда алғашқы музыкалық мектептер 1934 жылы Алматы қаласында ашылды.

ІІ нұсқа. Халық әндері адамды адамгершілікке тәрбиелейді.



Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІV тоқсандық диктант

Мақсаты: Оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін нақыштап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.

Интернет туралы ұғым

Интернет-жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған. Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдерді біріктіреді.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. (65 сөз)
(Интернет жүйесі. Интернет туралы ұғым. Әбдібай Құрмантаев.  kaz.osh-18.kz )


Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған тақырыптық тест

Мақсаты: оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, олшылықтарын бақылау, қорытындылау.

1. Дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы қалай аталады

А) компьютер

В) модем

С) интернет

Д) электронды пошта

Е) сайт

2.Күрделі сан есімді табыңыз.

А)Мыңдап

В) елулерде

С) жүз


Д) екеу

Е) екі бүтін оннан үш

3. Интернет қайда пайда болды?

А) Еуропада

В) Ресейде

С) Францияда

Д) Қазақстанда

Е) АҚШ-та

4. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

А) беске

В) алтыға

С) үшке

Д) екіге

Е) жетіге

5. Интернет арқылы не істеуге болмайды.

А) соңғы жаналықтарды оқу

В) ауа райы туралы мәлімет алу

С) тауарға тапсырыс беру

Д) ұшақ билетіне тапсырыс беру

Е) тамақ жіберу

6.Қате жазылған шылауды табыңдар.

А) Сіз оқисыз ба?

В) Келеді ау деймін

С) Ақ пен қара

Д) Сен ше?

Е) Олар


7. Интернет желісіне қосылу үшін не қажет?

А) сайт

В) модем

С) телефон

Д) үстел

Е) жұмыс


8. Асан әке ..... әңгіме оқыды.

А) сияқты

В) және

С) туралы



Д)әрі

Е) сияқты

9. Электронды поштаның қызметін анықтаңдар.

А) Веб-тораптар жиынтығы

В) сілтемелер жасайды

С) керекті мәлімет іздейді

Д) түрлі хаттарды жөнелтеді

Е) файлдарды өшіреді

10.Берілген сөйлемдегі етіс түрін табыңдар.Бапкерлер ақылдасты.

А) Өздік етіс

В) өзгелік етіс

С) ырықсыз етіс

Д) ортақ етіс

Е) ашық рай

11. Бізге интернет не үшін керек емес?

А) құжаттарды қабылдау үшін

В) тауарды сатып алу үшін

С) ұйықтау үшін

Д) ауа райын білу үшін

Е) видео материалдарды жіберу үшін

12.Берілген қатардан буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңдар.

А) күйші

В) өлең

С) сазгер



Д) ән

Е) әнші


13. Компьютерде отырғанда неше минут сайын көзге жаттығулар жасау керек?

А) 5-10


В) 10-15

С) 20-25


Д) 30-40

Е) 1 сағат

14.Берілген сөйлемді толықтырыңдар. Ән..........

А) тартылады В) қол соғады С) ойнаймыз Д) айтамыз Е) оқимыз

15.Орыс тілі арқылы енген кірме сөзді табыңдар.

А) ән В) күй С) музыка Д) өлең Е) тақпақ


Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін, жыл бойы өтілген материалдарды меңгерудегі жетістік, олқылықтарын айқындау. Тапсырмалар арқылы қазақ тілінен алған білімдерін тексеру. Сауатты жазуға баулу.
Интернеттiң негiзгi қосымшалары.

Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Талғамы мен көңiл-күйiне қарай одан қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.

E-mail-электрондық пошта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы пошта бағдарламалары көмегімен жүзеге асырылады. Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін пернетақтада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық мекен жайына жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, сыныптастарыңызбен, көршілеріңізбен араласуға болады. (63 сөз).

(Интернет жүйесі. Интернет туралы ұғым. Әбдібай Құрмантаев.  kaz.osh-18.kz )

Тапсырмалар:

А.

1. Берілген сөйлемнен тұйық етістігін тауып, етістіктің үш шағына қойыңдар.



І нұсқа. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі.

ІІ нұсқа. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, сыныптастарыңызбен, көршілеріңізбен араласуға болады.

Үлгі:

Нақ осы шақ

Келер шақ

Жедел өткен шақ










2.Мәтіннен күрделі сөздерді теріп, қай түріне жататынын жазыңдар.

3. Берілген сөзге тәуелді септеу жасаңдар.

І нұсқа: көмегі

ІІ нұсқа: поштам

В.

1. Асты сызылған күрделі сөзге морфологиялық талдау жасаңдар.



І нұсқа. Талғамы мен көңiл-күйiне қарай одан қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.

ІІ нұсқа. Ол үшін пернетақтада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық мекен жайына жіберсеңіз болғаны.

2.Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа: Ол арнайы пошта бағдарламалары көмегімен жүзеге асырылады.

ІІ нұсқа: Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз.

С. Берілген тақырып бойынша диалог құрастырыңдар.

І нұсқа. «Интернет құрылысы». ІІ нұсқа. «Электронды пошта»

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау жұмысы.

Мақсаты: : Оқушылардың ая бойынша, тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

І Лексикалық тапсырмалар.

1 .Интернет қызмет түрлерін жазыңыздар.

2.Интернет құрамына кіретін элементтерді атаңыздар.

3.Берілген тақырыпқа диалог құрастырыңыз. «Электронды пошта»

4.Сайттың түрлерін жазыңдар.

Сайт түрлері

5.Сіз қандай сайтты пайдаланасыз?

ІІ Грамматикалық тапсырмалар.

1.Синтаксистік талдау жасаңыздар.

І нұсқа Интернет осыдан 25 жыл бұрын АҚШ-та пайда болды.

ІІ нұсқа Ол әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін құрылған.

2.Етістікті ауыспалы осы шаққа қойыңыздар.

І нұсқа пайда болу, құрылу,бағалау.

ІІ нұсқа іздеу, қосу, кіру.

3.Сөйлемде берілген сан есімдерді реттік, болжалды, топтау түріне айналдырыңыз.

І нұсқа Компьютерде отырған әр 20-25 минут сайын көзге жаттығулар

жасау керек.

ІІ нұсқа Көз бен компьютердің арақашықтығы 60-70 см болу керек.

4.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар.

І нұсқа құжат ІІ нұсқа жіберді

5.Берілген тұйық етістікті септеп, тәуелдеңіздер.

І нұсқа құрылу ІІ нұсқа жіберу

8-сынып



Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың өткен жыл бойы алған білімдерін жинақтап, сауаттылықтарын тексеру,білім деңгейін анықтау.
Диктант.
Менің туған жерім – Қазақстан. Қазақстан жері кең-байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде дүние жүзінде тоғызыншы орында тұр. Біздің еліміз Ресей, Қытай, Қырғыстан, Түркіменстан және Өзбекістан елдерімен шектеседі.

Қазақ жерінде өзендер мен ормандар, таулар мен жазық дала, көлдер мен шөлдер бар. Республикамыз түрлі өсімдіктер мен жан-жануарларға да өте бай. Пайдалы кең қазбаларының бәрін табуға болады.

Қазақстанның ауа райы құрғақ. Таулы аймақтарда ылғал молдау.

(63 сөз) А.Ш. Бектурова. Ш.К. Бектуров)

Тапсырмалар:
ІІІ деңгей.

1. Мәтіннің тақырыбын ашатын 3 сұрақ қойыңыз.

2. І-нұсқа: Мәтіннен сапалық сын есімдерді теріп жазыңыз.

ІІ-нұсқа: Мәтіннен қатыстық сын есімдерді теріп жазыңыз.

3. Берілген сөздерді септеңіз

І нұсқа: өзен

ІІ нұсқа: орман
ІІ деңгей.


  1. Морфологиялық талдау жасаңыз.

І-нұсқа- пайдалы

ІІ-нұсқа- кең-байтақ.



  1. Мәтіндегі етістіктерді рай категориясына (2 жақ, өткен шақ) қойып жазыңыз.

І нұсқа – қалау райға айналдыру;

ІІ нұсқа – шартты райға айналдыру.

І деңгей.

Әңгіме құрастыру. Өз туған қалаң туралы не білесің? (қаланың тарихы, табиғаты, өнеркәсібі және т.б.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет